19-тарау. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу

Loading...


Дата23.06.2017
өлшемі20.86 Kb.
19-тарау. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу

нәтижелері туралы хабарламаға шағымдану тәртібі

 

173-бап. Шағымдану құқығы

1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаларға (бұдан әрі - берешекті өтеу туралы хабарлама) шағымдану осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Берешекті өтеу туралы хабарламаға:

1) оған қатысты берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған декларанттың, не оның өкілінің;

2) оған қатысты берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылған кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағымдану құқығы бар.

 

174-бап. Берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар



1. Кеден кодексінде көзделген ережелерге сәйкес кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымды (бұдан әрі - шағым) қарауды берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы және (немесе) жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.

2. Кеден кодексінің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өтеу туралы хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері



1. Шағым берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде кеден органына беріледі.

Шағымды тіркеу оны кеден органы қабылдаған күні жүзеге асырылады.

2. Кеден кодексінің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға жоғары тұрған кеден органына шағым берген кезде, шағымның көшірмесі берешекті өтеу туралы хабарлама шығарған кеден органына жіберілуге тиіс.

 

176-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны



1. Шағым жазбаша нысанда беріледі.

2. Шағымда:

1) шағым берілген күн;

2) шағым берілетін кеден органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), не оның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) берешекті өтеу туралы хабарлама шығарған кеден органының атауы;

5) шағым беретін тұлға өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, сондай-ақ осы мән-жайларды растайтын мәліметтер;

6) қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

3. Шағымда оны қарау үшін маңызы бар өзге мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

4. Шағымға оны берген тұлға, не оның өкілі қол қояды.

5. Шағымға:

1) берешекті өтеу туралы хабарламаның көшірмесі;

2) шағым берген тұлға өз талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

 

177-бап. Шағымды қараудан бас тарту



1. Кеден органдары:

1) шағым Кеден кодексінің 175-бабында белгіленген шағымдану мерзімі бұзыла отырып берілген;

2) шағымның нысаны мен мазмұны Кеден кодексінің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

3) Кеден кодексінің 173-бабының 2-тармағында көрсетілмеген тұлға шағым берген жағдайда шағымды қараудан бас тартады.

2. Кеден органдары шағымды қараудан бас тарту туралы шағым тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.

3. Кеден органдарының шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны Кеден кодексінің 175-бабында белгіленген мерзім ішінде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.

 

178-бап. Шағымды қарау тәртібі



1. Кеден органдары шағым бойынша, осы баптың 2-тармағында және 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған шағым тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шешім қабылдайды.

2. Шағымды қарау мерзімі Кеден кодексінің 180-бабында айқындалған тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.

3. Кедендік бақылау барысында табыс етілмеген құжаттар шағымға қоса берілетін жағдайда, кеден органдары мұндай құжаттарды қарайды.

4. Кеден органдары шағымды қарау кезінде:

1) шағым берген адамға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сауал жіберуге;

2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сауалдар жіберуге;

3) кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан кеден органдарының лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.

5. Кеден органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

 

179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау



1. Кеден органы шағымды мәнi бойынша қарауды аяқтаған соң жазбаша нысанда шешім қабылдайды және оны шағымды берген тұлғаға жібереді немесе тапсырады. Жоғары тұрған кеден органы шағымды мәні бойынша қараған жағдайда шағым бойынша шешімнің көшірмесі берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органына жіберіледі.

2. Шағымды қарау нәтижелері бойынша кеден органдары мынадай:

1) шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

2) шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын деген шешімдердің бірін қабылдайды.

3. Шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарламаның күші толық жойылған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы шешім қабылданған күннен және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде берешекті өтеу туралы хабарламаны кері қайтарып алады.

Шағым жасалған берешекті өтеу туралы хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған кеден органы берешекті өтеу туралы хабарламаны кері қайтарып алады, берешекті өтеу туралы жаңа хабарлама шығарады және оны шешім қабылданған күннен бастап және (немесе) жоғары тұрған кеден органының шешімін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді.

 

180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру



1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және басқа ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда - жауаптарды алған күнге дейін;

2) шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берілген жағдайда - сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

2. Кеден органдары шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы, тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша түрде хабарлайды.

 

181-бап. Кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны



Шағымды қарау нәтижелері бойынша кеден органдарының шешімінде:

1) шешім қабылданған күн;

2) шағымды қараған кеден органының атауы;

3) шағым берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) не оның толық атауы;

4) шағым жасалатын берешекті өтеу туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;

5) шағымның мәні;

6) кеден органы шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.

 

182-бап. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым берудің салдары



1. Кеден органына және (немесе) сотқа шағым беру берешекті өтеу туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.

2. Кеден органына шағым берілген кезде берешекті өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы кеден органының жазбаша шешімі шыққанға дейін және Кеден кодексінің 180-бабында көрсетілген кезең өткенге дейін тоқтатыла тұрады.



Сотқа шағым берілген жағдайда берешекті өтеу туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы соттың шешімі заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

 
Каталог: sites -> default -> files -> UAP
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау
UAP -> 93-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі
UAP -> 93-тарау. СалықТЫҚ тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...