Абильдина Алия Раимкуловна ю -12 (3 года) Тапсырма №1 Тапсырма 1

Loading...


Дата24.02.2020
өлшемі31.31 Kb.
Абильдина Алия Раимкуловна Ю -12 (3 года)


Тапсырма № 1

Тапсырма 1 Төмендегі берілген Қылмыстық кодекстің баптарының мазмұнымен танысып, қылмыстық құқықтың басты қағидаларына негізделген нормалардың тізімін жасап, қай норма қай қағидаға жауап беретінін анықтаңыз:

Қылмыстық-құқықтың принциптер – заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен азаматтарға қылмыс пен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент қабылдаған қылмыстық заңнын құқық қолдану тәжірибесінде де, заң нормаларын қабылдау саласында да, сөз жоқ, үстемдік ету арқылы көрініс табады. Бұл көрініс бірнеше құқықтық талаптардың жиынтығынан құрылады.


  1. Республика қылмыстық Кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.

  2. Азаматтардың заң алдындағы теңдігі болып табылады. ҚР Конституциясының 14 – бабының 1 – тармағында – заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деп атаған.

  3. Жауаптылықтан құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойынмен көтереді.

  4. Жеке жауаптылығы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.

  5. Кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді.

  6. Әділеттілік принципі болып табылады. Бұл принциптің мәнісі сол қылмыстың жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.

  7. Ізгілік(гуманизм) принципі болып табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстың заң арқылы азаматтардың жеке басын, оладың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған адамдарға да қолданады.



А) ҚР ҚК-нің 5-бабы. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы -Іс-әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол іс-әрекет жасалған уақытта қолданыста болған заңмен айқындалады.
Жауабы: Бұл бап қылмыстық құқықтың бірінші принципіне сүйенеді, яғни Республика қылмыстық Кодексінің халықаралық қылмыстық құқықтың жұрт таныған принциптері мен нормаларын басшылыққа алуы болып табылады.
Ә) ҚР ҚК-нің 15-бабы. Қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар - 4б. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiміне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында тең.
Жауабы: ҚР ҚК-нің 15 – бабы қылмыстық құқықтың үшінші принципіне сай келеді. Жауаптылықтан құтылмайтындық принципі. Бұл принцип бойынша әрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға қарамастан өзі істеген қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, қолымен істеген қылмысты мойынмен көтереді.
Б) ҚР ҚК-нің 19-бабы. Кiнә -1б. Адам өзінің кiнәсi анықталған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері (әрекеттері немесе әрекетсіздігі) және оның қоғамға қауіпті зардаптарының туындауы үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа жатады.
Жауабы: ҚР ҚК-нің 19 – бабы қылмыстық құқықтың төртінші принципімен дәлме дәл. Яғни, жеке жауаптылығы болып табылады. Адам өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер және бағытталған қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылады.
В) ҚР ҚК-нің 39-бабы. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары -2б. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.
Жауабы: ҚР ҚК-нің 39 – бабы қылмыстық құқықтың жетінші принципіне сай келеді. Онда гуманизм мәселесі қаралады. Толығырақ, ізгілік(гуманизм) принципі болып табылады. Ізгілік принципінің жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстың заң арқылы азаматтардың жеке басын, оладың өмірін, денсаулығын, құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау арқылы көрініс табады.Қылмыстық құқықтағы ізгілік принципі – қылмыстық заңды бұзған адамдарға да қолданады.
Г) ҚР ҚК-нің 52-бабы. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi -1б. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында белгiленген шектерде және осы Кодекстiң Жалпы бөлiгiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.
Жауабы: ҚР ҚК-нің 52 – бабы қылмыстық құқықтың бесінші принципіне сай

келеді. Кінәлі жауаптылық принципі болып табылады. Бұл қағиданың мәні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді.
Д) ҚР ҚК-нің52-бабы. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi - 3б. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесi, кінәлі адамның жеке басы, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi оның мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
Жауабы: ҚР ҚК-нің 52 – бабы қылмыстық құқықтың алтыншы принципіне сай келеді. Яғни, әділеттілік принципі болып табылады. Бұл принциптің мәнісі сол қылмыстың жауапқа және жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.
2 тапсырма: Германия азаматы Х. Қазақстанда жүріп, тарихи бағалы мәдени икондар сатып алады. ҚР мемлекеттік шекарасынан конртабандалық жолмен әкетпекші болғанда, ұсталып қалады.
Германия азаматы Х-нің жауапкершілігін шешіңіздер.
Жауабы: «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 ж-дың 19 маусымында қабылданған заңы бойынша шет ел азаматтары мынадай жауакершіліктерге тартылады.
25-бап Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері
Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған шетелдіктер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауаптылыққа жатады.
 7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деп танылады. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға да қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының портына тіркелген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам да, оның қай жерде болғанына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.
4. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Яғни, герман азаматы ҚР- ның азаматтарымен бірдей негізде жауаптылыққа тартылатындықтан, ол ҚР ҚК-нің 193 -бабына сәйкес жауапқа тартылады.
 193-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар
заттарды немесе құжаттарды ұрлау, оның ұрлану тәсіліне қарамастан, - мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;


2) бірнеше рет жасалса -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас  бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды немесе құжаттарды жоюға не бүлдіруге әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер басқа жағдайлар болмаса, қылмыстық жауапкершілігін өтеген соң, герман азаматы депортацияланады.

Бұл бап «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңына сай келеді.


28-бап Қазақстан Республикасының шегiнен қуып жiберу


Шетелдік мына жағдайларда:

а) егер оның iс-әрекетi мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртiптi қорғау мүдделерiне қайшы келетiн болса;

б) егер бұл халықтың денсаулығы мен адамгершiлiк қасиетiн сақтау, Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

в) егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса;

г) егер Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұруы оны Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру үшiн негiз болып табылып, заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен неке заңсыз деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен қуылуы мүмкiн.

Шығарып жiберу туралы шешiмдi сот қабылдайды. Шетелдік осы шешiмде көрсетiлген мерзiмде Қазақстан Республикасынан кетуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімінің орындалуы Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өз бетiмен кетуi немесе адамды мәжбүрлеп шығарып жіберу арқылы жүргізіледі. Егер өзіне қатысты шығарып жiберу туралы шешім қабылданған адам шешімде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, ол прокурордың санкциясымен ұстап алынуға және мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге тиіс. Бұл ретте шығарып жiберу үшiн қажет болатын мерзiмге ұсталуға жол берiледi. Ол Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен iшкi iстер органдарының арнаулы мекемелерiнде ұсталады.

Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу туралы сот шешімін орындауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды аумағына аталған адам шығарып жiберiлетiн шет мемлекет билігінің өкiлiне ресми түрде беру үшін шығарып жіберілетін шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiне береді.
3тапсырма: Қырғызстан азаматы К. алаяқтықпен Мәскеудегі, Минсктегі, Бішкектегі, Астанадағы азаматтардаң мүлкін иеленіп алған. К. соңғы алаяқтығымен Астанада ұсталады.

К. қай мемлекеттің заңдарымен жауапкершілікке тартылады?
Жауабы: Бұл жағдайда кырғыз азаматы ең алдымен Ресей Федерациясы заңының алдында жауапкершілікке тартылады. Кейін, Беларусь, одан кейін Қазақстан. Ең соныңда өз елінде қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
4тапсырма: Қазақстан азаматы К. Данияға туристік сапармен барған кезде прокатка алынған автомобилімен жол ережелерін бұза отыра, Дания азаматы Г-ны, қағып кеткен және оған ауыр дәрежеде денсаулығына зиян келтірген. Дания сотымен К. қылмысы үшін 1 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға сотталған. Жазасын өтегеннен кейін К. Атырауға оралып, сонда өмір сүріп жатыр.

К. Данияда жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма? Негіздеңіз.

Егер К. Данияда қылмыстық жауаптылыққа тартылмаса сұрақтың шешімі өзгереді ме?
Жауабы: 1)ҚР азаматы К. Данияда жасаған қылмысы үшін жауаптылыққа тартылған соң, еліне қайта оралғанда дәл сол құқықбұзушылық үшін жауап бермейді. Себебі, Дания елінде жасаған әрекеті үшін жауаптылыққа тартылған және оны екінші рет сол қылмыс үшін қамауға алуға ешкімнің құқығы жоқ. Егер азамат қайтадан сол қылмыс үшін қамауға алынса, бұл оның Конституциямен бекітілген құқықтары мен бостандықтарын бұзады, әрі ҚР ҚК-нде ешкімді бір іс үшін қайталап қамауға алмайды.

2) Йа өзгереді. Бұл туралы ҚР ҚК-нде былай жазылған:



8-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет аумағында сол әрекет жасалған мемлекетте жаза қолданылатын қылмыс деп танылса, және егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға жатады. Аталған адамдарды соттаған кезде жазаны аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасалған мемлекеттің заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке беруге болмайтын жағдайларда, олар да осы негіздерде жауаптылықта болады.

2. Басқа мемлекеттің аумағында қылмыстық жаза қолданылатын әрекет жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық салдарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыстық жаза қолданылатын әрекет Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғамаса, осы адамның Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.



3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан оның әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылықта болады.

4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдар, егер осы әрекет Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады.

9-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап беру
1. Басқа мемлекеттің аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, ұстап беруге жатпайды.
2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.
3. Егер шет мемлекетте адамға азаптау, зорлық-зомбылық, басқа да қатыгез немесе оның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас пен жаза қолдану қатері бар деп пайымдауға айтарлықтай негіздер болса, сондай-ақ өлім жазасын қолдану қаупі жағдайында, егер Қазақстан Республикасының шарттарында өзгеше көзделмесе, ешкімді де сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.

5тапсырма: Азаматша Р. өзінің 9 айлық баласынан құтылмақшы болып, Ақтау қаласынан Анталияға шейін билет сатып алады. Ақтауда ол баласының тамағына созылмалы әсер ететін у қосып береді. Анталияға жеткенде баласы өліп қалады. Кісі өлтірудің орны мен уақытын анықтаңыз.

Р. қай елдің заңы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады?

Жауабы: Азаматша Р, ҚР ҚК бойынша жауап береді. Ең алдымен азаматша Р. қылмысқа тартылмастан бұрын ҚР посольствасына хабар түседі,сосын Туркия елінде баланың денесіне медициналық экспертиза жасалынады. Бұл біріншіден, баланың не себептен ж/е қай уақытта өлгенің анықтау үшін,әрі дене бұзылмай тұрып дұрыс экспертиза жасап, бұл қылмыс қай елдің юрисдикциясына жататының анықтау керек, яғни Туркия полициясы қылымыстың құрамын анықтайды (суб, объектісі, т.б). Әрине бұл кезде қылмыстың құрамын толық қарамайды. Өйткені мед экспертизаның шешімін күтеді. Шешім шыққан соң, азматша Р, ҚР еліне депортацияланады.
Ал бұл істің ҚР елінде қаралу себебі, ҚР ҚК- мен байланысты.
5-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы
Әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданыста болған заңмен айқындалады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың туындаған уақытына қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады
.
6тапсырма: Қазақстандық шоу-бизнес топтардың бірінің басшысы М. Финляндияда гастрольде жүргенде кезектегі концертінен соң өз гримеркасына алғысын білдіре келген кәмелетке толмаған азаматша С-ны зорлаған. Бірнеше күннен соң, шоу-топ мүшелері Қазақстанға қайта оралғанында, С. полицияға М-ның істегенін әшкерелеп, оны жауапқа тарту туралы өтініш білдіреді. Финляндияның құқыққорғау органдары Қазақстаннан М-ны қылмыстық жауапқа тарту үшін ұстап беруді талап етеді.

М-ны ұстап беру туралы мәселе қалай шешілуі керек?
Жауабы:

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
ауданы кіміні
конкурс туралы
Мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
мелетке толма
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...