1. Психологиялық жаттығу «Таныстырылым» Мақсаты: қатысушыларды тренинг жағдайына кірістіру Нұсқау: «Таныстырылым»



жүктеу 55.17 Kb.
Дата05.03.2017
өлшемі55.17 Kb.
Тренинг тақырыбы: «Мәңгілік ел-ұлттың ұлы мұраты»

Тренинг мақсаты: Жаңашылдыққа бағыттау, тұлғалық іскерлігін дамыту,шығармашылық ізденісін, логикалық ойлау қабілетін арттыру

1. Психологиялық жаттығу «Таныстырылым» Мақсаты: қатысушыларды тренинг жағдайына кірістіру

Нұсқау: «Таныстырылым» жаттығуы: қатысушылар үш топқа бөлінеді. «европалықтар, жапондар, африкандықтар» әр қатысушы шеңбермен жүріп барлық ойыншылармен «өз тәсілімен» амандасуы тиіс.

2. «Мәңгілік ел» идеялар аукционы Тәжірибелік сабақ: макет құрастыру,плакатпен жұмыс

3.Жарнама жасау жолдары: психологиялық ықпал. Тәжірибелік сабақ:«Сенімді дос іздеймін»

1.Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама таратушының ойын іске асырумен айналысады.

Жарнама мақсаты:

-сауда нарығын кеңейту

-бұқараға тауар жайлы хабарлау

-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру

-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау

-қарсыластарға тойтарыс бере алу.

Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.

2.Керекті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті карандаш, қалам.
Кез-келген адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды. Мүмкін нағыз дос сендерде бар шығар. Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын «Тұлға іздеймін» газетінің бас редакторымын. Сіздердің әрқайсың біздің газетке Тұлға іздейтіндеріңіз жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны немесе әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Кез келген түрі қабылданады. Сіз достар кандидатурасына қоятын талаптарыңыздың бірнеше тізімін, тіпті оның суретін салуыңызға да болады. Өзіңіз жайында айтуыңызға да болады. Бір сөзбен айтқанда, жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек мына жайтты есте ұстағаныңыз жөн: Тұлға іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан, сіздің жарнамаңыз тұлға таңдаушылардың назарына ілігудің қамын ойластыруыңыз қажет.
Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.
Барлық қағаздарды тақтаға ілеміз. Қатысушылар жарнаманы үнсіз оқиды. Әр қатысушы өзіне ұнаған жарнаманы қызыл түспен дөңгелектеп және оны берушімен байланыс жасауға дайындалады. 
Енді жарнама қағаздарын түсіруге болады. Қараңыз, сіздің жарнамаңыз басқаларға әсер етіп пе? Жарнамаңыздағы қызыл түсті дөңгелектің саны қанша? 
Талқылау:
Ойынның осы кезеңі ерекше маңызды. Жаттығу адамдардың адамгершілік құндылықтарын, достыққа лайық сапаларды бағалау немесе өзі нағыз дос болу үшін өзін дамыту жайында дискуссия. 
- Көп қызықты жауаптар алынған жарнама несімен сипатталады?
- Ешқандай да таңдалмай қалған жарнамалар жайында сөз қозғау
Қызыл дөңгелектер санының аз болуы мүмкін болашақтағы досының талабына байланысты болуы да мүмкін. Үлкен сұранысқа сай келу оңай емес. Ешкім де «жан тәнімен берілу», «бәрін тастап, көмекке келу» немесе «сырды сақтай алу» және т.б тамаша қасиеттерге толықтай ие емес қой. Ең бастысы: дос іздейтін мұндай жарнамаларда бір нәрсе берулері қажет, бірақ оның орнына ештеңе ұсынбайды. Досқа деген тұтынушылық қарым-қатынасқа ұқсас жарнама берушіден түсіністік пен ұнатуды кездестіру екіталай. Тәжрибе көрсеткендей, жарнама берушінің өзі нені меңгерген, соны ұсынады, яғни достықта «ортақ тіл табысуды» ғана бере алады, яғни ол достық өзара қарым-қатынасқа дайын, өзінің тілегі мен ниетін беріп қана қоймайды, оны алады да. Тұлға достыққа көмектесе алу мүмкіндігі әсіресе оған пайдалы нәрсе әкелгенді бағалайды. Оған жарнаманың нақты материалын талдау арқылы біртіндеп көз жеткізуге болады. Дос үшін маңызды қасиеттер мен адами сапаларды талқылау бір қалыптыққа және логикалыққа көшуі мүмкін. 
Жарнаманы жұмысқа, серіктестікке және т.б жағдайларға шақыру жайында да ойлап жүргізуге болады. Бұл кәсіби талаптарға үміткер, серіктестікке іскерліктерін қызықтыру, өзіне қызығушылығын тудыру, топ мүшелерінің психологиялық сипаттамаларын білуге өнімді әңгіме түрінде өрбітуге болады.

4. Дауыстың имиджіңізге тигізетін әсері. Тәжірибелік сабақ: «Дыбыстық гимнастика»

1.Дауыстың сипаттамасы

Сіздің сөйлеуіңіздің толық жетілмегендігін білдіретін бірқатар белгілер:

-Тыңдаушыларыңыз айтқан сөзіңізді қайталауыңызды сұрайды;

-Сіздің акцентіңіз байқалып тұрады;

-Он минут сөйлеген соң сіздің тамағыңыз шаршайды;

-Сіздің тыңдаушыларыңыз біраздан соң басқа нәрсеге алаңдай бастайды, себебі

сіз бірсарынды сөйлейсіз;

-Сіз тыңдаушыларға өзіңіздің кім екеніңізді (басшы,мұғалім т.б.) қайталап айтуға

мәжбүрсіз, себебі сіздің сөйлеу мәнеріңізде ол байқалмайды;

-Тыңдаушылар сіздің “гым, ым, иә,солай т.б.”осы тәріздес сөздерді жиі

қайталайтыныңызға мән береді;

2.Дауыс сапасы

Дауыс тербелісті болуы тиіс. Егер сіз дұрыс демалсаңыз, онда дауыс тіндеріне дірілдетуі қажетті ауаны жеткілікті бергеніңіз. Егер сіз сабырлы болсаңыз, сіздің дауысыңызға қысым түспейді.Терең дем алып, өкпеңізді ауаға толтырыңыз.Деміңізді ішке тартып, ура-ура деңіз. Бұл қарапайым жаттығу дауысыңыздың ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Кеудедегі резанансты тексеретін тағы бір тәсіл бар, саусақтарыңыздың ұштарын кеудеңізге тіреп, барынша дауыстап мумм, мумм, мумм деңіз осы сәтте кеудеңізде діріл сезінесіз резананс сіздің дауысыңызға сенімділік пен күш береді адам көп жерге кіріп келгенде, сіздің резанансты дауысыңыз шуылға қарамастан жақсы естіледі, егер бөлмеде тым шулы болса дауыстап емес ақырын сөйлеңіз, сіздің айтқаныңызды адамдардың жақсы естігенін бірден байқайсыз. Жіңішке дауыс құлаққа жағымсыз естіледі, төмен дауыстар құлаққа жағымды. Дауысыңызды неғұрлы төмен орналастырсаңыз бұзылуы екі талай.



3.Дауыстың естілуі

Дауыстың күші, тембрі адам туралы мол ақпарат береді. Дауыстың естілуі- оның жоғарлылығында емес, жоғары децибельмен дауыстап сөйлеудің қажеті шамалы. Дауыстың естілуі- ол сіздің табиғи даусыңыздың біркелкі таралуы.



4. «Дыбыстық гимнастика»

А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады

В - дыбысы жүйке жүйесін ретке келтіреді.
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады

Н-дыбысы бас миында вибрация тудырады, ми ауруларын емдейді

М — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді.

Р - дыбысы стресс, қорқынышты азайтады, тұтығуды емдейді.


О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді

У — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді.

Т - дыбысы жанды ауырлықтан тазартады, жүрек-қан жүйесін күшейтеді.
Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.

Я — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді.



5. Жетістікке жету жолдары Тәжірибелік сабақ: «Жетістікке жеткен адам»

Мақсаты: 

Нұсқау: Алдарыңызға сурет ұсынылады, сол суреттегі адамнын қандай адам және қандай қасиеттері бар екенін айтуларыңыз керек.


6. Психологиялық жаттығу «Құпия сөздер»

Мақсаты:

Нұсқау:

7. Қорытынды «Маған бүгін...»

Мақсаты:

Нұсқау:

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет