2016 жылғы  № бұйрығына анықтама-негіздеме



жүктеу 42.82 Kb.
Дата06.02.2017
өлшемі42.82 Kb.
«Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 қазандағы № 439 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2016 жылғы «__» ____ __ бұйрығына

анықтама-негіздеме





Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі



2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес.

Орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізудің 2013-2015 жылдар бойынша шығарылған қорытындылары негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне енгізілген өзгерістер негізінде түзетулер енгізу мақсатында



3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме

Көздемейді

5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен 2016 жылғы __ _____ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен 2016 жылғы __ _____ келісілді.

6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды

7.

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер

Нормативтік құқықтық акт уәкілетті мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған тауарлар, қызметтер немесе зияткерлік меншік құқықтары саудасымен байланысты мәселелерді қозғамайды.

8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)

Жоқ

8-1

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер

Жекеменшік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының 2016 жылғы __ _____ № __ сараптамалық тұжырымы




Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016 жылғы __ _____ № __ сараптамалық тұжырымы




Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы __ _____ № __ хаты.




Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер

2016 жылғы __ _____ бастап https://legalacts.egov.kz Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Жария талқылаудың аяқталуы туралы 2016 жылғы __ _____ № __ есеп





Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Заң қызметі және халықаралық

ынтымақтастық департаментінің

директоры Н. Байжанов

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет