«А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей мектеп» мемлекеттік мекемесі

Loading...


жүктеу 88.36 Kb.
Дата01.06.2017
өлшемі88.36 Kb.

16

«А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін

лицей - мектеп» мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік

отырысында қаралып,

педагогикалық кеңесте бекітілді

(2016 жыл 29 тамыз №1 хаттама)



ТІЛ ДАМЫТУ

жалпы орта білім беретін мемлекеттік бастауыш сатысындағы 1 – сыныбына арналған бағдарлама

2016 – 2017 оқу жылы

Бұл бағдарлама оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған

Құрастырған: Смагулова Гульсум Садыковна,

бастауыш сынып мұғалімі



Түсінік хат

Ұсынылып отырған бағдарлама «Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде және жалпы орта білім беретін мектептің 1- сыныпқа арналған бағдарлама негізінде жасалды. Бұл бағдарлама оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға құрылды.

Бағдарлама тіл дамытудың қызметі мен мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған, атап айтқанда, оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіру, қазақ халқының салт-дәстүрі, ән-жырлары, халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен шағын әңгімелерімен таныстыруды және олар арқылы шәкірт боына ілгілік, адамгершілік, әсемдік, отансүйгіштік, іскерлік құндылықтарын сіңіруді көздейді.

Бағдарлама 2 бөлімнен тұрады:



  1. Тіл және сөйлеу

  2. Халық ауыз әдебиеті

Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 33 сағатқа құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Оқушылардың рухани дүниесін арттыра отыра, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

  • Оқырмандық талғамын қалыптастыру;

  • Қажетті білім мен жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру;

  • Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу;

  • Дара тұлғаны дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Оқушылардың өздерінің жас ерекшеліктеріне сай оқи білуіне, мән-мағынасына терең бойлауына, тебірене қабылдауына мүмкіндік туғызу;

  • Нақты, тиянақты сөйлеп, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге үйрету;

  • Мәнерлеп оқу қабілеттерін арттыру;

  • Әдет-ғұрып, салт-сана көріністерін түсіндіру;

  • Шығарманың идеялық, адамгершілік түпкі мазмұныны түсіндіру;

  • Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын ояту;

  • Дара тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту;

  • Оқушылардың шығармашылығына педагогикалық ықпал жасау;

  • Өзіндік ой-пікірін дәйекті, жүйелі айтаа білуге, ұтымды, шешен сөйлеуге баулу.


Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

  1. бөлім: Тіл және сөйлеу /16 сағат/

Кіріспе. Тіл, оның маңызы. Сөз, сөйлем, сөйлеу ұғымдарымен таныстыру, олардығ өзіндік ерекшеліктерінің ара жігін ажырату.

Дұрыс сөйлеу. Дыбыстау мүшелері. Дыбыс, сөз, сқйлемдерді мәнерлеп оқу. Дауыс ырғағының ерекшеліктері және оны қалыптастыру. Сурет арқылы сөйлемдер құра білу. Санамақ. Қанатты сөздер. Тұрақты тіркестер. Мәндес сөздер. Диалог құру. Әр түрлі тақырыптарға сөйлемдер құру: «Құттықтаймын», «Менің жанұям», «Аяулы мектебім», «Жана ана», «Наурыз – жыл басы» т.б. Жылдың төрт мегілі, олардың ерекшеліктері.



2-бөлім. Халық ауыз әдебиеті /17 сағат/

Мақал-мәтел. Жұмбақ. Жаңылтпаш. Өтірік өлең. Бата-тілек. Түрмыс-салт жырлары: бесік жыры, жарапазан, төрт түлік малға байланысты туған өлең – жырлар.



Ертегілер. «Жамандық неден болады?» /хайуанаттар туралы ертегілер/. Жақсылық пен жамандық ұғымдарын талқылау. Ызақорлық, ашкөзділік, пайдақұмарлықтан аулақ болу, мейірімді, сыпайы, кеңпейіл болуға тәрбиелеу. Кейіпкерлерге мінездеме беру. « Етікші» /тұрмыс-салт еретгісі/ Ертегінің тәрбиелік мәні. Қиыншылыққа төзе білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Аңыздар. «Жұлдыз қалай жасалады?» «Бір пұт мақта ауыр ма, темір ауыр ма?», «Қожансыр мен оқытушы». Алдар Көсе хикаялары. Мітін. Мәтінді оқу. Кейіпкерлерге міннездеме беру. Сахналық көріністер қоя білу.

Оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары



Мазмұны

Сағат саны

Жұмыс түрі

І жарты жылдық

Тіл және сөйлеу

16




1

Кіріспе. Тіл, оның маңызы

1

Тіл туралы ойларын білдіру

2

Дыбыс. Сөз . Сөйлем.

1

Айырмашылықтарын ажырату, сурет бойынша сөз, сөйлем құрату

3

Дұрыс сөйлеу

1

Ойларын тиянақты жеткізу

4

Дыбыстау мүшелері

1

Әр дыбысқа талдау жасау

5

Санамақ

1

Санамақ жаттау

6

Мәнерлеп оқу

1

Сөз, сөйлемдерді оқу

7

Дауыс ырғағының ерекшеліктері

1

Сөздерге, сөйлемдерге дауыс ырғағын дұрыс қойғызу, сурет бойынша өз ойларын айтқызу

8

Қанатты сөздер

1

Мән-мағынасын түсіну, жаттау

9

Тұрақты тіркестер

1

Мағынасын түсіну, орынды қолдану

10

Мәндес сөздер

1

Сөздік қорды дамыту, суреттер арқылы мәндес сөздерді іздету

11

Сурет арқылы сөйлемдер құру

1

Ойларын тиянақтап, дұрыс сөйлеу

12

Диалог құру

1

Жүйелі, нақты сөзорамдарын пайдаланып, бір-бірімен дұрыс сөйлеу

13

Құттықтаймын

1

Ата-ана, достарын құттықтау /ауызша, жазьаша/

14

Менің жанұям

1

Ойларын нақты жеткізу

15

Аяулы мектебім

1

Сөйлем тиянақтылығы, сурет арқылы шағын мәтін құру

16

Жыл басы

1

Наурыз туралы өз ойларын жан-жақты жетізу.

ІІ жарты жылдық

Халық ауыз әдебиеті

17




17

Жылдың төрт мезгілі

1

Ерекшеліктері түсіне отыра суреттеу

18

Мақал-мәтел

1

Жаттау, сайыс

19

Сөздік диктант

1

Бақылау

20

Жұмбақтар

1

Жаттау

21

Жаңылтпаштар

1

Жатқа оқу, дыбыстарды дұрыс айту

22

Өтірік өлең

1

Түсіну, жатқа оқу

23

Бата, тілек

1

Бір-біріне тілек білдіру

24

Бесік жыры

1

Жатқа оқу, түсіну

25

Жарапазан

1

Талдау

26

Төрт түлік малға байланысты өлең жырлар

1

Түсіну, өз ойларын айту

27

Халық әндері

1

Әндермен танысу, ән айту

28

Ертегі «Жамандық неден болады?» //хайуанаттар ертегісі

1

түсіну. Кейіпкерлерге мінездеме беру

29

Ертегі «Етікші» /тұрмыс-салт ертегісі/

1

Түсіну, мазмұнын айту

30

Аңыздар

1

Талдау

31

Алдар Ккөсе

1

32

Сал-дәстүр: сүйінші

1

Дүстүрді түсіну, ойын нақты білдіру. Сахналық көрініс

33

«Жан-жануарлар өалай дыбыстайды?» сөздік диктант

1

Жан-жануарлардың дыбыстары келтіру, айыра білу.


Бағдарлама мазмұны бойынша меңгерілуге тиісті білім мен біліктілікке қойылатын талаптар

  • оқушылар оқылған шығарманы өздіктерінен талдап, оқылған шығарма жайында өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беру, ойларын жеткізе білу /ауызша, жазбаша түрде/;

  • шығармадағы кейіпкерлерге талдай жасай білу;

  • өлеңдерді және әңгіме, ертегіден үзінділер жатұа оқу;

  • деңгейінде меңгерту;

  • мәтінді талдап, пікір алмасу.


Пайдаланған әдебиеттер

1.А.Байтұрсынов. Өлеңдер жинағы. Қырық мысал. 2001 жыл.

2. А.Құнанбаев. өлеңдер жинағы. А., Жазушы. 2006 жыл.

3. М.Әлімбайев. Үлкендерден үйреніп. А.,Атамұра. 2006 жыл.

4. Ы.Алтынсарин. Кел, балалар оқулық. А., Атамұра 2006 жыл

5. Сөз маржаны. А.,Рауан. 1995 жыл.

6.Қазақ ертегілері. Шымкент, Шикула и К.2003 жыл.

7. «Балдырған» журналы. 2006 жыл

8. Наурыз той. А., Өнер. 1989 жыл.

9. Ер намысы, ел намысы. Мақал-мәтел жиинағы. Жалын. 1986 жыл.

10. Б.Тұрсынбаев, М. Төрежанов. Қзақ балалар әдебиетінің кітапханасы. 1992 жыл,

11. Ақ бата. Өнер. 2020 жыл.



12. Қазақтың салт-дәстүрлері. Атамұра. 2002 жыл.



15

2


14



3




13



4




12



5




11



6




10



7




9

8

: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Сабақ 6-шы сыныптар Сабақтың тақырыбы Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлігі және оларды өңдеудің тәсілдері Сілтеме
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
attachment -> Жаңа сабақты түсіндіру 28. 11. 12 Сабақтың тақырыбы: Жанатын пайдалы қазбалар. Мағынасын аш
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейту Сабақтың мақсаты
attachment -> 5 сыныпқа арналған тақырыптар бойынша тесттер
attachment -> Практикумы Тақырыбы: «Тұрақты сөз тіркестерінің түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...