'255. 2: 6 Б. М. Саякова аға оқытушы

Loading...


Дата07.09.2017
өлшемі32.4 Kb.


УДК: 81'255.2:6
Б.М. Саякова аға оқытушы

К.Х. Жубанова аға оқытушы

Жаратылыстану факультеттеріне арналған шетел тілдер кафедрасы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

(Қазақстан)

Ғылыми-техникалық мәтіндердің аударылуы

Бұл мақалада ғылыми және ғылыми-техникалық мәтіндердің мәселелері, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық аударманың негізгі әдістері талқыланды. Ғылыми және ғылыми-техникалық аудармада терминдер маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер, сондықтан ықшамдылық, қолдануға қолайлылық, жүйелілік талаптарына да сай келіп, ұғым мазмұнын дәлірек беретін болуы тиіс. Терминдер мәдениетаралық қарым-қатынас тиімділігін қамтамасыз етеді, ғылыми және лингвистикалық білімнің бірлік болып табылады. Мәтінді аудару процесінде мәтіннің мағанасының дәл және толық ақпараттың берілуі үшін терминдердің эквиваленттігі болған маңызды. Бұл терминдердің айырмашылықтары аудармадағы қиындықтар себебі болып табылады. Ғылыми және ғылыми-техникалық мәтіндерді зерттеуде терминологияны зерттеу ең салмақты және қиын бөлігі болып табылады. Техникалық мәтіндердің аудармасы деп техникалық сипаттағы нұсқаулардың аудармасын айтуға болады. Бұл топқа әдістемелік материалдарды, техникалық әдебиетті, жабдықты пайдалану нұсқауы және т.б. аудармасын жатқызуға болады.


Түйін сөздер: ғылыми-техникалық аударма, транскрипция, калька, тезаурус, аббревиатура, ғылыми-техникалық мәтіндер, заманауи ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-психологиялық факторлар.
Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру процесі. «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін – ауызша немесе жазбаша мәтінді, сөзді басқа тілде қайталап жеткізу жатқаны белгілі. Сонымен бірге, аударма – сөйлеу қызметінің бір түрі болғандықтан, оның мақсаты сөз сөйлеу құрылымын қайта құру болып табылады, нәтижесінде мазмұнның өзгеріссіз жоспары сақталумен бірге, ойды жеткізу жоспары да өзгереді, бір тіл екіншісімен ауыстырылады [1 ].

B.Н. Комиссаров «Слово о переводе» еңбегінде аударманы жанрлық-стилистикалық түрлеріне қарай былай бөледі: 1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; 6) жарнамалық аударма [2, Б.94-108. ].

Соның ішінде қарастыратынымыз ғылыми-техникалық аударма. Ғылыми-техникалық аудармаға ғылыми мақалалар, монография, техникалық сипаттама жатады. Әр саланың өзіндік қолданылатын қалыпты стилі, термині, мәтіндік құрылымы болады. Бұл саладағы шығармаларды аударуға сөздік те аздық етеді, кәсіби маман біліміне, тәжірибесіне де сүйенген дұрыс. Ғылыми мәтіндер қатаң морфологиялық және синтаксистік құрылымға ие, сөздің бірыңғай орамдары, біркелкі стиль қалыптасқан. Ғылыми-техникалық еңбектерді аудару көп салалы білімді қажет ететіндіктен, бұған білікті кәсіби маман ретінде бейімделген жөн. [3, б.57] Қазіргі таңда техникалық аударма көркем аудармаға қарағанда анағұрлым оңай деген пікір бар. Себебі, аудармашы көркем стилге тән қандай да бір метафораны немесе көркемдеу тәсілін қолданбайды. Ғылыми-техникалық аударманың негәзгі стилистикалық ерекшелігі – оның дәл және нақты берәлуінде, яғни мәтінге эмоционалдық-экспрессивті бояу беретін айрықша белгілердің болмауы. Басты назар берілетін мәтіннің эмоционалды-сезімдік жағына емес, логикалық мағынасына аударылады. Сөздік құрамы бойынша техникалық аударманың негізгі ерекшелігі оның осы білім саласына сай арнайы терминологиямен қамтылғандығында.

Алайда техникалық аударманың қиындығы техникалық құжаттардың ерекшелігімен байланысты. Мәселен, техникалық мәтіндердің аудармасы түпнұсқаға барынша жақын болуы тиіс. Техникалық әдебиеттегі аз ғана өзгерістер, қандай да бір құрылымның дұрыс берілмеуі өнеркәсіптегі апаттарға әкеп соғады. Тематикалық терминологияны білу өте маңызды. Ол жазбаша аударманы жасағанда да, келіссөздерде ауызша аударма орындағанда да өте маңызды.

Міне сондықтан да аударманы жасайтын маман шет тілін біліп қана қоймай, сонымен бірге оның техникалық білімі болу қажет немесе осы саладағы әдебиетпен таныс болуы абзал. Мұндай тәжірибе өнеркәсіптің белгілі бір саласында жұмыс істеу барысында да жиналады. Яғни аудармашы жұмысшылармен сұхбаттасып, кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жағдайда аудармашы техникалық шет тілін жетік меңгеріп, арнайы терминологиямен танысады.

Заманауи ғылыми-техникалық прогресс әртүрлі тілде сөйлейтін әртүрлі елдердің мамандары арасындағы арнайы ақпаратты кеңінен алмастыру барысында ғана жүзеге асады. Физиктер, химиктер, инженерлер, экономистер және өнеркәсіптің басқа да саласындағы мамандар шетелде шығып жатқан ғылым мен техника аясындағы барлық жаңалықтарды көзден таса қылмауы керек.

Техникалық аударма саласында терминология аудармасы мәселесінің алар орны ерекше. Техникалық мәтіндер терминологияға барынша толы. Сондықтан да техникалық құжаттар мен әдебиетті аударған кезде терминдер маңызды рөлді атқарады. Ғылыми құжаттарды техникалық аудару ерекшелігі оның құрамында орасан мол терминдердің болуында, бұл терминдерді кейде тіпті арнайы сөздіктерден іздеп таба алмаймыз. Осы терминдерге сәйкес синонимдерді табудың өзі қиын, себебі оған ұқсас терминдерді қазақ немесе орыс тілінен табу қиын. Терминологиялық лексика ақпаратқа толы, және де ғылыми-техникалық аудармада орны бөлек, ол құжаттың мейлінше нақты әрі дәл берілуіне мүмкіндік береді.

Термин – кәсіби мамандар арасындағы қарым-қатынас жасаудың бірден бір құралы. Терминдерді қолданудағы дәлсіздік мамандар арасындағы өнеркәсіптегі қызмет пен кәсіби қатынастың өзара түсініспеушілігінен туындайды. Белгілі бір сөздер мен түсініктердің мағынасын түсіну үшін контекст қолданылады, оның көмегімен терминнің жалпы әдеби немесе арнайы техникалық стилге қатысын білуге болады. Тәржімашы техникалық аударма жасау барысында оз ойынан сөздер қоспауға тырысу қажет. Бір жағынан өз ойымен түсіндіру арқылы күрделі терминнің мәнін ашуға болады, бірақ екінші жағынан терминді түсіндіре отырып қателесуге де болады, әсіресе аудармашы бұл кәсіби саланы терең білмеуі мүмкін.

Ғылыми-техникалық мәтіндердің өзегі – терминдер, сондықтан ықшамдылық, қолдануға қолайлылық, жүйелілік талаптарына да сай келіп, ұғым мазмұнын дәлірек беретін болуы тиіс. Сонымен:

1) Аударма сөзбе-сөз аударма болуы тиіс емес, мәтін мазмұны оқырманға түсінікті тілмен жеткізілуі шарт.

2) Әрбір аудармашының дербес компьютерде өз алдына жұмыс жасау қабілеті мен икемділігі болуы шарт.

3) Аудармашының фондық білімінің (техникалық материалдарды аударса, техникадан жақсы хабардар болуы, ұлттық әдебиеттерді аударса, ұлттық болмыстан жақсы хабардар болуы т.с.с.) қажетті деңгейде болуы.

4) Аудармашы аударма барысында орфографиялық, пунктуациялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды қатаң басшылыққа алуы қажет.

5) Аудармашы өзіне тапсырылған материалдардың мазмұнын бөгде адамдарға жарияламауы керек.

6) Аудармашы термин сөздердің баламасын табуда өз еркіне салмай, ғылыми салалардағы сөздіктерді басшылыққа алғаны жөн.

7) Аудармашы өз бетімен түпнұсқа мәтінін өзгертуге: қысқартуға немесе толықтыруға құқылы емес (өзгерістерді тапсырыс берушінің өзі ескерткен жағдайлардан басқа кездерде).

8) Аудармашы аударма мәтінінің мазмұнын ғана емес, сыртқы пішінін де (шрифт өлшемі, тақырып атауларының орналасуы, абзац, бет нөмірлері, кестелердің орналасуы) түпнұсқа мәтініне сай рәсімделуін қадағалауы қажет.

9) Аударма мәтінді қолданушы адамдардың (оқушының, жұмысшы маманның) дайындығын ескере отырып, қысқарған атауларды қажет жерінде тарқатып аудару қажет.

10) Терминдегі мағына екіұштылығын жою үшін контекст қызметін пайдалану қажет.

11) Мәтіндерде ой нақтылығы, дәлдігі, дұрыстығы, түсінікті дәйектілігі болғанын қадағалау қажет.

12) Калькамен аударуға рұқсат беріледі. Бірақ мағыналық калька басты назарда болуы керек, кей сөзді калькамен аударуға болса да, аударма тілдегі сөз әлеуетіне қарап, қолданбалы практикалық факторға сүйеніп басқа балама алуға болады (сварка – пісіру емес, дәнекерлеу, шов – тігіс емес, жік т.с.с.).

13) Аударма өнімдері компьютерде сауатты теріліп, орындалған жұмыс актісімен ресімделіп, тапсырысшыға өткізілуі шарт.

Ғылыми-техникалық мәтіннің аудармасы түпнұсқа мәтінін барынша дәл беруі тиіс. Аударма түпнұсқаның сөзбе-сөз немесе еркін баламасы болмауы керек, алайда егер сөзбе-сөз аударманың арқасында аударма сәтті шыққан болса, онда кейбір жағдайда оны да қолдануға болады. Ең бастысы негізгі ақпаратты жоғалтып алмауымыз керек, немесе өз ойымыздан сөз қосып түпнұсқа мәтінінен алшақтамауымыз абзал.

Техникалық аударманың дәлдігі түпнұсқаның ерекшеліктеріне және мәтін тақырыбының күрделі болуына байланысты. Күрделі емес техникалық құжатты сөзбе-сөз аудару қажеттілігі туғанда компьютердегі аудармашы бағдарламаны қолдансақ та жеткілікті. Мұндай вариант аударылатын техникалық құжаттың негізгі ережелерімен тез танысу үшін табылған әдіс.

Ғылым әлемінде терминдерді аудару мәселесіне деген қызығушылық үздіксіз өсуде. Л.И.Борисова, В.Г. Гак, Е.Н. Галкина, С.В. Гринев, В.Н.Комиссаров, В.М.Лейчик и С.В.Шеллов, З.Д. Львовская, Ю.Н. Марчук, М.М. Морозов, Я.И. Рецкер, А.В.Федоров, Ф.А. Циткина, А.Д. Швейцер және т.б. сынды ғалымдар өздерінің еңбектерінде ғылыми-техникалық аударманың әртүрлі аспектілерін қарастырады, сөйтіп олар осы саладағы болашақ зерттеулердің теориялық негізін жасады.

Ғылыми-техникалық мәтіндерді аударуда 3 критерий бірдей негізге алынады: 1) лингвистикалық; 2) қолданбалы-практикалық және 3) әлеуметтік-психологиялық факторлар. 1-фактор бойынша балама аударма тіл заңдылықтарына сай болады. 2-фактор бойынша түсініктілік, уәжділік, айырымдық мәнінің жеткіліктілігі, ықшамдық-икемділігі ескеріледі. 3-фактор бойынша аударма мәтінді қолданушы адамдардың дайындығы есте болған жөн (Мысалы қысқарған атауларды қазіргі кезде тарқатып аударған тиімді).

Ғылыми-техникалық мәтіндер, негізінен, әдеби тіл нормасына сәйкес келеді. Сондықтан аудармашы нормадан ауытқудың шамасын межелеп алып, сонан соң нормамен салғастыруы керек.

Ғылыми-техникалық мәтіндерде стереотип көп қолданылатынын есте ұстаған жөн.

Ғылыми-техникалық мәтінде ауыспалы мағына тек қана бейнелілігі көмескіленген концептуалдық метафора күйінде ғана қолданыла алады.

Қолданыс аясына қарай мәтіннің үш түрін атап айтуға болады: 1) техникалық мәтіндер және жаратылыстану ғылымдары мәтіндері, бұл тұрғыда пәнді жетік білу тілді білуден анағұрлым маңыздырақ, ол негізінен арнайы терминдермен тығыз байланысты; 2) философиялық мәтіндер, мұнда аудармашы арнайы терминологияны білумен қатар автор ойын жеткізуге тиіс; 3) әдеби мәтіндер, мұнда мазмұнын берумен қатар, көркем пішінін анықтап, автор идеясын толық жеткізілуі абзал.

Ғылыми-техникалық мәтіндерді аудару тәжірибесіне қарағанда, оларды екі топқа бөлуге болады: бұрын белгілі ұғымдар қолданылатын мәтіндер және жаңа ұғымдар енгізілген мәтіндер. Бірінші жағдайда балама қостілді тезаурустан (сөздік, анықтама т.с.с.), екінші жағдайда жаңа термин енгізу қажеттігі туады. Термин жағдайы абсольютті жағдай емес. Өйткені бір тілдегі жаңа сөз екінші сөзде жаңа болып есептелмеуі мүмкін. Осыған орай, екі бағытты ескеру қажет: 1) тілде бар дайын сөзді қолдану; 2) жаңа балама жасау. Мұндайда мынадай берік шартты ұстанған жөн: прагматикалық талапты ескеріп, атаудың терминологиялық емес өлшемдермен алғанда баламалылығы мен дұрыстығына сүйену. Шарттылық пен дәстүрдің арасалмағы таразыланып отырады.

Халықаралық деңгейде кең қолданылатын, көп халыққа сіңісті терминдерді аударуға транскрипция әдісі қолданылады.

Техникалық мәтіннің негізгі сипаттамаларын қарастырайық. Стилистикалық ерекшеліктеріне келетін болсақ, онда техникалық әдебиетке бейтараптық стиль тән. Алайда, А.В. Федоров былай деп жазады: «Қандай да бір «бейтарап» стиль түсінігі, яғни эмоционалдық бояу мен көркемдіктен бойы аулақ стиль – салыстырмалы түсінік болып табылады» [4, б. 208].

Техникалық әдебиетке мәліметтерді логикалық түрде, тіпті математикалық тұрғыда баяндау тән болғандықтан, мұндай баяндауды ресми-логикалық деп атауға әбден болады. Техникалық стилдегі мақаланың авторы мәтінді жазған уақытта еркіндікке мойынсұнбайды, нәтижесінде ғылыми әдебиетте мәтінге көркем сипат беретін метафора, метонимия және басқа да стилистикалық фигуралар кездеспейді. Ғылыми шығармалардың авторлары мұндай бояу беретін құралдарды қолданбайды, себебі техникалық тілдің басты қағидасы - ойды дәл әрі нақты беруді бұзғысы келмейді.

Алайда сан алуан әдемі сөздерге бай мәтінмен салыстырғанда техникалық мәтінде техникалық сипаттағы фразеологиялық тіркестер жиі кездеседі. Мәселен,

in full blast – бар күшімен

the wire is alive – тоққа қосылған желі

the wire is dead – өшірілген желі.

Техникалық әдебиеттің сөздік құрамының ерекшелігі оның көптеген терминдерді қолдануымен байланысты, яғни техникалық түсініктерді білдіретін сөздер немесе сөз тіркестері. Техникалық мәтінде кездесетін біршама терминдер ауыз екі сөйлеу тілінде де кеңінен қолданылады. Мысалы, «электр көзі», «температура», «паровоз», «автомобиль» сияқты бәрімізге мәлім түсініктер және «атом», «пластмасса», «витамин», «антибиотик», «пенициллин», «космос» іспеттес жиі қолданылатын сөздер ауыз екі сөйлеу тілінде терминдер ретінде қолданылмайды. Сондай-ақ, «су», «жер», «от», «сұйықтық», «күш», «саз», «күміс», «қысым» сияқты қарапайым сөздер техникалық контексте терминдер боп саналады.

Техникалық ағылшын әдебиетіндегі етістіктер көбіне ырықсыз етісте қолданылады. Техникалық стилдегі әдебиеттің басты назары нақты айғақтарға негізделген, оларды бейнелеп, түсіндіру қажет. Осылайша автор басты рөл атқармайды, керісінше заттардың, процестердің атауы және т.б. атауы бірінші орынға қойылады. Сөйтіп олар ағылшын тілінің сөз тәртібіне сай бастауыш қызметін атқарады.

Сонымен қатар, қазіргі кездегі техникалық әдебиетте мазмұндауды 1 жақтан емес, 3 жақтан жасау қажет және төмендегідей құрылымдар қолданылады: it was decided, it has been found expedient, it is to be noted, it is necessary, it is important, care must be taken.

Техникалық ағылшын әдебиетінде көбіне латын тіліндегі синонимдер қолданылады, ол сондай-ақ грек тілінен енген терминдердің көбімен үйлеседі. Аударманы оңайлатқысы келетіндер оларды қысқа және қарапайым сөздермен алмастыруды ұсынады, негізінен англосаксондық сөздерді қолдануды құптайды. Берілген сөздердің көбі ұлтаралық болып табылатынын айтып кеткен жөн, олар: activate, antithesis, assimilate, component, conception, conference, construct, criterion, discussion, dynamic, effective, equivalent, evolution, experiment, fragment, identical, initiate, isolate, maximal, minimal, modification, optimal, periphery, problematical, procedure, proportion, prototype, reconstruct, segment, segregate, selection, symptomatic, technique, variation. Ұсынылып отырған алмастырулар көп жағдайда мағынаның бұрмалануына әкеп соғады (мысалы, «to visualize» «елестету» сөзін « ұйғару» сөзімен және т.б.) немесе ол аударма мағынасыз болып шығуы мүмкін (мәселен «saturated compounds» - толыққанды қосылыстар, «soaked» (or filled) compunds деп беруге болмайды, яғни бұл техникалық мәтіннің мағынасын алмастыру болып табылады).

Техникалық мәтіндердің аудармасы деп техникалық сипаттағы нұсқаулардың аудармасын айтуға болады. Бұл топқа әдістемелік материалдарды, техникалық әдебиетті, жабдықты пайдалану нұсқауы және т.б. аудармасын жатқызуға болады.

Сонымен бірге аудармашы аударылып отырған тілдің жалпыға ортақ қысқартулары мен аббревиатураларын білуі тиіс, себебі техникалық құжаттамаларды аудару барысында осы ерекшеліктер сапалы аударма жасап шығаруға көп септігін тигізеді. Мәселен, техникалық ағылшын әдебиетінде барлық сөз таптары қысқартылады: assembly – assy, without – w/o, weight to volume – w/v және т.б. Техникалық мәтінді тәржімалайтын әрбір кәсіпқой аудармашыда барлық құралдар болуы тиіс. Бұған арнайы сөздіктер, ғылыми-техникалық және әртүрлі техникалық бағыттағы анықтамалық нұсқау, сонымен қатар белгілі бір өнеркәсіп саласындағы лингвистикалық сөздіктер жатады.

Сонымен, ғылыми-техникалық мәтіндерді аударуда мына критерийлер бірдей негізге алынуы тиіс.

1. Линвистикалық (балама аударма тіл заңдылықтарына сай болады);

2. Қолданбалы-практикалық (түсініктілік, уәжділік, айырымдық мәнінің жеткіліктігі, ықшамдык-икемділігі ескеріледі).

Ғылыми стильде зерттеу нысаны болған зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, белгілі теориялық негіздермен дәлелденіп, логикалық жағынан негізгі ой мен құбылыстың байланысы нақтыланып, белгілі жүйеге құрылған хабарлы, өзекті, дәлелді, ой қисыны қорытындыланған ғылыми тұжырым жасалынады. Сондықтан ғылыми-техникалық мәтіндерде ой нақтылығы, дәлдігі, дұрыстығы, түсінікті дәйектілігі болғанын қадағалау қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). –Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1957.

  2. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. –М.: Международные отношения, 1973. - 216 стр.

  3. Тарақ Ә. Ғылыми-көпшілік және ғылыми техникалық аударма // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Құлманов С.–Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.  

  4. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. – СбГУ, 2002. – 416 стр.

Резюме
В данной статье рассматриваются вопрос об особенностиях научно-технического текста, а также основные методы научно-технического перевода. В научно-техническом переводе термины играют важную роль. Трудность перевода состоит в том, что не все термины имеют однозначное значение слова. Термины являются единицей научного и языкового знания, которая обеспечивает эффективность межкультурной связи. Для передачи, содержащей в тексте полноты и точности информации при переводе, необходима эквивалентность терминов языка оригинала и языка, на который будет делаться перевод. Следовательно, важнейшая проблема достижения эквивалентности перевода является передача исходного содержания текста при помощи терминов. Именно различие этих терминов в различных языках и является причиной трудностей. При исследовании научно-технических текстов исследование терминологии является самой весомой и сложной частью.



Научно-техническим текстом можно считать инструкций, которые прилагается к новым оборудованиям. Также к этой группе можно добавить методические материалы, техническая литературы, инструкций по эксплуатации к оборудованиям и т.д.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...