2 курс магистранты Ешниязова Арайлым Діни негіздегі қақтығыстар



жүктеу 83.74 Kb.
Дата10.04.2017
өлшемі83.74 Kb.


2 курс магистранты

Ешниязова Арайлым
Діни негіздегі қақтығыстар (дінтанулық талдау)
Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мәселелерінің бірі ретінде экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни негіздегі экстремизм мәдени, экономикалық және заңды кеңістіктердегі жаһандану үрдісінің байланысы, бұл объективті үрдіс топтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы қақтығыстар мен конфликтілерді, әртүрлі мәдениеттегі халықтардың және діни наным-сенімдердің наразылығын тудырады. Қазіргі өркениет пен дәстүрлі діндер туралы көзқарастар қарама-қайшылықтарға ие болуда. Батыста мемлекеттік шекараны алып тастап, біріккен Еуропаны құру мақсатында, дәстүрді жеңілдету мақсатында, конфессиялардың тарапынан негативті қарама-қайшы пікірлердің пайда болуынан қарқынды таластарды тудыруда. Шығыста дәстүрлердің қақтығыстары өркениет заманында жаппай қантөгісті алып келуде. Бұған дәлел қазіргі таңдағы алыс және жақын шетелдердегі қоғамдық-саяси хал-ахуалы дәлел. Қазіргі таңда діни наным-сенім жағдайында жалпы экстремизм деген терминге ғалымдар ортақ бір нақты мазмұн беретін анықтама берген жоқ. Сан түрлі пікірлер айтылуда. Нақтылап заңи тұрғыда айтатын болсақ қоршаған ортаға, қоғамға үлкен қауіпті құбылыс.

«Діни экстремизм» бұл қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Қоғамда зайырлықты қалыптастырмау үшін, оған қарсы әрекеттер жүргізе отырып, қоғамға белгілі бір діни конфессиялар арқылы, діни ағымдар бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын жүргізуде.

Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жасайтындарды қоғам тұлғалары экстремистер деп атайды. Соңғы уақыттары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Экстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – дінді жамылып, діни наным сенімдерді ұрандата бүркемелеп ұлттар мен діндер арасына қарама-қайшы бір-біріне от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Халыққа өз діни идеологиясына сүйене, соған сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекетті құру негізгі ұштасқан мақсаттарының қатарына жатады.

Қоғамдық пікірге сүйене келе діни экстремизм бұл діни фанатизмнің тысқары шектен шыққан түрі. Яғни, кез келген экстремизмнің мәні насихат жүргізушілердің пікірлеріне құлақ аспай қосылмағандарға зорлық-зомбылық әрекеттерді ұштастыра отырып көрсету болып табылады. Діни экстремизм ғаламды жер шарындағы өмір сүріп жатқан адамзат қоғамына өзіндік сипатына тән көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясын қалыптастырып дамыту мақсатында әрекет етуді ұйымдастырады. Терроризмнің шыңға шығып өркендеуі діни экстремизммен тығыз байланысты. Қазіргі таңда өмір сүріп жатқан қоғамымызда діни экстремизм қарқынды бағытта қанатын жайып, қоғамымызды дүрліктіру жолында. Халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы тиімді күрес жүргізу үшін барлық қоғам мүшелерімен ұйымдаса отырып, бірігіп күшейту қажет. Себебі жеке дара бұл күшпен күресу мүмкін емес, күресу үшін жаппай біріге отырып жеңу жолдарын қарастыру қажеттігі туындап отыр.

2006 жылы 8 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы «Ғаламдық террормен күрес» стратегиясын қабылдады. Бұл құжатта БҰҰ-ға мүше мемлекеттер экстремизм мен терроризмнің барлық пішінін бір жақты айыптайды және осыған қарсы тығыз ынтымақтастық арқылы әрекет етуге дайын екендігін көрсетеді. Стратегияны әр мемлекет шынайы түрде іске асырып жатса, діни экстремизм мен күрес шын мәнінде өз нәтижесін берер еді.

2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Аталған нормативтік- құқықтық актінің 10-бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деген нормалардан тұрады. БҰҰ-ның «Ғаламдық террормен күрес» бағдарламасына сәйкес келеді. Еліміз аталған бағдарлама аясында бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы экстремизм және терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресу үшін дайын екендігін анықтаған [1].

Қазақстан өз жағынан аумақтық-аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін барлық жігер ынтасын сала отырып, ұйымдаса жүзеге асыратынын паш етті. Оған дәлел ретінде еліміздің 1996 жылы «Шанхай бестігі» деген ұйым құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің нақты іс-шаралар қатарын жүргізу барысын жатқызсса болады. Соынмен қоса, Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет ретінде ТМД-нің бір мүшесі ретінде де халықаралық экстремизммен күресу бағдарламасын бекітіп жұмысын жүзеге асыруда. Сол бағдарлама аясында 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталықта құрған болатын. Ол Орталық ТМД-ның арнайы салалық органы және ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін үйлестіруші ретінде қызмет етеді.

1997 жылы ел Үкіметі «Миссионерлік әрекетпен айналысатын шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ адамдарды аккредитивтеу тәртібі туралы Ережені» бекітті. 2005 жылдың шілдесінен бастап миссионерлік әрекет Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңымен реттеледі. Реті келгенде айта кететін жағдай, қоғамда қалыптасқан пікір бойынша миссионерлік қызметтің заңда берілген анықтамасы күрделі толықтыруды қажет етері анық. Бұл мәселені қазіргі таңда танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, шығармашық зиялы қауымның көрнекті өкілдері, Парламенттің жекелеген депутаттары мен көкірегі ояу, көзі ашық қатардағы жұртшылық өкілдері жеткілікті деңгейде көтеріп келеді.



2004-2005 жылдары Қазақстанның Жоғарғы соты «Аль-Каида» ұйымын, «Шығыс Түркістанның исламдық партиясын», «Курдтар халық конгресін», «Өзбекстанның исламдық қозғалысын», «Асбат-аль-Ансарды», «Мұсылман бауырларын», «Талибанды», «Боз гурдты», «Орталық Азияның моджахедтер жамаатын», «Лашкар-и-Тайбаны» және «Әлеуметтік реформалар қоғамын» лаңкестік ұйымдар деп тауып, олардың Қазақстан аумағында әрекет етуіне тиым салды. 2005 жылы Астана қаласының соты «Хизб ут-Тахрир аль-Исламиді» экстремистік ұйым деп тауып, оның қызметіне ел көлемінде нүкте қойды. Қисыны келгенде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-ші бабы, 3-ші тармағында діни негізде құрылған партиялардың іс-қимылына тиым салынатыны жазылғанын атап өткен жөн. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы, 2002 жылы 19 ақпанда «Қазақстан Республикасында терроризммен күрес туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы күрес туралы» және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жайлы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары қабылданды. Аталған заң актілеріне сәйкес, экстремистік және террористік әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіле түсті. Қазіргі уақытта дін саласындағы Мемлекеттік саясат Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясында, сондай-ақ«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған шеңберде қалыптасуда. Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі 2011 жылы құрылып, бүгінгі күнде қоғамдағы конфессияаралық келісімді қаматамасыз ету, діни бірлестіктермен өзара әрекеттесу, сонымен қатар салааралық үйлестіру және дін мәселелеріне қатысты басқа да функциялар бойынша мемлекеттің уәкілетті органы болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Агенттіктің 2013 жылы өзінің басты функцияларын іске асыру бойынша атқарған қызметінің негізгі нәтижелеріне тоқтала кеткім келеді. Агенттікпен өзіне жүктелген діни ахуалды талдау және бақылауда ұстау функциясы шеңберінде өткен жылы еліміздегі діни жағдайдың тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Қазіргі Қазақстанда адамдар арасында діни негіздегі қақтығыстар мен араздықтар жоқ. Осының жарқын көрінісі ретінде елімізде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы, сонымен қатар әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара қатынастар дәйекті формада дамуда. Осыған байланысты еліміздегі ҚМДБ бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қазіргі кездегі ислам атын жамылып лаңкестік әрекеттермен айналысып жүрген ұйымдар жағдайына байланысты сұхбатында былай дейді: Ислам дінінің өкілі және мұсылман ретінде ондай лаңкестік ұйымдардың біздің дінімізбен ешқандай байланысы жоқ екенін тағы да қайталап айтқым келеді. Олар үшін – бұл тек қана өз мақсаттарына қол жеткізу құралы, және сеніңіздер, онда ешқандай рухани құндылық та, ислам да жоқ. Бұларды бейбіт емес мақсаттарды көздеген ұйымдар деп санауға болады. Ал олар қолданып отырған белгілер, сыртқы көріністер шынайы мақсаттарын жасыру құралы болып табылады [2]. 2013 жылы жүргізілген бірқатар әлеуметтанулық сауалнамалар қорытындысы көрсетіп отырғандай, сауалнамаға қатысқан азаматтардың 90 пайызға жуығы еліміздегі діни ахуалды қалыпты деп бағалаған. Дінаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттің саясатын азаматтардың 86 пайызы қолдап отыр. Біздің ойымызша, осы көрсеткіштер діни саладағы мемлекет тарапынан қабылданып және іске асырылып отырған шаралардың пәрменділігін көрсетіп отыр, ал бұл, өз кезегінде, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, қоғамда кең қолдау табуының дәлелі деп айтар едім [3]. Кез келген қоғамныңбасты міндеті – әлеуметтік теңдікті сақтау, қандайда формадағы экономикалық, саяси қақтығыстарды, дағдарыстарды болдырмау. Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінде діндер емес, адамдар мен мемлекеттер бір-бірімен жауласуда», – деген болатын. ХХІ ғасырдағы жаһандану және ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс жағдайында әлемдік қауымдастықта бір миллиардтан астам жұмыссыз бар, олардың төрттен бірі – оқыған азаматтар. Жұмыстың жоқтығынан әрі қазіргі әлемдік қауымдастықтағы әлеуметтік кепілдеменің төмендеуінен рухани құндылықтардың, гуманизмнің әсіресе жастар арасында дағдарысқа түсуі қарқын алады. Соның салдарынан, біржағынан, кез келген жолмен баюды көздеген көзқарастар, діни құндылықтар мен ғұрыптарды қорлау белең алса, екінші жағынан, кейбір жағдайларда терроризмге ұласып кетіп жатқан діни экстремизм күшейеді. Қоғамның рухани өмірінің саласы болып табылатын дін қашан да имансыздық пен ашкөздіктің жолын тосатын кедергі болды, сондай-ақ, ол халық дәстүрі мен ғұрыптарыныңданалық қайнары болып табылады. Осыған орай, қазіргі таңдағы діннің ролін айтып өткен Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумында халықаралық қатынастардың тиімді моделін ұсынып, оны «G-GLOBAL – ҰЛЫ ӘЛЕМ» деп атады. Бұл дағдарыстан сенімді қорғалған, тиімді әлемдік валютасы бар, сауда мен ынтымақтастықтың әділетті жүйесі орнаған гүлденген жаһандық экономика. Бұл – жоғары технологиялар барлық адамдардың бақыты мен аман-саулығына қызмет ететін әлем. Бұл – аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің мығым негіздері орнаған, халықтар мен мемлекеттер арасындағы әділеттілік пен сенім әлемі. Бұл – барлық түйткілдер келісім мен құрмет негізінде шешілетін ұлттардың төзімді қоғамдастығы. Бұл – ядролық қару қаупінен құтылған, жаппай қырып-жою қаруынан азат біздің ғаламшарымыз. Одақ құлағаннан кейін қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тарту арқылы басқа ядролық державаларға деген сенімді қатынасы мен толеранттылығын паш етті. Көптеген көрнекті саясаткерлердің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған G-GLOBAL идеясы мен формасы ғаламдық халықаралық ынтымақтастық пен толеранттылық үшін ғаламшарымыздағы бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін паш етеді. «Біз этносаралық келісімнің өзіндік моделін жасадық, – деп мәлімдеді Президент. – Сондықтан да біздің қоғамымызда 20 жылдан астам уақыттан бері рухани өрлеу үрдісі жалғасуда». [4]

Мемлекеттік билікті жүзеге асырушы заң шығармашылық, атқарушылық, сот органдарының тарапынан мемлекеттің тыныштығын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер толыққанды қабылданып жүзеге асырылуда. Бірақ ол нормалардың сақталуын, орындауын, пайдалануын, жалпы айтқанда жүзеге асыруын қоғам мүшелері қамтамсыз ету қажет. Қорыта айтқанда, осындай діни экстремизм деген құбылыспен күрес жүргізу өзіміздің қолымызда.



Қазақстан – қазіргі күнде халықаралық қоғамдастықта толеранттылыққа, конфессияаралық келісімге және Қазақстан халқының біртұтастығына негізделген бірізді және жүйелі ішкі саясатты іске асырып отырған ел ретінде танымал.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ж. Дүйсенбаев. Діни экстремизммен күрес күшейтілуі тиіс // http://i-news.kz/news/

2. http://muftyat.kz/ru/article «Егемен Қазақстан». 08.11.2014

3. О противодействии экстремизму. Закон Республики Казахстан от 18 февраля 2005 года № 31. Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2005 г., N 5, ст. 3 (вышедшие из печати: 21.03.2005 г.); “Казахстанская правда” от 26 февраля 2005 года № 45-46.



4. http://el.kz/m/articles/view/

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет