А. Шынасилов атындағы шағын орталықты, Қызыл ту, Малдыбай, М.Әуезов атындағы, Подгорное шағын орталықты орта мектептері және Ю. Гагарин атындағы негізгі мектептерінде



жүктеу 35.54 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі35.54 Kb.
А.Шынасилов атындағы шағын орталықты, Қызыл ту, Малдыбай, М.Әуезов атындағы, Подгорное шағын орталықты орта мектептері және Ю.Гагарин атындағы негізгі мектептерінде мектепалды даярлық сыныбына арналған базистік оқу жоспарының вариативті бөлігінің орындалу жәйін зерделеу туралы анықтама

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сай 2014 жылдың 16-24 қазан аралығында А.Шинасилов, Қызыл ту, Малдыбай, М.Әуезов, Подгорное орта мектептерінде және Ю.Гагарин негізгі мектебінде мектепалды даярлықта базистік оқу жоспарының вариативті бөлігінің жүзеге асырылуы зерделенді. Зерделеу барысында анықталғаны: барлық мектептерде базистік оқу жоспарында вариативті бөлімге 3,5-4 сағат саны берілген, әдістемелік кеңесте қаралып, мектеп директорларымен бекітілген, сабақ кестесіне енгізілген, журналда толтырылып отыр.

А.Шынасилов шағын орталықты орта мектебінде 1 даярлық сыныбы бар, 23 бала қамтылған. Тәрбиешісі Шабденқызы Гульзира, еңбек өтілі- 1 жыл, мектепалды даярлықта 2 ай жұмыс істеп жатыр. Тәрбиешінің жұмыс жүйесі бар, оқу іс-әрекетін дұрыс жоспарлап отыр, әр сабақта көрнекіліктер қолданып отыр. Мектепалды даярлықта бөлек кабинет жоқ, бастауыш сыныппен бірге орналасқан.

Сонымен қатар, тәрбиешінің еңбек өтілі мектепалды даярлықта әлі аз, жұмысында кемшіліктер төмендегідей: «Әдептілік әлеміндегі» кейбір тақырыптарды нақты жоспарлау қажет, «Ойнайық та, ойлайық» (16с) логигалық тапсырмаларды қимылды ойындарға өзгерту қажет. Тексеру барысында кемшіліктер түзетілді.

Подгорное орта мектебінде мектепалды даярлықта орыс сыныбында Ким Нина Васильевна, қазақ сыныбында Есбергенова Рахат дәріс береді, 34 бала қамтылған. Вариативті бөлімде «В мире сказок», «Логика», «Ручной труд», «Правило дорожного движения» таңдау курстары жоспарланған, қазақ сыныбында «Дамыту ойындары», «Ертегі елінде», « Жолда жүру ережесі», «Логика әлемі» жоспарланған, оқу жоспары, сабақ кестесі бекітілмеген, күн тәртібі жоқ. Күнделікті жазылған оқу іс-әрекетінде әдіс-тәсілдер көрсетілмеген, көрнекілік қолданбайды, қазақ сыныбындағы журналды көркем әдебиеттен үйге тапсырма бөлімі толтырылған, орыс сыныбындағы журнал толтыруда кемшіліктер орын алған, атап айтқанда логикадан 5.09.2014 жылғы оқу-іс әрекетінде «Числа и цифры от 1 до 10» «Математические загадки деп толтырылған, негізі 1-10 саны бағдарламада жыл бойы таныстырылады.

Ұсыныс: Мектеп әкімшілігі тарапынан бақылуға алынсын.

М.Әуезов атындағы орта мектебінде 2 мектепалды даярлық сынып бар, барлығы 24 бала қамтылған. Вариативті бөлімде «Ертегілер елінде», «Ойын алаңы», «Логика», «Әдеп» бекітілген, 2 мұғалім дәріс береді Көбеева А, Шымырова Ә. даярлық сыныбының вариативті бөліміндегі таңдау курстарының күнделікті сабақ жоспары бар, құрылымы дұрыс. Күнделікті оқу жоспарында 4.09.2014 ж-2.10.2014ж аралығында оқу – іс- әрекет жоспарлары бекітілмеген, журналда «Жапсыру» пәні «Аппликация» деп жазылған, әдеп курсында кейбір тақырыптарда ауытқушылықтар бар, мысалы 17 қазанда «Үйге қонақ келсе» деп жоспарланған, ал журналда «Ұқыпты болғың келсе» деп жазылған.



Ұсыныс: Мектеп әкімшілігі тарапынан вариативті бөлімнің жүргізілуіне бақылау күшейтілсін.

Малдыбай орта мектебінде 1 мектепалды даярлық сынып бар, 10 бала қамтылған, мұғалім Қазақбаева Г дәріс береді. Вариативті бөлімде: «Логика», «Ойын алаңы», «Ережелер әлемі», «Ата-ана аясында» жоспарланған. Жоспарлары бар, сабақ кестесі, базистік оқу жоспары, күн тәртібі бекітілген, журнал уақытылы толтырылып отыр.



Кемшілігі: Вариативті бөлімдегі ұйымдастырылған оқу-ісәрекеттерде, әдіс-тәсілдері түрлендіріп, көрнекілікті көп қолдану қажет.

Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінде 2 мектепалды даярлық сыныпта 36 бала қамтылған, Жансақбаева А, Сүлейменова С дәріс береді. Вариативті бөлімде: «Логика», «Ойын алаңы», «Ата-аналармен жұмыс», «Ертегілер жөнінде» жоспарланған. Базистік оқу жоспары, сабақ кестесі, күн тәртібі бекітілген. Вариативті бөлімдегі тақырыптарды нақтылау қажет, оқу іс-әрекетінде әр түрлі әдіс-тәсілдер пайдалану қажет, көрнекіліктер аз.



Ұсыныс: Мектепалды даярлық сынып жұмысы бақылауға алынсын.

Қызыл ту орта мектебінде 1 мектепалды даярлықта 18 бала қамтылған, уақытша Жанабаева Бақыт дәріс береді. Вариативті бөлімде: «Шебер қолдар», «Ертегілер елінде», «Әдеп әлемі», «Ойын алаңы» бекітілген, мақсаты, міндеті, мазмұны дұрыс. Мұғалімдегі кемшілік: күнделікті жоспарда оқу-іс- әрекетін сабақ түрінде жазған, журнал толтыруда біраз кемшіліктер орын алған.



Қорыта келгенде, барлық тексерілген мектептерде балалардың даму деңгейі мен жалпы дидактикалық талаптарды ескере отырып, педагог ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тәсілдерін, мазмұны мен қажеттілігін өзі анықтайды. Вариативті бөлімнің іс-әрекетін ұйымдастыруда тәрбиеші баланың субъективті көзқарасына сәйкес дербестік пен шығармашылықтың тұрақты өсуін ескеруі қажет. Вариативті бөлімдегі іс-әрекет инвариантты бөліммен және күн тәртібімен тығыз байланыста болуы қажет. Барлық мектептерде мектепалды даярлық сыныпқа бөлек бөлме беру қажет.
Анықтаманы жазған: Т.Естемесова

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет