2016 жылдың 9 айында ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстары туралы анықтама



жүктеу 47.88 Kb.
Дата08.02.2017
өлшемі47.88 Kb.
2016 жылдың 9 айында ветеринария саласы бойынша атқарылған

жұмыстары туралы анықтама

2016 жылы жалпы сомасы 789,66 млн.теңге қаражат бөлінді, соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 654,4 млн.теңге және 28,7 млн.теңге жергілікті бюджеттен, ветеринарлық препараттарды тасымалдауға 2,5 млн. теңге трансферттер бөлінді. Сонымен қатар, бруцеллезге шалдыққан ауылшаруашылық жануарларын мал иелеріне 50% өтемақсын төлеуге республикалық бюджеттен 88,6 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 532, 6 млн. теңге қаражат бөлінді.

Күні бүгінге облысқа жоспарға сәйкес қажетті ветеринариялық препараттар көлемі жеткізілді, тек жылқыға және түйеге арналған құтыруға қарсы вакциналардан басқа.

Облыс бойынша 2016 жылдың 9 айлық жоспар кезеңінде ветеринариялық шаралардың орындалуы: Сібір жарасы ауруына қарсы егу жұмыстары мүйізді ірі қара малы арасында 92%-ға, ұсақ малдары 91%-ға, жылқы 92%-ға, түйе 90%-ға, құтыруға қарсы мүйізді ірі қара малы 91%-ға, ұсақ малдары 98%-ға, Қарасан ауруына қарсы мүйізді ірі қара малы 93%-ға орындалды. Пастереллезге - мүйізді ірі қара малы 97%-ға, ұсақ мүйізді қара малдары 100%-ға орындалды.



Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткені және тапсырылу бойынша

Диагностикалық шаралар нәтижесінде бруцеллез ауруына 9 айлық жоспармен 462 514 бас ірі қара малы зерттеліп, жоспардың 72%-ын құрайды, оның ішінде 6377 бас оң нәтиже көрсетті, облыс бойынша зақымдану 1,37%-ды құрады (салыстырмалы 2015ж. осы кезеңде 420 437 зерттеліп, оның 7926 бас оң нәтиже көрсетті, зақымдану 1,8%).

Ұсақ мал бруцеллез және инфекциалық эпидидимит ауруына 999 881 бас зерттеліп, жоспардың 54% орындалды, соның ішінде 2861 бас оң нәтиже көрсетті, облыс бойынша зақымдану 0,3%-ды құрайды (салыстырмалы 2015ж. осы кезеңде 765 837 зерттеліп, оның 5064 бас оң нәтиже көрсетті, зақымдану 0,6%).

Облыс бойынша оң нәтиже көрсеткен санитарлық ІҚМ 5684 бас ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды және 232 бас басқада шығындар (өлім-жітімге ұшырағаны, өз қажетіне сойылған) немесе 93%, санитарлық ұсақ малдың 2362 бас ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды және 247 бас басқада шығындар(өлім-жітімге ұшыраған) немесе 91%

2016 жылы ірі қара бруцеллезінен 7 ошақта, ұсақ малдың бруцеллезінен 14 ошақта, инфекциялық эпидидимит бойынша 7 ошақта 2015 жылдан жалғастырылып жүргізілуде.

Санитарлық союға жіберілген жануарлар иелеріне нарықтық құнын өтеу

2016 жылы бруцеллезге шалдыққан ауылшаруашылық жануарларын мал иелеріне 50% өтемақсын төлеуге республикалық бюджеттен 88,6 млн.теңге және жергілікті 532, 6 млн. теңге қаражат бөлініп, күні бүгінге 324,9 млн.теңгесі игерілді немесе 52%.



Сойысқа тасымалданатын мал қозғалысы бойынша

2016 жылы күні бүгінге ветеринариялық анықтамамен БҚО және басқа облыстарға тірілей салмақта 31686 бас ІҚМ, 53200 бас ұсақ мал, 4573 бас жылқы сойысқа тапсырылды.

Облыс бойынша жыл басынан күні бүгінге дейін №1 форма бойынша 12 023 вет.анықтама, №2 форма бойынша 9 494, №3 форма бойынша 75 ветеринариялық анықтама берілсе, соның ішінде веб-портал арқылы №1 форма бойынша 5 711-і, №2 форма бойынша 7564 және №3 фома арқылы 70 вет.анықтама беріліп, жалпы берілген вет.анықтаманың 61,8 %-ын құрайды.

Аса қауіпті ауру ошақтары анықталуы бойынша

2016 жылдың күні бүгінге облыс көлемінде жануарлардың аса қауіпті ауруларынан 17 ауру ошағы анықталды, соның ішінде 10 құтыру ауруы, 2 пастереллез, 3 қарасан, жұқпалы ринотрахеит – 1 ошақ, сібір жарасы 1 –ошақ. Алынған шаралар нәтижесінде, ауру ошақтары уақытылы жойылды.



Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

2016 жылы облыс бойынша бірдейлендіру шаралары аясында 212 543 бас ірі қара, 668 359 бас қой-ешкі, 513 бас түйе, 26 240 бас шошқа бірдейлендіру және 33 052 бас жылқы таңбалау жоспарланды. Күні бүгінге 112 365 бас ірі қара (жоспардың 53%), 267 276 бас қой мен ешкі (40%), шошқа 17 695 бас (67%), түйе 238 бас (46%) бірдейлендірілді және 7318 бас жылқы таңбаланды (22%).

Облыс бойынша ағымдағы жылы бұралқы иттер мен мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 42 623 мың теңге бөлініп, күні бүгінге 14 093 бас ит және 952 мысық ауланды.

Ветеринариялық ғимаратпен қамтамасыз ету

Облыс бойынша аудандарда құрылған 13 мемлекеттiк ветеринариялық станцияның 9-ның жеке меншігіне алынған ғимараттар бар, 4 ветстанция уақытша жалдауда және 148 ветеринариялық пункттердің 68-ның өз меншіктеріне ғимарат алынды, 80-де ауылдық округтің әкімшілік ғимаратынан уақытша бөлме берілген. Облыс бойынша 148 ветеринарлық пунктің бірдейлендіру базасы интернет жүйесімен қамтамасыз етілді.



Мал сою нысандары мен мал қорымдары

Облыс көлемінде 2016 жылы барлығы 72 мал сою нысандары , оның ішінде 60 сою алаңдары, 8 мал сою пункттері, 4 ет өңдеу кәсіпорындары.

Облыс бойынша елді мекендерде 255 мал қорымдары тіркелді, соның ішінде 52 типтік жобада және 203 қарапайым шұңқырлар. Облыс бойынша елді-мекендерге 177 мал молаларын жаңарту қажет етеді.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

Обектілерге есептік нөмірлерін растау:

2016 жылы күні бүгінге 9 айлық ішінде БҚО бойынша жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне,сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға барлығы 134 есептік нөмірлер берілді.



Лицензия беру бойынша

Облыс бойынша 2016 жылы күні бүгінге жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізумен айналасуға барлығы 2, «Щапово» шаруа қожалығына және «Кублей» ЖШС-не лицензия берілді.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет