8-қосымша Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт



жүктеу 108.13 Kb.
Дата23.06.2017
өлшемі108.13 Kb.
Қонкурстық

                                                       құжаттамаға

                                                         8-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

туралы үлгі шарт
Астана қаласы 2013 жылдың ____ _______________
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі» ММ атынан, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының жауапты хатшылары мәртебесі мен өкілеттіліктері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілде айындағы №372 Жарлығы негізінде әрекет етуші ҚР Әділет Министрлігі Жауапты хатшысы Бекетаев Марат Бақытжанұлы, бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын _______________________________атынан Жарғының негізінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) және 2013 жылдың «_» ______ өткен байқау әдісімен анықталған мемлекеттік сатып алу қорытындылары, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес әрекет етуші _______________Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:


  1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге ____ теңге сома мөлшерінде Шарттың байыпты шарты және құрамдас бөлігі болып табылатын осы Шарттың № 1 Қосымшасына сәйкес ______________ бойынша қызмет көрсетуге міндеттенеді.

Орындау шарасы бойынша қызмет көрсету мерзімі 2013 жылдың 25 желтоқсанына дейін.

2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

      1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;

      2) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;

      ) "Қызмет көрсету" - ұлттық заңнаманы шетелдік тілге (ағылшын тілі) аудару бойынша қызмет көрсету;

      5) "Тапсырыс беруші" – Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі ММ;

      6) "Өнім беруші" -______________________________________________.

      3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) техникалық ерекшелік;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.

      4. Өнім беруші Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарт бағасынан үш пайыз мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.

      5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

      6. Өнім беруші қызметтерді көрсетуге, ал Тапсырыс беруші Өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны «Мемлекеттік қызметтерді құқықтық қамтамасыз ету» 001 бюджеттік бағдарламасы, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру» 105 кіші бағдарламасы, «Байланыс қызметтеріне ақы төлеу» «Басқа да қызметтер мен жұмыстар» 155 және «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу».

     7. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар: шот-фактура және атқарылған қызметтің қабылдау-беру актісі.

8. Өнім берушінің міндеттері:

      1) Тапсырыс беруші бекіткен тәртіпте, көлемде және мерзімде қызметтерді өткізуді жүзеге асыру;

2) жұмыстың кез-келген сатысында немесе кез-келген есептік кезеңде атқарған қызметі туралы Тапсырыс берушінің сұрауы негізінде атқарған қызметі жөнінде жазбаша есеп беру және ақпараттандыру;

3) қабылдау - беру актісіне қол қою арқылы Тапсырыс беруші бекіткен талаптарға сәйкес Тапсырыс берушіге атқарылған қызметтерді тапсыруды жүзеге асыру және атқарылған қызметтерді қабылдау - беру актісін ұсыну;

4) тараптардың осы шартқа қол қойғаннан кейін он жұмыс күн ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасынан 3 (үш) % мөлшерде Тапсырыс берушіге шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бекіткен басқа да міндеттер.



9. Өнім берушінің құқықтары:

1) Тапсырыс берушіден қызмет көрсетуге оған қажетті ақпаратты алуға;

2) бастама- мемлекеттік органдардан қызмет көрсетуге қажетті сәйкесінше ақпараттарды, түсіндірмелерді және статистикалық ақпараттарды сұрауға;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бекіткен басқа да құқықтар.



10. Тапсырыс берушінің міндеттері:

1) Өнім берушіге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттарды уақытылы беру;

2) осы шарт бекіткен мөлшерде және тәртіпте бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат есебінен Өнім берушіден алған қызметке ақы төлеу;

3) шарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты (ұлғаю немесе азаю) Өнім берушімен атқарылған қызметтер санының ұлғаюы немесе азаюы туралы қосымша келісім жасасу;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бекіткен басқа да міндеттер.

11. Тапсырыс берушінің құқықтары:

1) жұмыстың кез-келген сатысы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ кез-келген есептік кезеңде Өнім берушінің атқарған қызметі туралы жазбаша есепті қарауға, Өнім берушінің жұмысында кемшіліктерді тапқан жағдайда қызмет көрсетуге ескертулер енгізуге;

2) шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шарт мерзімінің кезінде қызметтерді көрсетудің көлемін өзгертуге;

3) сапасыз және тиісінше емес атқарылған қызметтерге төлеуден бас тартуға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бекіткен басқа да құқықтар.

      12. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын жұмыстарға бағалар азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша жұмыстарға бағаның және осыған сәйкес шарттың бағасын азайту.

      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттік сатып алу шарттарының және (немесе) Өнім беруші таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді осы тармақта көзделмеген негіздемелер бойынша енгізуге жол берілмейді.

      13. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.

      14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.

      15. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.

16. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуге тиіс.

      17. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (Өнім беруші көрсететін қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.

      18. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.

      19. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

      20. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.

Өнім беруші тарапынан сапасыз қызмет көрсету орын алған жағдайда осы Шарт күшін жоюға немесе ғылыми сараптама санын қайта қарауға әкеледі. Көрсетілген қызмет сапасын анықтау тек Тапсырыс берушінің құзыретіне жатады.

21. Өнім берушінің шартқа қызмет санының азаюы немесе артуы туралы қосымша келісімді уақытылы жасамауы 10-тармақта көрсетілгендей әр кешіктірілген күн үшін төленуге тиіс сомадан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеумен қоса осы шарттың күшін жоюға әкелуі мүмкін.

      22. Егер Шарты орындау кезеңінде Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері (лері) кез келген сәтте Тауарларды уақтылы жеткізуге және қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады: бұл жағдайда мұндай ұзартуды тараптар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

      24. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші  тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.

      25. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.

      26. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин, бірақ олармен шектелмейді.

      27. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.

      28. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

      29. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.

      30. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

      31. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.

      32. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

      33. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      34. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.

       35. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.

      36. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

      37. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.

      38. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.

      39. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.

      40. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.

      41. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді және 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.

      42. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
      Тапсырыс беруші                         Өнім беруші

  «Қазақстан Республикасы

Әділет Министрлігі» ММ      

  Астана қаласы, Орынбор к-сі,

8 үй, «Министрліктер үйі»

ғимараты         

  СТН 6007000010251

ЖСК KZ92070101KSN0000000

БСК KKMFKZ2A

  Қазақстан Республикасының

қаржы министрлігінің қазына комитеті ММ

      Жауапты хатшы



___________________М. Бекетаев


___ 2013 жылғы № __ Шартына

1 қосымша.


Сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттамасы

Тапсырыс беруші Өнім беруші

«Қазақстан Республикасының



Әділет Министрлігі» ММ

Жауапты хатшы

_________________М. Бекетаев

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет