10. Түсті метал топтарын анықтап, кен орындарын сипаттаңыз және түсті металлургия өнеркәсібінің орналасу факторларын түсіндіріңіз

Loading...


Дата28.03.2020
өлшемі27.28 Kb.
Анаркулова Гулмира
10.Түсті метал топтарын анықтап, кен орындарын сипаттаңыз және түсті металлургия өнеркәсібінің орналасу факторларын түсіндіріңіз.

Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. тоннадан асады.

Түсті металдарды:


  • жеңіл (алюминий, магний, титан, бериллий, литий, т.б.),

  • ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.),

  • баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.),

  • асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиндық металдар),

  • сирек (скандий, иттрий, лантан және барлық лантаноидтар) деген топтарға бөліп қарастыруға болады.

Ауыр металды кендердің құрамы өте көп болып келеді. Оларды тиімді пайдалану үшін шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады.

Ауыр металдарға күкірт ілесіп жүреді. Оның кендегі мөлшері 40%-ға дейін жетеді (Шығыс Қазақстандағы Николаев кеніші). Балқыту кезінде улы күкіртті газ пайда болады. Газды бөліп алып, оны күкірт қышқылына айналдырады. Бұның қоршаған ортаға тигізер зияны мол.

Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі - құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл - оларды орналастырудағы негізгі принцип..

Біздің елімізде ауыр түсті металдарды - мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады.

Концентраттағы металдың аз мөлшері (20-30%) мен энергияны аз қажет етуіне байланысты, мыс өндірісінің зауыттары шикізатқа таяу салынады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталық пен Шығыста.

Қазіргі кезде елімізде мыс негізінен Жезқазған мен Балқаштың кен-металлургиялық комбинаттарында (КМК) өндіріледі. Бұл қос кәсіпорында мыс алудың барлық сатылары бар.

Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Шығыстың кенінде қорғасынға қарағанда мырыш көп. Керісінше, Оңтүстіктің кенінде мырышқа қарағанда, қорғасын көп. Қорғасын, мырыш өнеркәсібінде концентраттың құрамында металл көбірек болады (45-65%).

Біздің еліміздегі полиметалл ендірісінің басты ауданы - Кенді Алтай.Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер жөне Өскемен.Олардың арасында өзіндік «еңбек бөлінісі» қалыптасқан. Оны Өскемен СЭС-ның арзан қуатына байланысты орналастырған. Бірақ ол қорғасын өндірісімен құрамдастырылған.

Риддерде қорғасын мен мырыш өнеркәсібінің барлық кезеңдері— кенді өндіруден бастап, металл жөне қорытпа алуға дейінгі кезеңдер түгел бар. Еліміздің оңтүстігіндегі полиметалл өнеркәсібінің ірі орталығы - Шымкент. Мұнда да Өскемендегі сияқты «өндірістің жоғарғы қабаттары» жолға қойылған.

Жеңіл металдар металлургиясы: Қуат көздеріне бағытталуы

Алюминийдің жемірілімге төзімді болуы - көлік пен құрылыс үшін тамаша сапалы өнім болып табылады.

Оны алатын шикізат құрамында алюминий тотығы (глинозем) бар боксит. Боксит Арқалық және жоғарғы Тобыл аудандарында өндіріледі.

Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - бокситтен алюминий оксидін алу - материалды көп қажет ететіндіктен (1 т дайын өнімге 5 т кен), әдетте, шикізат көзіне таяу орналасады. Ол көп мөлшерде су мен жылу қуатын қажет етеді. Сондықтан алюминий оксиді зауыты Павлодарда салынған. Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) - әлемдегі ірі зауыттардың бірі.

Екінші қуатты көп қажет ететін кезең - алюминий оксидінен алюминий алу. Павлодарда Ақсу МАЭС-інің арзан электр қуатына бағытталып алюминий зауыты салынған.

Титан жеңіл, өте берік, жемірілмейтін металл. 10 жыл бойы теңіз суында жатқан титан табақшасының ешбір өзгеріссіз қалғандығы туралы дерек белгілі. Титаннан реактивті ұшақтардың двигательдері, кемелер мен сүңгуір қайықтардың кораптары мен химиялык құрал-жабдықтар шығарады.

Металды титан кендерінен (кұмнан) алады. Біздің елімізде онын, 3 кен орны бар. Сәтбаев байыту фабрикасының концентраты қазірдің өзінде өңделуде.

Титанды магниймен тотықсыздандырады. Сондықтан осы металдар өндірісін бір кәсіпорында - комбинатта біріктіреді. Титан-магний комбинаты Өскемен қаласында жұмыс істейді. Ол - әлемдегі өзі сияқты кәсіпорындардың ішінде қуаты жағынан ең ірісі. Комбинаттың ең негізгісіне - титан өндіру жатады.

Магний өндірісі көбінесе негізгі өнім алуға бағытталған. Бірақ ол дайын өнім - магнийді де шығарады.

Магниймен басқа металдарды да (мысалы, хром, берилий) тотықсыздандырады. Оның жеңіл әрі берік қорытпаларын зымыран, ұшақ және аспап жасауда қолданады. Магнийді күшті жасанды жарық көзі ретінде фотография мен аспап жасауга (фейерверктер мен «бенгал шамдарына» және т.б.) пайдаланады.

Бағалы және сирек кездесетін металдар

Алтынды Батыстан басқа елдің барлық бөлігінде өндіреді. Оны жеке кендер мен ауыр металдармен серіктес ретінде алып, Өскемен мен Балқашта шақпактайды. Барлық күмісті серіктес күйінде алады. Оның 2/3 бөлігін Жезказған кен ор-ны береді. Қазақстанның барлық зауыттары сирек кездесетін металдарды өндіреді. Бұлардың барлығын да ілеспе түрінде алады. Сонымен қатар Өскемендегі Үлбі металлургия зауыты сияқты арнаулы маманданған кәсіпорындар да бар. Олар тантал мен бериллий қорытпаларын «атом металы» ретінде шығарады.

15. Қазақстандағы су ресурстарының қазіргі жағдайы мен трансшекаралық өзендердің мәселелерін талдаңыз.

Қазақстан  жер  региондарының  ішіндегі  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің  қатарына  жатады.Сумен  қамтамасыздандыру  деңгейі  бойынша  ол  ТМД  елдерінің  ішіндегі  ең  соңғы  орынды  алады,  тіпті  Түркіменстаннан  кейін  тұр. Қазақстанның  жер  беті  сулар  қорының  (жер  асты  суларының  қоса  алғанда)  жалпы   мөлшері  жылына  89.5  текше  шақырымды  құрайды.Республикада  таза  ауыз  суды  тым  тапшылығы  байқалады.

Қазақстанның  жер  беті су ресурстары түгел  дерлік  таусылған. Республиканың  су  шаруашылығы  мәселелері  тек  жер  беті  суларын  шектеп  пайдалану  және  жер  асты  суларының  ресурстарын  меңгеру  есебінен  ғана  шешілуі  мүмкін. Республикада  жалпы  су  пайдаланудың  9 % жер  асты  суларының үлесіне  тиеді , біздің  ойымызша , оны   25% дейін  көтеруге  болады.

Жер  бетіндегі  және  жер  асты  суларының   Қазақстанның  геожүйелеріне  экологиялық  ықпалы  көп  жақты  сипатқа  йе. Ол өзен  жүйесінің жйілігі  және  су  қоймаларының  гидрологиялық  және  гидрохимиялық  режимі   арқылы  көрінеді. Өзендердің  бастаулары , су режимі , жылдық су  қорының  өзгермелілігі  және  т.б. гидроэкологиялық  факторлар  неғұрлым  маңызды  болып  табылады.Осы  факторлардың ішіндегі кейбіреулерінің экологиялық ролін қарастырумен шектелеміз. Олардың ішінде:

Өзен жүйесінің Қазкстанның үлкен, жазық бөлігінде тым әркелкі орналасуы техногез өнімдерінің геохимиялық миграциясы процестеріне жағылуы ықпал жасамайды;

Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы тау жүйелерінің өзен жүйесінің жиілігі және су бөгендерінің суы молдығы осында орналасқан өндірістік региондардың шегіне табиғи сулар мен топырақты ластаушыларды шығарып тас-тауға ықпал жасайды;

Республика  территориясындағы  гидрологиялық  режимнің  Қазақстандық  типтегі  өзендердің  су  айналымы   су  қоймаларының  өзін -өзі  тазартудағы  маңызды  фактор  болып  табылады. Көктемдегі  су  тасқыны  өзенді   ластаушылардан  тазартуға  жағдай  жасайды, ал  судың  төмен  деңгейі  ( тіпті  тартылуы)   техногенез өнімдерінің  аккумуляциясына  ықпал  жасайды.

  Тянь-Шань  тауларында   кездесетін  Тянь-Шаньдық  типтегі  өзендер  жоғары  емес, жайылған  көктемгі- жаздық  қар  суымен және  деңгейінің  төмендігімен  ерекшеленеді. Мұндай  гидрологиялық  режим  су  қоймаларының  техногенез  өнімдерінің  өзін- өзі  тазалауына  әсер етеді.

Төменгі  және  жайылыңқы  қөктемгі  сулармен  және  жоғарғы  жаздық-күздік  сулармен   ерекшеленетін  алтайлық   типтегі  өзендер  шаруашылыққа  пайдалануға  және  су қоймаларының  өзін-өзі  тазалауына  жағымды  ықпал  жасайды.

  70- тен астам  артезиандық   бассейндердің  болуы  Қазақстанның  альптік  региондары  қатарының  экономикалық  даму  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  етеді. Алайда, жер  асты  суларын  минерализациялаудың  жиілігі  және  олардың  жоғары  дәрежеде   болуы  экологиялық  қысымды  тереңдететін  экологиялық  фактор  болып   табылады

Судың  жиналу  режимі  мен  су  деңгейінің  толқуы, өзендердегі  сулардың  максималды  және  минималды  шығындарын  және  қоршаған   ортаның  экология  жағдайына  тікелей  әсер  ететін  басқа  да  гидрологиялық  факторлар  тығыз  байланысты.

Су  ресурстарын  қорғау және  рационалды  пайдалану  мәселесі  адамзат    үшін  өмірлік  маңызды  мәселе  болып  табылады.табиғаттағы  су  айналымының  арқасында  жердегі  су  ресурстары  таусылмайды.Алайда  планетамыздың  кейбір  бөліктерінде  табиғи  жағдайлардың  жағымсыз  болуына  байланысты  тұщы  су  ресурстары  жеткіліксіз.бұған  қазақстан  Республикасы  территориясының  басым  бөлігі  кіредіжәне  сондықтан  аридтік  және  семаридтік  климат  жағдайларына  су  ресурстарының  өте  тапшылығымен  сипатталады.

Қазақстан  біздің  планетамыздағы  су  ресурстары  жетіспейтін  азғана  региондардың  қатарына  жатады. Ол  тұщы су  қорлары  бойынша  ТМД  елдері  бойынша  сумен  аз  қамтамасыз  етілген  елдердің қатарына  жатады.Бұл  территорияда  су  ресурстары  әркеркі  орналасқан  және  бастаулары   республика  шекарасынан  тыс  жерде  жатқан  транзиттік   өзендерден тұрады.

Оңтүстік –шығыс    Қазақстанның  таулары  және  таулы жазыктары тұщы сумен көбірек қамсыздандырылған.      Республиканың басым бөлігінде адамдардың өндірістік әрекетінің, су көздерінің  және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтарымен ластануының және басқа да себептердің нәтижесінде таза түщы суға деген тапшылық байқалады.     Қазқстанда 85 мыңнан астам өзендер мен уақытша су көздері бар. Олардың ішіндегі 10-ының 8 ғана ұзындығы 800 шақырымнан асады. Бұлар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал, Сырдария ,Шу , нұра торғай  өзендері. Қазақстандағы  сегіз  мың  өзен  ғана   он  шақырымнан  ұзын.ірі  өзендердің  көпшілігі  (Орал, Ертіс , Сырдырия ,іле , Шу)  трансшекаралық  өзендер  болып  табылады. Және Қазақстанға шекаралас мемлекеттерден ластанған ағын әкеледі.

Оңтүстік-шығыс Қазқстан тауларында 1673 ,9 шаршы шақырым ауданда мүздық бар.    Республика территориясында 47 мыңнан астам көл бар, олардың көпшілігі (8 мыңнан астамы) көктемгі қар суымен толады, ал жазда құрғап кетеді.  Қазақстандағы  жер  беті  суларының  көлемі  жылына  89,5  текше  метр  шақырымды  құрайды.Соңғы  жылдары    оның  көлемі  көрші мемлекеттердің шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалуымен байланысты біршама азайды. Нәтижесінде Сырдария өзенінің суы 19,8-ден  9,8 текше шақырымға, Іле өзенінің суы  жылына 17,9-дан 7,4 текше шақырымға дейін азайды. Осының бәрі Арал теңізі мен Балқаш көлінің  экологиялық жағдайына күшті әсерін тигізді.

Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады.2 Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.         Жерасты сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін.3 Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде  жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың  60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады.     Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды.

Адамдардың шаруашылық қызметі Қазақстанның су ресурстарына  жан-жақты әсер етеді.Мұнай өңдейтін кәсіпорындардың өнірістік, ағын сулары, қара және түсті металлургияның  қалдықтары су ресурстарына  негативті ықпал жасайды, қалалардың коммуналдық тұрмыстық өалдықтары көптеген су бөгендерін  тұрмыстық   және техникалық мақсаттарға  паайдалануға жарамсыз етіп тастайды. Мұның үстіне судың тұнықтығы, түсі, температурасы  өзгеріске  ұшырыайды., жағымсыз дәм  мен иіс  пайда болады, құрамындағы оттегі төмендеп кетеді.

Суды ластайтын химиялық қосылыстардың, әсіресе мұнай өнімдерінің өз-өзінен ыдырап кетуі қиын болғандықтан, су бөгендерінің өзін-өзі тазалау процесі ақыырын жүреді.   Тазаланбаған ағын суларды тастау олардың құрамында өндірістік құндылықтар болуы себепті үлкен эеономикалық залал әкеледі. осыған байланысты су ресурстарының тазалығын қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуі  тиіс. Мысалы, «Қазақмыс» Балқаш АҚ-да  бұрын Балқаш көлін ластаған өндірістік сулардан 90 пайызға дейін мыс алуға мүмкіндік беретін  арнайы қондырғылар жасалған. Жезқазған қаласында  «Қазақмыс» АҚ-на  айналмалы сумен қамсыздандырылған, жергілікті су  бөгендеріне  лас өндірістік ағын суларды ңжіберілуін жоятын жабық өндірістік циклдер  енгізілген. Осы сияқты мысалдарды айта берсе болады. Сонымен қатар. Қазақстанның су ресурстарын пайдалану кезінде Қазақстанды қоршаған орта жағдайының катастрофалық немесе қиын жағдайын көптеген жағдайларда анықтайтын үлкен бұзылушылықтар байқалады. Концентрациялардың шекті  көрсеткіштері бойынша су сапасының гидрохимиялық  көрсеткіштері басты критерийлер  болып   табылады. Мұның үстіне ПДК  көрсеткіштері  әртүрлі болады: олар балық шаруашылығы, шаруашылық ауыз су және  коммуналдық тұрмыстық су пайдаланатын су  бөгендеріне арналған.  Аталған шаруашылық обьектілерінің су сапасына қоятын  талаптары да  әртүрлі.

2000 жреспублика  бойынша  микробиологиялық  көрсеткіштер  бойынша  гигиеналық  нормативтерге  сәйкес  келмейтін  ауыз  су  сапасы -10 пайызды  құрады . Алайда  кейбір  аудандарда  (Қостанай, Павлодар  облыстары) судың  сапасы  бұдан  да  төмен  болады.    тәжірибеде  өндірістік  және  тұрмыстық  суларды  механикалық  ,химиялы, және  биологиялық  тазалау  қолданылады.Өкінішке  орай  тазалау  құрылғыларын  жүйесін  жетілдірілмегендігіне  олардың  қайтадан  шығып  қалуына  және  басқа  да  себептерге  байланысты  су  бөгендеріне  көп  мөлшерде  зиянды  заттар  келіп  түседі. Тұрмыстық  ағын  сулар  суландыру  және  фильтрация  егістіктерінде   тазартылады.Мұнда  олар  микроағзалар  мен  күн  радиациясының  ықпалына  ұшырайды.Су  буланғаннан  кейін  егістіктер  жыртылып, ол  жерлерге  ауылшаруашылығы  дақылдарға  егіледі. Су  ресурстарын  рационалды  пайдалану  және  қорғау  қағидалары:

—               өзендер  мен  көлдердің  ағын  сулармен  ластанудың  алдын  алу

—               жер  беті  суларын  прогрессивті  су  қорғау  технологияларына  негізделген  үнемді  пайдалану

—               айналымдық  су  пайдалану  және  сумен  қамсыздандыру  технологияларын енгізу

—               тазаланбаған  өндірістік  және  комуникалдық-тұрмыстық  ағын  сулардың  келіп  түсуін  болдырмау  үшін  прогрессивті  технологиялар мен  тазалау  құрылғыларын  енгізу

—               ауылшаруашылығында  суды  пайдалану  нормаларын  қысқарту

—               жерасты  суларын  үнемді  пайдалану

—               термалды,минералды сулар  мен  батпақтарды  өндірістік  және  радиациялық  мақсаттарға  кеңінен  пайдалану.



.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
ткізу туралы
республикасы білім
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
бойынша жиынты
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
Мектепке дейінгі
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
жалпы білім
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
разрядты спортшы
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...