1. Еңбек қатынастарын үйлестіру, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал



жүктеу 194.16 Kb.
Дата22.04.2017
өлшемі194.16 Kb.
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы 2016 жылдың 1 желтоқсанына атқарған жұмыстары

туралы ақпарат
1. Еңбек қатынастарын үйлестіру, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мәселелері туралы

2016 жылдың 3 тоқсанындағы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес облыстың экономикалық белсенді халқы саны 1 226,8 мың адамды құрады, оның 1 164,7 мың адам жұмыспен қамтылған халық, оның ішінде 506,2 мың адам өздігімен жұмыспен қамтылған, 5,1 пайызы (62,1 мың адам) жұмыссыздар.

2015 жылғы статистикалық көрсеткіштерге сәйкес өздігінше жұмыспен қамтылған азаматтар саны 514,1 мың адамға жетіп немесе 44,6%-ды құрады. Арнайы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 2016 жылдың 1 желтоқсанына формальды секторға ауыстырылып жұмыс істеп жүргендердің саны 485,7 мың адамға жетіп, бұл көрсеткіш жалпы өздігінше жұмыспен қамтылғандардың 94,5%-ды құрады.
2. Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету туралы

2015 жылдың ақпан айынан бастап аудан, қала әкімдерінің, жұмыс берушілер мен кәсіпорын кәсіподақтары арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы 152,9 мың адамды қамтитын 9698 жеке кәсіпорындармен Меморандум түзілді (120 ірі, 250 орта, 9328 кіші кәсіпорын).

2016 жылдың 1 желтоқсанына облыста 15 кәсіпорында еңбек жағдайы тұрақсыздануы анықталып отыр. Олар:

- 4 кәсіпорында 412 адам мәжбүрлі ақысыз демалысқа (Шымкент қаласы бойынша «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-ы (368 адам), «Карданвал» АҚ-ы (40 адам), «Химфарм» АҚ (3 адам), «ШЗ Эталон» ЖШС (1 адам));

- 4 кәсіпорында 293 адам толық емес жұмыс режиміне (Шымкент қаласы бойынша «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ-ы (28 адам), Арыс қаласы бойынша «S.G.M. Group Қонырат»ЖШС (12 адам), Созақ ауданы бойынша «КФ Тайконур» ЖШС (3 адам), Кентау қаласы бойынша «Кентау трансформатор зауыты» АҚ (250 адам));

- 11 кәсіпорында штат саны қысқаруынан 167 орын қысқаруға жіберілген (Шымкент қаласында «Қазығұрт-Юг» ЖШС (2 адам), «Корона» макарондық фабрикасы (33 адам), «КазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-і (11 адам), ШФ «Рамстор Қазақстан» ЖШС (25 адам), «Гелиос» ЖШС (11 адам), «Химфарм» АҚ (3 адам), «Алма-ТВ» ЖШС филиалы (4 адам), Арыс қаласы бойынша «S.G.M. Group Қонырат» ЖШС (14 адам), Созақ ауданы бойынша «КФ Тайконур» ЖШС (15 адам), ҚР ДСӘДМ «ОҚО мемлекеттік фармацевтика академиясы ШҚ РМК (33 адам), ШФ «Алаутранссервис» ЖШС (16 адам)).

Қысқаруға ұшыраған 167 азаматқа немесе болжамданған 500 адамның 33,4 пайызын құрайтын азаматтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілуде. Олар:



- 4 азамат басқа облыстың тұрғындары (Қарағанды, Қызылорда облыстары);

- 10 адам өз кәсіптерімен айналысуына байланысты өздігінше жұмыспен қамтылғандар (мал, егіншілік шаруашылығы, көлік, сауда, қызмет көрсету саласы);

- 38 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (3 адам «ЖҚБ2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, 35 адам өз бетінше жұмысқа орналасқан);

- 55 адам әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы алуда (орта есеппен 21,0 мың теңге көлемінде 4 мерзім);

- 59 адамға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту шараларын көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда.

- 1 адам зейнеткерлікке шыққан.


3. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы туралы

2016 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 50755 жана жұмыс орындары ашылатыны жоспарлануда (оның ішінде 4320 орын «Нұрлы жол», 2404 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде, 12031 орын мемлекеттік салалық, 2330 орын «Бизнестің жол картасы 2020 жол картасы», 1266 орын «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде, 6252 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 22152 орын "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламалары аясында). Жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 11292 адам жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасатыны көзделген.



2016 жылдың 1 желтоқсанына 42563 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде:

- 3336 орын «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде (71,2%);



- 142 орын «ҮИИД» бағдарламасы шеңберінде (5,9%);

- 15470 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы (128,6%);

- 1660 орын «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде (52,1%);

- 951 орын «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде (75,1%);

-5169 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде (81,4%);

- 19752 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында (89,2%) ашылған.

Ашылған жаңа жұмыс орындарына 11662 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан.



//Анықтама үшін: облыс бойынша 2015 жылы 51939 жаңа жұмыс орындары ашылды (жылдық жоспардың 128,2%), олардың 24490-ы тұрақты, 27449-ы уақытша). Оның ішінде 1194 орын «Нұрлы жол», 25571 орын мемлекеттік салалық, 1843 орын «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», 23331 орын "Өңірлерді дамыту" мемлекеттік бағдарламалары аясында//.

Жоспарланған жұмыстардың іске асырылу нәтижесінде, ағымдағы жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 5%, жастар жұмыссыздығы 4%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6% құрайтыны көзделуде.


4. Көші-қон және оралман мәселесі туралы

2015 жылы 60 кәсіпорынға бекітілген квота шеңберінде 1,5 мың шетел азаматына рұқсат беріліп, олардағы жұмыс істейтін 23,3 мың Қазақстан Республикасы азаматтарының 6,6 пайызын құраған немесе ҚР Үкіметі белгіленген 10% шектеуден төмен.

2016 жылдың 1 желтоқсанына 85 кәсіпорындарда 2,0 мың шетел және 26,2 мың Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс істейді. Рұқсат берілген шетел жұмыс күшінің білікті азаматтарының үлесі 83,2 пайызға дейін көтеріліп, 2015 жылмен салыстырғанда 4,0%-ға өсті.

2016 жылдың 1 желтоқсанына 4020 адам оралман мәртебесін алды. 22.07.2011 жылғы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына 10.12.2013 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне орай (жеңілдіктер Солтүстік облыстарға ғана қаралған), этникалық қазақтардың облысқа көшіп келуі азайған.


5. Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы

Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2016 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес жалпы 19 334,5 млн.теңге бөлініп, 57 200 адам қамтылатыны жоспарланды.

2016 жылдың 1 желтоқсанынына 66019 азаматқа әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды (жылдық жоспардың 115,4% құрады).

Оның ішінде: өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны 24726 адам (жылдық жоспардың 141,9% құрады); жұмыссыздар – 41293 адам (жылдық жоспардың 103,8% құрады); аз қамтамасыз етілгендер – 5573 адам (жылдық жоспардың 123,8% құрады).

2016 жылдың 1 желтоқсанына жалпы 17,7 млрд.теңгесі игерілді (жылдық жоспардың 91,5% құрады):

- 1 бағыт бойынша - 7,6 млрд.теңге,

- 2 бағыт бойынша – 7,2 млрд.теңге,

- 3 бағыт бойынша – 2,9 млрд.теңге.

1. Бірінші бағытқа //Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету// жалпы 2016 жылы 562 жобаны (білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары) жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 9,0 млрд.теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру барысында 3680 жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның 2005 адамы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыру жоспарланды.

Жалпы 562 инфрақұрылым жобалар бойынша жөндеу жұмыстары басталды, 3316 жаңа жұмыс орындары құрылды, жұмыспен қамту орталықтары есебінен 1855 адам қамтылды. 390 жоба өз жұмысын аяқтап, тапсыру актісімен қабылданды.

2. Екінші бағытқа //Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту// 2016 жылы 7247,8 млн.теңге бөлінген, оның ішінде: 7237,5 млн.теңгесі 2072 адамды шағын несиелендіру жұмыстарына, 10,3 млн.теңгесі 514 адамды кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған.

2016 жылдың 1 желтоқсанына 1725 азаматқа 4472,9 млн.теңге (оның ішінде «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» есебінен 118 азаматқа 300,0 млн.теңге) шағын несие берілді. Орташа көлемі 2,7 млн.теңгені құрайды.

Шағын несиеленген азаматтар қатарынан жұмыспен қамту орталығы арқылы қосымша 1853 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлік негізінде 514 адамды оқыту жоспарланып, 529 адам немесе 102,9% оқуын аяқтады. Жоспарға сәйкес қаралған қаржы толығымен игерілді.

3. Үшінші бағыт //Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу//

1) Тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама шеңберінде 43750 қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді.

2) Кәсіби оқыту. 2016 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 500 адамды қайта даярлау курсына жолданып, оның 498-і оқуды аяқтап, толығымен тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап 55-64 жас аралығындағы 315 жұмыссыз азаматтарды қайта даярлау курсына жолданып, оның 245-і оқуын аяқтап, оның 244-і немесе 99,6 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды .

Жұмыс берушілерге өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысшыларын оқытуға грант бөлу жұмыс орындарын сақтай отырып (оқу шығынның 80 % мемлекет төлейді, ал 20% жұмыс беруші есебінен), қайта даярлау курсын ұйымдастыруға 60,3 млн. теңге қаржы бөлініп, оған 525 жалдамалы қызметкерлер қайта даярлау курсы бойынша жолданды.

Жұмыс орнын сақтау шартымен 18-ден 24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жас қызметкерлерге жалақы сақталмайтын қайта даярлау курсын оқытуға 86,4 млн.теңге қаржы қарастырылып, 2016 жылдың тамыз айының басынан бастап 762 жалдамалы жастарға қайта даярлау курсы ұйымдастырылды.

Жұмыс уақыты мен жалақысы қысқартылған 250 білікті мамандарды уақытша субсидиялау мақсатында 17,3 млн.теңге қаржы қаралған.

3) Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 2016 жылдың 1 желтоқсанына 4970 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық жоспардың 124,3% құрайды (4000 адам). Орташа жалақы 51,5 мың теңгені құрайды.

Мерзімінен бұрын аяқтаған 1499 адамның 1470-і (98,1%) тұрақты жұмыспен қамтылды.



4) Жастар практикасын ұйымдастыру. 2016 жылдың 1 желтоқсанына 5143 азамат (жылдық жоспар – 4 200 адам) жастар практикасына жолданды. 3650 адам мерзімінен бұрын аяқтап, оның 2813-і (77,1%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

2016 жылдың 1 желтоқсанына 7808 адам уақытша қоғамдық жұмыспен қамтылды (1 желтоқсанына жоспар – 7680 адам).

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2016 жылдың 3 тоқсанындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды (республикадағы орташа деңгейі 4,9%), жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды (республикада 3,9%), әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 6,3% пайызды (республикадағы орташа деңгейі 5,7%) құрады.

6. Халқы тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысынан республиканың солтүстік өңірлеріне қоныс аударуды ұйымдастыру.

Елбасының еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыру бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылы cолтүстік өңірлерге 136 отбасы қоныс аударып, бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көшу шығындарын субсидиялау үшін тиісті шаралар қабылдануда.


7. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы туралы

2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 2600 мүмкіндігі шектеулі азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілуі тиіс. 11 айдың қорытындысымен 2677 азаматқа әлеуметтік шара көрсетілді, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде мүгедектерге арналған 26 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, 726 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді (547 тұрақты жұмысқа, 52 ақылы қоғамдық жұмысқа, 6 кәсіптік оқытуға, 98 әлеуметтік жұмыс орындарына, 23 жастар практикасына жолданды).


8. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету туралы

2016 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1310 адамды немесе облыс халқының 0,05 пайызын құрады. 2016 жылдың 1 желтоқсанына олардың саны 30,5 пайызға төмендеп, 911 адамды немесе облыс халқының 0,03 пайызын құрады.

2016 жылдың 11 айында 1843 азамат 26,2 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды, бұл көрсеткіш өткен 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 457 адамға және 1,6 млн. теңгеге кем.

18 жасқа дейінгі 307029 балаға 4764,2 млн.теңге жәрдемақы төленді. Өткен 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 13776 адамға кем және 435,6 млн.теңгеге артық .

Тұрғын үй көмегі 6020 отбасыға 164,3 млн.теңге төленді. Ол өткен 2015 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 290 отбасыға кем және 2010 мың теңгеге артық.

Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жан басына шаққандағы жиынтық табыстары 4981 теңгені құрады.



«Өрлеу» жобасының жүзеге асырылуы

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны іске асыру аясында 2015 жылдың 1-ші шілдесінен «Өрлеу» жобасы Төлеби, Түлкібас, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласында пилоттық жоба ретінде енгізілді.



2016 жылы «Өрлеу» жобасын барлық өңірлерде енгізуді жоспарланды. Болжамға сәйкес, 2016 жылы «Өрлеу» жобасымен 2512 отбасы немесе 14 927 адам 602,5 млн.теңге сомаға (соның ішінде 66,6 миллион теңге республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы) қамтылатын болады.

//Анықтама: «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда және олармен әлеуметтік контрактіні түзу бойынша тиісті қаржылар бөлінеді. Шартты ақшалай көмектің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығына тең (2016 ж. 2 тоқсанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері - 19566 теңге)//.

2016 жылдың 1-ші желтоқсанына шартты ақшалай көмек 1598 отбасындағы 9980 адамға 449,5 млн.теңгеге тағайындалып, 1575 отбасындағы 9810 адамға 362,6 млн.теңгеге төленді. 1974 еңбекке жарамды азаматтардың 1879 адам немесе 95,2 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты.
7. Аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Оңтүстік Қазақстан облысында 222938 мың зейнеткер тұрады. Оның ішінде:



- 280-і -Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- 4986-ы -соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер;

- 20154-і -тыл еңбеккерлері;

- 169054-і -көп балалы аналар;

- 91-і -жүз және жүз жастан асқандар.

Облыста жүйелі түрде ардагерлерді сауықтыру, тегін басылымдарға жаздыру, демеушілер және жергілікті бюджеттер есебінен коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер беру мәселелері тиісті деңгейде шешілген. Атап айтқанда:



- 7410 жекеленген санаттағы азаматтар «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйінде демалуға мүмкіндік алған;

- 3136- ардагер басылымға тегін жаздырылды;



-455-ы- сексен жастан асқан жалғызілікті қариялардың зейнетақыларына ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді.

- 8,6 мың адамға «Қамқорлық» акциясы шеңберінде көмектер көрсетілді (көліктерде жол жүруге - 2847, газға - 100, электр энергияға- 391, дәрі-дәрмекке -972, пәтер телефонын пайдалану – 311, суға ақы төлеуге – 859, және 3178 ардагерлер мен мүгедектерге және аз қамтамасыз етілген азаматтарға басқа да көмектер көрсетілді).


8. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

Облыста 112292 мыңнан астам мүгедек есепте тұрады. Оның ішінде:



- 1-2 топтағы мүгедектер – 53277;

- 3-топтағы мүгедектер – 41729;

- бала кезден мүгедектер саны 17286-ы құрайды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы ортаны қалыптастыру мақсатында облыста 4083 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысан түгендеуден өтті, оның 3316 нысаны бейімдеуге жатады (2072-ы мемлекеттік, 1244-і жеке меншіктегі нысандар). 2015 жылдың 12 айында 891 нысан бейімдеуден өтті, ал 2016 жылы 595 нысан бейімдеуден өтеді.


9. Басқармаға қарасты әлеуметтік мекемелерде қызмет алып жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар туралы

Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 630 мүгедек бала, облыстық №8 мүгедектерді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 886 мүгедек оңалту шараларынан өткізілді.

Аудандар мен қалаларда үйде әлеуметтік көмек көрсететін 28 бөлімше 2408 жалғызілікті қарттарға және I, II топтағы мүгедектерге көмек көрсетуде, 2272 мүгедек балаға 27 бөлімше, психоневрологиялық ауруға шалдыққан 18 жастан жоғары 406 мүгедектерге үйлеріне барып арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуда. 2016 жылдың 1 желтоқсанына мүгедектер тұрақты тұратын стационарлық типтегі 7 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына 194 мүгедек, оның ішінде 47 мүгедек бала жолданып, бүгінгі таңда ол орталықтарда 1648 мүгедек толық мемлекет қамқорлығына алынған. Ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар негізіндегі күндізгі қатынау бөлімдерінде 19 мүгедек қызметтермен қамтылуда.

№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы негізіндегі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндізгі қатынау бөлімшесіне 2016 жылы 15 бала жолданды. Онда 65 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 2016 жылдың 1 желтоқсанына мүгедек балаларды оңалту орталықтарына (4 ауданға) 182 бала жолданды. Кентау қаласындағы облыстық арнаулы кәсіптік колледжінде 80 мүгедек оқушы оқытылуда (есепші, әмбебап-тігінші, ЭЕМ операторы мамандықтары бойынша).





Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет