1 салық ЖҮйесінің МӘнімен маңызы 1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата07.06.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4
МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ 


1   САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІМЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері

1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері 

2 АКЦИЗ САЛЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА

ТӨЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Акциздердің құрылу негізі

2.2 Акциздердің төлеу мен есептеу тәртібі

2.3 Акциздердің бюджет кірісіндегі орны 

3 АКЦИЗ САЛЫҒЫН АЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ 

ҚОРЫТЫНДЫ  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.  


 
 
 
 

КІРІСПЕ 


Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.

Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндеті төлемдер туралы» кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастай күшіне енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады. Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің жеңілдетілуі жүмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы салық төлеуден жалтаруға әкелді.

Нарық жағданында акциз салығының төлеу шарттарының қалыптасуына байланысты заңдық және іс-тәжпребелік сұрақтарды зерттеудің жетіспеушілігі зерттелетін жүмыстың  тақырыбын  таңдауды айқындап, мақсатын  және қарастырылатын сұрақтардың аясын анықтады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты акциз салығының салық жүйесі ішіндегі мәнін ашу және оны алудың жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқан келесі шаралар қатарын шешу керек:

1.салықтың маңызы мен мәнін ашу;

2.салық жүйесінің түсінігін, ерекшеліктерін және принциптерін зерттеу;

3.Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ішіңдегі акциздің ерекшелігін қарау;

4.акциз салығының құрылу негізін қарастыру;

5.акциз салығының бюджет кірісіндегі орнын анықтау;

6.салық жүйіесінің мәселелерін қарастыру және жетілдіру жолдарын ұсыну.

Жұмыстың зерттеу пәні болып мемлекет пен салық төлеуші - азаматтар арасындағы қаржылық, қатынастар жүйесі табылды.

Ақпараттық, базасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері, Қазақстан Республикасының салық кодексі, Қазақстан Республикасы Табыс министірлігі мен Қаржы министірлігінің салық жөніндегі инструкциялары, қазақстандық және шетелдік ғалым экономистердің монографиялық әдебиеттері мен ғылыми мақалалары қолданылды.

Практикалық (тәжірибелік) негізіне Қазақстан Республикасы Табыс министірлігінің жоспарлық және есеп беру мәліметтері қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 



    1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері

 

Салықтар дегеніміз, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттік жоғарғы өкілді орган қабылдаған нормативті акті заңның негізінде, сондай-ақ, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды және жеке түлғалардан міндетті түрде, қайтарылмайтын және ақысыз негізінде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Осы берілген түсінікті жан-жақты талдап, салыстыру мақсатында басқа да авторлардың көзқарасына тоқталамыз.

Көптеген экономистер салықтардың түсінігін, мәнін ашуға тырысты. Алғаш рет салықтардың мәні Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген. "Салықтар - ел капиталы немесе кірісінен алынып, үкімет иелігіне түсетін өнімнің бөлігі" деп көрсетті ол.

Салық теориясына Ресейдің ғалымдары да өзіндік үлес қосты. Н. Тургенев Ресей экономикасын зерттей отырып, былай деді: " Салық - қоғамның немесе мемлекеттің бір мақсатқа жетудегі мәні. Халық мемлекетке бірігіп, оған басшылық жасауға және салық салуға құқық   берді ".

Ал А. Соколов: " Салық дегеніміз мемлекет шығындарын жабу және экономпкалық саясатты шешу үшін кәсіпкерлерден алынатын мәжбүрлік алым " деп көрсетті. Соколовтың бұл анықтамасы салыктың түпкі мәнін көрсетеді. Ол  тек ғана салықтың фискалдық кызметін жүргізіп қоймай, осы

Жиналған салықтарды мемлекеттің саясаттарын жүргізуге қолдану қажеттілігін айтады.

Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және мынадай түсінік береді: " міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белпленген тәсілмен ақшалай түрде алу ".

Ал салық жөнінде, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан тиісті деңгейде бюджетке алатын міндетті жарнасы деген анықтама берген. Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынадай анықтама береді “салық мемлекеттің өкімет билігі субьектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес ақысыз түрінде заңды және жеке түлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.

Осы автордың айтуы бойынша, егер қандай да болмасын міндетті төлемді алу заңда белгіленіп, негізделмеген жағдайда, оларды алу заңсыз болып табылады. Ал салық телеуші бұл жерде азамат ретінде емес, сонымен қатар меншік иесі де болғандықтан салықтарды төлеу оның жеке меншік жөніндегі құқығынан шығатын әлеуметтік міндеті.

Қазақстандық, белгілі экономист-ғалым Қарағүсова Г.Ж. " салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады" деген анықтама береді.

Қаржылық қүқық саласының Қазақстан бойынша берілетін бір әйгілі ғалымы Худяков А.М. өз еңбегінде салықтардың түсінігін беріп қана қоймай, олардың басқа төлем түрлерінен ажыратуға қажетті   ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Бұл ерекшеліктер салықтардың өз қүқылық және экономнкалық табиғатына тән белгілер болып табылады

1 Салық-әрқашан мемлекет тарапынан енгізілінеді және алынады. Бұл жерде мемлекет саяси субъектісі ретінде көрінеді.

2 Салық-мемлекеттің біржақты түрде белгілейтін төлемі. Бұл жерде мемлекет салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайды. Осы айтылған жағдайлар Конституция баптарында көрініс тапқан: Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міңдеті болып табылады.

3. Салық- әрқашанда ақшадай түрдегі төлем. Осы белгісі бойынша салықтар әртүрлі мүліктік міндеттемелердің - тәркілеу, реквизициялау және т.б. ерекшеленіп тұрады.

4. Салық- әрқашанда ақшаларды еріксіз алу. Бұл жерде салық төлеушіге оның ақшаларын еріксіз алу механизмі құрылады.

5. Салық- заң жүзінде белгіленген ақшаларды алу. Мемлекет салықтарды ашықтан ашық заңға негізделген күйінде алады. Яғни жеке меншіктегі ақшалар мемлекет меншігіне ауысады.

6. Салық- міндетті төлем. Салық төлеушінің салық телеу жөніндегі міндетті салық қызметі органдарының төленген салықты қабылдау жөніндегі міндетімен ұштасады.

7. Салық- тек құқылық формада қездесетін төлем. Салықтар нормативтік сипаттағы заң актілерімен белгіленеді.

8 .Салық- тек мемлекеттік кіріске түсетін төлем.

9. Салық- тұрақты ақша міндеттемелерін туғызатын төлем.

10. Салық- баламасыз төлем. Яғни, салық қандайда болмасын көрсетілген қызмет немесе сатып алған тауарларға төлейтін төлем емес, ол тек ақысыз төлем.

А.И.Худяковтың айтуы бойынша салықтардың басты белгісі салық нысанасының ауысуы, меншік иесінің ауысуы болып табылады. Мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жеке түлғалардың салық төлеу кезінде мемлекет қарамағына өтетін ақшалары мемлекет меншігіне айналады.

Ал мемлекеттік заңды тұлғалардың салықтарды мемлекет қарамағына түскенімен, олардың (заңды түлғалардың, ақшалардың) иесі мемлекет болып қала берді. Бұл жерде мемлекет салықтарды белгілеу және алу процесінде саяси субъекті ретінде, ал міндетті төлемдерді белгілеу және алу кезінде - меншік иесі ретінде болады. Салықтарды алу кезінде мәжбүрлі (еріксіз) түрде меншік формасы өзгертіледі. Қорыта келіп айтқанда міндетті төлемдер - өз кірістерінің бөлігі, ал салықтар - бөтен кірістердің бөлігі.

Салықтар әркашаңца мемлекет пен халықтың жан-жақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономнкалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арасыңдағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Енді салық салу саласында міндеттемелерін және олардың орындалу тәртібін анықтайтын заңды құрылымға, яғни салық туралы заңның элементтеріне тоқталамыз.Тек салық туралы заңның элементтерінің жиынтығы арқылы салық төлеушінің салық міндетттемелері толық белгіленбеген болып есептеледі.

Салық заңдарында белгіленген салық элеметтеріне мыналар жатады: салық төлеуші; салық салу объектісі; салық салу бірлігі; салық ставкасы; салық салу әдісі; салықты есептеу тәртібі; салық төлеу мерзімі; салықтарды төлеу тәсілдері және тәртібі; салық төлеушілердің, банк мекемелерінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері. Енді осы салық элементтерінің әрқайсысын жекелеп қарастырамыз.

Салық төлеуші- өз меншігі есебінен салық төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға, яғни салық субъектісі. Бұл жерде салық төлеушілер деп, заңмен белгіленген салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғаларды айтамыз. Экономикалық термин ретінде " салық ауырмаларын көтеруші " деген ұғым қолданылады, яғни салықты нақты төлейтін тұлға деген мағынада.

Сонымен, Қазақстан аумағындағы салық төлеушілер мыналар болып табылады:

Кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы заңды тұлғалар

1) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындар;

2) біздін республикамызда заңды тұлға ретінде тіркелмегендер, бірақ басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылатындар. Бұлар үшін салықтарды филиалдары, агенттіктері, оқшауланған бөлімшелері немесе тұрақты өкілдері төлейді.

Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары, яғни азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар.

Салық салу обьектісі - заңда көзделген тауарлық-материалдық игіліктер жасалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. болып табылады.

Қазақстанда заңда көзделген салық салу обьектілері мыналар болып табылады:

а) заңды және жеке түлғалардың кірістері (табыстары, пайдалары және т.б.); б) заңды және жеке түлғалардың мүліктері;

в) мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер;

г) өнімдер мен қызметтердің ( жүмыстардың ) қосылған құны;

д) тауарлардың кейбір топтары мен түрлері;

е) шаруашылық айналымы;

ж) қаржылық операциялар;

з) табиғи ресурстарды пайдаланушылардың төлемі

Бұл жерде ескертетін бір жай, қандай да болмасын заң жүзінде белгіленген объектіден салық бір-ақ рет (бір дүркін) алынады, сондай-ақ салық төлемдерін арттыратын заңдарды қолданудың кері күші болмайды.

Салық салу бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. Бүл жерде салық салу бірлігі деп салықтарды есептеу негізіне салынған салық обьектісінің бір бөлігін айтамыз.

Мысалы, жер салығында- 1 гектар, 1 шаршы метр, 1 акр; акциздерде -1 бөтелке, 1 қорап сигарет; табыс салығында - теңге, доллар, евро, рубль және т.б.

Салық ставкасы - салық салу бірлігіне қатысты салық мөлшері немесе салық нарқы. Салық ставкасы салық салу нормасын сипаттайды. Құрылу әдісіне байланысты салық ставкалары тұрақты және пайыздық болып екіге

бөлінеді. Тұрақты ставкалар - түсетін табыс мөлшерін есепке алмай, салық салу обьектісіне ( жер учаскесіне ) тікелей, нақты салық бірлігінің шекті сомасымен белгіленеді. Пайыздық ставкалар: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болып екіге бөлінеді.

Пропорционалды ставкалар - бірыңғай пайыз түрінде белгіленеді, бұл жерде салық обьектісінің көлемі ескерілмейді.

Прогрессивті ставкалар - табыстар мен мүліктердің өсуіне байланысты күрт өсетін шкала түрінде белгіленеді. Прогрессивтік ставкалар екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі.

Қарапайым прогрессивтік ставкалар - мүліктің немесе табыстың құны артқан сайын өсе түсетін салық ставкалары.

Күрделі прогрессивтік ставкалар - табыс екіге бөлініп, әрқайсысына көбейетін салық ставкасы белгіленеді.

Регрессивті ставкалар - салық салу объектісінің өсуіне қарамастан төмендетіле берілетін ставкалар.

Салықты есептеу тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорындардың жеке тұлғаға табысын төлеу кезінде, бұрынғы тапқан табыстарын есепке алмай, сол төлеп жатқан табыстан ғана салық сомасын есептеуі.

Кейбір әдіс бойынша, төлеушінің жылдық нақты мезгілінде тапқан табысының соммасын және осы мезгілге қатысты салық төлеушінің жеңілдіктерінің жалпы сомасын есептеу арқылы жүзеге асырады. Әрбір кәсіпорынның бухгалтериясында нақты салық төлеушінің бір жыл бойындағы табысының жалпы сомасын алып тастау арқылы да салық есептелінеді.

Салықтың есептелген сомасын төлеу кезінде бұрын осы табыстан ұсталған салық сомасына азайтылады.

Салықтардың төлеу тәсілдері. Салықтарды төлеудің үш тәсілі бар, деклорация бойынша салық төлеу, салық төлеудің кадастірлік әдісі, табыс көзі бойынша салық төлеу әдісі.

Салық төлеу мерзімі - салықтар мен басқа да міндетті төлемлердің бюджетке алыну уақыты. Мысалы, қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеуші ағымдағы он күндік төлемдерін мына мерзімдерде, есепті айдың он үші, жиырма үші, келесі айдың үші күндері төлейді.

Салық жеңілдіктері - төлеушілердің заңда көзделген жағдайда, салық төлеуден ішінара (кейбір түрлерін ғана) немесе толығымен босатылуы. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: салық төлеуден толығымен босату, салық төлеуден ішінара босату, салық салуға жатпайтын объектілерді анықтау; салық мөлшерін төмендету; мақсатты салық жеңілдіктерін беру; уақтылы төленбеген салықтарды есептен шығарып тастау; салық төлеу мерзімін кейінге калдыру.

Мысалы, табыс салығы бойынша - мынадай заңды тұлғалардың табысы салық салудан босатылады: мүгедектердің ерікті қоғамы; Ауғанстан соғысы ардагерлерінің республпкалық ұйымы және т.б

Сонымен, салықтардың мәнін қарастыра отырып, мемлекеттің салықтарды дамыту мен қолданудағы рөлін, жаңашыл салық салудың қоғамның қандай мүшелерінің мүддесі үшін жұмыс атқаратынын көруге болады.

Біріншіден, қоғамның барлық мүшесі елдің қауіпсіздігін және ел ішіндегі азаматтарының жеке басының қауіпсіздігін ойлайды. Сондықтаңда

қоғамның барлық мүддесі үшін әскери күштер мен қоғамдық тәртіпті сактау органдарын ұстауға қаражат қажет.

Екіншіден,    қоғамда    мемлекетті   басқару    қызметкерлерін  ұстауға қаражаттар керек.

Үшіншіден, қоғамдағы білім беру және емдеу мекемелерін толығымен ақылы түрге көшіргенмен де, қарттар үйі мен жетім балалар үйлерін ұстауға, уақытша жұмыссыздарға жәрдемақылар және зейнетақылар төлеуге қаражат міндетті түрде керек. Өйткені, осы және басқа да әлеуметтік мәселелер қоғамның барлық мүшелерін қозғайды, сондықтанда бұл мақсаттағы шығындар салықтар арқылы жабылу қажет. 

1.2 Салык жүйесінің түсінігі және құрылу принциптері 

Жас тәуелсіз еліміздің қомақты бюджеті болуы жолында, мемлекеттік қазынаның қаражатын молайта түсу - маңызды мәселе. Өйткені, денсаулық сақтау органдарының, халыққа білім беру мекемелерінің, зейнеткерлер мен студенттердің, басқа да толып жатқан халық жіктерінің тағдыры бюджетке байланысты екені хақ. Бюджет кірістерінің құрамы, бюджетке шоғырланатын ақша қаражаттарының формалары шаруашылық жүйелері мен әдістерінен, сол сияқты қоғамның экономикалық шараларын шешуге тәуелді. Бұрын бюджет кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша қорларынан құралса, нарықтық экономикаға- көшуге байланысты, ол заңды және жеке түлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады.

Қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі мемлекеттік кірістерді қалыптастыру екені бізге белгілі. Мемлекеттік кіріс деп, мемлекет қарамағына әр түрлі түсім көздерінен келіп түсетін және оның өзіне тән міңдеттерін шешуге, сондай-ақ, функцияларын жүзеге асыруға пайдаланылатын қаржылық ресурстарды айтуға болады. Сол мемлекеттік кірістердің қатарынан салықтар да өзіне тиісті, өте маңызды орын алады.

Салықтар мемлекеттің басқа да атрибуттары сияқты мемлекеттер құрыла бастаған кезде пайда болған және олар әркашан да мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуының, сондай-ақ оның өсіп-өркендеуінің негізгі материалдық тірегі болып табылған.

Алғашқы кездерде мемлекетті ұстауға қажетті қаражаттар сол мемлекет тұрғындарынан заттай немесе ақшалай күйінде алынған болса, кейінінен олар тұрақты, жүйелі түрде ақшалай алынатын міндетті төлемдерге - салықтарға айналған.

Салықтардың, салықтық құқықтың мемлекеттермен қатар пайда болуы олардың құқықтық табиғатын, мәнін ашып көрсететін сияқты. Өйткені сол кездерден бастап мемлекеттерде әлеуметтік әділеттілік, демократиялық және

құқықтық принциптері көрініс берген. Әртүрлі меншік нысандарының теңдігі, олардың өндіріс құралдары мен жабдықтарына негізделуі де мемлекеттің экономикалық жүйесімен шартталған болатын.

Сонымен салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамытып, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.

Салықтардың функционалдық, сипаттамасын нақтыландыру, яғни қызметтеріне талдау жасау арқылы салықтардың тікелей мәнін және экономикалық табиғатын, сондай-ақ атқаратын қызметтерінің негізгі бағытын көруге болады. Салықтардың қызметтері белгілі кезеңде өздері атқаратын рөліне байланысты, мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерді шешуге септігін тигізуге, қажетті экономикалық тұтқа және реттеуші болып табылады. Салыктардың   қалыптасқан   түрдегі   негізгі   үш   қызмет   бар.   Олар: фискалдық, қайта бөлу және реттеуші қызметтер. Негізінде экономикалық теория жене басқа тиісті оқулықтарда осы негізгі үш қызмет көрсетілмегенімен, кейбір белгілі экономист-ғалымдардың еңбектерінде оларға қоса тағы бірнеше қызметтер аталады.

Бірінші, фискалдық қызмет-салықтардың және басқа да міндетті телемдердің бюджетке толығымен және уақтылы (мерзімінде) түсіп отыруын қамтамасыз етеді. Фиск - латын тілінде мемлекеттік қазына   деген мағынада айтылған. Сондықтан, фискалдық қызмет-салықтық-бюджеттік қызмет, яғни мемлекеттік қазына-бюджетті түсім көздері - салықтар мен басқа да міндетті төлемдер арқылы ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету жөнінде қызмет болып табылады. Қысқаша айтқанда, қаражаттарды бюджетке жұмылдыру қызметі. Тауарлық-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына байланысты бұл қызмет -мемлекет қарамағына түсетін ақшалай кірістерді ұлғайта түседі. Ал қайта бөлу қызметі, әртүрлі субьектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. Бұл қызметтің барысында жалпы ұлттық өнім көлеміндегі салықтардың үлесі анықталады, яғни ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу арқылы оның қандай бөлігінің мемлекет меншігіндегі қорға қосылғанын көрсетеді.

Үшінші қызметі - салықтық реттеу, яғни реттеуші қызмет-салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы, заңды және жеке тұлғаларды нарыққа бағытталған экономикалық белсенділіктерін (қызметтерін), сондай-ақ мүдделерін қамтамасьгз ету. Бұл қызмет өзінің осындай сипаттамасына байланысты ынталандыру қызметі деп те аталады. Салықтық реттеу (салықпен реттеу деген де болады) мүмкіндігінше тиімді салық түрлерін таңдау, олардың мөлшерін өзгерту, сондай-ақ жеңілдік көрсету, кейде кейбір түрлерін алу тәсілін өзгерту сияқты әрекеттерден тұрады. Әсіресе бұл қызметті ғылыми-техникалық процестерді ынталандыру кезінде қолдану өте тиімді болады.

Мемлекет үстінде аталған салықтардың қызметін қолдана отырып салық салу, салық қызметі саласындағы әртүрлі шараларды жүргізеді   және салық

жүйесін анықтап, олардың қызмет атқару тұтқасын әзірлейді. Салық салу саласыңдағы жүзеге асырылатын шараларды қоғамның нақты бір даму кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына байланысты экономикалық саясатпен ұштастыру да осы қызметтер арқылы жүргізіледі.

Енді осы қызметтер жөнінде қалыптасқан, дәстүрлі көзқарастармен шектеліп қана қоймай басқа да авторлардың пікірлеріне тоқталайық. Белгілі экономист-ғалым Қарағұсова Г.Ж. айтуынша салықтардың атқаратын қызметтері мына төмендегідей болып келеді:

1.фискалдық немесе жұмылдыру қызметі арқылы мемлекет тиісті шығындарын қаржыландыруға қажетті салықтарды жиыстырады;

2.қайта бөлу қызметі арқылы мемлекет экономика аясының әртүрлі саласына ықпал етеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, табыстарды халық арасындағы әлеуметтік топтарға қайта бөледі, табысты өте төмен топтарға жәрдем береді. Мысал ретінде үдемелі ставкалы табыс салығын көрсеткен;

3.ынталандыру қызметі - экономиканы дамыту, техникалық жаңарту және т.б, әртүрлі жағдайлар жасауды жүзеге асырады;

4.шектеу кызметі, салық саясаты арқылы мемлекетке тиімсіз (пайдасыз) өндірістердің дамуын шектеу немесе тоқтата тұру больтп табылады;

5.бақылау-есептеу қызметі, кәсіпорындар мен азаматтардың табыстарын, өндірістің құрылымы мен көлемін және қаржылардың қозғалысын есептеп, бақылаудан тұрады.

Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономпкалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.

Салық категориясының нақты формалары болып құқық органдарымен тағайындалған салық төлемдерінің түрлері жатады. Салық дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік шығындарын жабу үшін, заң жүзінде бекітілген төлемі. Мемлекеттің  алатын  салықтарының  формасы мен әдістерінің жиынтығын салық жүйесі дейміз.

Салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың ара қатынасынан тұрады. Біріншісі - салық төлеушілердің табысы мен мүлкінен алынатын мемлекет түсімі, екіншісі - тауар бағасына немесе қызмет көрсетуге үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Тікелей салық салуда ақша қатынастары мемлекет пен қазынаға енгізетін төлеушінің өзімен тура болады.

Жанама салықтың субьектісі, мемлекет пен төлеуші арасьында болатын делдал, яғни тауар сатушысы болып табылады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты мүлік түрлерінің әрқайсына төленетін, жеке және заңды түлғалардың кіріс көздерінен немесе декларация бойынша алынатын салықтар болып бөлінеді.

Тікелей салықтардың біреулерін тек заңды түлғалар, келесісін тек-жеке тұлғалар, ал үшіншісін - заңды да жеке түлғада төлейді.

Жанама салықтар құрамы да әр түрлі - акциздер және қосылған құнға салынатын салықтар. Олардың алынуыда өте қарапайым Олардың алымдық әсері өндіріс құлдырауында да қолданылады. Алыну обьектісі мен колданылу әдістері әр түрлі болып келетін, тікелей және жанама салықтардың жүйесі, мемлекетке салықтардың - алымдық және экономикалық қызметтерін толықтай атқаруына мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет