1. Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлімінің бас маманы

Loading...


жүктеу 106.36 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі106.36 Kb.
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны: 8 (724-2) 60-53-00 (ішкі номер: 5735); 60-53-75, факс: 8-7242-60-53-74, uebp@korda.gov.kz, A.Nurbaeva@korda.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Стратегиялық жоспарлау және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау бөлімінің бас маманы (D-О-4 санаты - 1 бірлік, индекс № 04-3). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай
83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының бұйрықтарының орындалуын ұйымдастырады. Бөлім жұмысына басшылық ету мен ұйымдастыру және бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жауап береді. ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827
«ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығын және
ҚР Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі ҚР Президентінің Әкімшілігі бекіткен іс-шаралар жоспарын, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тапсырмалары бойынша жұмыстар жүргізеді. 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасына және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді. 2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, олардың жыл қорытындысымен орындалу есептілігін мемлекеттік мекемелердің «интранет-портал» ақпараттық жүйесіне енгізеді. 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасына және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қызылорда облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдық көрсеткіштерінің жобасын әзірлейді (екі кезеңде). Өңір экономикасының өсуін қамтамасыз ету мақсатында нақты ұсыныстар енгізеді. Мекемелерден және азаматтардан түскен хаттарды және сауалдарды қарайды және уақытылы жауап беруді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы әрекет етуші заңдылық талаптарына сәйкес бюджеттің саясатын жүзеге асырады. Облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы мақсатында түрлі агенттіктермен (ПРООН, ЮНИСЕФ, ЮНПФА, ЮНЕСКО, ВОЗ және ООН – әйелдер( жиналыстар, басқосулар өткізуді ұйымдастырады. Аудандар мен Қызылорда қаласының даму бағдарламаларының әзірленуін бақылайды, сонымен қатар олардың жүзеге асырылуы мониторингін жүргізіп, ВЕБ-

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Компьютерде жұмыс жасай білуі қошталады.

2. Әкімшілік - қаржы бөлімінің бас маманы – кадр қызметшісі
(
D-О-4 санаты - 1 бірлік, индекс № 02-3) (негізгі қызметкердің бала күтіміндегі еңбек демалысы уақыты, 3.03.2017 жылға дейін) уақытша бос орын. Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай
83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа нормативтік-құқықтық актілерді, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының бұйрықтарын орындайды. Басқарманың «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарымен жұмыс жасайды. Басқарманың кадр сұрағы бойынша құжаттамаларын жүргізеді. Басқарманың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілетін конкурс құжаттарын рәсімдеп, олар бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігнің Қызылорда облысы бойынша департаментіне тоқсандық, жылдық есептеме береді. Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі және лауазымдық жалақы алуға құқық беретін еңбек өтілін есептеп бекітуге ұсынады. Басқарма қызметкерлерінің табелін толтырады. Бөлімнің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңдарына, ережеге, нұсқаулықтарға және басқарма басшысының бұйрығына сәйкес қызметкерлерді қызметке қабылдау, босату және ауыстыру бойынша қажетті құжаттарын рәсімдейді. Қызметкерлердің жеке істерін жүргізіп, еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді еңбек кітапшаларына енгізіп, қалыптастырып отырады. Аттестациялық, конкурстық, тәртіптік комиссиясына қызметкерлер туралы қажетті құжаттарды дайындайды. Басқарма қызметкерлерінің біліктілік талаптарын әзірлейді. Басқарма аппаратының штаттық құрылымын жасайды. Қалалық әскери комиссариатпен басқарма қызметкерлерінің әскери міндет мәселелері жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану) мамандығы бойынша жоғары білім.

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Компьютерде жұмыс жасай білуі қошталады.

Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары 2 қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары 3 қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мідетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттар қабылдау мерзімім жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден жіберілмейді

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1, Қызылорда облысы әкімдігінің ғимараты, 5-қабат, 526 кабинетте қабылданады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс №1 мекен жайында өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары B-5, C-4,
C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін:
 мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2,


C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5,
E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тесттер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, өкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 30-шы тармағанда көрсетілген ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 15-ші тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту,тұратын жер жалдау,байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
«Қызылорда облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы
: sites -> default -> files -> pages
pages -> «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» рмм төменгі лауазым болып табылмайтын
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Мемлекеттік көсетілетін қызметтерге жауапты қызметшілер туралы мәлімет
pages -> «Қамысты ауданы әкімдігінің бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының сұрақтары бойынша жетекші маманы
pages -> «Жітіқара ауданының Шевченковка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты e-g лауазымдық жалақысы қызмет еткен жылдарына байланысты
pages -> Конкурс туралы хабарландыру
pages -> Есэдо го (версия 18. 4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...