2014 жылы өсімдік шаруашылығы саласында төленетін субсидиялар туралы ақпарат



жүктеу 39.35 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі39.35 Kb.
2014 жылы өсімдік шаруашылығы саласында төленетін субсидиялар туралы ақпарат
Қазақсан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы №575 қаулыларымен бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен өнімділігін арттыруды қолдауға (минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға), ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдарымен басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілген.

Басым дақылдар өндіруді және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының, оның ішінде лизинг шартының негізінде сатып алынған көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге қажеттi тұқымның құнын субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алумен байланысты субсидияларды төлеу.

Сол ережеде субсидия алатын тауар өндірушілердің тізімін анықтау үшін ауданда аудан әкімінің қаулысымен ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі ВАК) құрылады, ВАК –тың жұмысшы органы – аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі болып табылады.

Биылғы көктемгі егіске және егін жинауға төленетін субсидия дәнді астық, майлы дақыл, картоп, көкөніс және мал азықтық дақылдарға көктемгі егіс жұмыстары аяқталған соң төленеді.

Басым бағыттағы дақылдардың 1 гектарына төленетін субсидияның көлемі төмендегідей.

Бидай дақылы – 600 теңге, Дәнді астық (Арпа, сұлы, тары, дәндік жүгері) -3000 теңге, картоп-көкөніс дақылдары - 120000 теңге, бақша дақылы - 25000 теңге, соя дақылына -15000 теңге, күнбағысқа -3500 теңге. 2012,2013жылға егілген жоңышқаға -3000 теңге, 1-жылғы жоңышқаға-10000 теңгеден субсидия төленеді.

Алайда жаңа ережеге сәйкес Дәндi дақылдарды өндiрумен айналысатын АШТӨ субсидия алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:

аттестатталған тұқым өндiрушiлер немесе өткiзушiлер берген, егіске пайдаланылған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларын растайтын құжаттардың (тұқымға аттестат не тұқымға  куәлiк (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда – тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалар берген тұқымның кондициялылығы туралы куәлiк және сұрыптық егiстердi байқаудан өткiзу актiсі) бар екенін көрсетеді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттiк селекциялық жетiстiктер тiзiлiмiне енгiзiлген және (немесе) перспективалы деп танылған сұрыптардың үшiншi репродукциясынан кем емес тұқымдар себiлген алқаптар ғана субсидиялауға жатады;

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер субсидия төлеу тізіміне енгізу туралы өтінішпен қоса төмендегі құжаттарды аудандық ауыл шаруашлығы және ветеринария бөліміне тапсырулары қажет.



  • Субсидия алушылырдың тізіміне қосуға арналған өтінім.

  • Нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы анықтама;

  • Өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (сызбасы).

  • Ағымдағы жылы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасын (сызбасын).

Берілген өтінімде төмендегі мәліметтер қоса беріледі.

  • Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама - заңды тұлға үшін тіркеу нөмірі, тіркеу күні, атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеу күні, кім берді.

  • Жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, ЖСН, кім берді,

  • Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - жеке тұлға үшін берілген күні, орналасқан жері, тіркеу күні, кім берді.

  • Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат акт нөмірі, кадастрлық нөмірі, барлық алаңы, га, оның ішінде шабындық, нысаналы мақсаты, сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні туралы мәліметтер толтырылады.

Минералды тыңайтқыштарға субсидия алуға өтініш берген кезде жоғарыдағы құжаттардан басқа алған минералды тыңайтқыштарға берілген счет-фактура, товарлы-транспорттық құжаттың түп нұсқаларын өткізу қажет.

Субсидия алуға өтініш барлық құжаттарымен түскен күннен бастап ВАК мүшелері екі жетілік мерзім ішінде өтінімдегі егістіктердің дұрыстығын және егілген дақылдардың өнгендігін тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша егістікті қабылдау актісі 3 дана жасалады.

ВАК ақырғы егістіктерді қабылдау жүргізгеннен кейін егістіктерді қабылдау актісі негізінде 5 жұмыс күні ішінде субсидия алатын тауар өндірушілердің қорытынды тізімін жасап, аудан әкіміне бекітуге жібереді. Бекітілген субсидия алушылардың тізімі 3 жұмыс күні ішінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жіберіледі.

Ауыл шаруашылық құрылымдары өз учаскелеріндегі егіс жұмыстары аяқталысымен аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне өтінімдер мен тиісті құжаттарды екі данадан өткізулері керек. Өтінімдер мен тиісті құжаттарын өткізбеген ауыл шаруашылық құрылымдардың егістік жерлері тексерілмейді және субсидия төлеу тізіміне енгізілмейді. Келіп түскен өтінімдерге байланысты егістіктерді қабылдау кестесі жасалып, ол қала, ауыл округтері әкімдіктеріне күн ілгері хабарланады. Кейіннен түсініспеушілік тумас үшін егістіктерді қабылдау кезінде өтінім берушілер егістіктің басында міндетті түрде болулары қажет.

Ауыл шаруашылық құрылымдары құжаттарын 2014 жылдың 15 маусымынан 2014 жылдың 03 шілдесі аралығында аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне өткізулері қажет.

Мекен- жайы: жангелдин көшесі, №54



Тел:21-221

Аудандық ауыл шаруашылығы және

ветеринария бөлімінің методист-агрономы

Ажар Қабимоллақызы.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет