1640 ж. қыркүйекте Жәңгір хан елшілері Батыр қонтайшының ордасында болды

Loading...


Дата13.02.2020
өлшемі22.31 Kb.
Қазақ-ойрат қатынастары (16 – 17 ғ.) – екі халықтың арасындағы саяси байланыстар. Қ.-о. қ. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін-ақ басталған болатын. 14 – 15 ғ-ларда ойраттардың бірқатар тайпалары күшейіп, көрші елдерге қатысты басқыншылық саясат ұстанды. Екі ел арасындағы толассыз қақтығыс жайылымдық жер мен маңызды сауда жолдарын бақылауға алу мақсатында жүрді. 16 ғ-ға қарай ойраттардың шапқыншылығы Ыстықкөлге, тіпті Сырдарияға дейін жетті. 16 ғ-да қазақтар Жетісу өлкесі үшін моңғол хандарымен де, ойраттармен де қақтығысқа түсті. 16 ғ-дың 20-жылдары ойрат өктемдігіне қарсы Таһир ханның нұсқауымен Жетісуда Жатан қамалы тұрғызылды. 16 ғ-дың екінші жартысында Ақназар хан тұсында ойраттардың шабуылдарына тойтарыс берілді. 16 ғ-дың аяғында Сыр өңіріндегі қалаларды басып алуға тырысқан ойраттарға Тәуекел хан күйрете соққы берді. Ол 1586 – 98 ж. шығыс ойрат билеушісі Алтын ханмен өзара түсінісіп, келісімге келді. Бұл тұста қазақтар басым түсіп, соғыста жеңілген ойраттардың бір бөлігін бағындырды. 17 ғ-да екі ел арасындағы қарым-қатынас негізінен Оңт. Қазақстан қалалары мен Жетісу жері үшін күреспен байланысты болды. 1616 ж. ойраттардың қалың қолы жайылымдық мол жерлері бар және сауда жолдары өтетін Жетісуға басып кірді. Бұл тұста жеңіліске ұшыраған ойраттардың шабуылы Жоңғар хандығы құрылғаннан кейін, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Жалаңтөс баһадүр 30 мыңдық жасағымен Батыр қонтайшының қалың қолына тойтарыс берді.

1640 ж. қыркүйекте Жәңгір хан елшілері Батыр қонтайшының ордасында болды. Бірақ Батыр қонтайшы қазақ хандарына қарсы шапқыншылық мақсатпен бірнеше көршілес иеліктердің басын қосып, одақ ұйымдастырды. 1643 – 44 ж. жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталды. Ойраттар қазақ руларына ғана емес, Тянь-Шань қырғыздарына да қауіп төндірді. Шағын қолын бастаған Жәңгір хан Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен және қырғыздармен тізе қосып, соғысты қазақтардың пайдасына шешті (қ. Орбұлақ шайқасы). Бірақ бұл жеңіс екі ел арасындағы шиеленіскен жағдайды түзей алмады. Жәңгір ұлдары Тәуке мен Апақты Жоңғарияға аттандырып, арадағы қайшылықты дипломатиялық жолмен шешуге қадам жасады. 1652 ж. ойраттар қазақ хандығына тағы да басып кірді. Жәңгірдің туы астында шоғырланған қазақ сарбаздары жоңғарларды кейін ығыстырып тастады. Алайда қазақ-ойрат қатынастары Тәуке хан тұсында қайтадан шиеленісті. 1698 ж. ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғар нояндары ірі сауда орт-тары орналасқан Оңт. Қазақстан аумағын басып алуды көкседі. 17 ғ-дың аяғындағы Тәуке ханның ойраттарға қарсы соғыстары да үлкен жеңіске қол жеткізе алмады. Бұл алдағы уақытта да қазақтардың ел мен жер бірлігін сақтап қалуы үшін барынша күш жинап, бірігуін қажет етті; қ. Жоңғар шапқыншылығы.

р/с

Елшіліктер 

Негізгі сұрақтар.

Нәтиже.

1.

  1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілді.


 лшілердің міндеті қазақтармен сауда жасауды қалыпқа келтіру болды. 

Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстанның шегіне жете алмады, себебі сібірлік Кучум Маметқұл ханның рулары оларды талқандап тастады. 

2.

  1577 жылы Ноғай Ордасынан оралып келе жатқан орыс елшісі Борис Доможиров




 ноғайларға қоқан-лоққы көрсеткен және Ташкентпен және Үргенчпен байланыста болған қазақ хандығы «әлемдегі патша және ұлы князь» екендігіне көз жеткізді.













3

1594 жылы Мәскеуге 1-ші қазақ елшісі келді.

Тәуекел Құл-Мұхаммед ханның елшісі оның Мәскеуде «аманат» ретінде қалдырылған немересі Ораз-Мұхаммедті босату және Орыс үкіметімен достық келісімшарт бекіту туралы тапсырмамен келген болатын. 

Борис Годунов арқылы көршілес және жауласып жатқан феодал хандықтарына қарсы күресу үшін «жалынды шайқасқа» қол жеткізуге міндетті еді.

4

1687 жылы Тобылға Ташим батыр басшылық еткен қазақ елшісі жіберілді

Қазақстанға орыс көпестерін шақыру тапсырылды

Миссия құрамына Сібір қаласы арқылы Орыс мемлекетімен экономикалық байланыс үшін жерді есептеуге дағдыланған қазақ саудагерлері кірді. 

5

1689 – 1960 жылдардың басында Тобылға Тұман батыр басшылық еткен өзге елші жіберілді.

ол байланыстар заңды ресімделмеген, нақты екіжақты қол жетімді келісімдерге қол қойылмаған еді

 қазақ иеленушілерінің хандықтың тәуелсіз жағдайын сақтап қалуына ұмтылуы, екінші тараптан – польша және түрік істерімен жұмыс істейтін Ресей ережесі келісілді. Қазақ хандығының ішкі жай-күйі де, оның Ресеймен сыртқы экономикалық қарым-қатынасты қалыпты дамытуға қолайлы жағдай туғызбады.


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...