1. «Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну» мемлекеттік қызметі



жүктеу 180.47 Kb.
Дата28.03.2017
өлшемі180.47 Kb.
«Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
1.Жалпы ережелер
1. «Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну» мемлекеттік қызметі (келесі -мемлекеттік қызмет).

Стандарт «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігімен әзірленген.

Мемлекеттік қызмет:

Астана және Алматы қалаларының білім басқармасымен;

Аудандардың, қалалардың білім бөлімдерімен;

Республиканың білім ұйымдарымен көрсетіледі.

Жағдайы төмен отбасы балаларына демалыс беру төмендегідей негізде іске асырылады:

Қалалық және ауылдық білім ұйымдарымен, нақтырақ: жалпы білім беретін немесе қосымша білім беретін ұйымдармен (келесі-мектепшілік лагерь);

Қала сыртындағы лагерьлер негізінде.

Мемлекеттік қызметке сүйенетін бұл стандартта  қызмет ұсынатын білім беру ұйымдарының қызметі түсіндіріледі, бағыты:

Мемлекеттік қызметті тұтынушының демалыс және сауықтыру кезінде қажеттіліктерін қанағаттандыру;

Жағдайы төмен отбасы балаларын қала сыртындағы және мектеп алды лагерьлерде дем алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

Жағдайы төмен отбасы балаларына қал сыртында және мектепшілік лагерьлерде дем алу кезінде қолайлы жағдай жасау.

Мемлекеттік қызмет 6-18 жас аралығындағы жағдайы төмен отбасы балаларына көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет келесі  санаттағы жағдайы төмен отбасы балаларына (келесі-мемлекеттік қызмет тұтынушы) көрсетіледі:

Мемлекеттен жергілікті әлеуметтік  көмек алауға мүмкіндігі бар отбасы балаларына;

Мемлекеттен жергілікті әлеуметтік  көмек алмайтын, өмір сүруге қажетті адам басына шаққандағы кіріс мөлшері көрсеткіштен төмен отбасы балаларына;

Төтенше жағдайға ұшыраға, көмек қажет ететін отбасы балаларына;

Білім ұйымдарының басқару орындарының ұжымдарымен анықталған, басқа да санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу уақыты.

         Жазғы уақыттарда мектепшілік лагерьлерде балалардың демалу уақыты 10 күннен кем емес, ал күзгі, қысқы және көктемгі уақыттарда бір күнтізбелік аптадан кем емес.

         Мектепшілік лагерь 6 жұмыс күнімен жұмыс істейді, жексенбі демалыс.

         Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне құжаттарды қабылдау уақыты:

         Құжаттарды қабылдағанға дейінгі күту уақытының жоғарғы көрсеткіші – 30 минуттан кем болмауы керек;

         Өтініш беруші келген күні көрсетілетін қызметтің жоғарғы көрсеткіші - 30 минуттан кем болмауы  керек.

         2. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу түрі: автоматтандырылмаған, қағаз түрінде.

         3. Қала сыртындағы және мектепшілік лагерьлерге жолдама беру немесе қабылдамау туралы жауабы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне құжаттарды қабылдау қорытындысы болып табылады.

         Мемлекеттік қызметті тұтынушыға жолдаманы жеткізу мемлекеттік қызметті  тұтынушының өзі келген жағдайда ғана жүзеге асырылады.

        4. Мемлекеттік қызмет тегін  республикалық қор есебімен көрсетіледі.

           Мектепшілік лагерь аудандық және жергілікті қор есебімен көрсетіледі.  Мектепшілік  лагерьлерді қаржыландырудың басқа да көздері мыналар:

          Ата-аналар қаражаты (заңды өкілі);

          Қордан тыс қаражат;

          Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқа да көздері болып табылады.

         Балаларға арналған мектепшілік лагерьлерде болғанда төлемнен босатылатын себептер көрсетілген 1.3-бөлімдегі санаттар жергілікті өзін-өзі басқару орындарымен анықталады.

        5. Мемлекеттік  қызмет балаларға, соның ішінде жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға демалуға қажетті шарттар қаралған мектепшілік және қала сыртындағы лагерьлерде көрсетіледі.

         6. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін тұтынушы мына  құжаттарды өткізуі керек:

         1) осы стандарттың 1-қосымшасындағы құжатқа сәйкес ата-анасынан (заңды өкілінен) өтініш;

         2) жеке басты куәландыратын құжат;

         3) өтініш берушінің жергілікті әлеуметтік көмек алушы болып табылатындығын дәлелдейтін анықтама;

         4) денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт)

         5) отбасы кірісі туралы анықтама;

         6) білім аумағында жергілікті атқарушы органдармен бекітілген отбасы жағдайы туралы акт;

         7) өмір сүруге қажетті кіріс мөлшері көрсеткіштен төмен отбасы балалары үшін шығарылған педагогтар, қамқорлық кеңесі немесе ата-ана комитетінің шешімі.

         Мемлекеттік қызметті тұтынуға қажетті құжаттар тізімі білім ұйымдарының кіре беріс қабырғаларына ілінеді, сонымен қатар Басқарма мен оның аумақтық білім бөлімдерінің арнайы сайттарында болады.

          Мемлекеттік қызметті тұтынуға қажетті құжаттар мемлекеттік қызмет көрсететін орындарда және білім ұйымдарында жауапты тұлғаға өткізіледі.

         7. Мемлекеттік қызмет көрсетілуге қабылдамауға осы стандарттың 2.6.- тармағында  көрсетілгендей құжаттарының толық болмауы себеп болады.

         Жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған демалыс ұйымдарының еңбек қатынастарын және жазғы лагерьлердегі жұмысшылардың еңбекақысын жасауда арнайы спецификаны білдіретін екі түрі бар.

         Мектепшілік лагерь. Күндізгі мектепшілік лагерь дегеніміз мектеп оқушыларының демалыс кезінде, күндізгі уақыттағы сауықтыру және білімдік қызметі және олардың тамақтануына ұйым жауапты.

         Күндізгі мектепшілік лагерьін өткізу кезіндегі педагогикалық ұжымның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары:

         Сауықтыруға, демалуға және оқушылардың демалыс уақыттарын дұрыс пайалануға, жалпы мәдениеттің қалыптасуына және салауатты өмір салтын ұстануға;

         Жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқушылардың тез бейімделуіне жағдай жасау.

         Оқушылардың немесе тәрбиеленушілердің білім ұйымы бұйрығының негізінде жазғы демалыс, мүмкіндігіне қарай күзгі, қысқы, көктемгі демалыс кездерінде ашылады.

         Мектепшілік лагерь білім мекемесінің оқушыларынан құралады.

         Қабылдау ата-анасының өтініші негізінде жүргізіледі. Қабылдау кезінде бірінші кезекте жағдайы төмен отбасынан шыққан және қиын жағдайға тап болған балалар алынады.

         Біріктіру мыналарға сәйкес жүргізіледі:

         Оқушылар мен олардың ата-аналарының қалауына;

         Жас ерекшелігі және оқушылардың қызығушылықтарына;

         Санитарлық-гигиеналық нормасы және техникалық қауіпсіздік ережелеріне;   

         Қаржылық және кадрлық мүмкіндіктеріне.

         Мектепшілік лагерьінің жұмысының түрі мен тәсілі адамгершілік, демократия принциптеріне сүйене отырып, балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне қарай оның педагогикалық ұжымымен анықталады.

         Мектепшілік лагерьдің қызметі осы стандарттқа сәйкес мекеме жарғысымен, қатысушылардың  тәртіп ережелеріне қарай жоспарланады.

         Лагерьде тамақтануға, медициналық қызмет көрсетуге, демалуға және көңіл көтеруге, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына,  саяхат, балалар мен жасөспірімдердің әр түрлі шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті жағдайлардың  барлығы да жасалуы қажет. Топтарға бөлу білім басқармасы ұсынған санға қарай жүзеге асырылады.  

         Күндізгі мектепшілік лагерьінде балалардың келуімен жас ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына қарай топтар ұйымдастырылады, санитарлық-гигиеналық норма мен ережелері, техника қауіпсіздік ережелері, еңбек күзеті талаптары қатаң сақталады.

         Күндізгі мектепшілік лагердің жұмыс түрі мен әдісін таңдауы оның білімдік, шығармашылық немесе еңбек бағытына тәуелді емес, бастысы баланың дамуына бағытталған сауықтыру және білім қызметтері болып табылады.

         Лагерьдің құрамында әр түрлі бірлестіктер жұмыс жасайды.

         Мектеп әкімшілігі дайындық кезеңінде ата-аналарды балалардың  демалысын, сауықтыру және еңбегін ұйымдастыруды жүзеге асыратын лагерьдің білім-сауықтыру бағдарламасымен және басқа да құжаттармен таныстырады.

         Әр жұмысшы санитарлық кітапшасына белгіленген медициналық тексерілуден өткеннен кейін ғана жұмысқа алынады.

         Күндізгі мектепшілік лагерьде келесі жұмыс кестесі белгіленеді.

         9.00  –  лагерьде жұмыстың басталу уақыты

         9.00 – 9.10 – ұйымдастырылған жиналыс (лагерь басшысы немесе орынбасары жүргізеді)

         9.10 – 9.30   – таңғы ас

         9.30 – 12.30  – қызығушылықтарына қарай біріктірілген жұмыс

         12.30 – 13.00 – түскі ас

         13.00 – 14.50 – іс-шаралар

         14.50 – 15.00 – күнге қорытынды жасау.

         Лагерьде балалар мен жасөспірімдердің тамақтануы оны ұйымдастырып отырған білім мекемесіне жүктеледі.

         Балалар мен жасөспірімдерді медициналық қамтамасыз ету оқу жылы бойындағыдай жүргізіледі.

         Білім ұйымының бұйрығымен лагерьдің бастығы, орынбасары, тәрбиешілер, вожатыйлар, музыкалық жетекшілер, спорттық-сауықтыру жұмыстарының жетекшілері, педагогтар мен басқа да жұмысшылардың құрамынан тағайындалады.

         Лагерьдің бастығы оның қызметін басқарып, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады, құжаттармен жұмыс жасайды.

         Бастықтың орынбасары тәрбиелік қызметті ұйымдастырады, мәдени, спорттық мекемелермен байланыс орнатады.

         Тәрбиешілер, музыкалық жетекшілер, спорттық-сауықтыру жұмыстарының жетекшілері лагерь жоспарына сай тәрбиелік қызметті жүзеге асырады, іс-шаралар өткізеді, күн тәртібінің сақталуын, қауіпсіздік ережелерінің, өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалайды.

         Өзін-өзі басқару орындары вожатыймен біріге отырып, балалармен ұжымдық, шығармашылық, сауықтыру іс-шараларын жүргізетін топ командирлер кеңесін(атауы басқа да болуы мүмкін) құрайды.

         Тәрбиешілерге көмекші вожатыйларды:

         Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің;

         Жас маман-педагогтардың;

         10 (11) – 11(12) сынып оқушыларының ішінен сайлауға болады.

         Лагерь жұмысына қажетті педагогтар мен басқа да жұмысшыларды қабылдау ҚР Еңбек  туралы Заңына сәйкес білім беру ұйымымен жүзеге асырылады.

         Лагерьде жұмыс істеу үшін әр жұмысшы өзінің денсаулық жағдайына қатысты  медициналық қорытындыны әкелуі қажет. Лагерьдің әр жұмысшысы еңбек шартымен, лагердің ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және өзінің міндеттерімен таныстырылуы керек.

         Мектепшілік лагерьдің жұмысына мектепшілік лагерь ұйымдастырылып отырған ұйымда жұмыс істейтін педагогтарды да алуға болады.

         Мектепшілік лагерьге қатысушылардың:

         Ауырып қалуына байланысты лагерьге келуді уақытша тоқтатуға;

         Жоспарланған іс-шараларға қатысуға;

         Лагердің өзін-өзі басқару жұмыстарына қатысуына құқығы бар;

         Мектепшілік лагерьге қатысушылардың міндеттері:

         Лагерьдің қызметін белгілейтін берілген құжаттың, басқа да қосымша актілердің және құжаттардың талаптарын орындауға;

         Пайдаланатын мүлікке ұқыпты қарауға;

         Әкімшіліктің және лагерь жұмысшыларының заңды талаптарын орындауға міндетті.

         Лагерьдің басшысы мен қызметкерлері лагерьдегі барлық балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

         Лагерь басшысы қызметкерлерге техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстырады, ал тәрбиешілер балаларды таныстырады.

         Оқушылардың немесе тәрбиеленушілердің саяхатқа, жол жүруді қажет ететін жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысуы кем дегенде екі  педагогтің қатысуымен, талапқа сай келетін көлікпен жүзеге асырылады.    Оқушылардың немесе тәрбиеленушілердің топта саны 30-дан асса әр 15 оқушы немесе тәрбиеленушілерге бір педагогтан артық беріледі.

         Лагерь жұмысшылары мен қатысушылары ішкі тәртіпті, жұмыс жоспарын және  күн тәртібін сақтауға міндетті.

         Бірлестік басшысының рұқсатынсыз лагерь территориясынан кетуге болмайды.

         Оқушының суға түсу қауіпсіздігі бірлестік басшысының қатысуымен бірігіп түсіндіріледі.

         Суға түсу үшін лагерь басшысы мен медицина қызметкерінің рұқсаты қажет. Топтың саны 10 баладан аспауы керек.

         Транспорттың барлық түрлерімен балаларды тасымалдау лагерь басшысына жүктеледі. Балаларды жүк машинасымен тасымалдауға тиым салынады.

         Саяхатқа шығуды ұйымдастыру білім беру ұйымы директорының қажетті түсіндіру жұмыстарына сай жүргізіледі.

         Лагерьде өрт немесе басқа да оқыс жағдайлар болған кезде эвакуациялау жоспары іске асырылады.

         Балаларды тамақтандыруды территориялық санитарлық-эпидемиялық бақылау орталықтарының келісімімен мектеп асханасы ұйымдастырады. Саяхатқа, қала сыртына шыққанда балалардың тамақтануы  лагерь қызметінің жоспарында қаралса, далалы жерде ұйымдастырылады.

         Күндізгі мектепшілік лагерьінде балалар қамтамасыз етіледі:

         6 сағаттық қатысуда – 2 реттік тамақтанумен;

         8 сағаттық қатысуда – 3 реттік тамақтанумен

         8 сағаттан артық қатысуда – 4 реттік тамақтанумен.

         Тамақтануды ұйымдастыру арнайы нормаға сәйкес жүргізіледі.

         Мектепшілік лагерь ұйымдастырылған білім беру ұйымында қызметті реттейтін келесі нормативтік құжаттар жасалып, қабылдануы керек.

         Білім беру ұйымының мектепшілік құжаты лагерь қызметінің негізгі сұрақтарын реттейді, әсіресе білім беру ұйымының қызметкерлер тәртібін қадағалайды.

         Білім беру ұйымының штаттық кестесі сол ұйым басшысының еңбекақы қорына сәйкес бекітіледі және жазғы лагерь қызметкерлерінің негізгі еңбекақылық құжатымен сәйкестендіріледі.

         Жазғы лагерьдің лауазымдық түсіндірулер білім ұйымының директорымен бекітіледі. Лауазымдық түсіндірулер әр лауазымға жасалуы керек, жазғы лагерьдің штаттық кестесіне кіргізілуі керек және қызметкерлерге жеткізілуі керек.

         Ішкі еңбек тәртібі білім беру ұйымының өзімен ішкі еңбек тәртібінің Типтік ережесі негізінде жасалуы керек. Ережеде мектепшілік лагерь жұмысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қаралуы керек,  сонымен қатар ондағы жұмысшылардың еңбек уақыты белгіленуі керек.

         Білім беру ұйымында мектепшілік лагерь басшысын тағайындау осы білім мекемесі басшысының бұйрығымен бекітіледі. Білім беру ұйымының басшылары мектепшілік лагерьді ұйымдастырғанда педагогтарға жұмыс кестесіне сәйке жазғы мерзімге жұмыс береді.

         Жазғы демалыс кезінде педагогтардың негізгі  қызметі өзгермейді, сол сияқты негізгі жұмысы - бұл оқыту және тәрбиелеу. Оқушылармен жұмыс жасау түрі ғана өзгереді.

         Қала сыртындағы лагерь. Қала сыртындағы лагерь қосымша білім беру ұйымы болып табылады, 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін ұйымдастырылады.

         Лагерь өз қызметін ҚР Заңына, осы стандартқа және өзіндік жарғысына сәйкес жүзеге асырады. Лагерьдің негізгі  міндеттері:

         Балалардың бос уақытын мағыналы өткізуін ұйымдастыру;

         Баланың шығармашылық, рухани дамуын, спортпен, мәдениетпен айналысуын, салауатты өмір салтын сақтауын қамтамасыз ету;

         Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын орындау арқылы, тамақтандыру мен өмір сүруінің күн тәртібін қамсыздандыру;

         Балалардың қоғамдық белсенділігін дамыту;

         Баланы қоғамда, ұжымда өмір сүре білуге бейімдеу;

         Жалпы мәдениетін қалыптастыру;

         Балаларды саяси-тәрбиелік, саяхаттық, өлкетанымдық, спорттық және әскери-патриоттық жұмыстарға баулу.

         Қала сыртындағы лагерь қосымша білім беретін заңды тұлға ретінде, оның материалдық базасының ерекшелігіне сәйкес, жыл бойы немесе жазғы кезеңде жұмыс істейді.

         Қала сыртындағы лагерьге қабылдау жергілікті атқарушы орындармен құралған, құрамына білім, денсаулық сақтау, төтенше жағдай және т.б орындарының өкілдерінен тұратын ведомствоаралық комиссиямен жүзеге асырылады.

         Лагерь орнының санитарлық ережеге сәйкес екендігі жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз лагерь ашуға рұқсат берілмейді.

         Қала сыртындағы лагерь табиғи жағдайда стационарлық базада немесе шатырлар мен қазақ үйлерді пайдаланып ұйымдастырылады.

         Стационарлық лагерь жылдық немесе кезеңдік болуы мүмкін.

         Шатырлық лагерь қозғалмалы немесе стационарлық қызметте болуы мүмкін.

         Балалар мен ата-аналардың қалауымен, білім орындарының келісімімен қала сыртындағы лагерьлерде профильдік ауысымда топтар ұйымдастыруға болады.

         Қала сыртындағы лагерьдің орналасуы, құрылымы, мағынасы мен жұмыс тәртібін ұйымдастыру санитарлық ережені, табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып анықталады.

         Қала сыртындағы лагерьдің жұмыс тәртібін өзгерту мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды және лагерь орналасқан орын бойынша мемлекеттік өрт бақылау орындарының келісімімен рұқсат етіледі.

         Лагерьде  балалардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына және санитарлық ереже талаптарына сәйкес топтар құрылады.

         Лагерь мекемелермен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен, кәсіпорындармен, тікелей байланыс орната алады.

 

         Лагерь қызметі жүзеге асатын тіл, лагерь Жарғысымен анықталады.



         Лагерьде тұрақты қоғамдық қамқорлық кеңесі құрылуы мүмкін. Кеңес құрамына ата-аналар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелерінің өкілдері және т.б. ұйым өкілдері кіреді.

         Лагерьдің юристік тұлға ретінде Жарғысы, қазыналық орындарда жеке есебі, бекітілген үлгідегі мөрі, штампы, өз атауы бар бланктері болады.

         Қала сыртындағы лагерьлерде медициналық қызметтің жүргізілуі оған лицензия (рұқсат) берілген кезден бастап немесе мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерімен бекітілген, балаларға медициналық қызмет көрсету туралы келісім шарт бар болған жағдайда ғана жүргізіледі.

         Лагерьді басқару ҚР заңына және лагерь жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

         Қала сыртындағы лагерьдің директоры:

         Лагерьдің қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды, оның жұмысының сапасына жауап береді;

         Лагерьде болған кездегі балалардың және жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына, еңбек күзеті мен техникалық қауіпсіздік нормаларының сақталуына жауапты болады;

         Жұмысқа қабылдауды және кадрларды орналастыруды, қажетті міндеттерді бөліп беруді жүзеге асырады, жұмысшылардың квалификациялық деңгейіне жауап береді;

         Штаттық кестені, төлемақы көлемін бекітеді;

         Лагерь мүлкіне иелік етеді және қаржыны дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді;

         Лагерьді мемлекеттік және қоғамдық орындарға таныстырады;

         Мекеме алдында лагерьдің қызметіне жауапты болады.

         Лагерьге штаттық лауазымдарға 18 жасқа толған тұлғалар ғана қабылданады. Жұмысқа қабылдау кезінде денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды талап етіледі. Лагерьдің әр жұмысшысы еңбек шартымен, ішкі тәртіп ережелерімен және өзінің лауазымдық міндеттерімен таныстырылуы керек. Лагерь жұмысшылары оларға жүктелген міндеттер аясында балалардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

         Лагерьде педагогикалық қызметке жоғары немесе арнайы орта білімі бар, педагогтар мен вожатыйлардың лауазымдарына сәйкес анықталған, біліктілік мінездеме талаптарына жауап беретін тұлғалар ғана жіберіледі.

         Лагерь жұмысшыларының және әкімшілігінің қатынасы шарттары ҚР Еңбек туралы Заңына қарсы келмейтін еңбек шартымен реттеледі.

         Тәрбиешілер мен топ вожатыйларына тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға және лагерьде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің және сауықтырудың жаңа түрі мен тәсілдерін пайдалануға көмектесетін педагогикалық кеңес құрылады, оның құрамына лагерь директоры мен педагогтар кіреді.

         Балаларды лагерьге жеткізу мекеменің ұйымдастыруымен немесе лагерь Жарғысына сәйкес ата-ананың жеке тәртібінде жүзеге асырылады.

         Қала сыртындағы лагерь басшысы жазғы сауықтыру  кезеңінде жұмыс уақытына еңбек келісімшартын жасайды. Келісімшарт педагогтармен, студенттермен немесе басқа да арнайы білімі бар жұмысшылармен жасалады.

         Барлық сауықтыру және мектепшілік лагерлерде жағдайы төмен отбасы балаларымен жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде жұмысқа психолог немесе әлеуметтік педагог алынуы қажет.

         Балаларды қабылдау кезінде лагерь әкімшілігі оларды және ата-аналарын лагерь Жарғысымен, лагерь қызметін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

         Лагерьде ауысымды өткізу кезіндегі жұмыс түрі мен тәсілі оның білімдік, шығармашылық, еңбек бағыттарына тәуелсіз болады, бастысы баланың дамуына бағытталған тәрбиелік-білімдік және сауықтыру қызметі.

         Лагерьде балалар мен ата-аналарының, сонымен қатар мүгедек балалардың бірігіп демалуы үшін қажетті шарттар жасалуы керек.

         Тәрбиелік және білімдік жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, соның ішінде үйірмелерді ұйымдастыру үшін лагерьде сай келетін педагогикалық кадрларды бөлуге және қажетті материалдық-техникалық базаны қалыптастыруға қажетті шаралар қабылдануы қажет.

         Үйірме сабағы бір тақырып бағытында немесе кешенді бағдарлама бойынша өткізіледі.

         Үйірме құрамының саны, сабақтың ұзақтығы балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып және санитарлық ереже талаптарына сәйкес лагерь жарғысымен  анықталады. Сабақ топпен, жеке немесе үйірменің бүкіл құрамымен жүргізіледі.

         Әр баланың бірнеше үйірмеге қатысуына және оларды ауыстыруға құқығы бар.

         Лагерьдің ҚР Заңымен және лагерь Жарғысымен анықталған келесі құжаттары болуы керек:

         Мекеменің лагерьді ұйымдастыруы туралы нормативтік-құқықтық құжат;

         Лагерь Жарғысы;

         Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және мемлекеттік өрт бақылау орындарының рұқсаты;

         Ауысым өткізу кезінде, оның откізілуі туралы құжат;

         Штаттық кесте;

         Лагерь жұмысшыларының лауазымдық міндеттері;

         Лагерьдің санитарлық құжаты;

         Медициналық қызмет көрсетуге лицензия немесе балаларға қызмет көрсету үшін мемлекеттік медициналық  мекемемен келісімшарт;

         Лагерь территориясында базалық білім мекемесінің болмауына байланысты  лагерьлер үшін жыл бойына білім қызметіне лицензия, балаларға қызмет көрсету үшін мемлекеттік білім беру мекемесімен келісімшарт;

         Лагерге қабылдау және жуыну орыны актісі;

         Лагерьдегі балаларға жолдама;

         Лагерьдің медициналық дайындық журналы;

         Лагерь жұмысшыларына техникалық қауіпсіздік түсіндіру жұмыстарын өткізу журналы;

         Жұмыс жоспары, атқарылған жұмыстардың есеп журналы, сонымен қатар басқа да құжаттар.

         Басқарма ауысымда бір рет лагерьдің шаруашылық-қаржылық қызметін тексеріп, тамақтың жеткізілуін, сақталуын, дұрыс бөлінуін қадағалайды, материалдық құндылықтар есебі, қаржылық құжаттардың жағдайы және есебі құжаттарын тексереді.

3. Орталық мемлекеттік орындардың, облыстардың, облыстық үлгідегі қалалардың, аудан үлгісіндегі қалалардың, қалалардағы аудан әкімдерінің, сонымен қатар қызмет көрсетушілер немесе олардың лауазымды тұлғаларына, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен олардың жұмысшыларына мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне қатысты шешімдеріне, іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сапасына қарсылық білдірген жағдайда мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетілген орын бойынша атқарушы орын басшысының атына немесе әкімшілікке  демалыс және мейрам күндерін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.00 қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00 – 18.00 аралығында шағымдана алады.

         Атқарушы орындардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментіне,  демалыс және мейрам күндерін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30-ды қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00 – 18.00 аралығында, мына мекен жайда: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі» ғимаратында, 11 подъезде қабылданады.

         Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті тұтынушы орнатылған заңды тәртіпте сотқа арыздануға құқығы бар.

         Шағымда мемлекеттік қызметті тұтынушының аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы, күні көрсетіледі. Шағымда мемлекеттік қызметті тұтынушының қолы қойылуы керек. Шағымда субъектінің аты немесе лауазымы, іс-әрекетіне шағымданушының аты-жөні, тегі, шағымдану себептері мен талаптары көрсетілуі тиіс.

         Қабылданған шағым кіріс журналына тіркеліп, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес уақытта қаралады. Мемлекеттік қызметті тұтынушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген түбіртек беріледі.

         Шағымның нәтижесі мемлекеттік қызметті тұтынушыға  пошта арқылы жазбаша түрде жеткізіледі.


4.Мемлекеттік қызметтің көрсетілу ерекшеліктерін есепке алатын басқа да талаптар, соның ішінде электрондық түрде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтің көрсетілуі
Әлеуметтік жағдайы төмен, соның ішінде мемлекеттік қызметті алған мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қызметті ұсынушылар қажетті жағдайлар қалыптастырады.

         Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекен-жайы осы стандарттың 1-2-қосымшаларында көрсетілген, мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы толық мағлұмат:

         Аймақтық білім бөлімдерінің сайттарында;

         ҚР Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында, мына мекен-жайда:www.edu.gov.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

         Балаларға қосымша білім беру қызметін ұсынатын ұйымдардың  бағдарламалық бұрыштары.

         Әрбір ұйымда мемлекеттік қызмет, соның ішінде ақылы қосымша білім беру қызметтері, сапалы мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне септігін тигізетін оқушыларға қойылатын талаптар көрсетілген мәліметтер жазылған стендтер болуы керек.

         Басқа да талаптар.

         Территорияға, ғимараттарға, қару-жарақтарға қойылатын талаптар, лагерьде ауысымды қабылдау ережелері сол лагерьге қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен анықталады.

         Мектепшілік лагерь ұйымдастырылған білім ұйымы мыналарға:

         Балалардың өмірі мен денсаулығына, немесе басқа да олардың құқығына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке);



         Аймақтық және жергілікті қор қаржысының мақсатты жұмсалуына;

         Қаржылық есептің уақытында жүргізілуіне жауапты болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет