6. Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді Қажеттік құжаттардың тізбесі



жүктеу 122.13 Kb.
Дата25.01.2017
өлшемі122.13 Kb.
6.Банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді

Қажеттік құжаттардың тізбесі:

Мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адам жеке басын куәландыратын құжатын, заңды тұлғаның құжаттарын ұсыну құқығына сенімхатты және мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Әділет министрлігі белгілеген нысандағы өтініші.

Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Мемлекеттік үлестік қатысуы бар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалар) мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тілімін ұстаушылардың белгісі бар өтініш тапсырады.

2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.

3. Заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелері.

4. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат.

5. Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттары: жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, үй-жайға құқығының тіркелгені туралы куәлігі және азаматтық заңдарда көзделген өзге де құжаты болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің орналасқан жерін куәландыратын құжат табыс етпейді.

Заңды тұлға өз қызметін мазмұнын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыра алады. Бұл ретте жарғыны тіркеуші органға беру талап етілмейді.

Қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге рұқсаты қосымша талап етiледi.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржылық қызмет көрсету нысанасы болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні банктік және сақтандыру қызметі болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты қосымша талап етiледi.

Тиiстi тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның алдын ала келiсiмiмен тiркеушi орган жүзеге асырады.

Қызметінің мәні зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі.

Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.

Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:

1. құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;

2. құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.

Бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін сондай-ақ табыстау актісі немес бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжат табыс етіледі.

Түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаларды тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптары ескеріле отырып жасалады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу үшін құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілеттік берген адам жеке басын куәландыратын құжатын, заңды тұлғаның құжаттарын ұсыну құқығына сенімхатты және мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Әділет министрлігі белгілеген нысандағы заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы арызы.

Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды. Мемлекеттік үлестік қатысуы бар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалар) мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тізілімін ұстаушылардың белгісі бар өтініш тапсырады.

2. құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы өкiлдi органның мөрi қойылған шешiмi немесе шешімнің көшірмесі;

3. өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлген, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген құрылтай құжаттары. Мұнда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу екi тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн: құрылтай құжаттарды жаңа редакцияда жасау арқылы немесе өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарға қосымша түрiнде белгiлеу;

4. бұрынғы құрылтай құжаттардың төлнұсқалары;

5. мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің, статистика карточкасының және салық төлеуші куәлігінің төлнұсқалары;

6. заңды тұлғаларды қайта тiркеу үшiн және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенiн растайтын түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi;

7. заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелері ұсынылады.

Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеудің барлық жағдайларын өткенде ұсынылады.

Қайта тіркеу негізіне байланысты заңды тұлға тіркеуші органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да құжаттарды беруге тиіс.

Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінiң жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.

Қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесi бойынша шаруашылық серiктестiктерiн (шаруашылық серiктестiгі қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын нотариалды тәртіппен куәландырылған құжат ұсынылады.

Табиғи монополия субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiледi; тиiстi тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектiлерiн қайта тiркеу үшiн монополияға қарсы органның келiсiмi талап етіледi.

Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу үшін филиал немесе өкілдік құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам жеке басын куәландыратын құжатын, заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) құжаттарын ұсыну құқығына сенімхатты және мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрілігі белгілеген нысандағы арызы. Өтінішке филиал немесе өкілдік құратын заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды;

2. Заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы заңды тұлғаның мөрімен бекітілген шешімі;

3. Заңды тұлғаның мөрімен бекіткен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған филиал (өкілдік) туралы ереженің үш данасы;

4. Жарғының (ереженің) және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және заңды тұлғаны салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлігінің (СТН) көшірмесі.

5. Филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты.

6. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшін алым төленгенін растайтын құжаты.

7. Филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін растайтын құжаттары.

8. Филиал басшысының жеке басын куәландыратын құжаттардың, салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.

Филиал немесе өкілдік ашу туралы шешім мен оның басшысына сенімхат бір құжат ретінде ресімделуі мүмкін. Филиалдың басшысына берілген сенімхат қоғамдық бірлестіктің және діни бірлестіктің филиалын (өкілдігін) тіркеген кезде оны сайлауға немесе тағайындау тәртібіне сәйкес табыс етілмеуі мүмкін.

Мемлекеттік кәсіпорындар филиал құрған жағдайда меншіктенушінің немесе олар уәкілеттік берген органның филиалды құруға келісімі туралы құжаты тапсырылуы қажет.

Шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен жүргізіледі.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдiк) құратын шетелдiк заңды тұлға:

- шет мемлекеттiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдiк заңды тұлғаның сауда тiзiлiмiнiң заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн немесе басқа да заңдастырылған құжатты қосымша ұсынуға тиiс.

- филиал (өкiлдiк) құратын шетелдiк заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармамен ұсынылады.

Филиалдар (өкілдіктер) атауы өзгерген жағдайда есептік қайта тіркеуге жатады.

Филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу үшін филиал немесе өкілдікті қайта тіркейтін заңды тұлға уәкілеттік берген адам жеке басын куәландыратын құжатын, заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) құжаттарын ұсыну құқығына сенімхатты және мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрілігі белгілеген нысандағы арызы. Өтінішке заңды тұлға уәкілеттік берген адам қол қояды;

2. Заңды тұлғаның филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның мөрімен бекітілген шешімі;

3. Заңды тұлғаның мөрімен бекітілген өзгерістер (толықтырулар) енгізілген құрылтай құжаттары. Бұл ретте өзгерістер мен толықтырулар енгізу екі тәсілмен ресімделуі мүмкін: филиал (өкілдік) туралы ережені жаңа редакцияда жазу не өзгерістерді (толықтыруларды) филиал (өкілдік) туралы бұрынғы ережеге қосымша түрінде ресімдеу арқылы;

4. Филиал (өкілдік) туралы бұрынғы ереженің төлнұсқасы;

5. Есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточканың төлнұсқалары;

6. Филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк қайта тiркеу үшін алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжаты;

7. Филиал басшысының жеке басын куәландыратын құжаттарының және салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.

Заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1. тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өтініш;

2. заңды тұлға мүлкi меншік иесiнiң немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;

3. құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық карточка;

4. заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдері туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;

5. таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;

6. тарату балансы;

7. заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрi басылған аралық жәнe тарату баланстарын бекiту туралы шешiмдi қабылдаған өзге де органның шешiмi;

8. заңды тұлға мөрiнiң жойылєандығы туралы құжат;

9. таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;

10. салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;

11. кеден органдарының кедендiк төлемдер бойынша берешектерi мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң жоқ екендiгi туралы анықтама;

12. акция шығарылымдарының (акционерлiк қоғамдар үшiн) күшi жойылғандығы туралы уәкiлеттi органның хабарламасы;

13. заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені және филиалдар мен өкiлдiктердiң есептiк тiркелгенi үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.

Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу, сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

Филиал (өкілдік) филиал (өкілдіктің) қызметін тоқтату туралы заңды тұлға шешімінің, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, статистикалық карточканың және филиал (өкілдік) туралы ереженің төлнұсқалары, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін төлем төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты негізінде есептен шығаруға жатады.

Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару үшін филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы талап етіледі. 



Төлем және жеңілдіктер:

1) заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен олардың қызметiн тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде), қайта тiркеу кезiнде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:

заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен, саяси партиялардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, 7600 теңгенi құрайды;

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардан, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнен 2280 теңгенi құрайды.

2) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелердi, қазыналық кәсiпорындарды және үй-жай (пәтер) иелерi кооперативтерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:

құруды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу кезiнде – алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi;

мемлекеттiк қайта тiркеу (есептiк) кезiнде – алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi елу пайызы;

қызметi тоқтатылған кезде (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде) – алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.

3) балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiн, сондай-ақ мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiн, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн, республикалық және өңiрлiк ұлттық-мәдени қоғамдық бiрлестiктер филиалдарын мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкалары:

құруды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу кезiнде – алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштi;

мемлекеттiк қайта тiркеу – (есептiк) кезiнде – алым төленген күнге қолданылатын екi айлық есептiк көрсеткiштiң елу пайызы;

қызметi тоқтатылған кезде (соның iшiнде заңнамада көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезiнде) – алым төленген күнге қолданылатын бiр айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.

4) заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын берген кезде заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкасы 50 теңгенi құрайды. 

Мерзімдер:

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептік тіркеу (ќайта тiркеу) қажеттi құжаттары қоса тіркелiп өтiніш берілген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктірiлмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) қажетті құжаттары қоса тiркелiп өтініш берiлген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.



Егер тексеру процесінде таратудың белгіленген тәртібін бұзушылықтар анықталмаса, уәкілетті орган (тіркеуші орган) он күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғанын (филиалды және өкілдікті есептік тіркеуден шығаруды) тіркейді.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет