1. Қоғамның толық атауы, электрондық мекенжайы мен нақты мекенжайы



жүктеу 62.58 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі62.58 Kb.
Іріктеу құжаттамасы
Астана халықаралық әуежайы (бұдан әрі – Қоғам) аумағында коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ниетті қызмет жеткізушілерді іріктеу үшін іріктеу бойынша құжаттама әзірленген.
1. Қоғамның толық атауы, электрондық мекенжайы мен нақты мекенжайы:

- «Астана халықаралық әуежайы» АҚ;

- airport-info@astanaairport.kz; commerce@astanaairport.kz;

- Астана қаласы, әуежай, 14 ПББ.
2. Ұсыныстарды беру тәртібі.

Ұсыныстарда келесі болуы тиіс:

1- Іріктеу құжаттамасының Қосымшасына сәйкес өтініш;

2- заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, немесе электронды тіркеу жүйесін қолданатын, анықтама берген мемлекеттік органның ресми интернет көзіне жасалған сілтемені қамтитын үміткер өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмелерімен;

3- электронды құжат немесе электронды көшірме форматындағы электронды лицензиялау жүйесін пайдаланатын лицензия берген мемлекеттік органның ресми интернет дереккөзінің (веб-сайт) сілтемесі бар әлеуетті жеткізуші өтінішінің немесе лицензияның нотариальды куәландырылған көшірмесін (егер іріктеу жағдайы міндетті түрде лицензиялауға жататын қызмет болса);

4- бірінші әлеуетті басшыны тағайындау (сайлау) туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5- құрылтайшылар туралы мәлімет бар құжаттың көшірмесі: үлгілік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін белгіленген заңнама тәртібінде бекітілген жарғының электронды көшірмесі – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің электронды көшірмесін, ашқан күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ішінде берілген акция ұстаушы тізілімінен үзіндінің электронды көшірмесін, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген құрылтайшы туралы мәлімет бар басқа құжаттың электронды көшірмесін;

6- екінші деңгейдегі банктерде және ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес үміткердің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы үміткерге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтамасы (егер үміткер екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама Қоғам веб-сайтында Жалдаушыларды іріктеу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін берілуі керек;

7- үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екендігі туралы тиісті салық органы белгілеген нысандағы анықтаманы;

- әлеуетті жеткізуші жарғысына сәйкес, сенімхатсыз әлеуетті жеткізуші атынан сөйлеуге құқығы бар әлеуетті жеткізуші бірінші басшысын қоспағанда іріктеуге қатысу үшін өтінімі бар өтінім мен құжаттарға қол қою құқығына әлеуетті жеткізушінің мүддесін білдіретін тұлғаға берілген сенімхат түпнұсқасы;

- қаржылық модель түрінде орташа мерзімді кезеңге (3 жыл) қызметтерді дамыту стратегиясы (бизнес-жоспар) көшірмесін немесе түпнұсқасын ұсыну;

- тіркелген сауда таңбасын иеленуді растайтын нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

- № 3 критерий бойынша бағалау және салыстыру үшін дизайн-жоба мен нобайды ұсыну;

- № 4 критерий бойынша бағалау және салыстыру үшін тауар түрлерінің бағасын ұсыну.



1) Ұсыныс қазақ және орыс тілдерінде құрастырылады. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын үміткер де Қазақстан Республиксының резиденті ұсынатын құжаттарды, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған нотариалды куәландырылған ұқсас мәліметтер бар құжаттарды ұсынады.

2) Ұсынысты үміткер немесе сенімхат негізінде оның мүдделерін ұсынатын тұлға іріктеу бойынша құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша желімделген хатқалтада ұсынады.

Хатқалтаның беттік жағында үміткер:

- лоттың нөмері мен лот объектісінің атауын;

- іріктеуді ұйымдастырушының толық атауы мен үміткерді көрсетуі тиіс;

3) Ұсыныс тігулі, парақтары немесе беттері нөмірленген, соңғы парағы немесе беті мөрленген (бар болса), үміткердің қолы қойылып расталған болуы тиіс.

4) Үміткер ұсынысты дайындаумен байланысты барлық шығындарды өзі өтейді.

5) әр үміткер бір уақытта қызметтің бір санаты шегінде тек бір объектіге ғана ұсыныс беруге құқылы.

6) Белгіленген мерзімнің өтуінен кейін ұсынылған ұсыныс, тіркеуге жатпайды және үміткерге қайтарылады.

7) Үміткер ұсынған ұсыныс мерзімі аяқталмай тұрып, ұсынылған ұсыныстың белгіленген мерзімі аяқталуына дейін қайта ұсыну құқығымен өзінің ұсынысын қайтып алуға құқылы. Үміткердің ұсыныс пікірі жазбаша өтінім түрінде Қоғам мекенжайына ерікті нысанда жинақталады.

8) Үміткер ұсыныс беру мерзімі аяқталуға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес, жалгерлік шарты шарттарын нақтылау үшін жазбаша сауал жіберуге, сонымен қатар, іріктеуге қатысу үшін қажетті басқа ақпарат жинауға құқылы.

9) Әр үміткерге Қоғам аймағында белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтаған жағдайда, қарау шығу үшін объектіге баруға мүмкіндік ұсынылады.

10) Әлдеқандай мәліметтің (ақпараттың) жоқ болуы немесе үміткердің дұрыс түсіндірмеуі ұсыныс талаптарын немесе жалдау шартының қаржылық талаптарын қайта қарастыруға негіздеме бола алмайды.
3. Ұсынысы бар хатқалтаны ашу

1) Уәкілетті мүдделі тұлға ұсыныстары бар хатқалтаны ашу бойынша сараптау комиссия отырысына қатысуға құқығы бар.

2) Ұсынысы бар әр хатқалтаны ашуда, сараптау комиссиясы құжаттар тізімін және оның іріктеу бойынша құжатқа сәйкес болуын хабарлайды.

3) Сараптау комиссиясы осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген және іріктеу бойынша құжаттарда көрсетілген талаптарға сәйкес емес деп таныған кезде үміткердің ұсынысын кері қайтарады.


4. Ұсынылған ұсынысты қарау

Ұсыныс сараптау комиссиясымен ұсынысы бар хатқалтаны ашқан 6 (алты) жұмыс күнінен қаралады.


5. Жалпы талаптар

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкестігі;

2) құқықтық қабілетінің болуы;

3) төлем жасауға қабілетті болып табылуы;

4) банкрот немесе тарату рәсіміне жатпауы. Үміткерлердің банкрот немесе тарату рәсіміне қатысы жоқ бөлігіндегі талаптарға сәйкестігін нақтылау мақсатында, Сараптама комиссиясы банкрот немесе тарату рәсімін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет – ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады;

5) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде сонғы екі жыл ішінде жасасқан қызмет көрсету шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікке тартылмауы. Өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершіліктің бар болуы/жоқтығы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Жоғары сотының интернет-ресурсында орналасқан ақпарат болып табылады;

6) Холдингтің Сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізімінде болмауы. Холдинг дегеніміз дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-қа (Қор) тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын Қор мен заңды тұлғалардың жиынтығы;

7) Қоғам алдында орындау мерзімі 15 (он бес) күннен асып кеткен міндеттемелерінің болмауы;

8) қаржылық модель түрінде орташа мерзімді кезеңге (3 жыл) қызметтерді дамыту стратегиясы (бизнес-жоспар) көшірмесін немесе түпнұсқасын ұсыну;

9) тіркелген сауда таңбасын иеленуді растайтын нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

10) іріктеу бойынша құжаттамада мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкестігі.
6. Шарт жасасу

Қоғам белгіленген тәртіпте, 5 (бес) жұмыс күн ішінде іріктеу жеңімпазымен тараптар келісімі бойынша кейіннен қайта жасасу мүмкіндігімен 1 жылдық мерзімге коммерциялық алаңдарды жалға беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасады.



Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан жағдайда Қоғам келесі шешімді қабылдауға құқылы:

  1. бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған үміткерді жеңімпаз ретінде анықтау туралы;

  2. жалдау шартын тікелей жасасу арқылы қызметті жеткізушіні тарту туралы.


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет