9-сыныптар оқушыларының ожсб-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат 28. 10. 2013 ж. Тексеріс мақсаты

Loading...


Дата16.01.2017
өлшемі94.5 Kb.
9-сыныптар оқушыларының ОЖСБ-ға дайындық деңгейі туралы ақпарат

28.10.2013 ж.

Тексеріс мақсаты:

  1. ОЖСБ жүргізілу бойынша қолданыстағы нормативті құжаттармен таныстыру.

  2. ОЖСБ 9-сынып оқушылары дайындығының деңгейін анықтау, төмен нәтижелерінің себебтерін айқындау.

1.ОЖСБ өткізілу үдерісін (өткізілу реті толығымен анықталған) ОЖСБ өткізілу мен ұйымдастыруы бойынша техникалық Нұсқаулық негізінде ұйымдастыру қажет.

Нұсқаулықта ҚББ және мектеп әкімшілігінің атқаратын міндеттері анықталған. Мектеп әкімшілігі ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, оқушылар тізімдерін анықтап, тапсырады, оқушыларға арналған тестілеу материалдарын толтыру бойынша үйрету шараларын ұйымдастырады, тестілеу өткізу үшін аудиторияны дайындайды, оқушылардың тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді. Мектеп бойынша жауапты тұлғаның міндеттеріне төменде көрсетілген функциялар кіреді: бағдарламалық қамтамасыз етумен ҰБТ ӨП оқыту және нормативті құқықтық актілер мен ақпараттық анықтамалықты алу; ҰБТ ӨП АРМ «Мектеп (өтініштерді қабылдау) және АРМ «Оператор» бағдарламалық қамтамасыз етулерін алу және оны орнату; МБ компьютерлік сыныптар қоры туралы мәліметтер және бекітілген оқушылар тізімі туралы ақпаратты енгізу; оқушыларды ағымдар бойынша бөлу; тестілеу рұқсатнамаларын басып шығару; тестілеу өткізуге компьютерлік сыныбындағы техниканың жұмыс істегендігін тексеру, тестілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру.

Оқушыларға төменде көрсетілген әрекеттерге тыйым салынған:



  • Бір орыннан екінші орынға ауысып отыру;

  • Калькулятор, анықтамалық әдебиет (Менделеев кестесі мен тұздың ерігіштігі туралы кестеден басқалары), электронды қойын дәптер мен ұялы байланыс құралдарын пайдалану;

  • Бір-бірімен әңгімелесіп, басқа оқушылардың материалдарын көшіру; шпаргалкалар мен басқа анықтамалық материалдарын қолданылу;

  • Министрлік өкілі рұқсатысыз аудиториядан шығып кету.

Әр үзілістен кейін аудиториялық тізім бойынша бір-бірлеп оқушылардың кіруіне бақылау жүзеге асырылады, тестілеу аяқталғаннан соң ҰБТ ӨП мәліметтер тапсырылады.

Тестілеу аяқталғаннан соң әр оқушы (жауап беріп болғаннан соң немесе тестілеуге белгіленген уақыт біткеннен кейін) өз қолымен өзінің емтихан материалдарын (жауап парағы мен сауал кітапшасы) тек Министрлік өкіліне тапсырады.

Министрлік өкілі оқушылардың жауап парағының барлық қызметтік тараулары және сауал кітапшасының титулды бетінің толтырылуын тексереді.

Министрлік өкілі барлық оқушылардан тестілеу материалдарын қабылдап алғаннан кейін, оларды акт бойынша ДКСО қызметкеріне тапсырады.

Оқушылардың барлық жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) «Интервоид» пакетіне жинақталып, сүргі салынады; ал сауал кітапшалары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) қорабына жиналады.

Тестілеу нәтижелерінің өңделуі жауап парақтарды сканирлеу арқылы жүзеге асырылады. Әр мектептің жауап парақтырының сканирлеуі бөлек өткізіледі. Сканирлеу барысында жауап парағындағы төменде көрсетілген мәліметтер бойынша «Оқушылар» МБ қалыптастырылады: «Тегі», «Аты», «Мектеп», «Сынып», «Жынысы», «Туылған жылы», «Ұлты» (ақпараттық анықтамалыққа сәйкес толтырылады), «Нұсқа», «Жауап бағандары».

Жауап парақтарының сәйкестендіруі автоматты түрде және қолмен жүзеге асырылады. Сәйкестендірілмеген жауап парақтарындағы мәліметтер жаауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында толығымен көрсетіледі.

Оқушылардың компьютерлік тестілеу кезінде балалар компьютерлік сыныпқа бөгде заттарсыз аудиториялық тізім негізінде рұқсатнама бойынша енгізіледі; оқушы компьютерлік сыныбындағы кез келген бос компьютерге отырады; тестілеу басталғаны туралы жариялау жасалғаннан кейін оқушыларды сыныпқа кіргізуі аяқталады; оқушылар тестілеу кезіндегі тәртіп ережелерін орындау керек, бағдарламамен мұқият жұмыс істеу қажет.

Оқушының «Тестіленетін оқушы» АРМ жұмыс орындау тәртібі:

Бағдарлама іске қосылады, тізімнен тегі, аты, әкесінің аты таңдап алынады;

«Тестілеуді бастау» кнопкасы басылады. Пайда болған терезеде рұқсатнамада көрсетілген жасырын сөзді теру керек. Әр бала үшін жасырын сөз жеке, бөлек;

Мектеп бойынша жауапты тұлға тақтаға жазып қойған қатысушылардың барлығына арналған тестілеу коды (жасырын сөзі) енгізіледі;

Бір пән үшін тестілеу нысаны ашылу керек. Тестілеу пәнді таңдап алу реті барлық қатысушыларға бірдей тізімге сәйкес орналастырылған. Тестілеу тапсырмалары компьютер мониторынан оқылады;

Жоғарғы оң бұрышында «Әр пән үшін белгіленген уақыты» атты әйнешек ашылады. Тестілеу басталғаннан кейін автоматты түрде сағаттың саналуы да басталады. Тестілеуге берілген уақыт – 120 минут (2 сағат). 30 минут жұмыс істегенен кейін оқушылар 10 минуттық үзіліске шығып тұрады. Осы кезде бағдарлама автоматты түрде тоқтатылады, үзіліс кезіндегі уақыт таза тестілеу уақытына кірмейді, саналмайды;

Үзілістен кейін оқушы кез келген бос компьютерге отырады;

Келесі пән бойынша тестілеуге кірісу үшін рұқсатнамада көрсетілген жасырын сөзін және тестілеу кодын жаңадан енгізу қажет;



  1. Әр пән бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін әр оқушы тестілеуінің нәтижелері желі бойынша немесе электрондық ақпарат иесі көмегімен «Компьютерлік сынып» АРМ жіберіледі;

  2. «Компьютерлік сынып» АРМ барлық нәтижелерді жинап, мәліметтер түскен соң, «Тестіленетін оқушы» АРМ келесі пән бойынша аудиториялық тізім жіберіледі.

  3. Тестілеу күннің аяғында мектеп бойынша жаауапты тестілеу нәтижелерін ҰБТ ӨП тапсыруын жүзеге асырады;

Компьютердік тестілеу нәтижелерін өңдеу кезеңдері:

  1. Мектеп бойынша жауапты тестілеу аяқталғаннан кейін «Компьютерлік сынып» АРМ көмегімен қалыптастырылған файлды ҰБТ ӨП жібереді;

  2. ҰБТ ӨП ағымдағы тестілеудің аяқталғаны туралы ТТО хабарлайды;

  3. «Оқушылар Базасы (тестілеу)» АРМ көмегімен жұмыстар бағаланады және мектеп бойынша тестілеуден емтихан тізімдемесі 4 данада (мектеп әкімшілігі, аудандық немесе қалалық ББ, Министрлік өкілі және ҰБТ ӨП үшін) беріледі;

  4. Емтихандық тізімдеме ҰБТ ӨП басшысының,Министрлік өкілінің, ДКСО өкілінің қолдары қойылады және ҰБТ ӨП мөрісімен бекітіледі;

  5. ТТО осы күнгі ағымдағы барлық тестілеулер аяқталғаннан соң телекоммуникациялық желісі бойынша дұрыс жауап кодтарының файлысын жібереді;

  6. ҰБТ ӨП әр ағымның аяқталғаннан кейін статистикалық мәліметтерін телекоммуникациялық желісі бойынша ТТО жібереді;

  7. Барлық ағымдардың тестілеулері аяқталғаннан кейін ОЖСБ қорытындыларын үш күннің ішінде жариялау қажет;

  8. Барлық ағымдардың тестілеулері аяқталғанда ТТО телекоммуникациялық желісі бойынша қорытынды файл жіберіледі.

2. Жалпы 9 сыныптарда 48 бала оқиды, ОЖСБ қатысатын оқушылар саны – 48 оқушы.

ОЖСБ дайындық мақсатында ОЖСБ шығарылатын пәндер бойынша білім сапасын жоғарылату үшін бірнеше шаралар ұйымдастырылған:

-пәндер бойынша кеңес берулер үнемі жүргізіледі;

-2013 жылғы қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналысында ОЖСБ дайындық туралы мәселе қарасытырылды;

-психологиялық көмек көрсету үшін мектеп психологы арнайы тренингтер ұйымдастыруда;

-пәндер бойынша тақырыптық тестілеулер өткізіледі, қателермен жұмыс пен оны талдау жұмыстары атқарылады;

Орташа балдардың салыстырмалы талдауы бойынша ең жоғары көрсеткіш келесі пәндерден байқалды: география пәнінен-8,65, қазақ тілінен-8.55 және шетел тілдерінен-7,75; ал өте төмен көрсеткіштер математика пәнінен - 5.2 және Қазақстан тарихынан -5.8.,

1-кесте. ОЖСБ дайындық аясында өткізілген тестілеу бойынша орташа балл.


Оқу жылы басынан бастап байқау тестілеу 2 рет өткізілді, нәтижелер бойнша жағымсыз динамика анықталды.

Сыныптар бойынша орташа балл: 9а – 34 балл, 9б – 27,8 баллды құрайды.

Соңғы тестілеу кезінде ең жоғары көрсеткіштерге ие болған оқушылар: 9а-сынып бойынша – Л.Горбачёва -48, А.Каирбек -47, С.Ермагамбетова -43; 9б-сынып бойынша – А.Абдулаева -45, Г.Исмаилова -44.

Өкінішке орай, тестілеу қорытындылары бірнеше оқушылардың нәтижелерінің төмен болғанын айқындады: 9а-сынып бойынша – Е.Женисов -15, Стацкевичус-14, П.Николаев -23, Власов -27; 9б-сынып бойынша – Ю.Симбирцев -14, Садвокасова-15, Фролова-18, Арчаков-16, Абакумова-21.

Төмен нәтижелері себебтерінің бірі – үйретілім деңгейі өте төмен оқушылардың саны көпшілігінде. Осы пікірді пәндер бойынша нөлдік үзік нәтижелері де дәлелдейді.


Қателермен жұмыс барысында оқушылар білімдерінде төмендегі тақырыптар бойынша қиындықтар туындағаны анықталды:

Математика:

- бөлшектермен әрекеттер жасау, теңсіздік модулі мен көлемді табу, теңеулерді құру бойынша есептерді шығару, есептеу дағдылары.



Орыс тілі:

- үстеулердің дұрыс жазылуы, фразеологизмдер (тұрақты тіркестер), оқшауланған мүшелер, КС тыныс белгілер, есімдік түрлері, КС бағыныңқы сөйлемдер түрлері, оқшаулауа түрлері, бір құрамды сөйлем түрлері.



Қазақстан тарихы:

- Моңғол империясының құрылуы, Қазақстан территориясындағы тас ғасыры, Ақпан көтерілісі жылдарындағы Қазақстан.



Ағылшын тілі.

Етістіктің түрі мен уақыты ырықсыз етіс, сын есімнің шырайлары, күрделі сөздердің дұрыс жазу ережелері, көмекші сөздерді қолдану, инфинитив тұлғасындағы етістікті (тұйық рай) пайдалану



Химия:

-периодты кесте бойынша элементтердің сипаттамасы, элементтердің электронды құрылысы, элементтің жаппай үлесі мен көлемін шығару, оксидтер мен гидроксидтердің химиялық құрылымы.



Қазақ тілі.

Лексика, құрмалас сөйлемдердегі тыныс белгілері, бір құрамды сөйлем түрлері.



География:

-масштаб түрлері, табиғи кешендер, ресурс түрлері, рельеф нысандары, Қазақстанның табиғи кешендері, Қазақстанның экономика мен шаруашылығы.


Төмен нәтижелерінің себептері:

- кейбір оқушылардың пәндер бойынша оқу сабақтарына үнемі емес дайындықтары;

- Нашар меңгерген тақырыптар бойынша оқушылар білімдеріндегі кемшіліктерін жою бойынша мұғалім көмегін қажет ететін жеке жұмыстың жетіспеушілігі;

- оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің болмағаны және терминдерді нашар білулері;

-функционалды сауаттылығының толығымен қалыптаспағаны.
Қорытынды: ОЖСБ өткізуге дайындық жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, алайда нәтижелер әлі де нашар. Сондықтан педагогикалық ұжымның әр мүшесі жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып,өз әрекетіне талдау жасап, проблемаларды анықтап, оқушылардың білім сапасының деңгейін жоғарылату үшін нақты жұмыс бағытын жоспараласын

.
Ұсыныстар:



  1. Нашар үлгеретін оқушылармен жеке жұмыстың жүргізілуін жалғастыру, олар үшін арнайы жеке кеңес берулерді өткізу.

Жауаптылар: пән мұғалімдері; мерзімі: 2014 жылғы сәуір айына дейін.

  1. ОЖСБ-ға шығарылатын пәндер бойынша кеңес берулердің жүргізілуін жалғастыру, міндетті түрде кеңес берулерге тақырыптық тестілеулерді енгізу, «Финист» компаниясының бағдарламалары бойынша оқушылар тестілеуінің өткізілуін ұйымдастыру, http://el.kz сайтында тестілеуін өткізу.

Жауаптылар: сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, мерзімі: 2014 жылғы сәуір айына дейін

  1. Ата-аналармен тығыз байланыста болу, күнделіктер арқылы ОЖСБ бойынша байқау тестілеулерінің қорытындыларымен таныстыру, 2014 жылғы қараша айында өткізілетін ата-аналар жиналысында оқушылардың сабақтарға деген дайындық сапасының деңгейі және кеңес берулерге қатысқандары туралы мәселелерді талқылау.

Жауаптылар: сынып жетекшілері Б.А.Сугралинова, Н.С.Шакуова, мерзімі: үнемі.

  1. ОЖСБ дайындығының нәтижесін бақылау мониторингісін жалғастырып, атқарылған жұмыстарға анализ жасау.

Жауапты: С.А.Бойченко, пән мұғалімдері
Осы мәселені қайтадан қарастыру мерзімі: 2013 жылғы желтоқсан айы
ОТЖ жөніндегі директор орынбасары: С.А.Бойченко
Каталог: files -> loader
loader -> Қазақстан Республикасы
loader -> Отбасы тарихы
loader -> «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі» «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»
loader -> Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы орындағАН: Досанова Г. К
loader -> Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу тәрбие үрдісін жетілдіру
loader -> Қарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
loader -> Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ айтыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Нұржан мен Сапарғали айтысы мен танысу
loader -> 1. Жалпы ережелер
loader -> Қазақстан тарихы, 11 сынып 6-сынып сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...