2019ж. «Этнопедагогика» пәні бойынша ОҚУ Әдістемелік кешені


Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе

Loading...


бет9/9
Дата25.03.2020
өлшемі1.48 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.6 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе


Тақырып

Сабақ түрі

Бағдарламалық өнім түрі

Қолайлы орын

1

2

3

4

1-ден 11-дейін

Лекциялар

Электрондық лекциялар, слайдтар

Электрондық нысан орны


2.7 Өзін-өзі бақылау үшін тестілік тапсырмалар
1.Этнопедагогика пәні:

A) Этнос субъектісі ретінде тұлғаның қалыптасу процесі;

B) Ұлттық мәдениет;

C) Халықтың педагогикалық мәдениеті;

D) Оқу - тәрбие процесі;

E) Этникалық тәрбие


2.Этнопедагогикалық әдістің мәні:

A) Этникалық тәрбиенің ерекшеліктерін саралау;

B) Этнографиялық білімдерді жүйелеуде;

C) Педагогикалық процесті табиғи, тарихи деп қарауда;

D) Халық педагогикасының ғылыми педагогикамен байланысын анықтау;

E) Халықтың рухани мәдениетін игеруде.


3. Этнопедагогиканың пайда болуы мен дамуына не әсер етті:

A) Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі;

B) Ұлттық сана-сезімнің өсуі;

C) Мемлекеттің идеологиясы мен саясаты;

D) Этнофилософияның, этнопсихологияның, этномәдениеттің, педагогиканың, этнологияның және тағы басқа интегративті байланысы;

E) Әлемге философиялық көзқарас.


4.Шынайы өмірмен тәрбиелеу, қатарласқан әрекеттер бұл …

A) Этнопедагогиканың заңы;

B) Этнопедагогиканың заңдылықтары;

C) Этнопедагогиканың мақсаттары;

D) Этникалық тәрбиенің принциптері;

E) Этнопедагогиканың функциялары.

5. Тәрбиенің халықтық принциптерін анықтаған:

A) А. Құнанбаев.

B) Я.А. Коменский.

C) К.Д. Ушинский.

D) Ы. Алтынсарин.

E) А. Сухомлинский.


6.Этникалық мәдени білім кеңістігінің қандай бөліміне пропедевтика кезені сай келеді?

A) Оқу орындарында білім беру;

B) Оқу орындарынан тыс білім беру;

C) Биресми білім беру;

D) Барлық бөлімдерге;

E) Жоғарыда көрсетілгендердің біреуіне де сай келмейді.


7.Тұлғаның ұлттық сана-сезімінің құрылымына кіретін компоненттер:

A) Әр халықтың тарихы және мәдениеті жайындағы білімдер;

B) Этностық стереотиптер;

C) Ұлттық сезімдер;

D) Тілдің ортақтығын мойындау;

E) Әр халықтың тарихы және мәдениеті жайындағы білімдер; этностық стереотиптер; ұлттық сезімдер; тілдің ортақтығын мойындау;


8.Көне түркі жазбаша ескерткіші:

A) Манас;

B) Өсиет-наме;

C) Орхон-Енисей ескерткіштері;

D) Насият;

E) Ер Тарғын.


9. «Этнопедагогика» терминін ғылыми айналымға енгізген:

A) Измаилов А.Э.

B) Ханбиков Я.И.

C) Волков Г.Н.

D) Виноградов Г.С.

E) Духнович А.


10.Этномәдениет - бұл:

A) Теориялық халық тану;

B) Этникалық ерекшелікке ие болатын мәдени элементтері мен құрылымының жиынтығы;

C) Әр халықтың ұлттық мәдениеті мен өнерінің қайнар көзі мен негізі, олардың тұрмысының рухтануы;

D) Әтностың педагогикалық мәдениеті;

E) Адамдардың психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез-құлқын зерттейтін ғылым.


11.«Этнопедагогика» ұғымын аталған анықтамалардың қайсысы толық бейнелейді?

A) Этнография мен фольклористика жігінде пайда болған интегративті (біріккен) ғылым;

B) Халық бұқарасының жеткіншектерді тәрбиелеу тәжірибесі, оладың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым, тұрмыстық педагогика туралы ғылым, жанұя, ру, тайпа, халық ж?не ұлттық педагогикасы туралы ғылым;

C) Ұлттық мәдениетін ерекшеліктерін, ұлттық сипаттаманың ерекшеліктерін және олардың қалыптасуына тигізетін педагогикалық ғылымның саласы;

D) Халық тәжірибесінде және әр этностың санасында қалыптасқан идеялар мен көзқарастың жиынтығы;

E) Тәрбие мақсаттары мен міндеттері өз көрінісін табатын халық империкалық білімдер аумағы;


12. Этнопедагогиканың объектісі:

A) Оқыту-тәрбиелеу процесі;

B) Дүниені этникалық қабылдау;

C) Ұлттық мәдениет;

D) Халық педагогикасы;

E) Халықтың салт-дәстүрі;


13.Сабақтастық бұл:

A) Өткенге жататын уақытқа байланысты өзгермейтін рухани-мәдени құрал (материал);

B) Тарихи-мәдени тәжірибе процесіндегі жаңа мен ескінің арасындағы объективті-қажетті байланыс;

C) Тарихи пайда болған, қоғамға пайдалы адам тәжірибесін жеткізу (тапсыру);

D) Жалпы қабылданған тәртіп, қоғамдық мінез-құлықтың дәстүрлі белгіленген ережелері;

E) Адамзат пен жаратылған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы.


14.Этникалық мәдени білім кеңістігінің биресми саласына жататын:

A) Мектеп;

B) Колледж;

C) Отбасы;

D) Жоғары білім беру мекемесі;

E) Ұлттық орталықтар.


15. Этнопедагогикада жетекші тәрбие принциптерінің (қағидаларының) бірі:

A) Ғылымдық принцип (қағидасы);

B) Түсініктілік принципі;

C) Жүйелі принципі;

D) Табиғи бейнелеу принципі;

E) Беріктік принципі.


16. Этнопедагогикадағы тәрбие мақсаты қалай тұжырымдалады?

A) Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;

B) Жастардың рухани мәдениетінің дамуы;

C) Этнос субъектісін қалыптастыру;

D) Еңбекқор және қамқор екеннің дамуы;

E) Азаматтық біркелкілік сезімінің дамуы;


17. «Этнопедагогика» ғылымы мынаны түсіндіреді:

A) Теориялық ойдың шеберін, ғылым шеберін;

B) Эмпириялық білім шеберін;

C) Халық педагогикасының синонимі;

D) Тәрбиелеу мен оқытудың халықтық құралдарының іскерлік пен дағдыларының жиынтығы;

E) Фольклорға кірген халық даналығы.


18. «Атамекен» бағдарламасының авторы:

A) Кұрсабаев М.

B) Құнанбаев А.

C) Қасымжанов А.

D) Жарықбаев К.

E) Қалиев С.

19.«Нақыл сөздер» авторы:

A) Ш. Уәлиханов;

B) Ы. Алтынсарин;

C) А. Құнанбаев.

D) А. Байтұрсынов.

E) М. Жұмабаев.


20. Әл-Фарабидің ғылыми педагогикалық шығармасы:

A) Дивани Лугат ат-түрік;

B) Құтадғу білік;

C) Ба Тадбири Манзель;

D) Музыканың үлкен кітабы;

E) Дәрігерлік канон (ереже);



Дұрыс жауаптың кілті


Сұрақ номері

Жауабы

( А, В, С, Д, Е)

Сұрақ номері

Жауабы

( А, В, С, Д, Е)

1

E

11

C

2

C

12

D

3

D

13

C

4

A

14

E

5

C

15

D

6

C

16

C

7

E

17

A

8

C

18

A

9

C

19

C

10

C

20

D


2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары


  1. Этнопедагогиканың дамуы мен қалыптасуының тарихи-педагогикалық алғышарттары

  2. Этнопедагогика пәні: пәннің мақсаттары мен міндеттері.

  3. Этнопедагогиканың пәнаралық сипаты.

  4. Халықтық педагогика және этнопедагогика.

  5. Қазақ этнопедагогикасы: негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.

  6. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.

  7. Я. А. Коменский «Ана» мектебі. К.Д. Ушинскийдің халықтық принциптерінің ғылыми түрде негізделуі

  8. Н.К. Крупская , А.С. Макаренконың педагогикалық ой-пікірлері

  9. В.А. Сухомлинский, Г.С. Виноградовтың педагогикалық көзқарасына талдау

  10. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі халықтық тағылымдар

  11. Қорқыт тағылымдары

  12. Араб – шығыс мәдениетіндегі халықтық тағылымдар (10-15 ғасырлар)

  13. Қазақ жырауларының тәлімдік идеялары

  14. Ы.Алтынсарин, А Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие тағылымдары

  15. А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, X.Досмұхамедовтың еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

  16. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандануы (1991 жылдан бастап).

  17. Этнос туралы теориялар

  18. Этнос, ұлт және халық.

  19. «Тұлға», «даралық», «жеке адам» ұғымдарының арақатынасы

  20. Жетілген тұлға сапасының жалпы адамзаттық сипаты және оны тәрбиелеудің жолдары.

  21. Этникалық тәрбиенің құралдары: дәстүрлер мен салттар, әдет-ғұрыптар, салт-жоралғылар

  22. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы: ертегілер мен жаңылтпаштар, бесік жыры, тұсау кесу жыры, батырлары жырлары, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, айтыс өнері мен шешендік өнер, бата –тілек білдіру, ырым-тыйым сөздер, термелер

  23. Ұлттық ойындар, ұлттық спорттық ойындар мен жарыстар.

  24. Этникалық тәрбие - өмір бойы жүзеге асырылатын біртұтас үздіксіз үдеріс.

  25. Этникалық тәрбиенің мазмұны.

  26. Еңбек - халықтық тәрбие негізі.

  27. Этникалық тәрбиені ұйымдастыру принциптері

  28. Қазақтардың бала тәрбиесіне қоятын негізгі талаптары. Ұлдар мен қыздар тәрбиесінің ерекшеліктері.

  29. Этнопедагогика әдіснамасы

  30. Этнопедагогикалық зерттеу әдістері

  31. Этнопедагогика саласындағы ғылыми зерттеулер

  32. Этникалық мәдениет және білім.

  33. Этносаралық толеранттылық

  34. Этникалық мәдени білім кеңістігі

  35. Этномәдени білім туралы түсінік

  36. Этномәдени білімді іске асыру ұстанымдары.

  37. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу.

  38. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогика бойынша дайындау.

  39. Қазақстан Республикасының этнопедагогикалық тәрбие бағытындағы тәрбие бағдарламалары


2.9 Глоссарий
этнос – территориясы, мәдениеті мен тілдің бірлігі негізінде біріккен, тарихи қалыптасқан адамдар қауымдастығы;

халық – таптық және әлеуметтік қабат (еңбек бұқарасынан құралады), территориясы, тарихы, мәдениеті мен тілдің бірлігі арқылы біріккен адамдардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы;

халық педагогикасы – тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі

этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

қазақ этнопедагогикасы қазақстан мемлекетінің негізін құрайтын қазақ этносының ұрпаққа тәрбие беретін, білімді дамытып, дүниетанымдық қабілеттерін қалыптастыратын ғылым

қазақ халқының халық педагогикасы - ғасырлар бойы қалыптасып, негізделген, ұлттық тәлім-тәрбиенің құнды құралы.

этнос (гректің «еthnos» – «тайпа», «халық» деген сөзінен шыққан) – ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және психологиялық ерекшеліктері, ортақ салт-дәстүрлері бар белгілі территорияда тарихи қалыптасқан адамдар тобы. ұлт- тіл мен территориясының, экономикалық өмірдің, ұлт мәдениеті мен психикалық қалыптың ортақ бірлігіне негізделген адамдардың үлкен тобы

халық – территориясы мен тіл бірлігі, ортақ мәдениеті мен экономикалық қатынастары бар үлкен этностық топ.

ру – белгілі бір атадан тараған белгілі бір туыстық байланыстары бар адамдар бірлестігі;

тайпа – қандас, туыстас, тіл мен территория бірлігін сақтаған топтар;

этнос – белгілі бір территорияда тарихи қалыптасқан, тұрақты ұрпақ жалғасы бар адамдар бірлестігі (Ю.В. Бромлей).



этнос субъектісі - өзінің табиғатын және ата-баба тарихын жақсы таныған, ұлттық мәдениетті белсенді қайта құрып, өз этносының әлеуметтік тәжірибесін ана тілін сақтау мен байыту арқылы жас жеткіншекке жеткізуші адам.

Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа аусып отыратын қоғам өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық-тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.

Салт – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы.

«Мәдениет – адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы»



Материалдық мәдениетте адамдардың өндірістік қызметінің барлық салалары қамтылады: өндіріс, өндіріс құрал-жабдықтары, өндіріс тауарлары, сәулет өнерінің мұралары, тұрмысқа қажетті бұйымдар және т.б.

рухани мәдениетте – тіл, ғылым, білім, өнер, әдебиет, дін, салт-дәстүрлер, мерекелер, ауызекі шығармалары және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады. Мәдениет қандай түр алса да, ол адамдық құндылықта болады. Өйткені мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста болғанымен Толеранттылық – әлемнің өте бай мәдени көптектілігін, өзіндік анықталу формалары мен даралықты көрсету тәсілдерін құрметтеу, қабылдау және түсіну.

Этникалық толеранттылық – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін принципті түрде қабылдай алу.

Этномәдени білім беру – тұлғаның этномәдени біртектілігін сақтай отырып, өзінің ана тілі мен мәдениетіне әлемдік мәдениет құндылықтарын игере отырып жақындастыруға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жүйесі

2.10 Әдістемелік нұсқаулар
Тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз, сондай-ақ оқу материалдарын меңгеру негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек. Сонымен қатар мерзімдік басылымдарға да талдау жасау қажет.

Тапсырманы орындау барысында мынаған назар аударыңыз: реферат – бұл қарастырып отырған тақырыптың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау. Әдетте рефератта автордың тақырып бойынша өз ойы мен цитатасы беріледі. Сондықтан да рефератта сіздің өз көзқарасыңыз да болуы қажет. Реферат құрылымы: титульдық бет, жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі. Оның көлемі: кем дегенде 5-7 бетті құрау қажет, форматы - А4. Кем дегенде 5 дерек көздері қолданылуы тиіс.

Әр рефератқа баяндамашы мен оппонент тағайындалады, ол толықтылулар енгізіп, пікір-таласқа қатысады, рефератты бағалайды. ОСӨЖ сабақтарында реферат қорғалады.

СОӨЖ тапсырмаларын орындағанда мыналарға назар аударыңыз: дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолданыңыз.



Баяндама (5-7 мин) тақырыпты ашатын, тәжірибелік материалдар мен теориялық қағидалардан тұратын қысқа мағлұмат. Тақырып бойынша өз көзқарасыңыз болуы қажет.

Мультимедиялық көрсетілімдер дайындағанда - Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдар саны – 10 болуы қажет.

Мақалалар - бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар этнопедагогикаға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады. Аннотация деген жалпы және қысқа да нұсқа жұмыстың негізгі ойын жазу деген сөз. Аннотацияның көлемі әрқашан бір беттен аспауы керек.


Мазмұны
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ...........................

1.1.Оқытушылар туралы мәліметтер.................................

1.2.Пән туралы мәліметтер.................................................

1.3.Пререквизиттері ............................................................

1.4.Постреквизиттері ..........................................................

1.5.Пәннің қысқаша мазмұны.............................................

1.6.Оқыту нәтижелері..........................................................

1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі..............

1.8 Әдебиеттер тізімінің мазмұны .....................................

1.9 Баға туралы ақпараттар ................................................

1.10 Курстың саясаты мен процедурасы ..........................

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР...........................................................

2.1.Курстың тақырыптық жоспары ...................................

2.2.Лекциялық сабақтар тезистері......................................

2.3.Семинарлық сабақтар жоспары ...................................

2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары ..............................................

2.5.Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары .................................

2.6.1Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары....

2.8.Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары................

2.9.Курс бойынша емтихан сұрақтары .........................

2.10 Глоссарий .............................................................



2.11 Әдістемелік нұсқау ..............................................




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...