2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі



жүктеу 107.3 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі107.3 Kb.

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).


      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



      4.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау туралы шешім.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну форматы – қағаз жүзінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) қорғаншының немесе қамқоршының жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) туралы анықтама;
      4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі;
      6) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) көшiрмелері;
      7) баланың (балалардың) табысы (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді алуды растайтын құжаттар, алименттер, баланың (балалардың) мүлкінен түсетін табыстары туралы мәліметтер) туралы мәліметтер.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттардың көшірмелерін көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің аты-жөні, сондай-ақ болса әкесінің аты;
      6) көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні, сондай-ақ болса, әкесінің аты және байланыс телефондары.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың,


республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.


      Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің басшысына жолданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің кеңесесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге


де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.


      13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегіанықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға


жетім баланы (жетім балаларды) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы (балаларды) асырап-бағуға 
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша            

Қамқоршыға немесе қорғаншыға жетім баланы (жетім балаларды)


және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды)
асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту)
туралы шешім

№ ___                              20 ___ жылғы «___» _______________

                  _________________________________
                          (органның атауы)

№ іс _______


Азамат(ша) __________________________________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты)
Жүгінген күні _______________________________________________________
Баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазылуы)
№ _____________ берген күні _____________________________ баланың туу
туралы куәлігін (туу туралы актінің жазылуы) берген органның атауы
_____________________________________________________________________
Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________
Баланың туған жылы __________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршық тағайындау туралы органның шешімі ______
_____________________________________________________________________
Тағайындаған күні 20__ ж. ____________

Белгіленген жәрдемақы сомасы


20__ ж. ______ дан 20__ ж. _______ дейін
___________________________________________________________ сомасында
                          (жазбаша)

Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты белгіленген жәрдемақы


сомасы:
Баланың Т.А.Ә _______________________________________________________
жәрдемақы ________________ ден ______________ дейін ___________ теңге
___________________________________________________________ сомасында
                       (жазбаша)

Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себебі: ___________________________


Жәрдемақы төлеуді тоқтату себебі: ___________________________________

М.О.


Т.А.Ә. Орган басшысы                                           (қолы)

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға


жетім баланы (жетім балаларды) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
баланы (балаларды) асырап-бағуға
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша            

_________________________


_________________________
(органның атауы)    

Өтініш


      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды)
асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауды сұраймын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (баланың (балалардың) Т.А.Ә.,туған жылы)
Қорғаншының немесе қамқоршының
Тегі ________________________________________________________________
Аты ___________ Әкесінің аты ________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы органның 20__ ж.
«___» __________
______________________________________________________________ шешімі
__________ 20__ ж. «___» ___________________
Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаттың
түрі ________________________________________________________________
Сериясы _______ нөмірі ______ кім берді _____________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________
дербес шотының № __________ Банктің атауы ___________________________
      Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 күн ішінде ол туралы
міндетті түрде хабарлаймын.
      Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін
жауапкершілік туралы ескертілді.
20__ жылғы «___» _____________ ______________________________________
                                       (өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы «___» __________________
____________ ________________________________________________________
   (қолы)         (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., қызметі)

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _


                            (кесу сызығы)

      Жеке мәліметтер өзгерген жағдайда 15 күн ішінде ол туралы


міндетті түрде хабарлаймын.
      Дұрыс емес мәліметтер мен жалған құжаттар ұсынғаны үшін
жауапкершілік туралы ескертілді.
      Азамат ___________________ өтініші, қосымша құжаттарымен
_____ дана қабылданды 20__ ж. «___» ________________
____________ ________________________________________________________
   (қолы)         (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., қызметі)

«Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға


жетім баланы (жетім балаларды) және
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
баланы (балаларды) асырап-бағуға 
жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша             

_____________________________________


(Т.А.Ә., немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымның атауы)       
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының  
мекенжайы)            

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы


қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15


сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының20-бабының, 2) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, ______________________________________________
                                  (мекенжайын көрсету)
білім бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген
тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына
байланысты __________________________________________________________
                  (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап
айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ….

      Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә (ХҚО қызметкері)                                   (қолы)

Орынд. Т.А.Ә. _______________________________________________________


Тел. ________________________________________________________________
Қабылдап алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» __________________

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет