7. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 70.3 Kb.
Дата03.04.2017
өлшемі70.3 Kb.

7. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы ____________

№ _______ бұйрығына

8-қосымша
Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

31-қосымша




«Ақталған адамға куәлік беру»


мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушімен құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап куәлік (куәлік телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты –30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: куәлік немесе оның телнұсқасын беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі: 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақталған адамға куәлік (телнұсқасын) беру туралы өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшірмесі;


     өкілі арқылы жүгінген жағдайда - оның өкілеттіктерін растайтын құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өтініштің үзбелі талонының негізінде беріледі.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып,

қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

«Ақталған адамға бірыңғай

үлгідегі куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Стандартына

1-қосымша

Нысан

____________________________________


(уәкілетті органның атауы)    
____________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә (бар болса))
____________________________________
(тұратын мекенжайы)       

Ақталған адамның куәлігін (түпнұсқасын) беру туралы өтініш


      «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.
      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Ұсынылған құжаттардың төлнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.


      Куәлікті беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      20___жылғы «__» __________            _______________________


                                            (өтініш берушінің қолы)

Құжаттарды: ____________________________________________ қабылдады.


     (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезе), лауазымы)

      20___жылғы «__» _________  ____________________________________


                                 (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

---------------------------------------------------------------------


                         (қию сызығы)

Жыр

ты

ла
тын

та
лон

________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20_____ ж. «___» ___________ (көрсететін қызметті алу күні өтініш уәкілетті органда тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні) 20_____ ж. «___» ___________

_____________________________________________________


_____________________________________________________
_____________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезе), лауазымы мен қолы


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет