1920 жылдары Ілбішінде қызыл әскерлер горнизонының Чапаев атындағы клубы ашылды. Клубта алғашқы кітапхана, оқу бөлімі, үйірме ұйымдастырылды. Тұрғындар рухани құндылықтармен оқу бөлмелерінде отырып ой бөлісті, сауат ашып



жүктеу 211.42 Kb.
Дата15.02.2017
өлшемі211.42 Kb.
Аудандық кітапхана бөлек ғимаратта орналасқан. Көлемі 751,1 кв.м.

Аудан орталығындағы кітапхананың құрылғанына да 90 жылдай уақыт болды. Аудан орталығындағы кітапхананың тарихы сонау 1920-шы жылдардан бастау алады.



1920 жылдары Ілбішінде қызыл әскерлер горнизонының Чапаев атындағы клубы ашылды. Клубта алғашқы кітапхана, оқу бөлімі, үйірме ұйымдастырылды. Тұрғындар рухани құндылықтармен оқу бөлмелерінде отырып ой бөлісті, сауат ашып, бас қосып демалыс орны ретінде пайдаланды. 1-май мейрамын осы клубта алғаш рет барынша мазмұнды атап өтті. Осы күні В.И.Чапаевты ұмытпай еске алып отыруға жиналған әскерлер ант берді. Сонан бері бұл клубта әрбір мейрамдарда спектакль және концерт көрумен демалыс уақыттарын пайдаланды.

1948 Қаз ССР-нің министірлік советінің 1948 жылдың 14 маусымындағы

№515 шешімі негізінде шалғайдағы елді-мекендердегі мал шаруашылығына «Красная юрта» ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып осы жұмысқа меңгеруші қызметіне Джумашева Ишан тағайындалды.

1948 жылы 1 қазан айынан бастап «Оқырман үйі» меңгерушісі болып Ерғалиев Бисенбай тағайындалды.(бұйрық №8,1.10.1948ж.)

Осы кезде аудандық кітапхананың кітапханашысы қызметінде М.Сатқанова қызмет етті.

1949 жылы кітапхана саласында штаттық кестеге қосымша енгізіп Ұ.Сагеденова, З.П.Карташова, Ш.Таспаев кітапханашы қызметіне алынды.

1949 жылы 16 тамыз айынан бастап аудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі болып В.Д.Иванаева қызмет атқарған.(бұйрық№9,16.08.49)

1950 жылы 31 қаңтар айынан бастап аудандық кітапхананың меңгерушісі болып Хадиша Нысамбаева қызмет атқарған. (бұйрық №4,1 ақпан)

1950 жылы аудандық кітапхананың «Оқырман үйі» кітапханашысы болып Асия Құрмашева тағайындалды.(бұйрық №30,пр,3.1950ж.15.07.)



1949-1950 жылдарда аудан ішінде бұрын-соңды болмаған аудан оқушылары арасында ГТО, БГТО белгілеріне тапсыру болды. Соған байланысты мектеп, кітапхана, мәдениет саласында да тұңғыш рет спорттық мейрам, денсаулық күндері өтті. Ел қорғауға, еңбекке үндеген қозғалыс дәстүрлі шара, жасөспірімдерді отансүйгіштік, коммунистік рухта тәрбиелеуде маңызы зор жұмыс әлі де жалғасуда.

1951 жылы 15 маусымнан бастап «Оқырман үйі» кітапханашысы болып Х.Мустафина тағайындалды.(бұйрық№9, 15.06.51.)

1951 жылы аудандық кітапхананың меңгерушісі болып А.Халипова (1951.15.11.бұйрық №2) тағайындалды.



1952 жылы меңгеруші қызметінде Белая Фира Наумовна (1952.01.03 бұйрық №4,) болды.

1952 жылы меңгеруші қызметіне Тухто Зинаида Ивановна тағайындалды. (1952.30.08.бұйрық №3)



1954 жылы меңгеруші қызметінде Пудикова Клавдия істеді. (1954.05.10.бұйрық №90.пр.1)

1954 жылы - ауданымызда тың игеру, мал шаруашылығын өркендету жөнінде социалистік жарыс құлашын кеңге жайған жыл болды. Осындай елдегі жаңалық жаршысы кітапханашының да еңбегі елеулі.



1956 жылы аудандық кітапхананың автоклуб кітапханашысы болып Ружейникова (бұйрық №66,пр.1.1956жыл) жасаған.

1957 жылы меңгеруші қызметіне Г.А.Хван, Ульянова Валентина тағайындалды. (1957.06.03.бұйрық№22,пр,2; бұйрық№30,пр.3 1.04 1957ж.)

1959 жылы аудандық кітапхана меңгерушісі Л.П.Арсентьева, оқырман залының меңгерушісі В.К.Полозов, кітапханашы Г.Н.Сидоркина қызмет атқарған. (мәдениет бөлімі 20.05.1959ж бұйрық №91).

1960 жылдардан Чапаев аудандық кітапханасы болып, жұмысын жалғастырды. Кітапхана сол кездерден-ақ тұрғындарды, жасөспірімдерді отан сүйгіштікке тәрбиелеу бағытында, аудандағы музей, мектептермен бірлесе отырып, өлкетану жұмыстарын жандандыруға мән берді. В.И.Чапаевтың жауынгерлік жолдары осы ауылдың тарихымен байланысты екені баршаға аян.

Он жылдар бұл тарихты артқа тастағанмен жер үшін қанын төккен жерлестерді еске алып, өз өлкесін мақтаныш тұтып өткені мен қазіргісін білгісі келетін оқырмандар үшін аудандық кітапхана ұжымы «Были седого Урала», «Легендарный Чапай», «Литература о родном крае» кітап көрмелері көрнекі насихаттар жұмыстарымен қатар «Что читать о крае» картотекасы, «В любленые в свой край» жар плакат «Летопись Чапаевского района», «Сыны революций» альбомдар ұйымдастырылды.

Кітапханашылар Жұмағалиева А. Лаптева Т.

Оқырмандарды әрдәйім өз өлкесінің тарихын әдеби байлықтарын таныстыруда әртүрлі көпшілік шаралар: кездесу кештері, ауызша журнал, оқырман конференциялары, әдеби кештері оздырылып отырды. Д.Фурмановтың «Чапаев» кітабына әлденеше рет талқылау кештері өтсе, жерлес жазушы Хамза Есенжановтың «Яик светлая река» трилогиясына оқырман конференциясы, жерлес жазушы Н.Корсуновтың кітаптарына да талқылау шаралары мен қатар жазушымен кездесу кештері өтті. Сол кездерде 2800-дей оқырманның 530 оқырманы тұрақты өлкетану бағытында оқырмандар болып есептелінді.

1963 жылы аудандық кітапхананың меңгерушісі болып Урсатьева Галина Филиповна, В.А.Полозова, А.Сапарғалиева қызмет атқарды. (бұйрық №16,пр.2,3,4,1963ж)

1963 жылы аудандық кітапхананың меңгерушісі болып А.Джумағалиева қызмет атқарды. (бұйрық № 69,пр.1.27.09.1963ж)

1965 аудандық кітапхананың оқырман залының меңгерушісі болып М.Елегенова қызмет атқарған. (бұйрық№54,пр,6.1965.02.08.)

1967 жылы аудандық кітапхананың оқырман залының меңгерушісі болып А.Садикова атқарған. (бұйрық №54.пр.6.16.09.1967)



1967 жылдың 9 тамызындағы «Дорогами славы отцов» бірінші республикалық слеттің ашылу салтанатына артелерия маршалы В.И.Казаков, генерал майор Жексембаев, А.В.Чапаев (ұлы) қатысып, осы уақыттарда В.И.Чапаевтың Д.Фурмановтың қыздарының келуіне орай жастармен кітапхана оқырмандарымен, азамат соғысының ардагерлері, жергілікті тұрғындар Кинеев, Неферовпен кездесу кештері ұйымдастырылды.

1960-1970 жылдар аралығында Чапаев аудандық кітапханасында кітап қоры 9495 данадан, 18319 данаға көбейді. Оқырманы 1300-ден 2800–ге өсті. Кітап берілімі 21500-ден 47600-ге жетті.

1970 жылы ҚазССР-нің 50 жылдығына орай Орал облыстық Н.К.Крупской атындағы кітапханада және Чапаев аудандық кітапханада өлкетану бағытында «Формы и методы пропаганды краеведческой литературы» ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Конференция аясында саяси қоғамдық әдебиеттерді талдау жұмыстарынан төмендегідей көрсеткіштерді көруге болады:

- тұрақты 2800 оқырманның ішінде 1021 оқырман саяси бағытта оқуға құштар оқырман;

47600 кітап берілімінің 19652 данасы,

- 18904 дана кітап қорының 5670 данасы саяси қоғамдық әдебиеттер.

1970 жылдары ҚазССР совет министрінің «О поднятий кормовой базы – основе животноводтства в Казахстане» қаулысына орай кітапханада көрнекі насихат, көпшілік шаралар оздырылды.

1970 жылы аудандық кітапхананың абонемент бөлімінің меңгерушісі болып Г.Тажкуранова тағайындалды. (бұйрық № 65,пр.2.05.10.1970ж)

1972 жылы аудандық кітапхананың әдістемеші болып Г.Тажкуранова тағайындалды. (бұйрық №11,пр.4.01.01.1972ж)



1972 жылы аудандық кітапхананың кітапханашысы болып Т.В.Грудкина тағайындалды. (бұйрық №56,пр.4.01.09.1972ж)

1972 жылы аудандық кітапхананың оқырман залының меңгерушісі З.В.Черекаева тағайындалды. (бұйрық№56,пр.6.01.09.1972)

1973 жылы 1 шілде айынан бастан аудандық кітапхананың кітапханашысы болып В.Плотникова алынды. (бұйрық № 44,пр.1)

1974 жылы 11 шілде айынан бастап аудандық кітапхананың әдістемешісі болып Ұ.Какимова тағайындалды. (бұйрық№ 48,пр.4)

1975 жылы 1 тамыз айынан бастап аудандық кітапхананың кітапханашысы болып Савенко Людмила Николаевна тағайындалды. (бұйрық№41,пр.7)

1975 жылы 1 қазан айынан бастап аудандық кітапхананың меңгерушісі болып А.Г.Утешова тағайындалды.(бұйрық № 53,пр.8)

1978 жылы кітапханалар жүйесі орталықтандырылды. Кітапханалар өз жұмысын Мәдениет министірлігі бекіткен «Ережеге» сәйкес жүргізді. Соның ішінде аудандық кітапхана – мемлекеттік, көпшілік кітапханаларының негізгі бір буыны. Белгілі бір әкімшілік – территорияның халқын қамтамасыз ететін орталықтанған кітапхана жүйесі аудандық кітапхана болып табылады.

Бұлардың басқа кітапханалардан айырмасы – бір жағынан, аудан орталығындағы халыққа абонемент және оқу залы арқылы қызмет ететін болса, екінші жағынан, аудандық мәдениет бөліміне кітапхана ісін өз территориясында жолға қоюға үлкен көмегін тигізіп отырады. Сондай -ақ ол аудандағы барлық кітапханалардың методикалық орталығы болып саналады.

Аудандық кітапханалардың қорын толықтырудың негізгі жолдары:

- Облыстық кітапхана коллекторы.

- «Кітап-почта» жүйесінің дүкендері

- Басқа кітапханалардың ауыспалы резерв қорлары арқылы толықтырылып отырды.

1982 жылдың 16 желтоқсанында СССР-дің 60 жылдығына орай өздерінің қызметтеріне адалдығы үшін аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Л.А.Бесхлебная аудандық кітапхана кітапханашылары А.Г.Утешова, Т.В. Грудкина, З.В Черекаева Құрмет грамотасымен марапатталды.

1984 жылы аудандық кітапханада жасөспірімдерге дұрыс мамандық таңдау жолында көмек көрсету мақсатымен «Призвание» қызығушылық клубы ашылды. Клубтың ұраны: «Все работы хороши выбирай на вкус», эмблемасы, клубтың әр мүшесі:

-К.Маркстің «Размышление юноши при выборе профессии» кітабын оқып шығу.

- Таңдаған мамандығы бойынша екі кітап оқып шығу.

- Таңдаған мамандығы бойынша сол мекемелерге барып, мамандармен кездесу.



  • Болашақ мамандығы туралы мәліметтер жинастыру.

  • Клубтың өткізілетін барлық шараларына қатынасу мақсатын қойды. Мүшелерінің алдына қойылған мақсатқа кітапханашы бағыт беріп көмектесін насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.

1988 жылы аудандық кітапхана қызметкерлері Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясының материалдарын насихаттауда көптеген шаралар жүргізіп, кітап көрмелерін ұйымдастырып оларды насихаттауда нәтижелі үлес қосты. (суретте)

Осы міндеттерді жүзеге асыруда нақты жолдарының бірі кітапхананың қоры мен каталогтарын кітапханалық-библиографиялық жіктеу кестесін көшіру болып табылды. Бұл кестеге кітапханашылар баспасөз шығармаларының білім жүйелері бойынша мазмұнын ашып, оларды ғылыми негізделген ретті қатарларымен көрсету арқылы оқырманның кітап қорын пайдалануын барынша жеңілдету болып табылды.



1989 жылы қоғамдық өмірдегі, еңбекті ұйымдастырудағы қатынастарды уақыт талабына сай қайта құруға, партия, совет, кәсіподақ, т.б. қоғамдық ұйымдар атсалысты. Ал, осы қайта құруды жүзеге асыратын адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық ой-пікірін, өмірге көзқарасын қайта құру кітапхана қызметкерлеріне жүктелді.

1990 жылы Кітапхана ғана жас оқырманды әдебиет әлеміне жетелейді, жаңа кітаптар туралы айтады, кітапқұмарларды біріктіреді, қатарластарымен сұхбаттасуға шақырады. Алған білімін ұғынып, есте сақтап қалуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне көмектеседі. Аудандық кітапхана әрқашанда жастардың демалысын саналы да еркін түрде өткізетін сүйікті орны болған және болып қала бермек. Заманның ағымына сай, өмірге жаңа көзқараспен қарап, жастардың көңілінен шығатын, әсер қалдыратын мәдени іс-шаралар жүргізіліп отырды. Кітапханада жастар арасында белгілі бір тақырыпты талдап, көп ойдың түйінін түйіп, әркім өз ойын ортаға салып, ашық, айқын, айтады. Осы орайда кітапханада жасөспірімдер арасында түрлі қызықты көпшілік шаралар «Дін және жастар» дөңгелек үстел, «Сенің мақсатың тәрбиелі, білімді азамат болу», «Елдің елдігі-асқақ рухты азаматы СЕН!» тақырыптармен пікірталас, тақырыптық кештер ұйымдастырылып тұрды.

1991 жылы өмірдегі барша құбылыс-уақыттың, мезгілдің билігі мен әміріне тәуелді. Осынау ақиқаттың қисыны, жөнімен алып қарайтын болсақ осы жылдары кітапханада жаңа бір кезеңі ретінде есте қалды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде шаңырақ көтеруіне қарай қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай ықпал ететін, жол ашатын әдебиеттерді насихаттап оқырмандар арасында түрлі шаралар өткізіп кітапханада «Заман талабы-халық талабы» атты пікір алмасулар, тақырыптық кештер ұйымдастырылып отырды. Еліміз Егемендікке жетіп, қоғамда болып жатқан өзгерістердің барлығы кітапханашылар алдына өте көп міндет қойды. Осы кезде аудандық кітапханада насихатталған, жүргізілген жұмыстарының бағыты ұлт мәселесі – аса күрделі мәселе болып табылды. Осы бағытта кітапханашылар ұлттың рухани байлығын, тарихын, әдет ғұрпын, дәстүрлерін насихаттап кітапханада «Менің елім Қазақстан» атты кітап көрмесін, сонымен қатар оқырмандарға түрлі тақырыпта қызықты шаралар ,ауылдағы қоғамдық ұйымдармен бірігіп түрлі тақырыптық кештер, кездесулер ұйымдастырып отырды.

1992-1993 жылдар аралығында аудандық кітапханада өлкетану тақырыбындағы жұмыстар қолға алынып аудандық кітапхананың кітапханашылары оқырмандарға отанға деген сүйіспеншілік, туған ауылының, ауданның тағдырына, өлке, оның тарихы туралы білімді насихаттауда түрлі тақырыпта үгіт -насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.

1995 жылы аудандық кітапханаға бұрыңғы балабақша ғимараты беріліп кітапханашылар өздері бөлмелеріне жөңдеу жасап кітап қорын көшіріп, жинастырып, оқырмандарға заман талабына сай жұмыстар жүргізіп отырды.

Сол кездегі кітапханашылардың жұмыстары оқырмандардың сұраныстарын зерттеп, кітап қорын керекті кітаптармен толтыру болды. Бұл кезде кітапханаға өте аз кітаптар келіп тұрды. Осыған орай кітапханашылар оқырмандарын жоғалтпауға тырысып кітапханада түрлі қызықты шаралар ұйымдастырып отырды. 1995 жыл «Ұлы ақын Абай жылы» болып жарияланып аудандық кітапханада осыған орай көптеген мәдени,әдеби шаралар ұйымдастырып «Ұлы Абай» атымен ұсынылатын әдебиеттер тізімін дайындап оқырмандарға таратып отырды. Сонымен қатар кітапханада оқырмандар, жасөспірімдер арасында әдеби кештер, пікір алмасу, әдеби викториналық ойындар өткізді .


1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланып аудандық кітапханада осы жылға арналған түрлі тақырыпта мәдени шаралар ұйымдастырып өткізді. Оқырманның талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғарғы талғаммен қалыптастыру міндетін іске асыруда кітапхананың орны ерекше. Әр салада клубтар ұйымдастыру арқылы оқырмандарымыздың білімін ой-өрісін байытуға, рухани көтеріп, қиялына қанат бітіретін әдебиеттермен қауыштырып оларды тәрбиелеуде елеулі жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта аудандық кітапханада тұрақты түрде «Мирас» клубы ашылды. Клубтың алғашқы мәжілісінде басқару мүшелері сайланып, құжаттарын бекітті. Клубтың ережесі, жұмыс жоспары, өткізілген шаралардың есеп журналы. Өзінің ұраны, эмблемасы, жарғысы бар. Аудандық кітапхананың кітапханашысы Қ.Жұбанғалиева жасөспірімдер үшін ұйымдастырған «Мирас» клубының жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі А.Сәрсеков.

Клуб қағидасы: «Рухани дәулет-мұраларымыз туралы оқып, біліп, танысамыз»

Мақсаты:

  • Жасөспірімдердің мәдени демалысын ұйымдастыру.

  • Мәдени тарихи құндылықтарға ұқыптылықпен қарау.

  • Өз-өзін тәрбиелеу, өз бетімен білім алу.

  • Туған ел, тарихи тұлғалар, бабалар жайлы білмекке ынтық жастарды тәрбиелеу.

  • Өлкеміздің көнелі тарихында із қалдырған саңлақтар жайлы, ауыл азаматы, жеке адамдар тағдырын барша болмысымен ашу, іздеушісін күтіп жатқан рухани мұраларымыз жайлы сыр шерту.

Міндеттері:

  • Кітапханада өткізілген барлық мәдени шараларға қатынасу.

  • Қазақ халқының салт-дәстүріне, тарихына байланысты деректерді оқып білу.

  • Аудан тарихына байланысты ақпараттар жинау.

  • Елбасының барлық бағдарламаларын оқып, біліп, танысып отыру.

Халық тәрбиесі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. «Адам ұрпағымен мың жасайды» демекші болашағы бар ел ғана тарих бетіне ұлт болып жазылмақ. Сондай-ақ клуб мүшелерімен өткізілген шаралар әрқашанды мазмұнды, қызықты болып өткізіліп отырды. 1997 жыл «Татулық пен еске алу жылы» болып жарияланды, осыған орай аудандық кітапханада тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға түрлі тақырыпта мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып отырды.

1998 жылы. «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып жарияланды осыған орай аудандық кітапханада кітапханашылар оқырмандар арасында түрлі тақырыптық кештер ұйымдастырып, жасөспірімдер, жалпы оқырман тобының арасында түрлі үгіт насихат жұмыстар жүргізіп отырды. Елбасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында рухани болмыс, білім, ғылым, мәдениет арнасындағы байланыстың мән-мағынасын, сыр-сипатын ашық көрсеткені мәлім.

1999 жылы Елімізде жариялаған «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болды. Қазақ халқының тарихында елін басқыншы жаудан қорғаған қаһарман батырлар, қара қылды қақ жарған әділ билер, көкірегінен сөз бұлағы құйылған шешендер мен жыраулар көп болған. Тарихты терең ұғыну мақсатында кітапханашылар оқырмандар арасында қызықты, тарихи мағынасы бар «Бабалар жолымен» тақырыптық кеш, «Ата. Бала. Немере» пікір алмасу, сонымен қатар кітапханада тұрақты «Ата-баба ұлағаты алтын тұғыр» атты көрме ұйымдастырылып, осындай тақырыпта әдеби қонақ жай т.б. көптеген шаралар ұйымдастырылып оқырмандар, жасөспірімдер арасында өткізіліп отырды.

2000 жыл. «Мәдениетті қолдау жылына» байланысты ауданымыздағы көптеген жабылған мәдени ошақтары ашылды. Аудандық кітапханадағы мамандар ауыл кітапханаларына барып әдістемелік көмектер беріп, жылжымалы шаралар ұйымдастырып отырды. Аудандық кітапханада кең қанатты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға түрлі тақырыпта мәдениет орталығы қызметкерлерімен бірігіп көпшілік шаралар ұйымдастырып отырды. Осы жылы аудандық кітапханада «Кітапханаға кітап сыйлайық» атты кітапханалық акция ұйымдастырылып кітапхананың оқырмандары, мекеме басшылары, зейнеткерлер, жерлес ақын жазушылар Мыс: жерлес жазушы-Р.Ахметов,сол кездегі аудан әкімі - А.Б.Сәтбаев кітапханаға жеке кітапханаларынан кітап сыйлады.

2000 жылдан бастап кітапхана жұмысында автоматтандыру ісіне байланысты компьютермен жабдықтау басталды осыған орай аудандық кітапхананың кітапханашылары әдейі компьютерлік курстарға барып оқып, сертификат алып жаңа бағытта жұмыс жүргізуге дайындалды.



2001 жылы. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» болып жарияланды. Осы жылдың маңыздылығын Елбасының: «Біз барша жұртшылық пен әрбір адам біздің барлық жетістіктерімізге өзінің тікелей қатыстылығын сезінуіне қол жеткізуге тиіспіз. Бұл жыл біздің жетістіктеріміздің айшықталатын жылы болуы керек. /

2002 жыл. «Денсаулық жылы» болып жарияланып, аудандық кітапхананың жұмысы оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау бағытында болды. Осыған орай кітапханада жасөспірімдер бұрышында қең қанатты «Салауатты өмір – заман талабы» атты ашық көрме ұйымдастырылды.

Оқырмандар арасында жан-жақты насихат жұмыстары жүргізіліп, түрлі тақырыптық кештер, кітапханалық акциялар, денсаулық ойындары ұйымдастырылып отырды.



2003-2005 жылы «Ауылды қолдау жылдары» болып жарияланды.

Аудандық кітапхана 2003 жылы оқырман қауымға еліміздің саясатын, экономикасын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған бағдарламасын, еліміздің келешегі мен бүгінгісін танытуда, болып жатқан оқиғаларды халыққа хабардар қылуда және әдебиеттерді насихаттауда өз жұмыстарын мынадай негізде бағыттады:

-Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін кітапхана қорларын толықтыру.

- Түрлі салалар бойынша және көркем әдебиеттерді насихаттай отырып оқырмандар арасында көпшілік шаралар өткізу.

-Елімізде жүргізіп отырған бағдарламаларды жүзеге асыра отырып кітапханалық қызмет көрсету.

- Ауылдық кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.

- Оқырмандарға ақпараттық және анықтама- библиографиялық қызмет көрсету.

- 2003 жыл ауыл жылы болып жариялануына орай кітапханада еліне жеріне сүйіспеншілікке, ата-баба кәсібін игеруге тәрбиелейтін мәдени көпшілік шаралар өткізу.

- Халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің маңыздылығын насихаттау, жарнамалау.

2003 жылы «Қазақстандағы Ресей жылы» болып жарияланғандықтан аудандық кітапханада осы бағытта түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, осы елді мекеннің адамдарының салт –дәстүрлеріне байланысты әдебиеттер насихатталып, сонымен қатар оқырмандар арасында түрлі әдеби шаралар ұйымдастырылып отырды.

2005 жылы ҚР Президентінің Жолдауында ұсынғанындай, тарихқа саяси реформаларды белсенді түрде алға бастыру мен оларды бүкілхалықтық жылы болып жарияланды. Осыған орай аудандық кітапханада мекеме басшыларының, қоғамдық ұйымдарымен бірігіп түрлі саяси бағытта дөңгелек үстелдер, пікір алмасу, тақырыптық кештер ұйымдастырылып оздырылды.

2006 жылы. Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы болып жарияланды. Екі елдің, екі халықтың бүкіл адамзатқа ортақ поэзия алыптарына деген ықыласының нақты көрінісі. Екі елдің президентерінің сөздері: Н.Ә.Назарбаев «Өзінің жауһар жырымен әлемдік өркениеттің рухани айналысына түскен Пушкин шығармалары, өмірбаяны қазақ оқырмандарына етене таныс». В.В.Путин «Абай – екі халық мәдениетінің жақындасуына қызмет еткен ұлы тұлға» . Аудандық кітапханада кең қанатты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға екі тұлғаның шығармалары, мемуарлары, өлеңдері, өмірбаяндары шығарылып, жасөспірімдер, оқушылар арасында «Қос ақынның қуанышы», «Орыс ақыны Абай елінде», «Пушкин және Абай» әдеби, поэзия, әдеби байқаулар өткізілді. Аудандық кітапхана өз жұмысының сипаты мен мазмұны жағынан үлкен өзгерістер жолына түсті.

Ақпараттық жұмыстарының жаңа тәсілдерін іздеу, кітапхана жұмысының жүйесін автоматтандыру мен жаңа ақпараттық технологияны енгізу бағытында кітапханаға «КАБИС» бағдарламасы сатып алынды. Бұл бағдарлама бір уақытта бірнеше параметр бойынша терең іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық, тақырыптық тізімдерді, жаңа әдебиеттер тізімін санаулы секундтарда шығарып алуға мүмкіндік берді. Бағдарламада автоматтандырылған жұмыс орны бар. Олар: «Администратор», «Ізденіс тапсырыс», «Каталогизатор». Осы бағдарламаның арқасында аудандық кітапхананың оқырмандардың сұраныстарына санаулы минуттарда толыққанды жауап беруге болды.



2007 жылы. Елбасының «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министірлігіннің ұйымдастыруымен осы жылдың 18-19 сәуір аралығында Астана қаласында «Оқитын қоғам- бәсекеге қабілетті елдің негізі» деген атпен Халықаралық Оқу Конгресі өтті. Конгресс барысында «Бір ел-бір кітап» атты маңызды акция жария етілді. Бұл ақция 2007 жылдың 24-30 қыркүйек аралығында өткізілді. Бүкіл ел болып оқып шығатын Абайдың «Қара сөздері» таңдалды. Акцияға байланысты аудандық кітапханада «Қара сөздер қайнары ұлағаттың» атты оқу шеңберінің байқауы өтті.Байқаудың мақсаты:

-Ұлы Абай шығармаларының, соның ішінде «Қара сөздердегі» оқылу аясын кеңейту. Келешек жас ұрпақтың «Қара сөздерге» қағидаларды қастерлеп, ұлағатын, үлгі тұтуын, сол арқылы ой өрістерін кеңейтуін қамтамасыз ету.

- Жалпы көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.

Байқауға барлық ауылдық кітапханаларының оқырмандары қатынасып жеңімпаздары белгіленіп аудандық кітапханада «Әлем ардақтаған Абай» алқалы жиын өткізіліп байқаудың қортындысы болды. Жиынға Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім, ақын, Республикалық «Шешендер сайысының» жеңімпазы Тілес Жазықбай, Үздік әдебиетші-мұғалім, ақын, жұбантанушы Үзілдік Елеубай, Абай атындағы мектеп гимназияның әдебиетші ұстазы Қайыпқан Досқалиев қатысып өздерінің сөздерін айтып ой пікірлерімен бөлісіп жеңімпаздарды марапаттады.

«Абай мұрасы-асыл қазына» атты әдеби оқу, «Терең ойдың толғауы» атты пікір алмасу өткізіліп, оқырмандар Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқыды, сонымен қатар «Біз Абайды білеміз бе?» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді.

«Кітапханаларды модернизациялау. Кітапхана ісін дамыту» атты облыстық зерделі кеңес өткізіліп, орталық кітапхана жанынан «Оқитын Қазақстан» бағдарламасы аясында «Құқықтық ақпарат орталығы» ашылды «Құқықтық ақпарат орталығы» бүгінгі таңда оқырман қауымға қызмет көрсетеді және оқырмандардың пайдалануына мол мүмкіндіктер жасаған бірден-бір орталық болып саналады. Бұл орталық құқықтық тәрбие берудегі және құқықтық сана – сезімді қалыптастыру, құқықтық білім беру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері, құқықтық мемлекет құрудың негізгі мақсаты болатын орталық, осы орталық арқылы аудандық кітапханада оқырмандар интернет арқылы сұраныстарын қанағаттандырып жұмыстарын жүргізуде.



2008 жылы. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген ынта-ықыласын көтеру, оқуға деген көзқарасын өзгерту мақсатымен аудандық кітапханада «МУЗА» шығармашылық оқырмандар отауы ашылды.

Отаудың жетекшісі Қазақстан ақын жыршылар одағының мүшесі, ақын, аудандық кітапхананың әдіскері С.Бисенғалиев.



Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаев қолдаған «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жолында жұмыстану. Жұмысқа ауыл кітапханашыларын тарта отырып, ел ішіндегі елеусіз, көріне алмай жүрген шығармашылықпен айналысатын жас оқырмандарды тауып, шығармаларына жол ашып, жария болуына жағдай жасау.

Отаудың ұраны: «Ұлы мұра- ұлт мәйегі!»

Поэзияны пір тұтатын дарынды жастардың басын қосқан бұл отау ашылғаннан бері оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Өлең сүйер оқырмандар отауда өздерін толғандыратын тақырыптарда пікір бөлісіп, жүректерін жарып шыққан жыр туындыларын талқыға салады. Орайы келген іс сапарда ақын Қазақстан Жазушылар одағы БҚО-тық бөлімшесінің төрайымы А.Бақтыгереевамен отау мүшелері кездесу кешін өткізді. Сол кездесу кешінде Ақұштап Бақтыгереева отау мүшелерін қабылдап, мүшелік билет тапсырып, ақ тілегін айтып қолтаңба қалдырды.

ҚР Мәдениет және ақпарат Министірлігі, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханалық Ассоциясы Қазақстанда жыл сайын «Бір ел –бір кітап» атты Акция жарияланды. Акцияны ұйымдастыру комитеті биылғы жылы Акция аясында М.Әуезовтың «Қилы заман» кітабын оқуды белгіледі.Акция 2008 жылдың 24-28 қыркүйек аралығында өткізілді.

Әдістемелік- библиографиялық бөлім
Білікті, жанжақты әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету кітапханадағы барлық ұжымның - әдістемелік орталықтың күшімен ғана жүзеге асады, бірақ негізгі жүктеуді, әрине арнайы мамандырылған әдістеме бөлімі орындайды. Әдістемелік жұмыстың нәтижелі болуы қызметкерлердің міндеттерін, мақсаты мен тапсырмаларын анық етіп бөлуге де байланысты.

Кітапханадағы әдістемелік бөлім ОКЖ-ға қарасты аудандық және ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін орталық болып саналады. Қазіргі кезде кітапханашы маманына қойылып отырған талап та ерекше. Білімділік пен ізденіс, кітапхана ісіне енгізіліп отырған жаңа технологияны меңгеру, эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, кәсіби шебер маман даярлау әдістеме бөлімінің негізгі жұмысы болып табылады. Осы бағытта кәсіби кеңестер, семинарлар өткізу жылдан жылға жалғасып келеді. 2008 жылдан қызметке жаңа орналасқан маманды пысықтау бағытында «Жас кітапханашы мектебі» қызмет істей бастады. Әр ауылдық округ кітапханашыларын жинастырып кәсіби бағыттағы пысықтау жұмыстарын «Кәсіби сабақ» сияқты бастамаларды енгізіп отырмыз. Әдістемелік бөлім көмекші құралдар әзірлеп, таратып отырумен қатар, мына бағытта қызмет етеді:



  • Аудандағы кітапханалар жұмысын талдау;

  • Мамандардың кәсіби деңгейін көтеріп, шығармашылық қабілетін арттыру, дамыту.

Биылғы яғни 2008 жылы кітапханашылар күні аясында аудан кітапханашылары әнұранын әдістемеші С.Бисенғалиев сөзін жазды.

Кітапханашылар Әнұраны

«Кітап – білім бұлағы» – деп айтады Ел,

Жан – дүниең шөліркесе қайта кел.

Қанып ішсең қайнарынан білімнің ,

Заман көшін бастадым - деп айта бер!

Қайырмасы: Кітапхана – болашаққа жол басы,

Кітапхана – орман – ойдың ордасы.

Тектіліктің тұмасынан басталған,

Бағыты айқын ақыл - өзен арнасы.

Кітапхана қазыналы сарай кең,

Сол сарайды зор байлыққа балайды Ел.

Қасиетті қазынаны игерсең,

Салиқалы саптамын деп санай бер!

Қайырмасы:

Оқырманға орда кілтін ашатын,

Саналарға сәулелі нұр шашатын,

Кісілікке қызмет етер қашан да,

Кітапханашыларымыз ЖАСАСЫН!

Қайырмасы:

Қазіргі таңда кітапхана ісі заман талабына қарай күрделеніп, әрбір қызмет аясында жаңа технологияға негізделген белестердің орын алуы, кітапханашы библиограф мамандығын жаңа бетбұрысқа қалыптасып келеді.

Кітапхананың оқырмандарға жақсы, жылдам, толық қызмет көрсетуге мүмкүндік беретін қазіргі кезеңдегі жаңа, сапалы орталыққа айналуына септігін тигізеді. Кітапхананың барлық мәліметтерге қосылуына орай мұнда ақпаратты бағдарламамен ауыстыруда, құжаттарды электронды түрде жеткізуде, жаңа технологияларды қамтамасыз етуде Интернет, электрондық пошта, телеконференция байланыстары жолға қойылған.

Кітапхана жұмысының нәтижелілігі оның библиографиялық іс-әрекеттерінің дұрыс жолға қойылуы бұл істің күн талабына сай ұйымдастырылуына тікілей қатысты.

Әрдайым жаңа келіп түскен әдебиеттерге, арнайы ақпараттық бюллетендер шығарылады және ашық көрмелер ұйымдастырып тұрады.

Кітапханаға келген оқырманның анықтама- библиографиялық ақпаратты пайдалануға толық мүмкіндігі бар. Оқырмандар дәстүрлі каталогтармен қатар электронды, картатеканы кеңінен қолдана алады.

Бөлім қызметкерлері өз жұмысының бағыты мен мазмұны жағынан, қазіргі кезеңдегі ғылым мен білімді ақпаратпен жедел қамтамасыз етіп отырудың талаптарына сәйкес қызмет етеді. Бөлімнің басты мақсаты- оқырман сұранысына толық жауап беру. Ауызша және жазбаша анықтамалар,өлкетану картотекасы, тақырыптық картотекалар, әр түрлі тақырыпта ұсыныс тізімдер жасап, библиографиялық шолулар өткізіп тұрады. Жаңа кітаптарды насихаттау барысында «Жаңа кітаптар» көрмесіне шолулар өткізіліп, жергілікті «Жайық таңы» газетіне мақалалар жариялап отырады.



Әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімі

Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімінің ең басты міндеті мен атқаратын қызметі - түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау, яғни кітап қорын толықтыру. Бөлімінің дәстүрлі каталогтары мен картотекасы пайдаланушыларға қызмет көрсетіп, сонымен қатар, бөлім қызметкерлері келген кітаптарды аудан орталығы мен бөлімше кітапханаларына таратады.

Негізгі кітап қорын толықтыру көздері: кітап дүкендері, арнайы баспалар, мерзімді басылымға жазылу. 2006 жылғы қараша айынан бастап бөлім КАБИС бағдарламасы бойынша жұмыстануда. Әдебиеттерді жинақтау және өндеу, каталогтарды ұйымдастыру бөлімі кітапханамыздың автоматтандырылған бөлімдерінің бірі. Бөлімде дәстүрлі каталогпен ( яғни карточкалық) бірге электрондық каталог катар жүргізіледі. Әдебиеттерді толықтыру бөлімін көп жылдан бері Көбегенова Жұпар Дәулеткерейқызы басқарып келеді.

Бірыңғай кітап қорын ұйымдастыру бөлімі
Кітап қорын пайдалану жүйесінде жүйе ішіндегі кітап алмастырудың көмегімен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде оқырмандардың бірыңғай кітап қорын пайдалану мүмкіндігі іске асырылды. Біріңғай кітап қорын пайдалануды ұйымдастыру бөліміне келіп түскен оқырмандар талаптары, осы бөлімнің қорымен немесе орталық кітапхананың басқа бөлімдерінің қорымен, ал оларда болмаған жағдайда, кітапхана-филиалдарының қоры арқылы қанағаттандырылады. 2005 жылдан бастап осы бөлімде зағип және нашар көретін оқырмандарға арнайы аудио кассеталар алынып, кітапханашы зағип және нашар көретін оқырмандарға өзі барып пікір алмасып, кассеттерді ауыстырып беріп тұрады.
Оқу залының ең негізгі принципі - барлық оқырмандарға бірдей сапалы қызмет көрсету және жариялылық пен сұранысты қанағаттандырудың толық мүмкінділігі. Уақыт өткен сайын оқырмандар талап - тілегі өсіп отырады, сол сияқты оған сәйкес кітап қоры да өзінің мазмұны мен сапасы жағынан өсіп келеді. Оқу залы барлық оқырмандарға, мұғалім, тәрбиешілерге, қызметкерлерге, студентерге бағытталған. Оқу залында оқулықтар, анықтама баспалары, газет - журнал мерзімді басылымдары бар. Бүгінгі оқу залында білімнің барлық саласы бойынша кітап қоры жинақталған. Оқырмандарға жаңа түскен әдебиеттерді таныстыру мақсатында «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сонымен қатар, оқу залында мерейтойлы күндерге байланысты мәдени шаралар өткізіліп тұрады.

Оқу залында энциклопедиялар, анықтамалықтар және сирек кездесетін бағалы кітаптар жинақталған. Оқырмандарға қызмет көрсету -жоғары дәрежелі маман кітапханашылардың көмегімен іске асырылады. Кітапхана ұжымы алдағы уақытта да кітап қорын одан әрі толықтыруға, оқырмандарды, әсіресе, қазақ жастарын осы шаңыраққа көбірек тарту, олардың сұранысын қанағаттандыру бар күш-жігерін, шеберлігін сала бермек.


Абонемент бөлімі.

Оқырманның оқуға деген сұранысы қанағаттандырылып, әрі қарай оқуына жетекшілік ететін- кітапханашы. Кітапханашы белгілі бір жүйесіз, мақсатсыз оқитын оқырманға ықпал ету арқылы, белгілі бір білім саласы бойынша оқуына көмектесіп, ой-өрісінің дамуына әсер етеді.



Абонемент бөлімінің оқырмандарының құрамы әр түрлі. Олар: студенттер, зейнеткерлер, мұғалімдер, оқушылар және түрлі саладағы қызметкерлер. Оқырмандар үшін кітапхана кітап алатын орын ғана емес, олар мұнда жеке тұлға ретінде танылып, өздерінің білімімен және өмірлік тәжірибелерімен де бөлісіп жатады.

Қазіргі заман талабына сай оқырман сұранысын қанағаттандыруда тәжірибесі мол кітапханашы Жұбанғалиева Қаламқас Тілегенқызы.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет