1. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, е-4 санаты, лауазым индексі 01-04, 1 бірлік



жүктеу 57.1 Kb.
Дата29.04.2017
өлшемі57.1 Kb.
Жәнібек аудандық мәслихат аппараты, 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы, Иманов атындағы көшесі 71, 2 қабат, 3 бөлме,

анықтама үшін телефондар: 8-71135-21639, 21540, факс 8-71135 -21440, эл.мекенжай: ZhanybekMaslyhat@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:



1. Жәнібек аудандық мәслихат аппаратының бас маманы,

Е-4 санаты, лауазым индексі 01-04, 1 бірлік
Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару», «Жеке және заңды тұлғалардың тәртібін қарау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Қажетті құзыреттер бойынша талаптары:
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азаматтар («Болашақ» бағдарламасының түлектерінен басқа) білім беру туралы құжаттарын тану немесе нострификациялау рәсімінен өткізуі тиіс.



Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-4

77 452 теңгеден

104 935 теңгеге дейін



Лауазымдық міндеттері:
Іс жүргізу, мұрағатпен жұмыс жасау (құжаттарды мұрағатқа тапсыру). Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін рәсімдеп, есеп беру. Өтініштердің, хаттардың орындалуын қадағалау.

Барлық шұғыл кеңестерге, отырыстарға, комиссияларға қатысады, хаттамаларын жүргізеді.

Аудандық мәслихат хатшысының өкімдерінің жобаларын әзірлейді. Мәслихаттың веб-сайтын жаңарту бойынша жұмыс жүргізу. Депутаттардың азаматтарды қабылдау жүргізуін бақылау.

Мемлекеттік қызметкерлердің құжаттарының ретті болуын қадағалау. «Е-қызмет» ықпалдастырылған жүйесі бойынша жұмыс жүргізеді.



Мамандығы бойынша талаптар:
«Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (соның ішінде халқаралық қатынастар; тарих; культурология; археология және этнология; шығыстану; теология) немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (соның ішінде экономика; менеджмент; есеп және аудит; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Жаратылыстану ғылымдары».
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:


  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

     3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

      Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат/азаматша қызмет жасамаған болса немесе осы бос вакансия бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін болса еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрижелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық түрде электронды пошта не«E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелеуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесуге жіберу жөнінде хабарлар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуден «Жәнібек аудандық мәслихат аппаратында» өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 1 қосымшасымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс өткізу қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №12639 тіркелген) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы №104 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 маусымдағы №13817 тіркелген) негізінде жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет