1939 жылдың 5-желтоқсанында



Дата15.05.2017
өлшемі445 b.











1939 жылдың 5-желтоқсанында

  • 1939 жылдың 5-желтоқсанында

  • Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

  • 1961 жылы

  • Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.

  • 1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері.

  • 1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.



1970-1978 жж.

  • 1970-1978 жж.

  • республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы,

  • 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.

  • Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.

  • Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.



1979 жылы

  • 1979 жылы

  • жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.

  • 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды



Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

  • Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

  • Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.











Аңсар Алқаракөкке жайып қанатын,

  • Аңсар Алқаракөкке жайып қанатын,

  • Сен едің келген ғайыптан Ақын.

  • Жауһардай асыл жырыңды, апа,

  • Естіген алғаш Жайық болатын.

  • Жайық болатын – шайырдың мұңы,

  • Оймақтай болды Ойылдың құны.

  • Ақбөкен сынды адасып жүрмін,

  • Орайын таппай ойымның бірі.

  • Жетім жүрекке болған кім медет,

  • Оятты өлең жарым түнде кеп.

  • Селт етті-дағы секемшіл көңіл,

  • Сандуғаш құсқа айналдым… кенет.

  • Қауырсын қалам қолыма алып,

  • Жыр жазғым келді толқынға малып.

  • Өрлі өзен бүгін өксіп тұр, апа,

  • Толағай текті Табылсыз қалып…



Бұлдыр елесті қуып сенделдім,

  • Бұлдыр елесті қуып сенделдім,

  • Болашағымды біліп, сенген кім?

  • Атырау бүгін ауаға зәру –

  • Салқыны тиген суық сөздердің.

  • Тағы да қолын бұлғады-ау аз бақ,

  • Мазаңды алдым ба мұң ғана қозғап?

  • Жаныма тар боп жер беті кейде,

  • Жағаны кезем жындана жаздап.

  • Налама айналып – Нарынның шері,

  • Қанбай жүр, қайтем, жанымның шөлі.

  • Жасын жырыңның жарқылын шашып,

  • Жайыққа келші, сағындым сені!!!

  • *Бақытгүл Бабаш, Атырау қаласы.* ӨЛЕҢ-ЖЫРДЫҢ ЖАЙЫҒЫ



  • Бар сияқты менде де сана шыдам,

  • Жылағанды демеуге тағы асығам,

  • Жасайын-ақ десем де бір астамдық,

  • Қорқам ардың айбалта – жазасынан.

  • Ақынның творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.



Қасым Аманжолов айтқандайын, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас қой. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр. Сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры.

  • Қасым Аманжолов айтқандайын, ақын өмірбаяны өлеңдерінде екені рас қой. Фариза да өзі ғұмыр кешіп жатқан уақыттың жыршысы. Ол өз замандастарының, өз заманының өмірбаянын өз өлеңдерінде өрнектеп жүр. Сол себепті де оның тағдыр жолын толғаған жырлары онымен құрбы-құрдас бір ұрпақтың да өмір сыры.

  • Әйел жаратылысының нәзіктігі мен қылықтылығын, жаны мен тәнінің сұлулығын, махаббатының мөлдірлігін тап Фаризадай жарқыратып, сүйсінте жазған ақын жалғыз-жарым ғана. Әйелдің болмысындағы табиғи қадір-қасиетін, әсіресе мөлдір махаббатын, осы жолда кезігетін қызғанышы мен сүйінішін, рахаты мен ләззатын жеріне жеткізе иландыра, сүйсіндіре, тереңнен толғап жазған соң ғана ол мың сан оқырманға ой салуда















– Әр тұлғаның өзінің кітап оқу әдісі бар екенін білеміз. Кітапты қалай оқисыз, апа?

  • – Әр тұлғаның өзінің кітап оқу әдісі бар екенін білеміз. Кітапты қалай оқисыз, апа?

  • – Кітап оқитын ерекше әдісім жоқ. Біздің балалық, жасөспірім шағымыз кітап оқумен өтті. Ол кезде теледидар деген атымен жоқ болатын және біздің заманымызда кітап оқу ана сүтіндей тәтті еді. Басқа тілден аударылған кітаптар да көп еді. Біз кітапты таңдап-талғамай оқи беретінбіз.



– Кез келген адамда бала кезінен оқып жүретін жанына азық, жүрегіне жақын бір кітап болады ғой… Сіз қандай кітапты қайта-қайта оқып, әлі күнге дейін тамсанып тастамай жүрсіз?

  • – Кез келген адамда бала кезінен оқып жүретін жанына азық, жүрегіне жақын бір кітап болады ғой… Сіз қандай кітапты қайта-қайта оқып, әлі күнге дейін тамсанып тастамай жүрсіз?

  • – Ауыз әдебиетінің туындыларын әлі күнге дейін анда-сонда бір қарап қоямын. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баянсұлу» секілді лиро-эпостық жырлар, сосын «Алпамыс», «Қобыланды батыр» жырлары мен баяғы айтыстар



Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ. Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекет адамдарының рухани байлығы керек.

  • Кітап оқымаған адам – тамырсыз қаңбақ. Өркениетті мемлекет болу үшін жеке пенделерді ғана байытып отырған материалдық байлық емес, ол мемлекет адамдарының рухани байлығы керек.

  • Кітап – сол рухани байлықтың негізі бөлімі.

  • Сұхбаттасқан: Бауыржан Қарағызұлы

  • «Кітап патшалығы» журналы







Жайықтың аққуындай мың бұралған

  • Жайықтың аққуындай мың бұралған

  • Дина мен Қыз Жібектің сіңлілері.

  • Алтын Күн бақыт шашып туғанда алдан,

  • еңбекпен, Ерліктермен шыңдалды арман.

  • Ақ тілеу замандасым, сәлем сізге

  • Атырау, Жайықтағы туғандардан!

  • Атырау, Ақжайықтың өнерлі елі,

  • күй төгіп, ән шырқайды өрендері,

  • Балықты, мұнайлы елде, шұрайлы елде

  • өнермен ұласады Ер еңбегі!

  • Дүниеден ел көшеді қалмаса әні,

  • өнерсіз адам жанын шаң басады.

  • Халқымның ән мұрасы, күй мұрасы

  • осылай ұрпақтарға жалғасады!





ЖАҚСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР

  • ЖАҚСЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖЫР

  • Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,

  • шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,

  • ызғар сіңген жеріме шуақ керек,

  • мұқтаж оған ауыл да, астана да.

  • Сәулеңменен себеле үміт демін,

  • жер бетінен жылыссын күдіктерім.

  • Адамдардың сатқындық, сұмдығынан

  • қалжыраған жерімді жібіт менің.

  • Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,

  • қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.



Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,

  • Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,

  • қу бәрін де – соңына бұрылмасын!

  • Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,

  • қонақтасын ырыс пен табыс күнім.

  • Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып

  • қазағымның елдік пен намыс туын.

  • Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,

  • жүректерді жүрекпен жалғастырып.

  • Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –

  • ынтымақтан туындар бар жақсылық!







Өлең – өмір, өмір – өлең,

  • Өлең – өмір, өмір – өлең,

  • Дегенімде қиялмен Сізді көрем.

  • Көкорайлы көңілдің көктемі мен

  • Күңіренген, күрсінген күзді көрем.

  • Ақтарсам да тарихтың қай парағын,

  • Байтақ мінез Сіз тұрсыз – байқағаным.

  • Сізбен жерлес болғаным – бақытым деп,

  • Мың мәртебе мақтанып айта аламын.



Замандастың жазира жүздерінен,

  • Замандастың жазира жүздерінен,

  • Сізді көрем деп те бір ізденіп ем.

  • Бәрін оқи алмадым, үлгертпеді,

  • Көз алдымнан өткен соң жүз керуен.

  • Заман сырын жүрекпен шын ұқтың ба?

  • Махамбеттің жырымен шынықтың ба?

  • Ақиқаттың ақ алмас қылышындай

  • Айтар жерде түсіңді суыттың ба?!






Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет