7 сәуір 2012 жыл Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі



жүктеу 58.33 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі58.33 Kb.

7 сәуір 2012 жыл

Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі


  1. Танымал тұлға айдарының кейіпкері: орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәмелінова Фания Хикматқызы

  2. Мектептегі іс-шаралар

  3. «Сәт-сапар, Жас түлек»

  4. Құттықтаулар!

Қымбатты оқырман қауым! «Арай» басылымына беретін қызықты мақалаларыңыз болса хабарласыңыздар!

Біздің анықтама:

Жылы: 17.04.1962

Жұлдызы: тоқты

Тағамы: манты

Кітабы: І.Есенберлин «Көшпенділер»

Жазушысы: А.Дементьев

Әншісі:С.Ротару, Қ.Нұртас

Спортшысы: В.Кличко

Ұстанымы: «Сабыр түбі сары алтын»
Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәмелінова Фания Хикматқызы

  1. Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз?

Мен осы Даниловка (Алтынды) ауылында туып, өстім және

осы жерде оқыдым. Мектеп бітіргеннен кейін 1979-1983

жылдары Целиноградта С.Сейфуллин атындағы Мемлекеттік

Педагогикалық Университетті бітірдім. Оқуды аяқтағаннан

кейін Отрадный негізгі мектебіне жұмысқа бөлініп,1984

жылдан бастап ұстаздық қызметімді бастадым.



  1. Сіздің оқушыларыңыз биылғы жылдың жас Түлектері.

Сіз үшін олар кім?

Жас Түлектер барлық пән мұғалімдерінің, яғни біздердің –

бетке ұстар мақтанышымыз. Ал олардың жетістіктері – біздің

еңбегіміздің жемісі деп білем.



  1. Сіздің пәніңіз бойынша кімдер жақсы нәтиже көрсетуде?

Қазір мен үшін ең маңыздысы 11 сынып оқушыларының ҰБТ және емтихандардан сүрінбей өтуі. Өз пәнім бойынша Жүсіпова С, Бейсенбекова Ә, Манет А, Жақсылық Г. сияқты оқушылар жақсы нәтиже көрсетуде дер едім. Бұл олар үшін тек бастамасы ғана. Барлығына сәттілік тілеймін және үмітімізді ақтар деген мол сенімдемін.

  1. «Арай» басылымына тілегіңіз?

Басылымның ғұмыры ұзақ, мазмыны мәнді, оқырмандары көп болсын!

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Жақсылық Гүлмайра

Құрметті Кәмелінова Фания Хикматқызы, сізді 11 «А» сынып оқушылары 50 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды!

c:\users\пк04\desktop\гульмайра\фото0503.jpg


Ұмытылмас санадан Ұстаз атың,

Кемелдіктің қойнауы болмыс, затың.

Ақ ниетпен тілейді ұзақ ғұмыр,

Шәкірттерің ұядан ұшыратын.






Сәуір айының 17-жұлдызында мектебімізде «Ақмола жұлдыздары» атты кезекті көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқауға барлық ұстаздар мен оқушылар жұмыла ат салысты. Қорытындысы бойынша барлық қатысушылар өнерлерін көрсетіп, байқау жоғары дәрежеде өтті. Қатысушылар мадақтама грамоталарымен марапатталып, аудандық түрлі іс-шараларға, мерекелерге шақырылды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!



Тілші мәлімдемесі





25 сәуір күні Макин қаласында ХІІІ Абай оқулары өтті. Оған барлық ауыл мектептерінен келген қатысушылар өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады. Абай атамыздың ән-жырын ұлықтау, оған деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара үш номинацияға бөлінді. Біздің мектептің атынан қатысқан Хасенова Алия «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша ІІІ орын, «Жүргеім әнді ұғады» номинациясы бойынша Жақсылық Гүлмайра ІІ орын, «Жүйріктен - жүйрік озар жарысқанда» номинациясы брйынша Жақсылық Гүлғайша ІІІ орынды иеленді және Крапивко Дарья белсене қатысты.





24 апреля 2012 года в районе прошел интеллектуальный конкурс по русскому языку и литературе для учащихся 5-7 классов. В этом конкурсе приняли участие ученица 5 «А» класса Касенова Акбаян и ученица 7 «А» класса Оспанова Венера. Они награждены похвальными грамотами. В конкурсе «Язык – всем знаниям ключ» приняла участие Кажмуратова Дина. Она заняла ІІІ место. Мы рады за неё. От души её и всех участников поздравляем!

«Арай» ұжымы



Біздің анықтама

Жылы: 21.01.93ж

Жұлдызы: тауешкі

Кітабы: М.Әуезов «Абай жолы», Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» т.б.

Ұстазы: Кәмелінова Ф.Х, Ахметжанова Қ.Қ.

Ақын-жазушы: А.Құнанбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Т.Молдағалиев

Пәні: барлық пәндер

Әншісі: М.Беспаев, Қ.Әбілдина, Азия тобы.

Ұстанымы: Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.


Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы, «Арай» басылымының бас редакторы Жақсылық Гүлмайра

1.ҰБТ-ға дайындық қалай жүруде?

Он бір жыл оқыған біліміміздің қорытындысы, нәтижесі

есептелетін бұл сынға бар күшіммен дайындалып жатыр-

мын деп айта аламын. Өйткені ол мен үшін өмірімдегі қиын

да жауапты қадам болмақ.

2.Алға қойған мақсат-арманыңыз не?

Адам баласының арманы ешқашан бітпейтініндей, менің

де білсем,үйренсем, қол жеткізсем деген арман-тілегім көп.

Қазіргі басты мақсатым, ҰБТ-ден сүрінбей өтіп, ата-анамның, ұстаздарымның

үмітін ақтау.

3.Болашақта қандай маман иесі болғыңыз келеді?

Болашақта білікті ұстаз немесе жалынды журналист бол-

ғым келеді. Кейде дәрігер, өнер адамы, тіпті ақын болсам

деп армандаймын. Қандай маман, қандай өнер исеі болсам

да бастысы талпыныс, ізденіс, білім керек. Тек Алла соған

жетуге нәсіп еткей.



4.Осы уақытқа дейін білім нәрімен сусындатқан ұстаздардан кімді үлгі тұтасыз?

Несімен?

«Ұстазық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,-демекші үйретуден жалықпаған, шаршамаған барша ұстаздарға алғысым шексіз. Ұстаздарымның барлығын үлгі тұтамын. Мен үшін әрқайсысының орны бөлек. Берер үлгі-өнегелері де өзгеше.



6.Мектептегі соңғы оқу жылыңыз. Қандай әсердесіз?

Мектептегі соңғы күндерім екені есіме түссе, соңғы қоңырау жақындаған сайын мектептен, сыныптас достарымнан, аяулы ұстаздарымнан алыстап бара жатқандаймын. Мен үшін мектеп қабырғасында өткізген әрбір қиын да, қызықты күндерім қайта келместей сезілет. Осы жылдары мектебіме, ұстаздарыма аз да болса пайдам тиді ме, ренжіттім бе деген ойлар келеді екен. Мендегі шәкірттік қимас сезімді бір сөзбен жеткізу мүмкін емес екеніне жауап бере отырып өзім де куә болғандаймын.



7.Өз сыныбыңызда жан досыңыз кім?

Сыныбымдағы барлық қыздар жан достарым. Ойымды, сырымды бүкпесіз айтып, көмек сұрай аламын.Жалпы барлығымен сыйластығымыз жақсы.Оларға сәттілік тілеймін.



8.Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

«Ән – көңілдің ажары»,- демекші, бос уақытымда ән тыңдап демаламын немесе кітап оқимын. Қазіргі кезде көп уақыт бола бермейді. Оқу және оқу!



9.«Арай» басылымына білдірер лебізіңіз?

Басылым бұдан әрі жалғасын тауып, көркейе берсе екен деймін!


Сұхбаттасқан: Жақсылық Гүлғайша

Ұстазым менің, ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым менің, ұстазым,-

дей келе, аяулы ұстаздарымыз Кәмелінова Фания Хикматқызы,

Жақсылық Алмагүл сіздерді осы айда өткен туған күндеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт, қажымас қайрат, талмас қанат, еңбекте мол табыс және өмірдегі бар жақсылықты тілейміз!



chrysanthemum.jpg

«Арай» ұжымы

Өте-өте қызық...

Қымбатты біздің достар, қымбатты біздің қыздар, қымбатты біздің



қонақтар!

Мәссаған, бәрі неғып қымбаттап кеткен?



Ертеде бір Төртеу дейтін адам болған екен. Жол-жөнекей келе жатып, бір үйдің есігін қағып, түнеп шығуға рұқсат сұрамақшы болыпты. Ары жағында-ғы әйел :

Әй, кімсің? - десе, әлгі кісі «Төртеуміз», - деп, айғай салады. Бұл сөзді



естіген әйел:

Төртеу болсаңдар үйге сыймайсыңдар, - депті.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет