2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2 жартыжылдыққа міндеттері туралы анықтама

Loading...


жүктеу 55.97 Kb.
Дата09.09.2017
өлшемі55.97 Kb.
2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде Бесқарағай ауданының

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және

2 жартыжылдыққа міндеттері туралы

АНЫҚТАМА
2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша 48,5 млн. теңге көлемде орындалуы күтілуде немесе орындалу пайызы 100,4 пайызды құрайды.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде өңдеуші өнеркәсібінің күтілетін көлемі 21,7 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 13,9 млн.теңгеге аз.

Өнеркәсібінің көлемі ұлғайтуға Кульск кен орнында «ГРК Электрум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құм-қиыршық тасты, «Isunplast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің платика құбырларын, «БесқарағайСтройСервис» пластика өнімін, «Гордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Семияр кен орнында құм-қиыршық тасты өңдіру бойынша жұмыстарды жүргізуге әсерін тигізді.

Бесқарағай ауданында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жоқтығына байланысты, ауданның өңдеуші өнеркәсібінің негізі шағын бизнестің субъектілері құрады: 10 шағын-наубайхана, Шамабай жеке кәсіпкер (музыкалық аспаптарын дайындау) және 483 шаруа қожалықтары

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі бойынша 3821,0 млн. теңге көлемде орындалуы күтілуде немесе орындалу пайызы 103 пайызды құрайды.

Мал шаруашылығының күтілетін өндірілуі:

- ет 2665,8 тонна немесе 104,6 пайыз;

- сүт 25758,0 тонна немесе 104,2 пайыз;

- жұмыртқа 1,987 млн. дана немесе 103,5 пайыз.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде мал басының саны құрады:

- ірі мүйізді қара мал басы 44,9 мың басты немесе 101,0 пайызды;

- ұсақ қара мал басы 62,3 мың басты немесе 100,6 пайызды;

- жылқы 9,3 мың басты немесе 102,5 пайызды;

- шошқа 3,2 мың басты немесе 76,8 пайызды;

- құстар 49,0 мың басты немесе 117,3 пайызды.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде ауданның шаруашылықтармен 52,3 млн. теңге жалпы сомада 72 бас асыл тұқымды бұқа, 60 бас асыл тұқымды тайынша, 218 бас асыл тұқымды қой сатып алынды.

2014 жылдың 6 айы ішінде мал шаруашылығын қолдауға төленген субсидияның көлемі 6,2 млн. теңгені құрады.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде негізгі капиталға инвестициялары бойынша 701,2 млн. теңге көлемде орындалуы күтілуде немесе орындалу пайызы 235,8 пайызды құрайды.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы белсенді кәсіпорындардың саны бойынша 20 көлемде орындалуы күтілуде немесе орындалу пайызы 100,0 пайызды құрайды.
2
2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде бөлшекті тауарайналымының көлемі бойынша 1350,0 млн. теңге көлемде орындалуы күтілуде немесе орындалу пайызы 100,4 пайызды құрайды.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде «Ай-Ар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұн кәсіпорыннан килограммға 50 теңге бағасы бойынша 1 сұрыпты ұнды шығару бойынша жұмысы жүргізілді, оның ішінде:

- 1 сұрыпты ұн –килограммға 50 теңге бағасы бойынша 227 тонна;

- көкөніс өнімдері - килограммға 55 теңге бағасымен 26 тонна;

- тұз - килограммға 28 теңге бағасымен 900 килограмм;

- макарон өнімдері - килограммға 95 теңге бағасымен 300 килограмм;

- күнбағыс майы – 1 литрге 220 теңге бағасымен 1072 литр;

- қарақұмық жармасы- килограммға 85 теңге бағасымен 250 килограмм;

- арпа жармасы - килограммға 50 теңге бағасымен 250 килограмм;

- қант - килограммға 145 теңге бағасымен 22,2 тонна.



2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде баспананы енгізу бойынша 714,0 млн. теңгені немесе орындалу пайызы 103,2 пайызды құрады.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде құрылыс жұмыстардың көлемі бойынша 1099,4 млн. теңгені немесе орындалу пайызы 483,5 пайызды құрады.
Әлеуметтік сала
2014 жылдың 6 айы ішінде 457 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, жылдық жоспар 175,7 пайызға орындалды. 2014 жылғы 1 шілдеге тіркелген жұмыссыздар саны 74 адамды құраса, 152 адам жұмысқа орналасып, жылдық жоспар 60 пайызға орындалды. 272 жаңа жұмыс орны құрылды, жылдық жоспардың орындалуы 145,4 пайызды құрады. 406 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірді.

Жастар тәжірибесіне жыл басынан ЖОО-ның және ООО-ның 4 түлектері жіберілді, жоспар – 66,6 пайызға орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарға жыл басынан 6 адам жіберілді – 100 пайыз.

2014 жылдың 6 айы ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқумен қамту 913 баланы немесе 97,5 пайызды құрайды. 24 мектептерде 778 баламен қамтыған шағын орталықтың 41 тобы жұмыс істейді.

2014 жылдың 6 айы ішінде ауданның мектептері бойынша жергілікті бюджет есебінде ыстық тамақтануға 15,6 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде балға 2,8 млн. теңге, 1-4 сыныптағы оқушыларға 10 грамм есебінен, әр күнсайын бір балаға аз қамтылған отбасылардан 5-11 сыныптағы оқушыларға 20 грамм. Аз қамтылған отбасылардың 452 баласы тегін тамақтанып, жергілікті бюджет есебінде жалпыға міндетті оқу қоры бойынша 4,7 млн. теңгені құрады.

Бүгінгі күнге 1-4 сыныптағы балалардың сүтпен және балмен қамту 100 пайызды құрайды. Ағымды жылдың 1 қыркүйектен демеушілер есебінен 5-11 сыныптағы балаларды сүтпен және балмен 100 пайызды қамтылуын жоспарлануда.

3

Бесқарағай ауылында 90 орынға арналған «Айналайын» бала бақшасының құрылысы аяқталды, 2013 жылғы 14 наурызда №14 келісімшартпен мердігер «Фирма Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып келеді, Жобаның сомасы 224,9 млн. теңгені құрайды. «Айналайын» бала-бақшасы мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2014 жылғы 30 маусымдағы №1 актісімен пайдалануға енгізілген болатын.



2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын азаматтар санының өсу қарқыны 106,2 пайызды құрады. 2014 жылдың 6 айы ішінде 11 аудандық іс-шара және 1 облыстық деңгейдегі іс-шара өткізіліп, 9 облыстық іс-шараларда қатысты.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде туу деңгейі 125 баланы құраса, 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 127 баланы құрап, 1,5 пайызға төменделуі байқалуда.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде туберкулезден ауруы 10 жағдайды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 2 жағдайға төменделуі байқалуда.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде туберкулезден өлімі тіркелген жоқ, 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 3 жағдайды құрады.

2014 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде қылмыстың деңгейі 10 мың адамға 67,8 пайызды құраса, 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 87,2 пайызды құрап, 19,4 пайызға төменделді.

2014 жылдың 6 айы ішінде қылмыстың ашылуы 10 мың адамға 76,3 пайызды құраса, 2013 жылдың ұқсас кезеңінде 65 пайызды құрап, арттыруы 11,3 пайызға байқалуда.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша болымды нәтижесін ұстау мақсатында:

- қолданыстағы кәсіпорындардың санын ұлғайту бойынша жұмысы жандандырылсын;

- мал басының төменделуін және ауыл шаруашылығының өнімін төмендетілуін болдырмасын;

- ауданға инвестияны тарту бойынша жұмысы жалғастырылсын;

- кіріс көздерінің Алгоритм іс-шарасына сәйкес, қосымша резервтерін анықтау бойынша жұмысы жақсартылсын;

- туризмді дамыту бойынша өсуі қамтамасыз етілсін;

- ауданда жұмыссыздардың деңгейін төмендетілуінн қол жеткізілсін;

- туу көбейту, туберкулез аурудан өлімін төмендету көрсеткіштерін төмендетілуіне жол берілмесін;

- қылмыс бойынша көрсеткіші ерекше бақылауға алынсын.

4
Жеткізілген жоспар-тапсырманы және ауданның экономикалық өсуінің қосымша ішкі резервтерін пайдалануды ескере, 2014 жылдың аяғына дейін көлемнің өсуін қамтамасыз ету қажет.

- өнеркәсіп өнімін 97 млн. теңгеге дейін;

- ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 11,0 млрд.теңгеге дейін;

- туристік қызметтерін 0,7 млн. теңгеге дейін;

- негізгі капиталға инвестицияны 4 млрд.408 млн. теңгеге дейін;

- баспананы енгізуді 2500 шаршы метрге дейін;

- шағын бизнестің белсенді субъектілерін 25 бірлікке дейін;



- жұмыс орындарын 187-ге дейін.


Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы А.Алимбаева
: files
files -> «Іскерлік байланыс» 2012 жобасы МӘлімдеме формасы
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Ынтымақтастықпен өмір сүру
files -> Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...