2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетілген қызметтердің есебі

Loading...


Дата08.02.2017
өлшемі21.48 Kb.
2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен көрсетілген қызметтердің есебі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен төменгідей мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері әзірленіп, бекітілді:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекетік тіркеу туралы куәлік беру;

  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

  3. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;

  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып, тіркеу, қайта тіркеу;

  5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

  6. Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

  7. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау;

  8. Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;

  9. Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау;

  10. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  11. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды)аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  12. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау;

  13. Элиталық тұқымдарды субсидиялау;

  14. Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шағымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар – жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқада тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;

  15. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау;

  16. Жеміс – жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызужәне өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)шығындарының құнын субсидиялау;

  17. Тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау;

  18. Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомафагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;

  19. Ветеринариялық анықтама беру;

  20. Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру;

  21. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

  22. Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру;

  23. Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау;

  24. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік қызмет көрсету соның ішінде мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша көрсетілген қызметтердің есебі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1542 «Мал шаруашылығында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау» және «Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау», сонымен қатар «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, жергілікті бюджеттерде тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша 2014 қаржы жылына көзделген қаражат шегінде Министрлікпен келісім бойынша Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (мемлекеттік органдарда), интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылды.

2014 жылғы есеп бойынша облыста Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша мемлекеттік қызмет түрлерінен 1772 қызмет көрсетілген. (соның ішінде 2014 жылы мал шаруашылығы саласына бюджеттен 2251,3 млн.теңге бөлінді, соның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 1720,8 млн. теңге және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 530,5 млн. теңге төленді.)

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша 12 аудан және Орал қаласы бойынша қызмет көрсететін ауыл шаруашылығы бөлімдеріне тексерістер жүргізілді.

Жүргізілген тексеріс қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің, сонымен қатар қағида талаптарының бұзылуына жол берген жауапты мамандарға тәртіптік шаралар қолданылды, сөгіс және ескертулер берілді.

2014 жылы мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізілді.

Есепті ұсынған мал шаруашылығы бөлім басшысы

А. Есполов


Мемлекеттік қызмет көрсету, соның ішінде егін шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша көрсетілген қызметтердің есебі
Егін шаруашылығы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 10 регламенті облыс әкімдігінің қаулыларымен бекітіліп, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

2014 жылы егін шаруашылығы бөлімі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.

2014 жылы бөлім арқылы барлығы 86 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандату бойынша – 51, гербицидтердің құнын арзандату бойынша – 33 және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын субсидиялау бойынша - 2 қызмет. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы қағаз нысанда көрсетілді.

Бөлім арқылы 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан шағым түспеді.

2014 жылы өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, механизмін жетілдіру және қызмет көрсету сатыларын түсіндіру бойынша қызмет алушылардың қатысуымен семинар-кеңестер, жиналыстар және дөңгелек үстелдер өткізілді.
Есепті ұсынған егін шаруашылығы бөлім басшысы

Д. Умашев


Мемлекеттік қызмет көрсету соның ішінде тұқым шарушылығын

мемлекеттік қолдау бойынша көрсетілген қызметтердің есебі.
2014 жылы қөрсетілетін қызмет берушімен 2 тұқым шаруашылықтарды аттестаттау және 19 шаруашылыққа элиталық тұқымдарды субсидиялау туралы мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері Батыс Қазақстан облысы әқімдігінің қаулысымен бекітіліп интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылды.

2014 жылы бөлімі арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.

Бөлім арқылы 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан шағым түспеді.

2014 жылы тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, механизмін жетілдіру және қызмет көрсету сатыларын түсіндіру бойынша бойынша қызмет алушылардың қатысуымен семинар-кеңестер, жиналыстар өткізілді.

Есепті ұсынған астық және тұқым инспекциясы бөлім басшысы

К. Қайдашев


Мемлекеттік қызмет көрсету соның ішінде механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің мемлекеттік қолдау бойынша көрсетілген қызметтердің есебі.
Механизация, мемлекеттік техникалық инспекциясы және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 8 регламенті облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіліп, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

2014 жылы Механизация, мемлекеттік техникалық инспекциясы және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бөлімі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді.

2014 жылы бөлім арқылы барлығы 381 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату бойынша – 367, қорғалған топырақтағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге жұмсалған шығындарды субсидиялау – 14 қызмет. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің барлығы қағаз нысанда көрсетілді.

Бөлім арқылы 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан шағым түспеді.



2014 жылы мемлекеттік қолдау бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, механизмін жетілдіру және қызмет көрсету сатыларын түсіндіру бойынша қызмет алушылардың қатысуымен семинар-кеңестер, жиналыстар және дөңгелек үстелдер өткізілді.
Есепті ұсынған механизация, мемлекеттік техникалық инспекция және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бөлім басшысы

С. Выдрин
Каталог: doc
doc -> Конкурс құжаттамасының көшірмелерін 2012 жылғы 09 сәуір күні сағат 11. 00-ге дейін Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4, 618 кабинетінде сағат 00-ден 18. 30-ға дейін немесе
doc -> Сабақтың тақырыбы Сырммен Малайсарының шешендік сөздері
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Ш. Жақсылықова №6 Хромтау гимназиясының директордың инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары Педагогикалық іс- әрекетті талдауға дайындықты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...