2014 жылдың 1 тоқсанына 0-1 жас нәресте өлімі және 07-5 жасқа дейінгі бала өлімі Ана өлімі бойынша анықтама

Loading...


Дата31.01.2017
өлшемі31.06 Kb.
2014 жылдың 1 тоқсанына

0-1 жас нәресте өлімі және 07-5 жасқа дейінгі бала өлімі

Ана өлімі бойынша анықтама

    1. жас нәресте өліміне сараптама қорытындысы:

жас нәресте өлім саны 2014жылдың 1тоқсанында – мекен-жайы бойынша – 245 (көрсеткіш -13,2),

ал 2013 жылға -236 (көрсеткіш 12,9), яғни өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда 9 (0,3) жағдайға көбейген.

Нәресте өлімі (0-1 жас) төмендеген емханалар (абсолюттік сан):


  • Жетісай емханасы 13-тен 8-ге;

  • Отырар емханасы 6-дан 4-ке;

  • Аксукент емханасы 13-тен 9-ға;

- Созақ АЕ –да 9-дан 4-ке;

- Ленгір емханасы бойынша 4-тен 0-ге төмендеген.

Нәресте өлімі (0-1 жас) жоғарылаған емханалар (абсолюттік сан):


  • Түркістан қаласы 24-тен 30-ға дейін;

  • Қазығұрт емханасы 8-ден 13-ке дейін;

  • Ордабасы емханасы 6-дан 17-ге дейін;

  • Абай емханасы 14-тен 20-ға дейін;

  • Шардара емханасы 7-ден 8-ге дейін өскен.

Жалпы алғанда, нәрестелер өлімі көрсеткіштері бойынша жоғары аудандар қатарына: Сарыағаш Абай емханасы (24,0), Ордабасы емханасы (20,0), Шардара емханасы (18,5), Кентау қалалық емханасы (18,8), Толеби аудандық емханасы (18,4), Қазығұрт аудандық емханасы–(17,2).

Қалған аудандарда көрсеткіштері 9,2- 16,2 аралығында.

Сараптамадан 0-1 жас аралығындағы 245 нәрестенің ішінде 54 (22%) нәрестенің медициналық құжаттары сараптамадан өткізілді. Сараптама қорытындысы бойынша алдын алуға болатын жағдайлар 19 (35%), қалған 35 жағдай (64,8 %) алдын алуға болмайтын жағдайлар. Қалған 191 жағдай сараптамадан өткен жоқ, себебі тәуелсіз сарапшыларды сараптама жұмыстарына тартуға бүгінгі таңға мүмкін болмады.

Нәрестенің алдын алуға болатын жағдайлары мына төмендегі аудандарда тіркеліп отыр:

Түркістан қалалық емханасы бойынша - 4 (21%), Мақтаарал ауданы бойынша-4жағдай: (Мырзакент-1жағдай (5,2%), Асық-ата емханасы-(5,2%), Жетісай емханасы 2жағдай -(10,5%)), Сайрам ауданы бойынша -3жағдай (Ақсукент-2(10,5%), Қарабұлақ-1жағдай-(5,2%) ), Сарыағаш ауданық емхана бойынша -2жағдай (10,5%), Абай емханасы 3 (15,7%), Шардара аудандық емхана – 1жағдай(5,2%), Қазығұрт аудандық емхана бойынша - 1(5,2%), Ордабасы аудандық емхана бойынша (5,8%) және Түлкібас аудандық емхана бойынша 1(10%).

07 күннен 5 жасқа дейінгі бала өліміне сараптама қорытындысы

2014 жылдың 3 айында шетінеген 07күннен-5жасқа дейін балалардың жалпы саны – 176. 176 баланың -35 жағдайы үйде қайтыс болғандар (12-сі қаңтарда, 7-і ақпанда, 16-сы наурызда).

176 шетінеген балалардың 84-не сараптама жасалды (қалған 57жағдай ДКПН-ге қатыспайтын жағдайлар: перзентханада қайтыс болу, кенеттен қайтыс болу, қайғылы жағдай, жол-көлік апаттары).

Сараптама жасалған 84 баланың ішінде:

- қаңтар айында – 35 бала (07 күннен 5жасқа дейін)

- ақпан айында –32 бала (07 күннен 5жасқа дейін)

- наурыз айында -17 бала (07 күннен 5жасқа дейін)

Сараптама нәтижесінде анықталғаны:

-32 (38, %) жағдай емхана деңгейінде өлімді алдын алу болатын жағдай;

- 52 (61,9 %) жағдай емхана деңгейінде алдын алуға мүмкін емес жағдай.

Сараптамалар қорытындысы бойынша емхана деңгейінде өлімнің алдын-алуға болатын жағдайлар төмендегі аудандарда көбірек кездеседі.

Мақтарал - 6жағдай, Сарыағаш-4, Абай-3 жағдай, Түркістан-7 жағдай.

Барлық қайтыс болған балалардың 35 жағдайы үйде өлгендерді құрайды:

-12 үйде шетінеген –қаңтарда

-7 үйде шетінеген - ақпанда

-16 үйде шетінеген –наурызда

Үйде өлу жағдайының негізгі себептері (22 жағдай бойынша) :

-механикалық асфиксия-10 жағдай,

-кенеттен болған өлім -5 жағдай

-суға тұншығу- 1жағдай

- ата-аналардың ауырған бала бойынша медициналық көмекке кеш жүгінуі салдарынан (энцефалит-1жағдай, ЖРВИ, тырыспа синдромы-3жағдай, жарақаттар-2жағдай).

Барлық үйде болған өлімнің 10 жағдайына патологоанатомиялық сараптама жасалмаған, оның ішінде 2 бала бір жасқа дейін (Аксукент емханасы -Аятбек Аянат, Арыс емханасы - Махамбетали Н). Сондықтан өлімнің нақты себебін анықтап, толыққанды сараптама жасауға мүмкіндік бермейді.

Бала өлімінің стационардағы негізгі себептері:

-1-ші орында бір немесе бірнеше ағзаның туа біткен ақаулары;

-2-ші орында жедел ми қан айналымының бұзылуы, сепсис;

- одан кейінгі орындарда пневмония, энцефалит, күю, күюден кейінгі шок;

- ата-аналардың «Балалар ауруларын шоғырландыра жүргізу бағдарламасы» (ИБВДВ) бойынша қауіптілік белгілерін білмеуі, уақытылы медициналық көмекке жүгінбеуі;

-медицина қызметкеркерлерінің науқас баланың жағдайының ауырлық дәрежесін дұрыс бағаламау салдары;

-1 жасқа дейінгі балаларға жүргізілетін бақылаудың сапасының төмендігі;

Сараптама жүргізу барысында «Туа біткен жатыр ішілік инфекция» диагнозы лабароториялық зерттеудің қортындысынсыз қойылады, осылайша бала өлімінің негізгі себебі айқындалмайды. Негізінен, бұл жағдайлар бала өлімінің негізгі себебі болып табылмайды:



Мысалы: Мақтаарал ауданы, Мақтаарал аудандық ауруханада қайтыс болған науқас 15.10.2013ж.т. Сайдулла Акжаркын ауруханаға тыныс жетіспеушілік белгілерімен ауруының 3-ші күні түскен, бала жүргізілген емге қарамастан тыныс жетіспеушілік белгілерімен, бас миының ісіну белгілері, ДВС синдромынан қайтыс болған.

Патологоанатомиялық диагноз: Екі жақты полисегментарлы ошақты пневмония. Бірақ балаға негізгі диагнозға ВУИ, бас миының зақымдалуымен деген диагноз қойылған. Бала жатыр ішілік инфекцияға (ВУИ) тексерілмеген.

Бақытжан Ернар 08.01.2014ж.т. ауруының бірінші күні Махтарал аудандық ауруханаға түседі. Түскен кездегі диагнозы: Перинатальное поражение ЦНС. Гипертензионно-судорожный синдром. Науқас 1 тәулікке дейін ауруханада қайтыс болады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы ВУИ, бас миының, жүректің зақымдалуымен, ОНМК деген диагноз қойылады. Патологоанатомиялық диагноз: ОНМК, Бас миының ісіну белгілері, Мидың қарыншаларына қан құйылу. Бала жатыр ішілік инфекцияға (ВУИ-ға) тексерілмеген. Екі жағдайда да клиникалық диагнозбен паталогоанатомиялық диагноз сәйкес емес.

Емхана деңгейінде жүкті әйелдерге жүргізілетін скринингтер мен ультрадыбыстық зерттеулердің сапасы төмен, туа біткен ақаулар дер кезінде анықталмай, бұл өз кезегінде туа біткен ақаумен баланың туылып, өлім-жітімнің көбеюіне алып келуде (Шымкент қаласы, Мақтарал ауданы, Сайрам ауданы, Шардара ауданы, Сарыағаш ауданы). Емхана деңгейінде жүкті әйелдерге жүргізілетін скринингтер мен ультрадыбыстық зерттеулердің сапасы төмен, туа біткен ақаулар дер кезінде анықталмай, бұл өз кезегінде туа біткен ақаумен баланың туылып, өлім-жітімнің көбеюіне алып келуде (Шымкент қаласында: №9, №6 емхана, №1балалар емханасы, Чапаевка емханасы, Мақтаарал ауданы: Асык-ата емханасында-1жағдай,Мырзакент емханасында-2жағдай, Сайрам ауданында: Ақсукентте -2жағдай, Қарабұлақта 2 жағдай,Кентау қаласында-3жағдай, Шардара аудандық емханада-2жағдай, Сарыағаш аудандық емханада-6 жағдай, Абай емханасында 1 жағдай ,Түркістан қалалық емханада 2 жағдай).

Мысалы: Юлдашева Бегайым 19.11.2013ж туылған Түркістан қаласы, Жаңа-Икан анасы Зейнабдинова Зарина 1992 жылы туылған жүктілік кезінде 2 рет УДЗ өткен. 12 апта және 23 аптада УДЗ-де туа біткен ақаулар анықталмаған. ВПС ДМЖП 08см., яғни Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 07сәуірдегі №239 бұйрығының ережелері бұзылған.

Сонымен, 07 күннен 5 жасқа дейінгі бала өліміне жағдайларына жүргізілген сараптамалар нәтижесінде келесі қорытындылар жасалды:


  1. «Аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011жылғы 31 наурыздағы №164 бұйрығының 4,5-ші тармағының тармақшалары бұзылу фактілері тіркелген (Барлық аудандарда).

  2. Емхана деңгейінде жүкті әйелдерге жүргізілетін скринингтер мен ультрадыбыстық зерттеулердің сапасы төмен, туа біткен ақаулар дер кезінде анықталмай, бұл өз кезегінде туа біткен ақаумен баланың туылып, өлім-жітімнің көбеюіне алып келуде (Шымкент қаласы, Махтарал ауданы, Сайрам ауданы, Шардара ауданы, Сарыағаш ауданы).

  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009жылғы 30 қазандағы №626 «Жүктілікті жасанды түрде үзу ережесін бекіту туралы» бұйрық қағидалары сақталмаған. Соның салдарынан өмір сүруге қабілетсіз нәрете туылып, шетінеудің алдын-алу мүмкіншілігі болмаған.

  4. «Патологиялық анатомиялық ашып қарауды жүргізү қағидалары» Қазақстан Республикасы өкіметінің 2011жылғы 5 желтоқсандағы № 1454 қаулысының 10-шы тармағынаың 1-ші тармақшасы бұзылған. Осы бұйрыққа сай ана мен нәрестелер өлім-жітім жағдайларында патологиялық анатомиялық ашып қаралуы міндетті (Сайрам ауданының Ақсукент емханасы, Арыс аудандық емханасы,).

Ана өлімі бойынша талдау

2014 ж. 2-жағдай:

-Арқабаева З.А. 1984ж.т.

-Кембаева А.Б. 1991ж.т.

1.Арқабаева З.А. 1984ж.т. Сарыағаш аудандық емханасына қарасты, қайтыс болған жері №1ОПО. (Сарыағаш аудандық емханасы, Сарыағаш аудандық ауруханасы, Облыстық клиникалық ауруханасы, Облыстық кардииологиялық орталық, №1ОПО).

Тексеру нәтижесінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде, Сарыағаш аудандық емханасы, Сарыағаш аудандық ауруханасы, Облыстық клиникалық аурухана, Облыстық кардииологиялық орталық деңгейлерінде өлімді алдын алуға болады деген қорытынды жасалды. Босанған әйелге медициналық көмек көрсету барысында ұйымдастыру, диагностикалық кемшіліктер анықталып, нәтижесі Облыстық денсаулық сақтау басқармасына, Облыстық прокуратураға жолданған. Диагноз: Босанғаннан кейінгі сепсис (Кесарево операциясы Өзбекстанда болған).

2.Кембаева А.Б. 1991ж.т. қайтыс болған күні 25.03.2014ж. Ордабасы аудандық емханасына, Облыстық №1 перинаталдық орталыққа және Облыстық клиникалық ауруханаға тексеру ашылған. Сараптама жұмыстары жалғасуда.



Ұсыныстар:

5 жасқа дейінгі балаларға медициналық қөмек көрсететін мекемелер «Балалар ауруларын шоғырландыра жүргізу бағдарламасы» (ИБВДВ) бойынша алынған білімдерін ары қарай жандандыру қатаң қадағалауға алынсын.

Жүкті әйелдерге жасалынатын УДЗ тексерудің сапалығын арттыруға шаралар қарастырылсын, УДЗ мамандарын біліктілігін сапалы арттыру қатаң қадағалансын.

Салауатты өмір салтын сақтау орталықтарымен бірге халықтың санитарлық білім деңгейін арттыру бойынша жұмыстардың дәйекті жүргізілуі бақылауға алынсын.



Емхана деңгейінде дәрігерлердің нейроинфекция, энцефалит, жедел ми қан айналымының бұзылуы ауруларының клиникалық белгілері мен дифференциалдық диагностикасы тақырыбында білімдерін жетілдіру.
Каталог: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...