2016 жылдың 1 қазанына Батыс Қазақстан облысы бюджетінің орындалуы туралы анықтама Облыс бюджетінің жылдық көлемі 165 659,2 млн теңге құрады, соның ішінде



жүктеу 13.05 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі13.05 Kb.
2016 жылдың 1 қазанына Батыс Қазақстан облысы бюджетінің орындалуы туралы анықтама
Облыс бюджетінің жылдық көлемі 165 659,2 млн.теңге құрады, соның ішінде:

өзіндік кірістер – 61 728,5 млн.теңге,

РБ-тен трансферттер – 56 911,1 млн.теңге,

субвенция – 37 001,4 млн.теңге,

қарыз түсімдері – 6 336,6 млн.теңге,

бюджет кредиттерін өтеу – 454,5 млн.теңге,

бос қалдықтар – 3 227,1 млн.теңге
ТҮСІМДЕР

Облыс бюджетінің өзіндік кірістері 2016 жылдың 1 қазанына 55 939,0 млн.теңге немесе 134,1% орындалды, жоспарланғаны 41 707,7 млн.теңге болатын.



Табыс салығы бойынша болжам 133,0% орындалды (жоспарланғаны 14 168,4 млн.теңге болса, түсімдер 18 845,9 млн.теңгені құрады),

әлеуметтік салық бойынша 137,7% орындалды (жоспарланғаны 16 757,8 млн.теңге болса, түскені 23 069,3 млн.теңге),

басқа да жергілікті салықтар бойынша 130,1% орындалды (жоспарланғаны 10 781,5 млн.теңге болса, нақты түскені 14 023,8 млн.теңге), оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер – 215,0% (жоспарланғаны 2 745,6 млн.теңге болса, 5 902,8 млн.теңгені құрап отыр).
ШЫҒЫСТАР

Облыс бюджетінің шығыстар бөлігі 99,2% орындалды (жоспарланғаны 117 232,5 млн.теңге болса, шығыстар 116 342,1 млн.теңгені құрады).



Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер 98,6% игерілді (жоспарланғаны 39 373,7 млн.теңге, игерілгені 38 837,7 млн.теңге).

Облыстық бюджет бойынша шығыстар 99,6% орындалды (жоспар 97 552,3 млн.теңге болғанда, 97 132,6 млн.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 қазанына төмен тұрған бюджет деңгейлері бойынша атқарылуы 99,1% құрады (жоспар 62 681,9 млн.теңге болса, орындалғаны 62 135,5 млн.теңге).





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет