45.Қазақ әдеби тілінің байып, әрленіп отыратын негізгі арналарының бірі – жалпы халықтық тіл. Жалпы

Loading...


Дата20.03.2020
өлшемі117.61 Kb.


45.Қазақ әдеби тілінің байып, әрленіп отыратын негізгі арналарының бірі – жалпы халықтық тіл. Жалпы халықтық тілдің бір түрі – диалект. Диалектизмдердің әдеби тілге қарым-қатынасы бір жақты ғана деп үзілді- кесілді айтуға болмайтыны белгілі.
Қазақ әдеби тілінің жалпыға ортақ қасиеті – тұтастығы, бірлігі. Бұл –ғасырлармен өлшенетін ұзақ уақыттың жемісі. Ал оны елеп-ескермей, әркім өз
жеріне тарта сөйлесе, әдеби тілдің ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тұтастығы
мен бірлігіне нұқсан келеді. Міне, тіл тазалығы дегенді әдеби тілдің бірлігі мен тұтастығы үшін күрес деуге болады. Бірақ диалектизмдердің әдеби тілге қатынасының екінші жағын, аса мәнді жағын ескермеу әдеби тілді нәрлендіретін, байытатын арналы бұлақтың көзін жапқанмен бірдей көрінер еді. Әдеби тiлдi диалектiлер арқылы байыту мәселесi қазiргі кезде ғалымдаp назарына жиi iлiнiп жүр.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жаңа бағыттағы қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай мен Ыбырай сөйлеу тілі мен ауыз әдебиетіндегі құнарлы сөз асылдарын шебер пайдалана отырып, халық тілін жазба әдеби тіл дәрежесіне дейін көтерді. Сөйтіп, халықтық тіл материалдарын сұрыптап жөндеудің әдеби нормаға келтірудің нақты үлгісін жасады. 
Әдеби тілдің қалыптасуындағы Абай мен Ыбырайдың тарихи рөлі өз шығармаларын жергілікті халық тілін сұрыптап, творчествалық еліктен өткізіп оның жалпыға бірдей әдеби тіл болуына жол, негіз салуында. Олар өз шығармалары арқылы халық тілінің байлығын пайдаланудың, сөзді, сөз 
тіркестерін сұрыптап қолданудың үлгісін көрсетті. Осылар бастаған үлгіні әдебиет майданында еңбек етушілер онан әрі дамытты.
Абай шығармаларында әдеби тілде қолданылмайтын жергілікті говарларда кездесетін сөздер мен грамматикалық тұлғалар бар: 
Жейде-дамбал ақ саңнан, жарғақ Жырым балақ матамен әдіптеген...Сабырмен талап беріптіАқылың, рақымың қиын-ды...Қолынан ұстап алып, ертіп барып,Далада бір бұзылған тамға апарды.Мен-дағы жүрген жоқпын малдан күсіп,Айттым, балам, басыңа мейрім түсіп...
Бұл үзінділердегі , қиын, там, күсіп деген сөздер - диалект , , облыстарында қолданылмайды. Қиын - бір ұғымда, барлық түкпіріне түсінікті сөз. Оңай қолға түспейтін, кеп әрекетті керек ететін бір нәрсені - қиын деп атайды. , , , , қазақтары тек осы ұғымда ғана түсінеді. Басқа еш мағына бермейді. Ал осы сөз Оңтүстік, қазақтарыңда жағымды ұғымда қолданылады, Мынау қиын кісі екен дейді. Екінші сөзбен айтқанда, Білгіш, ақылды адам екен деген мағынада. Абайдың Ақылың, рақымың қиын-ды дегені де дәл жоғарғы айтылған тәрізді ақылың көп, рақымың мол деген ұғымда қолданылып отыр. Там деп Орал, Ақтөбе, Атырау, Орынбор, , облыстары қазақтары моланы, Арқа, Оңтүстік, қазақтары қыстауды, тастан, балшықтан салған жер үйді айтады. Далада бір бұзылған тамға апарды дегенде тамды да осы қыстау, жер үй деген мағынада қолданған. Абай өлеңдеріндегі диалекттің екінші түрі - қысқартынды сөздер. Бұл - көбіне елдерімен қанаттас, көршілес елдерге тән нәрсе. Мұның бір себебі - өзбек тілінің әсері тәрізді. Өзбек халқының тілінде кейбір етістіктерді қысқартып айту (алып-ап, келіп-кеп, болып-боп, болыпты-бопты) заң болып бекілген құбылыс десек, Оңтүстік қазақтарының тілінде бұл заңға айналған құбылыс деп айтуға болады. Бұл өлкеде кеп, ап деп сөйлемейтін қазақты кездестіру қиын. Оңтүстік қазақтарының өзбек халқымен сыбайлас отыруы - сөздік, де үлкен әсер еткендігі әрдайым анық байқалады. Қысқартылып айтылатын сөздердің екінші түрі Абай елеңдерінде де аз-мұз кездеседі.
Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,Қазақтың не қыласың шариғатын.Бірлікті шайқайды,Араз боп өнбескеӨңкей уды жиып ап,Себеді сорлы жүрекке...

Сонымен диалектілердің әдеби тілге қатынасына келсек, олар әдеби тілдің толығып баюына өз үлестерін қосуда. Әсіресе кәсіпке, шаруашылықтың түрлеріне байланысты сөздермен әдеби тілді байытуда. Әдеби тіл мен диалектілік лексиканың арасына біржола шекара қою қиын, қоғам дамуына, тілдің ішкі дамуына сай көнеру, мағына кеңеюі, жаңа сөздердің пайда болуы сияқты өзгеріс диалектілік лексика мен әдеби тіл арасында үзбей жүріп отырады. Сондай-ақ әр кезеңде өмір сүретін ұлттық тілдердің жалпыхалықтық әдеби тілімен қатар жалпыхалықтық мәні жоқ, жергілікті, аймақтық сипаттағы сөздері әдеби тілмен қатар жүріп дамып отыратыны заңды құбылыс. Ғалым Р. Сыздық қазақ тілі мәдениетін көтеруде қазіргі кезеңдегі көркем әдебиет тілінің орны, рөлі, қызметі ерекше екенін аса жоғары бағалайды: Тіліміздің жалпы құрылымдық нормаларымен қатар, көркемдік-эстетикалық заңдылықтарын қалыптастыратын, беркітетін, әрі қарай ұластыратын, қалың жұртшылыққа ана тілінің байлығы мен әсемдігін танытатын, сол байлық пен әсемдікті дұрыс пайдалана білуге тәрбиелейтін құралдың бірі – көркем әдебиет,- дейді. 


46. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті күнкөріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен құбылыстарға қатысты жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар ешқандай мамандык пен кәсіпке қарап жарылып бөлінбейді, бір тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ болып жұмсала береді. Сондықтан да бұлар жалпылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жүз, мың, алға, кейін, төмен, жоғары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б. Бұл сөздер малшыға да, егіншіге де, жұмысшыга да, аңшыға да, балықшыға да, ақынға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама лексика - қатысты сөздер стильдік мәиі жағынан бейтарап болады да, қолданылу жағынан ещқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Осындай сипатына қарай жалпылама лексика тіл білімінде бірде стиль аралық сөздер (межстилевая лексика) бірде бейтарап сөздер деп те аталады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат атауларын, қимыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздерде әркімнің өзіндік жагымды, жағымсыз немесе артық, кем түрліше көзқарасы көрсетілмейді. Әр сөз өзі болған калпында тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Москвадан ұшқан ұшақ Алматыға дәл уақытында ксліп конды. Мал бныл қыстан күйлі шықты. Бүгін ауа райы ашық болды. Дарын өткен жылы университетті бітірді. Кеттірілген сөйлемдердегі әрбір сөз тек өзінің тура мағыналарында ғана колданылып тұр. Сонымен қатар осында қанша сөз болса, соныц бәрі де казақ тілінде жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердің сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды. Бұл сөздер мейлі жазба тілде, мейлі сөйлеу тіліндеболсын, қайда қолданылса да, жалпы халықтікі. Өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқындылыгымен, табиғи да, қарапайымдылығымен бірден көзге түседі.

Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекстке түскенде ғана әр түрлі экспрессивті мәнге ие болады. Мәселен, “Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді” дегендегі кір деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалып тұр. Алгашкы сөйлемдегі кір - таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемде кір - метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш деген ұгымда жұмсалған. Сол сияқты “Су жерді көгертеді, еңбек ерді көгертеді” деген мақалдағы "көгертеді" деген етістік те екі түрлі ұгым тудырып тұр. Алғашқысында тура мағынада жерге өсіп, көктейді дегенді түсінсек, соңғысында адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға тұйық сөздер смес, бұлар да басқадай синтаксистік қүрылым мен өзгедей грамматикалық форманың қарауына түскенде солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше мән алып отырады.

Диалектілік (гр. Оіаіекіоь-сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір аймактагы жергілікті түргындардың сойлеу тілінде колдаиылатын сөздер жатады. Мүндай сөздер үлттык лексиканын кұрамына енгенмен, жалпыхалыктык лексиканың кұрамына енбейді. Далектілік лексика өз ішінен үшке болінеді. Олар пагыз лекснкалык, лекснка-семантикалык, этнографиялык диалектілер.

Нагыз лексикалык диалектизмдер дегеніміз-магынасы жагынан эдеби сөздермен сэйкес кслетін, бірак тұлгасы баска сөздер. Бұл сөздер әдеби сөздермен синоним болады да эдеби тілдін күрамына енбейді. Мысалы, сірінке-сеоенке. шыппы, оттык, кеуірт, шакпак,

спсшке.

Лсксмка-ссмантикалык диалектизмдер-дыоысіалуы әдеби создермен бірдей, бірак магынасында ерекшеліктер бар сөздер. Олар эдсби тілдегі өзімен түлгалас сөздерімсн омонимдес болады.Мысалы, тіртіп-Оралда нүекау, долы-іиымкентте бүршак аралас носер жауын т.б. Лексика-семантикалык диалектизмдер де эдеби тілдің кұрамына енбейді.



Этнографиялык диалектизмдер-белгілі бір жсрге тэн заттар мен күбылі.істардың атауы. Мүндай сөздердің баламалары эдсби тілде болмагандыктан магыиасы создіктерде түсіндіріліп беріледі. Мысалы, жозы-аласа дөңгелек үстел (Алматы обл.). Казак тілі лексикалык диалектілерінің молдыгымен ерекшеленеді
Аймақтық лексика — жергілікті жерде қолданылмайтын диалектілік сөздер.

Кейбір сөздердің таралу шегі шектеулі, тіпті тар болып келеді. Осыған орай мұндай сөздер кең аумақты, орта аумақты, тар аумақты сипаттағы аймақтық лексика деп бөлінеді. Кең аумақты қамтитын сөзге асар, үме сияқты сөздер жатады. А с а р сөзі АлматыЖамбылШымкент, Талдықорған, Қызылорда облыстарының кейбір аудандарында қолданылса, ү м е сөзі АтырауБатыс ҚазақстанАқтөбеоблыстарында кең тараған. Орта аумақтыға Жетісуда кездесетін с а м а, ал тар аумақтыға Тәжікстан қазақтары арасында кездесетін а с к е д і (асқабақ) сөзін мысалға келтіруге болады.



47.Арнаулы лексика - ғылым мен техниканың түрлі салаларына, өнер мен спорткақатысты терминдер

Терминдер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер.Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай: а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек. ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек

Термин сөздерді кейде арнаулы сөздер деп те атайды.

Термин сөздер ғылымның барлық саласында кездеседі:

1.Әдебиет пен өнерге байланысты терминдер: роман,театр,филармония, актер, образ, дирижер, режиссер.

2.Лингвистикаға байланысты терминдер: лексика, фонетика, морфология,синтаксис,омоним,орфография,архаизм,бастауыш,баяндауыш т.б.

3.Спортқа байланысты терминдер: футбол, баскетбол,волейбол, ,хоккей, щахмат, бокс, акробат т.б.

Ғылымға байланысты терминдер: математика, синус,биссиктриса, көбейту,косинус,химия,азот,хлор,азон т.б.

Қазақстанныц жері қандай кең, қапшалықты бай болса, мұндағы кәсіп пен шаруашылықтын түрі де соншалықты көп. Халқымыздың ежелден ата кэсібі болган мал мен егінді, ләнді дақылдарды атамағанның өзінде республиканың бір жерінде ‘марал, бір жерінде балық, бір жерде күріш, бір жердемарал, б’ір жерде агаш, бір жерінде қызылша мен темекі, бір жерінде ‘бау -бақша жеміс-жидек өсіріп, бір облыс екінші облыстан, бір ‘облысқа енетін әрбір аудандардың өздері де бір-бірінен ерек-шеленіп отырады.

Соның нәтижесінде кәсіптің әр түріне байланысты әр жерде әр алуан кәсіби сөздер пайда болган. Қәсіби сөздер белгілі территориялық аймакты гана қамтып шектелуі жағынан диалект сөздерге ұқсайды. Алайда диалектизмге жататын сөздердіқ әдеби тілде белгілі бір балама сөзі синонимі болады. Ал кәсіби сөздердіқ әдеби тілде^ешқандай балама кездеспейді. Осы жағынан қараганда кәсіби сөздер диалектизмдерден гөрі бір табан термии сөідсрге жақын, неге десеңіз, кәси- би сөздер де негізінен бір мағыналы болады да шаруашылықтың белгілі бір саласында белгілі бір аймақта ғана қызмет етеді. Қолдану шегі жагынан ғана кәсібн сөздер тсрмнндердсп сол өзгеше. Кәсіби сөздерді беліілі бір территорияны мскендеуші тұрғын халықтың бәрі білсе, терминдерді әр жерде тұратын бір маманы ғана қолданады. Сонымен қатар кәсібн сөздер әдеби тілдін, құрамьша кіреді. Демек, кәсіби сөздердің терминнен де, диалектіден де өзіне тон өзгсшеліктері меп ерекшеліктрі бар. Сондықтан да бұлар өз алдына жеке лексикалық тои құрайды. Қазақ тілінде кәсіби сөздердін мынадай түрлері бар:

1. Мақта шаруашылығына қатысты кәсіби сөздер: жегеше| жегенелеу, көсек, күнжара, кауашақ, қоза, козакия, биті, шалшақ-шанақ, мақташы, мақталық, терім, терімші, косектеу, шит, шиті| макда, шиг егу, мақта теру, сүдігер, мақта майы, т. б. :

2. Қызылша шаруашылыгына қагысты кәсіби сөздер: ас қы-зылша, еркек қызылша, қант қызылшасы, қызылшашы, сірнеу гүлдеуік, тоспа, түқым жарнағы, қағгат, өркін, тамыр-жемі жүйек, т. б.

3. Темекі шаруашылыгына қатысты кэсіби сөздер: бүлықты-ру, бүркеніш, жал, жиым (орым), жіп, көңхана, құлақ-жұл, маты, сағақ, темекіші, қурай, тізбек, тікқүлақ, т. б.

4. Балық шаруашылығына қатысты кэсіби сөздер:жылым, сүзекі тоспай, ықпа, сере, қаяз, абақ, торта, қорытпа, сүйрік, тыран, қоқан, жорамал, азна, жақса, қарма, жүтпа, итерқұл көтергі, құрсақ, шөктірме, сүре, бүнек, т. б.

5. Бау-бақша және суармалы егіс шаруашыдығына қатысты кәсіби сөздер: алқор, нәк, шабдалы, әнжір, күләбі, болбол, қарық, оман, атыз, мәркі, шөнек, ауыздама, бал, жап, жарма жоя, ақаба, кесе, т. б.



Сонымен бірге қазақ тілінде саятшылыққа, қол өнеріне,ті- ‘ гіншілікке, омарташылыққа, дәрі-дәрмек өсімдіктерін өсіруші- лікке, бұғы-марал, құс иіаруашылыгына тэн көптеген кәсіби сөз- дердін, болуы заңды нәрсе. Мұныц барлыгы да әзірге сарқа жа- налмай, халық игілігіне жөнді жаратылмай жүр. Біздің алды- мызда тіліміздегі сөз байлыгының қүранды бір бөлігі деп сана- латын кәсіби сөздерді де барынша жннап-теріп, сөздікке ендіріп, жүртшылықтын кәдесіне асыру міндеті тұр.

48. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің диалектілері де енеді. Лексиканың құрамына енген сөздерді тексеретін ғылым– лексикология, мағыналарын тексеретін – этимология, сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін – лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Қатынас құралы ретіндегі тілдің сөздік құрамына және лексикалық единица ретіндегі сөздің табиғатына қатысты жалпы лингвистикалық проблемалар бар. Олардың қатарына тілдің лексика-семантикалық жүйесі туралы мәселе, тілдік бірліктердің ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басты белгілер, сөз бен ұғымның ара қатынасы, сөздің лексикалық мағыналарының түрлері, сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарының ара қатынасы мен байланысы, лексикалық минимум және т. б. мәселелер енеді. Әлемдегі кез келген тілдің сөздік құрамы, өздерінің ежелден келе жатқан төл сөздерінен және басқа халықтардың тілдерінен енген кірме сөздерден тұратындығы белгілі жәйт. Халықтардың тарихи, экономикалық және мәдени байланыстары, өмірдің түрлі саласындағы құбылыстар тілдің сөздік қорына ықпал етіп, түрлі оқиғаларға байланысты сөздерді куә етіп қалдырып отырады. Сол секілді халқымыздың басынан кешірген сан қилы тарихи фокторлардың тілімізге тигізген әсері де әр түрлі болған. Түркі тіліне араб элементтерінің енуіне түркілердің ислам дінін қабылдауы едәуір әсер еткендігі сөзсіз. Ислам дінінің түркі топырағына жетуі VIII ғасырда басталғанымен оның кең етек жаюы X ғасырда Қараханиттер мемлекетінің тұсында болды. Бұл дәуірде Таяу және Орта Шығыс халықтарының мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тіл қызметін атқарған болатын. Яғни, бір кездері Батыс Европа халықтарына латын тілі қандай қызмет атқарса, шығыс халықтары үшін де араб тілі сондай болды. Ал парсы сөздері түркі тайпаларының тіліне араб сөздерінен әлдеқайда ертеректе ене бастағанын тарихи деректер көрсетеді. Б.з.д. VI-IV ғасырларда Қазақстан территориясын мекен еткен сақ тайпаларының солтүстік тобы түркі тілдерінде сөйлесе, оңтүстік тобы көршілес тайпалармен иран тілі арқылы қарым-қатынас жасаған. Мәдениеті мен өнері дамудың біршама жоғары сатысына жеткен сақ тайпалары Персиямен тығыз қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ VII-VIII ғасырларда Зеревшан, Қашқадария ойпатын мекендеген соғды тайпалары да түркі тайпаларымен қоян-қолтық араласып тұрған. М. Қашқари да Шығыс Түркістанның оңтүстігі мен Талас, Шу ойпаттарын мекен еткен соғдылардың екі тілде сөйлейтіндігін атап көрсеткен. Сонымен қатар Тараз бен Аққаланың (Сайрам) тұрғындары секілді Баласағұн қаласының тұрғындары да соғды және түркі тілдерінде сөйлейтіндігін айтады [5, 45]. Демек бұл тарихи деректер парсы сөздерінің түркі тілдеріне ене бастауы араб сөздерінен бұрын болғандығын растайды. Түркі тілдеріндегі парсы тілінен кірген сөздердің дені діни ұғымнан гөрі егін, су шаруашылығына, сауда-саттыққа, құрылыс істеріне, тұрмыстық салт-санаға, әдебиет пен өнерге байланысты. Тіптен ғалымдар парсы тілдерінде едәуір мөлшерде араб элементтерінің бар екендігін және оларды тұла бойына әбден сіңіріп төл сөздеріне айналдырып жібергендігін, ал ол сөздердің түркі тілдеріне парсы тілі арқылы енгізгендігін де айтады



Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...