902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



жүктеу 124.78 Kb.
Дата07.06.2017
өлшемі124.78 Kb.
Республикалық бюджеттің

атқарылуын бақылау жөніндегі

есеп комитетінің

2016 жылғы 31 наурыздағы

№ 5-НҚ нормативтік қаулысына

8-қосымша



902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты


1. Жалпы ережелер
1. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына (бұдан әрі – мәслихат) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) қалыптастыруы мен ұсынуына қойылатын рәсімдік талаптарды қамтиды.

2. Стандарттың негізгі міндеті тексеру комиссиясының өзінің мазмұны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның жылдық есебі) жергілікті атқарушы органның жылдық есебіндегі қаржылық жағдай, қаржылық операциялар, мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері, мемлекет активтерін басқару туралы деректердің анықтығы мен толықтығы мәніне жасауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуі болып табылады.

3. Есепті қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 125-бабының 3 және 4-тармақтарына, 129 бабының 4-тармағының 1) тармақшасына және 131-бабына сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тексеру комиссиясына ұсынатын есепті қаржы жылындағы жергілікті атқарушы органның жылдық есебі және жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы тоқсан сайынғы есептері, сондай-ақ тексеру комиссияларының аудиторлық іс-шараларының нәтижелері, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері, тексеру комиссиясының сұратуы бойынша ұсынылған жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараты, тиісті қаржы жылы үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті (бұдан әрі – өңір) дамытудың қорытындысы туралы статистикалық деректер және құқық қорғау органдарының деректері негіз болып табылады.

4. Есепте ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның есепті қаржы жылында жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат, ол ұсынылған жағдайда, пайдаланылады.

5. Осы Стандарттың күші тексеру комиссиясының лауазымды адамдарына және жауапты құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

2. Есептің құрылымы мен мазмұны
6. Есеп осы Стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жыл үшін тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды) үлгілік құрылымы бойынша жасалады.

7. Есеп мынадай негізгі қағидаттардан қалыптастырылады:

1) сенімділік – жасалған операциялар туралы мәслихатқа ұсынылатын Есептің анықтығы және оларды жергілікті атқарушы органның жылдық есебінде көрсету кезінде қателердің болмауы;

2) толықтық – есепті кезеңге Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық талап етілген ақпараттың көрсетілуі;

3) сәйкестік – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы ережелерінің сақталуы;

4) уақтылық – анық ақпаратты жинаудың, Есепті белгіленген мерзімде дайындау мен ұсынудың жеделдігі.

8. Есеп жергілікті бюджеттің атқарылуы, есепке алу мен есептіліктің анықтығы, бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігі туралы ақпаратты қамтиды.

9. Есепте:

1) жергілікті бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын, соның ішінде:

жергілікті бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайларын;

жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамында көзделген көрсеткіштердің орындалуын ескере отырып, сондай-ақ есепті кезеңнің алдындағы жылмен салыстырғанда түсімдер сыныптамасы бойынша жергілікті бюджет кірістерін;

мәслихаттың есепті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне сәйкес құрылымы және оның функционалдық сыныптамасы бойынша жергілікті бюджеттің шығыстарын, соның ішінде:

жергілікті бюджет қаражатының, соның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, концессиялық жобалардың бюджеттен қоса қаржыландырудың, сондай-ақ кепілгерліктер мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын;

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттар үшін өздеріне бөлінген жергілікті бюджет қаражатының пайдаланылуын;

бюджет қаражатының пайдаланылмау және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде жергілікті бюджет қаражаты қалдықтарының пайда болу себептерін;

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын, соның ішінде кірістерді, шығыстарды жоспарлау және атқару бойынша, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер көлемін төмендету (ұлғайту), сот актілері қаражатының саны мен көлемі және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілігі бойынша басқару сапасын;

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің көрсеткіштерін орындауын;

жергілікті бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылу және өңірлерде инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін;

жергілікті бюджет тапшылығының қаржыландырылуын;

мемлекеттік органдардың бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін арттыру бойынша қабылдаған шешімдерін;

есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің жергілікті бюджеттің бекітілген көрсеткіштерінен анықталған ауытқуларын және оларды жоюға, сондай-ақ жалпы алғанда бюджет процесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды;

бюджет қаражатын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылған қарыздарды басқарудың тиімділігін қоса алғанда, есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығын;

2) есепті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің орындалуының Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқару және байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдалану кезінде анықталған бұзушылық фактілерін қоса алғанда, есепті жылға және жоспарлы кезеңге қатысты әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін;

3) есепті қаржы жылында жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында көзделген нәтижелерге жергілікті органдардың қол жеткізуінің анықтығын;

4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің есепке алу және есептілікті жүргізудің анықтығы мен дұрыстығын бағалау нәтижелері туралы ақпарат ашып көрсетіледі.

10. Есеп тексеру комиссиясының есепті кезеңде жүргізген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларына негізделген, соның ішінде:

есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігі (жергілікті бюджеттің ақша және материалдық қаражатын басқарудың заңдылығы, дұрыстығы, тиімділігі және үнемділігі туралы);

жасалған операциялар жөнінде жылдық есепте көрсетілген ақпараттың анықтығы мен толықтығы және бұзушылықтардың бар-жоғы;

жергілікті бюджеттің атқарылу және Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу тиімділігін арттыру;

қаржылық есептіліктің анық және толық ұсынылуы үшін жауаптылықты қамтамасыз ететін қаржы тәртібін нығайту жөніндегі шаралар;

жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің ұтымды және тиімді пайдаланылуына бағытталған, мемлекеттік сектордағы қаржылық қызметтің басқарылуын жетілдіру тетіктері;

есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың және қаржылық бақылаудың ден қою шараларының қорытындылары бойынша тексеру комиссиясының қаулылары мен нұсқамаларының орындалуы жөнінде қабылданған шаралар;

кадр саясатын арттыру және нығайту, уәкілетті органдардың мониторинг жүргізуі және бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары анықтайтын жүйелі бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды.

11. Есепке қосымшада:

1) жергілікті бюджет қаражатын сыртқы мемлекеттік аудитпен қамтудың толықтығы туралы ақпарат;

2) тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараларының нәтижелері және ұсынымдарының іске асырылуы туралы ақпарат, соның ішінде:

есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының, тексерілген мемлекеттік аудит объектілерінің саны, сыртқы мемлекеттік аудитпен қамтылған жергілікті бюджет қаражатының сомасы, жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуы және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің атқарылуы кезіндегі бұзушылықтар сомасы;

анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар;

сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралар, соның ішінде:

процестік шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілген материалдар, соның ішінде процестік шешімдер қабылданған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру (іс жүргізу) жүргізіліп жатқан материалдар саны;

мемлекеттік аудит обьектілерінің лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша нұсқамаларды, сондай-ақ лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға немесе оларды тағайындаған адамдарға жіберу;

тексеру комиссиясының ұсынымдары мен нұсқамаларының орындалуы;

сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының орындалуы;

есепті кезеңдегі өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділігі;

3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өңірде жүргізген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері көрсетіледі.

12. Есептің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар тексеру комиссиясының шешімімен енгізіледі.



3. Есепті жасау тәртібі
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ұсынылатын есеп ағымдағы жылғы 14 мамырға дейін жасалады және ағымдағы жылғы 16 мамырдан кешіктірілмей, тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.

14. Тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынылатын есеп ағымдағы жылғы 14 сәуірге дейін жасалады және ағымдағы жылғы 16 сәуірден кешіктірілмей, тексеру комиссиясының отырысына шығарылады.

15. Тексеру комиссиясы Есепті қарау үшін:

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылғы 20 мамырға дейін;

2) тиісті облысқа кіретін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылғы 20 сәуірге дейін ұсынады.

16. Есеп мыналардан тұрады:

титулдық парақтан – 1 парақ;

Есептің мазмұнынан – 1 парақ.

Есептен – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына 100 парақтан аспайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына 60 парақтан аспайды;

қосымшалардан – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына 30 парақтан аспайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына 20 парақтан аспайды.

17. Титулдық парақта Есептің атауы, оны дайындауға және ұсынуға жауапты тексеру комиссиясының атауы көрсетіледі.

18. Есепте жергілікті бюджетте бекітілген, жергілікті атқарушы органның жылдық есебінде көрсетілген қаржылық операциялардың, сондай-ақ анықталған және мемлекетке өтелген нұқсанның, бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бюджет заңнамасы бұзушылықтарының және өзге де қаржылық бұзушылықтардың сомалары алғашқы он таңбалық белгіге дейінгі дәлдікпен мың теңгеде (кестелік материалдарда – миллион теңгеде) көрсетіледі.

19. Есептің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

қаріп – Times New Roman;

қаріптің мөлшері –14; кестелік материалдарда – 12;

жоларалық интервал – 1,0 немесе таңдау бойынша – 1,5;

беттің жиектері: сол жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2,5 см., оң жағы – 1,5 см.;

абзацтық шегініс – 1,27 см.;

сөздер тасымалданбайды;

беттерді нөмірлеу – жоғарғы жағының ортасында, бірінші бетте нөмір көрсетілмейді.

Есеп мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылады.





Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына қосымша

Нысан




Тексеру комиссиясының ____ жылғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің үлгілік құрылымы

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)

КІРІСПЕ




I БӨЛІМ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ




II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ




    1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

    2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

      1. Салықтық түсімдерді талдау

      2. Салықтық емес түсімдерді талдау

      3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

      4. Трансферттер түсімдерін талдау

2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау

2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау

2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау





III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ




3.1. _____-_____ жылдарға арналған Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау




3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат





IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ





4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау




4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау




4.3. Мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін бағалау












V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК




5.1. Тұжырымдар

5.2. Ұсынымдар






ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

1. Қосымша материалдар (кестелер, диаграммалар)

2. Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат







Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет