12 жылдық білім беру бойынша оқу –әдәстемелік кешен Мамандықты классификациялауға жалпы шолу жасау



жүктеу 411.58 Kb.
бет1/2
Дата09.09.2017
өлшемі411.58 Kb.
  1   2
12 жылдық білім беру бойынша оқу –әдәстемелік кешен

Мамандықты классификациялауға жалпы шолу жасау.
Классификация- заттар мен құбылыстарды маңызды белгілері бойынша бөлу.

Сіздер бойынша, зоология, орыс тілі т.б. тілдерді оқыған кезде әртүрлі классификациялармен таныстыңыздар. Жануарлар әлемін классификациялау табиғат әлемін түсінуге мүмкіндік береді. Жануарларды өмірде кездестірмей-ақ белгілі түрге жатқызып, сипаттама беру ісі классификация арқылы жасалады.

Мамандық әлемінде де классификациялауды тиімді пайдалану арқылы қалаған мамандығыңызды таңдауға көмегі тиеді. Мамандықтардың әр түрлі классификациясы бар. Мамандықтардың аталуына байланысты классификациялау болғанменде, бұл арқылы мамандықты таңдау жеткіліксіз. Жұмыстың мазмұнына байланысты мамандықтарды 2 топқа бөлеміз: дене және ой еңбектері. Автоматтандыру және өндірістерді механикаландыруға байланысты еңбектің екі түрі арасындағы айырмашылықтары бірте-бірте жойылып келеді.

Классификациялаудың келесі түрі: халық шаруашылық саласы бойынша мамандықтар.

Материалдық өндіріс белгілері бойынша да мамандықтар 2 топқа бөлінеді. 1 топтағы мамандықтар өндірістік аймақтық (ауылшаруашылық,құрылыс, орман шаруашылығы, өнеркәсіп транспорты, байланыс) 2-өндірістік емес сфера (денсаулық сақтау, жүргіншілер транспорты, сауда жүйесі, білім беру)

Жұмысшылар мамандықтарының түрлері, кәсіби шеберлігі, талап ету деңгейіне байланысты.

Жоғарғы кәсіби шебер мамандықтар (наладчик, оператор)
Кәсіби маман (токарь, фрезеровщик, слесарь) кәсібилігі шамалы маман. (машинистка) мамандығы жоқтар. (қара жұмысшылар)

Мамандықтардың типтері.

Еңбек құралына байланысты мамандықтар 5 типке бөлінеді.

Еңбек құралы техника болып табылатын мамандықтар кең таралған.. Бұл мамандықтарға техникамен қызмет ету саласы оны жөндеу, құру, басқару түрлері жатады. «Адам-техника» мамандығы тасымалдау, көтеру құралдарын слесарь-жөндеуші, технологиялық құралдардың наладчигі, жүргізуші, техник, механик.

Бұл мамандықтар типіні металды өндіру және өңдеу, олардың механикалық жинақтау, монтаждау мамандықтары: слесарь-механик,токарь, болат балқытушы, сағат құраушы, инженер –физик, кез келген құрылысты жөндеуші, конструкторлық мамандықтар , архитектор, құрылысшы, техник,-сантехник.

Метал емес бұйымдарды жасаушылар мамандықтарына етікші , алмас өңдеу, тоқымашы, ағаш өңдеуші, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер: наубайшы, кондитер, инженер-технолог т.б. тау жыныстарын өндіруші және өңдеуші: шахтер.

«Адам-адам» мамандықтар типі.

Бұл мамандықтар келері тәрбиелеу, білім беру, ақпараттандыру тұрмыстық, сауда, денсаулық сақтау қызметіне бағытталған. Бұл адамдар және ұжымын жұмыс істеу басқарумен қарым-қатынаспен байланысты мамандық. Бұндай мамандықтар типіне экскурсовод, мұғалім, сатушы т.б. «Адам-табиғат» жер бетіндегі барша дүние тіпті адамның өзі де табиғаттан жаратылған. Осы саладағы мамандықтар: микробиолог, балықшы, тракторшы, ветеринар, фельдшер, малшаруашылығы механик комплексінің оператор және бақшашы. т.б.

Еңбек құралдары әртүрлі таңбалармен байланысты да мамандықтар түрлері бар: ауызша және жазбаша сөйлеу, сандар, химиялық, физикалық символдар, нота, сызба , карта, графика, сурет, жол белгісі т.б.

Бұндай бағыттағы мамандықтарды «адам-таңбалар жүйесі» типіне жатқызамыз. Корректор, стенографист-машинист, чертежник, нотографик, топограф.

Көпшілік адамдарға бейнелеу, музыка, әдеби бейнелеу және актерлік еңбек түрлері ұнауы мүмкін.

Бұл мамандық типі: «адам-бейнелеу образ» киімінің конструкторшы-модельер, витражшы, суретші-фотограф, музыкант, артист, музыкалық аспаптарды жөндеуші, журналист, кілем тоқушы т.б.

Мамандықтар түрлері (класы)

Еңбек мақсатына байланысты мамандықтар түрлеріне бөлінеді

3 түрлі мақсат бар: білу, өзгерту, ойлап табу. І түріне мамандықтардың білімпаздық түрлері жатады. (гнозис-знание или познание). Адам қызметін білу, бақылау, түрлендіру, сұрыптау, алдын ала белгілі белгімен тексеру, бағалау, зерттеу ісімен байланысты болса, онда ол білімпаздық-мамандық түріне жатады.

Білімпаздық мамандықтарын барлық жерде кездестіреміз, егін даласында, емханада, зауыттарда, құрылыс алаңында, сауда залдарында, контролер корректор, сыншы, санитар дәрігер лаборант анализдеуші.

Келесі мамандық түріне өзгертушілік мамандықтарын жатқызамыз. Мысалы: ағаш ұстасы, мұғалім, бағбан, сызбашы.

Ізденушілік бағыттағы мамандықтар түрінің мақсаты бірденені ойлап табу, құрастыру, шешімінің жаңа өзге нұсқасын табу болады: геолог.

Мамандықтар бөлімдері.

4 бөлімдерден тұрады.

1. Қол еңбегіне негізделген, хирург, техник жөндеуші.

2.Аяқпен, қолмен басқарылып жүргізілетін машинаға байланысты мамандықтар.

3. Автоматтандырылған немесе автомат құралдарға негізделген мамандықтар болат балқытушы, тоқымашы, баспа ісі қызметкерлері, энергия жүйесі операторы.

4. Адам организмінің қызметіне байланысты мамандықтар: әнші, актер, мұғалім, балерин, дегустары т.б.

Мамандықтар топтары.

4 топтары:

І топ. Тұрмыстық жағдайға байланысты еңбек , сызба, бухгалтер, радиоаппаратура бақылаушысы.

ІІ Ашық ауада: ауа райын бақылаушы, тракторшы

ІІІ Әртүрлі жағдайдағы еңбекке байланысты: су асты, биіктікте, жер асты, жоғары температурада.

Мамандықтар: шахтер, бояушы, сылақшы, суасты жүзуші, биіктіктегі монтаждаушы.

ІV. Жоғары адамгершілігі: еңбекке негізделген еңбекке байланысты: адам денсаулығы, өте маңызды қоғамдық, материалдық құндылық. (мұғалім, сатушы)

Мамандықтар формуласы.

Кез келген мамандықты қарастырған кезде оның төрт белгісін ажыратып қарастырған тиімді.


  1. Еңбек типі, 2. еңбек мақсаты, 3. еңбек құралы. 4. еңбек жағдайы.

Токарь мамандығын қарастырайық.

  1. типі адам техникаға жатады.

  2. мақсаты мамандықты өзгертуші

  3. құрал машинананы қолдану

  4. тұрмыстық жағдайдағы мамандық.

Формула Т.Ө.М.Т
Мамандықтар классификациялау.


Классификация

белгілері.




Еңбектің түрлері және сипаты.

Мамандық

типі.


Т Т А Т К

Адам- адам- адам- адам- адам-

Техника табиғат адам. таңбалар көркем

жүйесі образ



Еңбек

мақсаты.


Білімпаздық Б Өзгертуші Ө Ізденуші І

Білу,ажырату, өзгерту,өңдеу, ойлап табу,

анықтау,бағалау, тәртіптеу, құрастыру,

тану,ұғыну, ұйымдастыру, шешімнің жаңа

бақылау,тексеру. қызмет көрсету, амалын табу.

ықпал жасау.



Еңбек

құралы.


Қ М А Ф

Қол еңбегіне механикалық Автоматтан- Адам

Негізделген. механизм, дыру. организімін

машинамен функционалды

атқару. пайдалану.


Еңбек


жағдайы.

А Е Т А


Жоғары Ерекше Тұрмыс Ашық

Адамгершілікке жағдайдағы жағдайындағы ауадағы

Негізделген еңбекке еңбекке жұмыс

негізделген. байланысты. Түрлері.





Жаттығулар

Төменде аталған істерді атқарушы мамандықтар тізімін жасаңыздар.

А) көркем фильм -...

Б) бөлке нан -...

В) газет -...

Г) оқушы дәптері -...

Д) магнитофон -...

Е ) тұрғын үй -...

Мына істерді жүзеге асырушы мамандар

Ж) кез келген тұрғын пункітіне жеткізуші -...

З) телефонмен сөйлесу мүмкіндігін жасаушы -...

И) мемлекеттік шекара қауіпсіздігін қорғаушы -...

К) орта білім беруші.

2. Төменде аталғандардан мамандықты анықтаңыз.

Токарь, хирург, мектеп мүдірі, әдеби сыншы, пианист, мұғалім, ағаш ұстасы, монтажшы, шахтер, ұшқыш-сынақшы, теоретик-химик, маляр, суретші-консруктор, тоқымашы, тігінші.



  1. Төмендегі сөздердің қайсысы мамандықты анықтайды.

ветеринар, дәрігер, мұғалім, тас қашаушы, токарь, кітап сатушы, бульдозерші, совхоз директоры, инженер, суретші-конструктор, шаштараз, жүргізуші, тігінші, кулинар, сурет сабағының мұғалімі.

  1. Төменде келтірілген мамандықтар мен мамандарды ай және дене еңбектеріне қатысты ажыратыңыз.

медсестра, агроном, тігінші-моторист, теполвоз машинисі, бағбан, сылақшы, есепші, болат балқытушы, кітап сатушы, инженер консруктор, машинист, ағаш ұстасы, балабақша тәрбиешісі, электр монтажшы, машинамен салу операторы.

  1. Халық шаруашылық мамандары мен мамандықтарын анықтау микросхеманы құрастырушы , агроном, токарь-универсал, милиция инспекторы, тас қашаушы, кондитер, бағбан, медсестра, тергеуші, тракторист-машинист, болат балқытушы, тігінші моторист, кітап сатушы, сылақшы, экономист.

  2. Өндірістік салаға қатысты мамандықтар мен мамандар қайсысы

Сағат құраушы, бағбан, кулинар, мұғалім, ұста, медбике, чертежші, инженер-құрылысышы, троллейбус жүргізуші , тоқымашы, тракторист-машинист, шаштараз.

  1. Жұмысшы мамандықтары қайсысы

Конструктор, модельер, тігінші-моторист, технологиялық жабдықтарды жөндеуші, таксист жүргізуші, ұста, программалы басқарушы, станок операторы, бала бақшадағы тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, машинистка, автослесарь, теміржолдың вагондарын қараушы, өрт сөндіруші.
Мамандықтарды классификациялау.


  1. таблицасын пайдаланып, төмендегі мамандарды қандай мамандықтың типіне жатқызасыз

бала бақша тәрбиешісі, ветеринар, дәрігер, фармацевт, көркемдеп өңдеу бойынша сылақшы, токарь, өрт сөндіруші, фотограф, мед.сестра, тас қашаушы, кітап сатушы, троллейбус жүргізуші, радиоаппаратураны құрастырушы слесарь.

  1. Таблицаны пайдаланып төмендегілерді мамандықтардың қандай класына жатқызасыз

Кулинар, автослесарь, модельер,такси жүргізуші, ЭВМ операторы, машинамен сүт сауу операторы, радиоаппаратураны құрастырушы, слесарь, тергеуші, агрном, жазушы, корректор, шаштараз.

  1. Еңбек құралы қандай бөлімге қатысты

Трактор, күрек, телефон, таразы, логарифм сызғышы, кір жуу машинасы, фотоаппарат, рулетка, микрокалькулятор, жиналыс төрағасының қоңырауы, автомобиль, айна, шприц, ЭВМ

  1. Еңбек жағдайын анықтау.

Мұғалім, есепші, су асты жүзуші, геолог, автобус жүргізуші, слесарь-құрастырушы, суғарушы, өнеркәсіп тауарларын сатушы, биіктіктегі құрастырушы, тігінші моторист, тракторшы-моторист, сылақшы, тергеуші, шошқаны бордақылаушы мен өсіруші, оператор, сызбашы.

  1. төмендегі мамандықтар бойынша формула құрастыр.

Токарь,

ЭВМ операторы

Электромонтер

Тігінші моторист

Тракторшы-машинист

Мұғалім


Стенографист

Такси жүргізуші



  1. Төмендегі формула бойынша мамандықтар мен мамандарды анықта.

  2. Мына мамандықтарды классификацияның барлық белгілері бойынша анықтаңыз.

А) бағбан е) еңбек мұғалімі

Б) милиционер ж) темір кесуші

В) кітап сатушы з) инженер

Г) фрезеровщик и) тоқымашы

Д) меморатор к) малшы
15. Төмендегі келтірілген мамандықтар жұптарына ортақ белгіні табу,

А) медсестра-токарь

Б) официант-такси жүргізуші.

В) математика мұғалімі-спорт жаттықтырушы

Г)есепші-слесарь

Д) суғарушы-агроном

Е) Инженер-конструктор-композитор

16. Төменде келтірілген мамандықтардың ортақ белгісі?

а) Малшы, бағбан.

б) Инженер конструктор, композитор, химик-

в) Медбике, токарь, бухгалтер

г) Токарь, биік кранның машинисі, слесарь

д) Сатушы, сауыншы, биік кранның машинисі, слесарь

е) Сатушы, даяшы, кітапханашы, медбике, спорт жаттықтырушысы.

17. Төмендегі мамандықтар бойынша

а) жойылудың алдындағы немесе мүлде жойылған.

б) ХХ ғасырда пайда болған.

в) соңғы онжылдықтарда пайда болған

Суретші, ЭВМ операторы, машинист-тракторшы, мұржа тазалаушы, редактор, ұста, ат айдаушы, сылақшы, дәрігер, ұшқыш, есепші экскурсовод, ағаш қашаушы, бағбан, аспазшы, клоун, мұғалім.

18. Төмендегі мамандықтарды ажыратыңыз.

Ауылшаруашылық

Химия өнеркәсібі

Құрылыс

Машина жасау.



Чертежшы-конструктор, ветеринар, фельдшер, есепші, бағбан, химия биологиялық анализдеу лаборанты, радиоаппаратура монтаждау, слесарь, агроном, инженер механик, сылақшы химик, технолог, юрист

19. Классификациялау таблицасын басшылыққа алып, сізге лайықты мамандықты анықтаңыз.

20. Таблицаны пайдаланып, өз таңдаған мамандығыздың формуласын шығарыңыз.

Практикалық жұмыс.




Тип




Класс










Бөлім





































Топ




























































































































































Ауызша сұрақтар және тапсырмалар.



  1. Еңбек бөлінісі деген не?

  2. Еңбек бөлініс неліктен пайда болды?

  3. Еңбек бөлінісі пайдалы үрдіс пе жоқ па?Неге?

  4. Еңбек бөлінісі қай бағыттарға бөлінеді?

  5. Біздің уақытта еңбек бөлінісі болуы мүмкін бе?

  6. Жаңадан пайда болған мамандықтарды, мамандардың еңбек бөлінісі арқылы пайда болғандығына мысал келтіріңдер.

  7. Бар мамандықтардың қосылып, бірігуі нәтижесінде пайда болуына мысал келтір.

  8. Жақында жойылған мамандықтарды атап, мысал келтір.

  9. Біздің қоғамымызда кейінгі жылдары пайда болған мамандықтарды атаңыз.

  10. Мамандық деген не?

  11. Бір мамандыққа жататын 3 маманды атаңыз.

  12. Мына мамандар қандай мамандыққа жатады? Педиатр, стоматолог, терапевт, хирург

  13. Құрылысшы мамандығына жататын мамандарды атаңыз?

  14. Дәрігер-бұл мамандық па әлде маман ба?

  15. Мамандықтарды классификациялаудың қандай белгілерін атаңыз?

  16. Өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы айырмашылық?

  17. Мамандықтарды екі топқа бөлу (дене, ой) шарты қандай?

  18. Халық шаруашылығының негізгі салаларын атаңыз?

  19. Жұмысшы мамандықтары кәсіби деңгейіне байланысты қалай бөлінеді?

  20. Еңбектің негізгі компоненттері қалай ерекшеленді?

  21. Халық шаруашылығының қай саласында слесарь, музыкант жұмыс істейді?

  22. Сіздің қалаңыздағы қай өнеркәсіптер, машина жасау, тамақ өнеркәсібіне жататын өнеркәсіптерді атаңыз?


Адам және мамандық

Мамандықтардың адамға қоятын талабы.

Белгілі мамандықты меңгеріп, жақсы жұмыс істеу үшін адам нақты мамандық тарапынан қойылатын талаптарды орындап, икемділік қасиеті болуы керек. Сондықтан мамандық таңдауда, қойылатын талаптарды білу керек. Сондықтан әрбір мамандыққа қатысты тип, класс, бөлім және топты ажырата алу керек.



«Адам-техника» мамандықтың типі.

Техникалық обьектілердің ерекшеліктері олар көптеген белгі бойынша нақты өлшемді талап етеді. Өңдеу, өзгерту, кеңістікте қозғалу немесе бағалауда жұмысшыдан нақтылық, анықтылық талап етіледі. Ұқыптылық пен жоғары орындаушылық тәртіп қажет. Әрине мұндай қасиеттер барлықтарына да қажет, дегенмен техника саласында ерекше назар аударылады. Техника адамдарды шығармашылыққа, жаңашылдық, ойлап табуға итермелейді.. Сондықтан ойлау қабілетінің жоғары дәрежеде болғаны жөн.

Техникалық, фантазия, техникалық обьектілерді ойша біріктіру, ажыратуға қабілеттілік бұл салада жаңа еңбек өнімін ғана емес, жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін ашуға мүмкіндік береді.

«Адам-адам» мамандығының типі. Бұл саладағы еңбектің мазмұны адамдар арасында қарым-қатынасқа негізделген. Егер адамдармен қарым-қатынас дұрыс болмаса, онда жұмыста да дәл солай болады. Сондықтан адамдармен байланыс жасау оны білу, адамдарды түсіну, ерекшеліктерді ажырата білу қабілеттер мен қасиеттер маңызды болып табылады. Осы мамандықтың иесі мынадай қасиеттерге ие болуы қажет; Берік, жақсы көңіл-күй, адамдармен тіл табысу, ойша өзін басқа адамның орнына қою, адамдар арасындағы қарым-қатынасты түсіне білу, есте сақтай білу, көп адамдардың жеке қасиеттерін туралы бідлімді есте сақтай білу, әртүрліадамдармен тіл табыса білу, шыдамдылық.

«Адам-табиғат» мамандығының типі.

Осы саладағы мамандықтарға ортақ қасиет-табиғатты сүю. Бірақ табиғатқа көзқарас екі түрлі, кейбір адамдар табиғат демалатын орта десе, екіншілері, оны табиғатты тану оны пайдалану заңдылықтарын білуде құштарлыққа бөлінеді. Сондықтан мамандықты таңдау барысында осы жағдайды жақсы білу керек, сіздің көзқарасыңыз қандай, табиғат –сіз еңбек ететін шеберхана ма, әлде демалыс орны ма?

Еңбектің биологиялық обьектісінің ерекшелігі-күрделі, құбылмалы стандартты емес. Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің дамуы, өсуі демалысқа да мейрамды күндерге де қатысы жоқ. Сондықтан мамандарға күтпеген жағдайларға үнемі әзір болу керек. Сондықтан көптеген мәліметтерді есте сақтай білу керек. Еңбек обьектісінің өзгергіштігіне үнемі болжам жасай білу , жобалау қасиеттері қажет. Еңбектің міндеттерін шешу барысында шешім қабылдай алу, белсенді ұсыныс айта алушылыққа қабілеттілік талап етіледі. Еңбектегі өзгермелі жағдай мамандардан шығармашылық ойлау қабілетін талап етеді.

«Адам таңба жүйесі» мамандық типі «Т»

Біз өмірде таңбалармен жиі кездесеміз. Олар: сандар, кодтар, шартты белгілер, табиғи және жасанды тілдер және сызбалар. Барлық жағдайда адам таңбаны нақты обьект пен құбылыс символы ретінде қабылдайды. Сондықтан мамандар абстрактылы ойлау қабілеттілігін, қиялдауды талап етіледі. Таңбалардың өзара айырмашылықтары көп ерекшеленбегендіктен, жұмыс істеу барысында мамандарға зейіннің тұрақтылығы, жинақтылығы, тиянақтылығы қажет.

«Адам-көркем» бейне» «К»

Бейнелеу, музыка, әдеби көркем, сахналық-астарлық мамандықтар иегерлеріне қойылатын талап: өнерге икемділік, шығармашылық қиял, бейнелі ойлауға қабілеттілік және еңбек сүйгіштік, еңбектің нәтижесін сырттан бақылай отырып, бұл саладағы мамандықта олай емес, керісінше қиын, сыртқа сәтті болып көрінген іс үшін, қаншама сағат күнделіктер тану керек.

Өнер адамдарының еңбегін бағалушы көрермен , қоғамдық бағаға сай болу үшін, өзін-өзі қанағаттану үшін үнемі алдағы ұмтылу керек, мақсатшылдық талап етіледі.

Еңбек мақсаттылығы

Білімпаздық мамандыққа қойылатын талаптар: білім алу белсенділігі, байқампаз, зейінділік, зейіннің тұрақтылығы, жоғары дәрежедегі еңбек ету, сезім органының шаршамауы, көзқарасының тұрақтылығы, қорытындылауда шешімді болу.

Өзгертуші мамандыққа қойылатын талаптар:

Адамдардың өзгертушілік қызметі белгілі бір заттарға, энергия түрлеріне, ақпараттарға, үрдістерге, қоғамдық өмірдің құрылысына бағытталуы мүмкін. Мамандықтың бұл класы мамандықтардың барлық қойылатын талаптар: қоршаған ортаға әсер ете білу, еңбектің барысы мен нәтижесіне қызығушылық , жоғары белсенділік пен еңбексүйгіштік.

Зерттеу немесе ізденушілік мамандықтар.

Жаңашылдыққа қызығушылық шығармашыл ойлау, қиялдай білу, үйреншікті ойлап отырған ой жүрісінен жеңіл бас тарта алу, проблеманы шешудің жаңа жолын қарастыру.

Мамандықтар бөлімі. Еңбек құралдары.:



  1. Қол еңбегінен атқарылатын жұмыстар

  2. Машинамен жұмыс атқару.

  3. Жартылай автомат т.б. техникалық комплексті пайдалану

  4. Функционалды еңбек құралы.

А) сөз б) орган в) сезіморг

Мұғалім балерина дегустатор

Адвокат спортсмен аспазшы

Прокурор


Еңбек құралына байланысты мамандықтарға қойылатын талаптар.

  1. Қозғалыстың үйлесімділігі, буын мен бұлшық еттердің жоғары сезімділігі, көрнекі-қозғалысты тәжірибелік ойлаудың , жоғары ережесі, еңбек нәтижелілігіне емес тікелей еңбек процесіне қызығушылық

  2. Қозғалыс үйлесіміділігі, шапшаң қимыл, және болжампаздық төтенше жағдайларға даяр болушылық қасиеттің ұстамдылық пен өзін-өзі бақылауға қабілеттікпен ұштасуы, тәжірибелік, техникалық ойлау білу.

  3. Зейіннің тұрақтылығы және байқампаздық, қиялдау, көрмеген заттарды ойша елестете алу.

  4. Көпетеген ережелердің мәліметтерді сақтай білу, оларды қолдана білу, есте сақтау қабілеті, өзін-өзі бақылай алу, басқара алу қабілеттері.

Мамандықтар топтары

(Еңбек жағдайы)



  1. Тұрмыс жағдай Т

  2. Ашық ауа жағдайы А

  3. Ерекше жағдай Е

  4. Жоғары адамгершілік А

Мамандықтардың формуласы.

Токарь Мұғалім Дәрігер

ТӨМТ АБФА АБҚА

Тип ТАТТК

Класс БӨІ

Бөлім ҚМАФ

Топ АЕТА
Мамандыққа қабілеттілік және мамандыққа лайықтылық.

Мамандыққа лайықтылық-мамандыққа қойылған талаптардың жұмыс атқарушының жеке қасиеті мен мүмкіншілігіне сәйкес келуі.

Немесе мамандыққа лайықтылық адамның өзімен оның ісінің сәйкес үйлесімділігі.

Мамандыққа лайықтылық сипаты мамандықтағы жетістігі және өз еңбегінен адамның ләззат алуы.

Мамандыққа лайықтылық негізі –қабілеттілік.

Белгілі бір іс-әрекет, қызметтердегі жетістікке қол жеткізудегі адамның жеке психологиялық ерекшеліктері , білім мен іскерлікті тез және жеңіл меңгеру де қабілеттілікке байланысты.

Қабілеттіліктің өлшемі-белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Жалпы және арнаулы қабілеттілік деп бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.

Ақылдың адамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады. Іс әркеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суреттің, музыканттың, актердің, спортшының, математик ғылымның ақын жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілетінің үшінші түрі деп практикалық іске зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп рпактикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық, конструктивті техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, практика) орайлас бөлінеді. Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналсыуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен ақбілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік-адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бетбұрысы оған көңілі аууы, аянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына әуестенушілікті көрсетеді. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып табылады, мысалы, 2-3 жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетіне байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді. Бала өзі ерекше еңбек етпейтін болса, әрекеттің сол саласында үздік нәтиже көрсете алмайтын болады. Музыкалық нышаны бар баланы ән салуға үйретпесе, оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал. Бала айналасындағы нәрселерді танып білуде өзі белсенділік көрсетпейінше, оны дұрыс ұғына алмайды. Іс-әрекетсіз, оны меңгеруге бағытталған белсенді қимыл- қозғалыссыз қабілеттің дамуы мүмкін емес,сондықтан әрбір адамда белгілі бір іске бейімділік болады. Мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес,адамның бойында осы талаптарға сәйкестік болса,мамандыққа бейімді немесе лайықты деп саналады.

Егер адамның денсаулығы дұрыс болмаса, немесе таңдаған мамандығы денмаулығына кері әсер етсе,онда бұл мамандыққа сәйкесіз лайықсыз болып табылады. Сондықтан,мамандық таңдау барысында келешекте өкініште қалмас үшін алдын-ала дәрігермен ақылдасқан жөн болады. Сәйкессіздік тек қана медициналық жағынан ғана болуы мүмкін емес. Көптеген мамандықтар адамнан ерекше бейімділік пен қабілеттілікті талап етеді. Мұндай мамандықтар мысалы, музыкалық, суретшілік, әдеби сахналық маман иелері. Жоғары дәределі мамандыққа лайықтылық сол айналысатын іске адамның икемділігіңіз сәйкестеніп келуі.Осындай адамдарды нағыз маман иесі деп айтамыз.

Кей жағдайларда адамдар мамандық таңдау барысында зияндылығы болмаса,икемділігі бар жоғына қарамайтын белгілі бір мамандықты таңдаған жағдайда,көп еңбек пен адамның белсенділігі талап етіледі.Кейде көптеген мамандықтар бейімділігі мен икемділігі болған жағдайда қызығушылыққа сүйенген абзал. Егер мамандыққа икемділік болмаса бұл мамандықтан бас тарту керек,не болмаса,икемділіктің орнын толтыру жағын қарастыру керек. Икемділіктің орнын толтыруды мысалы, баяулық болса,тиянақтылық пен алдын ала көрегенділікпен, есте сақтау қабілеті жоқ болса, үнемі күнделікті жазып отыру картатеканы қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы.Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен көріне аламаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын жазушы болғандары , көрген нәрсесін еінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талапты суретші болып шыққандары да бар.Мәселен,ескі заманның аса көрнекті ораторы Демосфен бала кезінде тұтықпа кекеш бола тұрса да өзін ерекше жаттықтырудық арқасында қабілетінің кемістігін жойып,аты шулы шешен деген атққа ие болған.

Адам қабілетінің даму қоғамның дамуына оның әлеуметтік сипатының ғылыми – техникалық прогресске байланысты болып отырады.Өйткені қауырт дамып келе жатқан өндіріс барған сайын жаңа ғылыми талаптарды талап ете бастайды.Мұның өзі білімді адамдырдың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызады.Еңбектің санаулы түрлереінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де дамуына себепші болады. Адамның білімі , шеберлігі,іс-әрекетінің түрлі саласында айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым,техника,әдебиет пен өнер саласында адамның қабілеті мен дарыны, таланты дамып оның ойдағыдай өрістеп түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады. Мамандық таңдаушы әр адамға әртүрлі істерде өзін сынап көруі қажет және өзінің қабілеті мен бейімділігін анықтап оны дамытып отыруы тиіс.

Қызығушылық және бейімділік .

Қызығушылық және бейімділікті анықтау.

Практикалық жұмыс.

1 - тапсырма. Өз қызығушылығыңызды анықтаңыз.

Сауалнамады келтірілген сұрақтардың барлығына жауап беру талап етіледі.Егер сұрақ бойынша айналысатын іс өзіңізге өте жақсы ұнаса,жауап парағындағы сәйкес нөмірге 2 + (плюс) қоюыңызға болады.Егер жай ғана ұнаса 1 + (плюс) бәрібір немесе білмеген жағдайда 0 (нөл) , егер ұнамайтын жағдайда 1- (минус) белгісін қоясыз.Әрбір калонкадағы плюс (+) белгілерін есептеп,сіз өз қызығушылық аймағыңызды анықтай аласыз.

(+) белгісінің көптігімен қызығушылық мүмкіндігі анықталады.

І физика,ІІ математика,ІІІ электрорадиотехника

ІV техника,V химия,VІ биология және ауылшаруашылығы,VІІ медицина ,VІІІ география және геология,ІX тарих,X физиология, журналистика ,

XІ өнер, XІІ педагогика,XІІІ қызмет көрсету саласындағы еңбек,

XІV әскери іс , XV спорт.

Қызығушылықтың тұрақтылығын сауалнамадағы горизонтальды баға плюс белгісінің санымен анықтайсыз.Егер ондай белгі 1-2 бағанда көп болса,онда сіздің осы саладағы іске қызығушылығыңыз жоғары немесе осы бағытта білім алып , осы іспен айналысқыңыз келеді.Егер 3-4 бағанда осы салада терең білім алғыңыз келеді,5-6 бағанда сіз белсенді іс-әрекетке көштіңіз,сіздің қызығушылығыңыз қабілеттілікке ұласты деп түсінесіз.

Қызығушылық сауалнамасы.

Сіз жақсы көресіз бе? Сізге ұнай ма?



  1. «Қызықты физика», «Физиканың әзіл-қалжыңы» сияқты кітаптарды оқисыз ба?

  2. «Қызықты математика», «Математикалық демалыс» сияқты кітаптарды оқисыз ба?

  3. Радиотехника саласындағы жетістіктер жөнінде ғылыми – көпшілік журналдармен таныстыңыз ба ?

  4. «Жас техника», «Жастар техникасы» атты техникалық журналдарды оқисыз ба ?

  5. Атақты химиктердің өмірі мен қызметі химия саласындағы жаңалықтар жөнінде оқисыз ба?

  6. Жан-жануарлар және өсімдіктер жемі жөнінде оқисыз ба?

  7. Медицина саласындағы жетістіктер, дәрігерлер, адамдардың ауруға қарсы күресуді қалай үйренгендер жөнінде оқисыз ба?

  8. Географиялық карта және әр түрлі елдер жөніндегі мәліметтермен танысасыз ба?

  9. Тарихи оқиғалар және жеке тұлғалар жөнінде кітап оқисыз ба?

  10. Әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқисыз ба?

  11. Джаз, опера, симфония музыкаларынтыңдап, өнердің тарихи дамуы жөнінде қызығушылық таныттыңыз ба?

  12. Мектеп өмірі жөнінде кітаптар оқисыз ба?

  13. Жиһаздарды құрастыру, киім үлгілерін модельдеу, тағамдар әлемімен қызықтыңыз ба?

  14. Соғыс жзәне шайқас туралы кітаптар оқыдыңыз ба?

  15. спорт туралы газет, журналдар, кітаптар және атақты спортшылар туралы оқыдыңыз ба?

  16. Атақты математиктердің өмірі мен қызметтері, математикалық ашылған жаңалықтар жөніндегі ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқисыз ба?

  17. Атақты физиктердің өмірі мен қызметтері, физикалық ашылған жаңалықтар жөніндегі ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқисыз ба?

  18. Радио және электро құралдар құрылысын анықтау.

  19. Техника жаңалықтары жөнінде бағдарлама көріп, тыңдап, техникалық көрмелерді көрдіңіз бе?

  20. Химиялық реакцияның барысын бақылау, химиядан тәжірибе жасау, химиялық реакцияның жүру барысына бақылау жасау ұнай ма?

  21. Өсімдіктану, жануартану, биологияны оқып үйренуге қалай қарайсыз?

  22. Адам организмінің қызметі және құрылысының ерекшеліктерімен танысу.

  23. Пайдалы қазбалардың жаңа орнының зерттелуі туралы білу

  24. Шетелдегі және ТМД елдерінің саяси оқиғаларды талқылау.

  25. Әдеби–сыншыл мақалаларды оқу.

  26. Сурет көрмесі, театр қойылымдары, кинофильмдерді талқылау.

  27. Сыныптардағы кішкентай балалардың, достардың тәртіптерін жөндеуге көмек беруге дайын болу, және жасөспірімдер тәрбиесі жөнінде сұрақтарды талқылау.

  28. Өз бөлмеңді жинақы ұстау, мектепте, сыныптавғы, үйдегі жинақылыққа қамқорлық жасау.

  29. Әскери техникамен таныс болу.

  30. Спорттық жарыстар және матчтарға бару.

  31. Физикадан тәжірибе жасау.

  32. Математикалық есептер шығару.

  33. Радиоаппаратурасының сызбасын ұғыну.

  34. Техникалық сызба және сызуларды оқу.

  35. Реактивтерді өлшеу, ерітінді даярлау.

  36. Жануарлар мен өсімдіктерді күту, бақша мен бақта жұмыс істеу.

  37. Әр түрлі аурулардың пайда болуының себептерін оқып білу.

  38. Минералдардың коллекциясын жинау

  39. Мемлекеттер және халықтардың пайда болу тарихын оқып білу.

  40. Шетелдерді оқып үйрену.

  41. Сахнада өлең айту, өнер көрсету.

  42. Кішкентай балаларға кітаптар оқу, ертегі айту, оларға қажет болғанда көмаек беру.

  43. Тігу, тоқу, кесте тігу, тамақ әзірлеу, үй жиһаздарны, тұрмыстық құралдарды жөндеу.

  44. Әскериленген жорықтарға қатысу.

  45. Спорт ойындарын ойнау.

  46. Физикалық үйірмемен айналысу.

  47. Математикалық үйірмеге қатысу.

  48. Электрожелі және электр құралдарындағы ақауларды жөндеу.

  49. Химия үйірмесіне қатысу.

  50. Биологиялық үйірмеге қатысу.

  51. Дәрігер және медбикенің жұмысымен танысу.

  52. Географиялық және геологиялық карта жасау.

  53. Тарихи мұражайларға бару, мәдени ескерткіштермен танысу, археологиялық экспедицияларға қатысу.

  54. Өз ойыңды жазбаша жеткізу, бақылау, күнделік жазу.

  55. Драмалық үйірмелерге қатысу.

  56. Әртүрлі механизмдерді құрастыру және жөндеу.

  57. Оқу тапсырмаларын орындауда қиындық туса, жолдастарыңа қалай орындауға болатындығын түсіндіру.

  58. Адамдарға әр түрлі қызмет көрсету (аяқ киімдерін жөндеу, фотосурет шығару, шаштарын әдемілеп жөндеу, т.б.).

  59. Әскери жорықтар және ойындарға қатысу.

  60. Спорттық жарыстарға қатысу.

  61. Физика пәні бойынша олимпиадаға қатысу.

  62. Математикалық сайыс олшимпиадаларға қатысу.

  63. Радиоқұралдарды жөндеу және құрастыру.

  64. Самолет, планер, корабль т.б. конструкциялар мен модельдерін жасау.

  65. Химиялық олимпиадаларға қатысу.

  66. Ауру адамды күту.

  67. Биологиялық олимпиадаға қатысу.

  68. Үлкендерге көмектесу немесе өзің жергілікті жердің топографиялық суретін түсіру.

  69. Тарихи үйірмеге қатысу, тарих бойынша әр түрлі хабарлама жасау.

  70. Лингвистикалық немесе әдеби үйірмелерге иқатысу.

  71. Музыкалық аспапта ойнау, суретсалу, ағаштан өрнек ою.

  72. Топ тәлімгері жұмысын атқару.

  73. Жанұяның қаржысын үнемдеуге қамқор болу.

  74. Жорықтар және ойындарды ұйымдастырушы болу.

  75. Спорт секциясына қатысу.

  76. Физикалық жаңалық ашылулар жөнінде баяндама жасау, физика бойынша сайыс, КВН ұйымдастыру.

  77. Математикалық конкурстар ұйымдастыру.

  78. Радио үйірмеге қатысу.

  79. Техникалық көрме, техникалық шығармашылық байқауларды ұйымдастыру, оған қатысу.

  80. «Химия біздің айналамызда» атты кешті үлкендердің ұйымдастыруына көмектесу, қатысу.

  81. Биологиядан тәжірибе жұмысын жүргізу.

  82. Санитарлар үйірмесіне қатысу.

  83. Географиялық, геологиялық экспедиция ұйымдастыру.

  84. Туған өлкеңді оқып үйренуге арналған жорықтарды ұйымдастиыруға қатысу және жорыққа қатысу.

  85. Әдебир мерекелер, даталы күндерді ұйымдастыру, әдеби кештердің өткізілу сценарийін жасау.

  86. Сайыстарға, олимпиадаларға, көркемдік байқауларға қатысу.

  87. Ойындар және балаларға мереке ұйымдастыру, тимур командаларын құру, пионерлердің ықпал аймағы штабын құру.

  88. Жорықтарға тамақ пісіру, жорық бекінісін құру, қажетті жабдықтарын суретке түсіріп, суретті шығару.

  89. Әскери істі оқып үйрену.

  90. Кішкентай балаларды спорттық үйірмелер мен топтарда жаттықтыру

Практикалық жұмыс соңында:

А) Өз қызығушылық акймағын атаңыз

Б) Осы аймаққа қандай мамандықтар жататынын жазыңыз

В) Жоғарыда аталған мамандықтар және кәсіптер бойынша біздің республикамыздың қай оқу орындарында білім алуға болатындығын анықтаңыз?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет