«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру бойынша 55-қадам. «Экспорт тауарлар жасау және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін өңдеу өнеркәсібіне кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту»



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігінің

2016 жылғы «___» _____________

_____________ хатына

1 қосымша
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру бойынша
55-қадам. «Экспорт тауарлар жасау және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін өңдеу өнеркәсібіне кемінде 10 трансұлттық компанияны тарту»

Қазіргі мәртебесі: орындалуда

2015 жылдың 17 қарашасында трансұлттық компанияларды тарту мәселелері бойынша бірқатар түзетуді қарастыратын «Индустриялық-инновациялық саясат мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.

2016 жылдың 6 қыркүйегінде Президент Жарлығымен 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді.

Үкіметтің 2016 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі тиянақты жоспар бекітілді, оған сәйкес инвестиция тарту мәселелері бойынша үкіметтік және өңірлік штабтар құрылды, 19 мемлекет үшін визасыз режим енгізілді, инвесторлар үшін «бір терезе» іске қосылды.

Биыл Үкіметтік инвестициялық штабтың төрт отырысы өткізіліп, оларда инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен жекешелендіру нысандарына инвестиция тарту, шетелдік компаниялармен уағдаластықтарды іске асыру және басқа да жүйелі мәселелер қарастырылды.

Басымдық берілген 10 елде (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, Үндістан, ҚХР) инвестициялар тарту жөніндегі кеңесшілер анықталды. «KaznexInvest» АҚ-ның өңірлік бес фронт-кеңсесі (АҚШ, Германия, Түркия, БАӘ, ҚХР) ашылды.

Бүгінде 200-деймақсатты ТҰК анықталды

2016 жылы трансұлттық компаниялардың қатысуымен екі жоба пайдалануға берілді: олар – «Тенарис» компаниясы (құбыр өндірісі, 13 млрд. теңге, 90 жұмыс орны) және «JAC» компаниясы (автомобиль өндірісі, 13,6 млрд. теңге, 350 жұмыс орны).

Осы жылы үш жоба бойынша құрылыс басталды: ол – құрылыс материалдарын өндіретін «Гежуба» компаниясы (65,9 млрд. теңге,226жұмыс орны), майлау материалдарын өндіретін «Лукойл» компаниясы (29 млрд. теңге, 200 жұмыс орны)ХикмаФармасьютикалс» фармацевтикалық компаниясы (6,3 млрд. теңге, 340жұмыс орны).

Қазіргі уақытта 16 ТҰК белсенді тексеріліп жатыр.



2017 жылы төрт жоба бойынша құрылысты бастау жоспарланып отыр:

  1. LindeGroupтехникалық газ өндірісі, Германия (25 млрд. тг),

  2. CarmeuseGroupжоғары сапалы әк өндірісі, Бельгия(9,5 млрд. тг),

  3. CremoniniGroup мал шаруашылығы және ет өңдеу өнеркәсібі, Италия (39 млрд. тг),

  4. VEOLIAтұщыландыру зауытының құрылысы, Франция (68 млрд. тг).



56-қадам. Экономиканың басым бағытты секторларында «зәкірлік инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар құру.

Қазіргі мәртебесі: орындалуда

Қазіргі уақытта «зәкірлік инвесторлармен» бірге бес жоба белсенді тексеріліп жатыр:

  1. «AirLiquid» компаниясы (Франция, Global-2000 тізімінде 123-орынға ие) – Атырау облысындағы техникалық газ өндірісі.

  2. «YildirimGroup» компаниясы (Түркия)Ақтөбе облысындағыхром және басқа да кен орындарын барлау, кен байыту және өңдеу (инвестицияның жалпы көлемі – 10 млн. АҚШ доллары)

  3. «Sinochem» компаниясы (ҚХР)Жамбыл облысында «Қазфосфат» ЖШС-мен бірге DAP/MAPфосфат тыңайтқышын өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр (жобаның құны -208 млн. АҚШ доллары, ҚХР-ға, Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарланып отыр)

  4. «WengfuGroup» компаниясы (ҚХР)Ақтөбе облысындағы Шилісай кеніші базасында DAP/MAP фосфат тыңайтқышын өндіруді жоспарлайды (жобаның құны - 1,4 млрд. АҚШ доллары).

  5. «Grace» компаниясы (АҚШ)– Атырау облысындағы катализ крекингі катализаторлары өндірісі (жобаның құны - 200 млн. АҚШ доллары)

Аталған жобаларды 2017 жылдан бастау көзделіп отыр.

Зәкірлік жобаларды іске асыруға инвесторлар тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру үшін қазіргі уақытта экономиканың басым секторларындағы тауашалы (ұтымды) жобалар тізімі анықталды.



58 қадам. Жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөніндегі бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.

Қазіргі мәртебесі: орындалуда

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Заңының 1 бабы 6 тармағына сәйкес, «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ автожолдарды басқару бойынша Ұлттық оператор болды.

Өкілеттігі заңмен белгіленді:

- мемлекеттік емес займдар түрінде автожолдарды дамытуға қосымша қаржы көздерін тару бойынша;

- I, II, III санаттағы республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу бойынша;

- заемдық қаржыларды пайдалану мүмкіндігі мен ақылы жолдар жүйесін енгізу арқылы инвесторларға қаржыларын қайтаруды ұйымдастыру;

-республикалық маңыздағы автожолдарды сенімді басқару.
Автожолдарды дамыту бойынша

«ҚазАвтожол» ҰК» АҚ бірыңғай операторы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 1,2 мың шақырымдық Күрті-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен және Мерке-Бурылбайтал автожодарын қайта жаңғыртуға ЕҚДБ мен Қытайдың ЭксимБанкінен 1,2 млрд. АҚШ доллары заем тарту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде ЕҚДБ мен 150 млн. АҚШ долларына заем туралы келісімге қол қойылды (Күрті-Бурылбайтал – 143 км.). Автожолдар Бірыңғай оператордың сенімді басқаруына берілді.
Автожолдарды күтіп-ұстау бойынша

Төлем қабылдаудың тиімді жүйесін анықтау мақсатында жүргізіліп жатқан кеңесулер аясында «KoreaExpresswayCorporation» (Корея), «NationalTollPaymentServices PLC» (Венгрия), KAPSH (Австрия) және «FarEasternElectronicTollCollection Со» (Тайвань) сияқты әлеуетті инвесторлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта ТЭН және ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр.

Республикалық маңыздағы автожол учаскелерін қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін, оның ішінде «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» автожолдарында ақылы жүйе енгізу бойынша жұмыстарды бастау көзделіп отыр. Олардың ЖСҚ әзірленді. Жалпы 2020 жылға дейін 7 мың км ақылы жүйе енгізу көзделіп отыр.

59 қадам. «Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту»

Қазіргі мәртебесі: орындалуда

Министрлік пен Немістің Dena энергетикалық агенттігі арасында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

«Кейбір заңнамалық актілерге индустриялды-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды және 14 НПА бекітілді.

Гемрания тәжірибесінде «Электр энергетикасы мен энергия үнемдеу» АҚ базасында энергосервистік қызмет операторы анықталды. Dena Берлин қаласында Институт мамандары үшін тәжірибе ұйымдастырды.

Энергосервистік келісімдер механизмі қағидаты бойынша жұмыс істеуге дайын энергосервистік компаниялардың тізілім құрылды (12 елден 171 компания).

Энергосервистік келісім механизмі арқылы жүзеге асуға дайын жобалардан тұратын энергия тиімділік картасы жасақталды (64 млрд. теңгеден асатын 101 өтініш берілді). Карта аясында 6 жоба жүзеге асуда («Қазпошта» АҚ 13,7 млн. теңгеге, «Қазақмыс» ЖШС 168 млн. теңгеге, «Талдықорған электржелілік акционерлік көлік компаниясы» АҚ 72,9 млн. теңгеге және USAID бірге 42,2 млн. теңгеге 3 жоба).

Сонымен бірге, МЖӘ механизмі арқылы энеросервистік компаниялармен келісім қағидаты бойынша «Транспорт Тауэр» ғимаратын жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Энеро тиімділігі қоры тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды (2015 жылғы 21 қазандағы № 999 бұйрық), оған барлық негізгі мүдделі тараптар кірді (ҰР ҚМ, ҚР ҰЭМ, «Б»йтерек» ҰБХ» АҚ).



Анықтама ретінде: Биыл 29 маусымда жұмыс тобының мүшелері жобаларды қаржыландыру механизмін құрудың тұжырымдамасын мақұлдады. Оған сәйкес, алғашқы кезеңде энерго тиімді жобаларды жүзеге асыруға және «Даму» қоры АҚ арқылы жеңілдетілген несиелендіруге бағытталған несиені кепілдендіру бойынша «БЖК-2020» аясында сыйақы ставкілерін субсидиялау көзделіп отыр.

Стратегиялық инвестор ретінде Еуропа инвестициялық банкі, Дүниежүзілік банк, USAID және БҰҰДБ тартылды.



Еуропа инвестициялық банкі «Даму» қоры арқылы жасыл жобаларды, оның ішінде энергия ұнемдеу саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 200 млн еуро бөледі.

Дүниежүзілік банк энергия тиімділікті ескере отырып Ақтау мен Павлодарда 6 балабақшада кешенді жаңғырту жүргізіп жатыр. Инвестиция – 225 млн. теңге.

БҰҰ Даму бағдарламасы жалпы сомасы 27 млн. теңгеге Лисаков, Орал, Алматы, Астана, Ақтау және Сәтпаев қалаларында 100 подъездің алдын жарықтандыруды басқарылатын жарық диодты шамдарға ауыстыру жобасы жүзеге асуда. Сондай-ақ, жалпы 30 млн теңгеге Қызылорда (2 нысанды), Ақтау (1 нысанды), Форт-Шевченко (1 нысанды) қалаларында медициналық мекемелерді жарықтандыруды қайта жаңғырту бойынша жоба қолға алынды.

USAID ШҚО жылу бекеттерін жаңғырту бойынша 3 жобаны жүзеге асыруда (мамандандырылған балалар үйі, № 2 қалалық емхана, ШҚО ТШК және энергетика басқармасы ). Инвестиция – 42 млн. теңге.

63 қадам. Ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту. Назарбаев университетте «Астана бизнес кампуста» ғылыми орталықтары мен зертханалар орналастырылады. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.

Қазіргі мәртебесі: орындалуда

Инновациялық технологиялар паркі жөнінде

63 қадамды жүзеге асыру аясында мынандай іс-шаралар жоспарланған:


  1. ТҰК-дан якорлық инвесторлар тарту арқылы (50% бірлесе қаржыландыру) 5 технологияларды дамыту орталығын құру;

2. «Стартап Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шетелдік венчурлық қорлардың жеке инвестициясын (жыл сайын кем дегенде 30% арттыру) тарту арқылы жоғары технологиялы және экспортқа бағытталған 50 стартап-компанияны инкубациялау.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялды-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылдың 17 қарашасындағы Заңы аясында бірлескен кәсіпорындар құру үшін ТҰК және шетелдік венчурлық қорларды тарту мақсатында Бюджет кодексіне, Салық кодексіне және ҚР «Инновациялық технологиялар паркі жөніндегі» заңына өзгерістер енгізілді.

1) «ИТП» арнайы экономикалық аймағының 2-кезеңі инфрақұрылымының құрылысы жалғасуда және оны 2016 жылдың аяғына дейін 142 га аяқтау көзделген (22 га – 1 кезеңі). «ИТП» АЭА технологияларды және инкубацияланған стартап-компанияларды дамыту орталықтары үшін негізгі алаң болады;

2) ТҰК бірге құзірет орталығын құру бойынша:

1.Тау-кен металлургия кешені бойынша Құзірет орталығын құру және бірлесе қаржыландыруға қатысу жөнінде «McKinsey&Company» (АҚШ) келісім жасалды.

2016 жылы қарашада Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ базасында Google компаниясын тарту арқылы автоматтандыру бойынша 4 модульдың («Тереңдетілген сараптама» модулі) біріншісін іске қосу көзделіп отыр. 2017 жылы модельді карьер мен модельді байыту фабрикасын құру арқылы қалған 3 модульді іске қосу үшін (модельді өндіріс, терең өңдеу және энергия тиімділігі) («ИТП» АЭА немесе МШКӨҰО базасында) жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаржысын тарту жоспарланып отыр.

2. Жаңа материалдар мен аддивитті технологиялар орталығы бойынша АҚШ-тың «MateriaInc.» компаниясымен (gamechanger – Нобель сыйлығы 2005 ж.) келісім жасалды. Materia компаниясы мұнай өнімдерінен жаңа материалдар алудың платформасын ұсынды және материалдарды 3D принтерлер үшін одан әрі өңдеуге қызығушылық білдіріп отыр.

OCSiAl [ОКСИАЛ] компаниясының Нано-трубалар өндірісіне қатысатыны туралы келісім жасалды. 2016 жылы мұнай құбырлары үшін коррозияға қарсы жабындар мен жаңа композитті материалдар шығаруға бағытталған екі пилоттық жобаны әзірлеу жоспарланған. 2017 жылы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ базасында лабораториясын іске қосу көзделіп отыр.

3. Ақылды орта бойынша технологияларды дамыту орталығы жөнінде EMC (АҚШ) және RedlineCommunications (Канада) компанияларынан инвестиция тарту туралы келісім жасалды. «Ақылды технологияларда» «Ақылды қала», Интеллектуалды көлік жүйесі жобалары және «4.0 Индустрия». элементтері қамтылған.

4.Қаржы технологияларын дамыту орталығы бойынша банк, мемлекеттік және инвестициялық салаға енгізілетін технологиялармен жұмыс істеу және «IBM»-мен орталық құру жөнінде (оның ішінде blockchain технологиясы) келісімге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық банк және KASE-мен бірлескен жұмыс тобы құрылып, ҚР ҰБ нотасын қоса алғанда енгізілетін 4 пилоттық жоба анықталды. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушы юниорлық компаниялар үшін алаң құру бойынша NASDAQ PrivateMarkets-ті АХҚО алаңына тарту жөніндегі жұмыстар пысықталуда.

5. Жаңа энергетика және таза технология бойынша технологияны дамыту орталығы жөнінде GeneralElectric компаниясымен келіссөздер жүруде. Сондай-ақ, жаңа энергетика бағыты үшін жаңа материалдар енгізу және зерттеулер жүргізуде Назарбаев университетпен коперация құру жоспарланған.

Аталған шаралар 2020 жылға қарай кем дегенде 5 ТҰК 50% өзінің инвестициясымен (шамамен 10 млрд. теңге) тартуға мүмкіндік береді. Орталықтар технологияны дамытумен бірге 3 жылдың ішінде 1200 маманды оқытуға және жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық кірістерінің 1% көлемінде ҒЗТКЖ қаржыландыру бойынша міндеттері аясында шамамен 4 млрд. теңге тартуға мүмкіндік береді.

6.Чили, Финляндия, Сингапур, Канада және АҚШ-тың осындай сәтті жүзеге асқан бағдарламаларының тәжірибесі негізінде «СтартапҚазақстан» бағдарламасы әзірленді. Оған жергілікті және шетелдік 500 стартапты (негізінен ТМД) тарту көзделген, оларды шетелдік венчурлық қорлармен бірлесе қаржыландыру жоспарланып отыр.

Егістік қарсаңында және егістік кезінде алғашқы 40 стартап-жобаны қаржыландыруға венчурлық капиталды тарту мақсатында TDA Partners (АҚШ) және Vestor.in (РФ) сияқты шетелдік венчурлық қорлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ал GlobalVentureAlliance (РФ), DesignAccelerator (АҚШ) және басқа да венчурлық қорлармен келіссөздер жүріп жатыр.

«СтартапҚазақстан» стартап-туры аясында Қазақстанда, Ресейде, Беларуссияда және Украинада 600-ден астам инновациялық жоба іріктелді.

65 қадам. Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау. «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» мультимодальды көлік дәлізін құру жөніндегі жобаны іске қосу.

Қазіргі мәртебесі: орындалуда
Министрлік Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау. «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» мультимодальды көлік дәлізін құру жөніндегі жобаны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл Азиядан Еуропаға баратын транзиттік жүкті еш кедергісіз жеткізуге мүмкіндік береді. Көлік дәлізінің бірінші бағыты – Қазақстан, Ресей аумағы арқылы Еуропаға барады, екінші – Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия арқылы Еуропаға шығу.

Жалпы жұмыстар 3 бағытта жүруде: бірінші-ұлттық заңнамалық шарт әзірлеу, екінші-халықаралық құқықтық шарт және үшінші-инфрақұрылымдық даму.

Бірінші бағыт бойынша мультимодальдық тасымалды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 12 заңына түзету енгізілді (2015 жылғы 27 қазанындағы ҚР «Жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы).

«Аралас тасымал операторы», «бірыңғай тауар-көлік жүк құжаты», «аралас тасымал шарты», «аралас тасымал кезіндегі өзара іс-қимыл шарты» ұғымдары анықталды, аралас тасымалды жүзеге асырудың тәртібі және аралас тасымалға қатысушылардың өзара әрекетінің, сондай-ақ, Бірыңғай құжатты толтырудың формасы мен тәртібі белгіленді (ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін уақытша атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1104 бұйрығымен аралас тасымалдың Тәртібі бекітілді).

Контейнерлік тасымалды дамыту мақсатында аталған тасымал Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласынан босатылды. Жүктердің контейнерлік тасымалы бүгінде тасымалдың песрпективалы түрі болып табылады. Қытай-Еуропа бағытында контейнерлік тасымал өсімі байқалып отыр. Бұл ең алдымен жүк ағынының теңіз тасымалынан теміржол көлігіне ауысына байланысты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша контейнерлік тасымал 200 % өсіп, 47 мың ЖФЭ және Қытай-ЕО-Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздар 581-ге жетті (2014 жылы 21,2 ЖФЭ құрады). 2016 жылы контейнерлік тасымал 90 мың ЖФЭ артады деп күтілуде.

2016 жылдың 10 айында Қытай-ЕО-Қытай бағыты бойынша контейнер тасымалы 79 мың ЖФЭ құрады.

Сонымен бірге, Қазақстан туымен тіркелген кемелер – отандық кеме қатынасы компаниялары заң жүзінде корпоративті табыс салығынан босатылды («Салық салу және кедендік әкімшіліктендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V ЗРК ҚР Заңы).

Халықаралық автомобиль тасымалдарын дамыту үшін, отандық халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық тасымалдарға арналған Еуро-4 және одан жоғары класты автокөлік құралдары тапшылығын жою мақсатында үшінші елдерден кіргізілетін пайдалану мерзімі 3 жылдан асқан автокөлік құралдарына қатысты жеңілдетілген тарифтер берілетін тауарлар тізіміне енгізілді (Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 676 бұйрығымен бекітілді).
Екінші бағытқа қатысты халықаралық құқықтық шарттар құру бойынша жұмыстар қолға алынды. Бүгінде еліміздің көлік дәліздері жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін 7 үкіметаралық келісімге қосылу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан өткен жылы 1 келісімге қосылды, қалған келісімдер бойынша ішкі мемелекеттік келісу процедуралары жүргізіліп жатыр.

Анықтама ретінде:

1. «Құрғақ порттар» туралы үкіметаралық келісімге қосылу туралы» 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1043 ҚРҮҚ бекітілді;

2. Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Оман (Ашхабад келісімі) арасындағы халықаралық көлік дәлізін ашу туралы Келісімге Қазақстанның қосылуы туралы ҚРҮҚ ішкі мемлекеттік келісу рәсімдерін өтуде.

3. Халықаралық құрамдастырылған тасымалдардың аса маңызды желілері және тиісті объектілері туралы еуропалық келісім (ҚТЖК) өзектілендіру бойынша түзетулер БҰҰ жіберілді (2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 18-106501/5845-И хатпен). Қазіргі уақытта Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде келісуде. 

4. Түрік Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қырғыз Республикасы Үкіметі және Әзербайжан Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық құрамдастырған жүк тасымалдау туралы келісім бойынша ішкі мемлекеттік келісу жүргізілуде.

5. Халықаралық магистральдық темiржол желiлерi (ХМТЖ) туралы Еуропалық келiсiмге қосылу бойынша ішкі мемлекеттік келісу жүргізілуде.

6. Тікелей халықаралық теміржол қатынасы туралы Конвенцияға қосылу бойынша ішкі мемлекеттік келісу жүргізілуде.

7. «ТРАСЕКА мультимодальдық тасымалды дамыту келісімі» (ТРАСЕКА қайта құруын жоспарланғанын назарға ала отырып қосылу қажеттігін зерттеуді талап етеді)

Дәліздерді жетілдіру - солтүстік бағытта Біріккен көліктік-логистикалық компания (БКЛК) шеңберінде, ал екінші бағыт бойынша Үйлестіруші комитет (Қытай, Түркия) шеңберінде, «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі туралы келісім (Түркменстан, Иран, Үндістан, Таяу Шығыс елдері) және ТРАСЕКА халықаралық дәлізі (Грузия, Әзербайжан, Түркия) жүзеге асырылуда.

Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия маршруты бойынша құрылған Үйлестіруші комитеттің шеңберінде Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Грузия – Түркия бағыты бойынша , сондай-ақ Қытайдан Қазақстан арқылы Иранға, бәсекеге қабілетті тарифтер құрылып «Nomad Express» пилоттық контейнерлік поездары жіберілді. 2016 жылғы қаңтарда Украинадан Қазақстан арқылы Қытайға сынамалық контейнерлік поезы жіберілді.

Үшінші бағыт бойынша көлік-логистикалық инфрақұрылымды Қазақстан аймақтарында көлік-логистика орталықтарын құру, Ляньюнган (ШЫҰ, Қытай), Бандер-Аббас (Иран), Клайпеда (Литва), Мундра (Үндістан) теңіз және құрғақ порттарында терминалдар құрылысы (сатып алу), «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порт құрылысы арқылы дамыту ұсынылды.

Бүгінде «Қорғас-шығыс қақпасы» АЭА бірінші кезегі іске қосылды, құрылыс жұмыстарын 2016 жылы толық аяқтау жоспарланған. 2015 жылдың 29 шілдесінен 31 желтоқсаны аралығында – 14 468 ЖФЭ өңделді. 2016 жылдың 9 айында 49 мың ЖФЭ өңделді.

Бүгінгі күні «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порттың бірінші кезегі пайдалануға берілді, Жезказган-Саксаульская теміржол желісінің учаскесі тұрақты пайдалануға қабылданды, Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аяқталды.

2016 жылы Құрық портындағы паромдық кешеннің бірінші кезегін аяқтау көзделіп отыр. 2017 жылы Шымкент қаласында көлік-логистикалық орталығы құрылысын аяқтау жоспарланған.

2016 жылы 18 қаңтарда «Невский кеме жөндеу-кеме құрылысы зауытымен» келісімге қол қойылды. Биыл 12 шілдеде 7 мың тонна жүк көтеретін «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі суға түсірілді.

6 қазанда Нева кеме жасау жəне жөндеу зауытынан «Атамекен» құрғақ жүк кемесі суға түсірілді. «Жібек жолы» құрғақ жүк кемесі қазіргі кезде Ақтау портына тіркеуге тұрғызылып, Каспий айдынына коммерциялық сапарға шығаруға əзірленіп жатыр.

56.2-қадам. «Қазақстандық 3-4 экспорттық брендті жасау мен іске асыру»

Қазіргі мәртебесі: орындалуда

Мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен экспорттық брендтерді жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды (2015 жылдың 17 қыркүйегіндегі бұйрық, № 928).

Жұмыс тобы салалардың экспорттық әлеуетін талдай отырып, Қытай, Иран, Ресей сияқты ірі мақсатты нарықтарға бағытталған шатырлы үш брендті анықтады: «QazaqOrganicFood», «Халал» және «Ет бренді» (салалық белгісі бойынша біріккен тауарлар тобы).

2016 жылдың 23 сәуірінде Сіздің жетекшілігіңізбен (Сағынтаев Б.А.) өткен кеңес шеңберінде бұл брендтер таныстырылып, мақұлданды.

KAZNEX INVEST ҚР Ауыл шаруашылығы жанындағы АӨК-дегі Талдау орталығымен бірге Шатырлы брендтерді жылжыту тұжырымдамасын, Жол картасын және брендбукты жасап шығарды.

Осы жылдың қарашасында Қытай мен Ресей нарығында шатырлы үш брендті таныстыру мен жылжыту жөніндегі шаралар атқарылды.

Келешекте отандық кәсіпорындар сыртқы нарықтарға бірыңғай шатырлы брендпен шоғырланған күйде шыға алады.

Жасалған брендтердің операторы «Атамекен» ҰКП болады деп шамаланып отыр, оның АӨК саласындағы ҚР экспортерлері қауымдастығын құру жоспары бар.

Ет брендіне Қытайға экспорттауға бағытталған 15-тен астам отандық кәсіпорынды біріктіру қарастырылып отыр.

Органик бренд өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық өнімдері және басқа да тауарлар тобын өндірушілерді біріктірмек. Барлығы – 40-қа жуық өнім өндіруші.

Келесі жылы экспортқа бейімделген шатырлы брендтерді жасау үшін басқа да салалардың экспорттық әлеуетін талдау жөніндегі жұмыс жалғасады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет