1. Қазақ хандарының хан сайлану рәсімі қалай өтетін болған?

Loading...


жүктеу 77.11 Kb.
Дата15.05.2017
өлшемі77.11 Kb.
1. Қазақ хандарының хан сайлану рәсімі қалай өтетін болған?

2. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз 99 мың шәкіртімен сұхбат құрған жер қалай аталады? Аңызды айтып бер.

3. «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» сөзіне талдау жасаңыз?

4. Тәуке хан билігі кезіндегі Қазақ хандығының жағдайы?

5. Алтын Ордада Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде жариялануы қай ханның тұсында жүзеге асты? Және осы оқиғаға Ясауи шәкірттерінің қатысы? Өзбек ханның ислам дінін қабылдауы туралы аңыздың қысқаша мазмұнын баяндаңыз.

6. Бекет ата туралы әңгімелеңіз?

7. Орта ғасырлық Сауран қаласы жайлы баяндаңыз?

8. Салауат сөзінің мағынасы қандай?

9. Дүниенің соңына түсіп, біреудің ақысын жегендердің тартар жазасы қандай?

10. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген хандардан кімдерді білесің?

11.«Мұнафық» сөзінің мағынасын ашып, хикмет пен аңыздан мысал келтір?

12. Әмір Темірдің лақап аты кім, ол туралы не білесіз?

13. Қожа Ахмет Ясауидің артында қалдырған жолы тарихта қалай аталады және оның негізгі ұстанымдары қандай болды?

14. Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі мен ел үшін атқарған қызметі?

15. «Насабнама» қолжазбасының авторы? Ол қолжазбада не айтылады?

16. Салқам Жәңгір ханның билігі жөнінде қандай мәліметтер бар?

17. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің мәні?

18. Түркістан қаласының тарихи атаулары қандай?

19. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық мұражайы туралы баяндаңыз?

20. Пейіш пен тозақтың айтысы туралы хикметтің мазмұнын баяндаңыз?

21 Қазақстанда Ислам дінінің таралу тарихы?

22 Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихи маңызы?

23. Ясауи бабамыз өзінің ғашық жолындағы бейнесін қалай баяндайды?

24. Шақшақ Жәнібек батырдың ерлігі жырларда қалай жырланады?

25. Хикметтерде қай сахабалар туралы оқиғалар айтылған?

26. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау? Оның қандай толғаулары бар еді?

27. Хикметте қай пайғамбарлар үлгі етілген және олар туралы қандай хикаялар бар?

28. Орта жүз рулары жоңғарлардан қашып қайда қарай үдере көшті?

29. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерде пайғамбардың қасиеттерін қалай сипаттайды?

30. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қазақ хандары отырған бөлмелердің атауы және олардың сипаттамасы?

31. Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі ғашықтық сезімдер кімге арналған?

32. Тәуке ханның Жеті жарғысы хақында не білесіз?

33. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз Алла тағаланың қандай көркем сипаттарын тілге тиек еткен?

34. Әмір Темір Қ.А.Ясауи кесенесіне арнап неше шырағдан жасатты?

35. Хикметтерде адамның рухани кемшіліктері туралы не айтылады?

36. Әмір Темірдің кесенеге сыйға тартқан тартулары қандай?

37. «Диуани хикметтің» адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

38. Түркістан үшін қазақ хандары қандай күрестер жүргізді?

39. Диуани хикметтің негізгі өзекті тақырыбы қандай?

40. Бөгенбай батыр туралы әңгімелеңіз?

41. «Жүрек көзі» ұғымын хикметтер арқылы түсіндіріңіз?

42. Тайқазанның жасалған уақыты, оның құрамы, жасаған шебердің аты?

43. XVIII ғ. қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан және оның ұстанған бағыты?

44. Түркістандағы Тайқазан Эрмитажға әкетілген уақыты, әкелінген жылы, себебі?

45. Абылай ханның өмір жолын Түркістан қаласына қатыстыра отырып және қасындағы кеңесшілері туралы баянда.

46. Қожа Ахмет Ясауидің қандай еңбектерін білесіз? Осы кітаптардың өзара ерекшелігі?

47. «Әнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендігін түсіндір?

48. Қожа Ахметті ақтық сапарға аттану рәсімін қай тұлға атқарады?

49. Орыс әскерлерінің Түркістанды жаулап алуының зардаптары?

50. Баба Машын Ясауиге қалай шәкірт болды?

51. Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты?

52. Хакім ата, Зеңгі бабалар туралы әңгімелеңіз?

53. Түркістанда билік құрған қазақтың алғашқы ханы кім болды, ол туралы не білесіз?

54. Ясауидің лақтырған асатаяғын қай шәкірті табады, оның бейіті қайда?

55. Қазақ мақал-мәтел сөздерінің шығу тарихы туралы баяндаңыз?

56. Түркістандағы моншаның салыну тарихы?

57. Аңыздарда есімдері жиі аталатын Ясауидің бес шәкіртін атаңыз?

58. Кесененің салынуы туралы қандай аңыз-әпсаналар бар?

59. Жас Сүлеймен қандай қасиетімен Ясауидің ризалығын алып оған шәкірт болады?

60. Рабия Сұлтан Бегім және оның кесенесінің тарихы?

61. Аңыз бойынша, Сейхундария өзені неліктен Сырдария деп аталды?

62. Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген орта мен дәуір шындығы туралы не білесіз?

63. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі мен анасы туралы аңызда қалай айтылады?

64. Ясауидің алғашқы ұстазы кім болған?

65. Қожа Ахмет Ясауидің Арыстан баптан құрма алу хикаясы қалай өрбіген?

66. Қожа Ахмет Ясауидің шығу тегі?

67. Ясауи шәкірттерінен кімдерді білесің?

68. Ясауи бабамыздың артында қалған ұрпақтары туралы әңгімелеңіз?

69. «Зиярат ету» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

70. Қожа Ахмет Ясауидің Маңғыстау өңіріндегі шәкірттері?

71. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз дұға қабыл болуы үшін қандай амал қылатынын баян етеді?

72. Түркі халықтарының Қожа Ахмет Ясауиге құрмет көрсетуінің себебі?

73. Вакуфтық құжат туралы не білесің?

74. Қандай оқиғадан кейін Қожа Ахметтің есіміне Ясауи деген тіркес жалғанып айтылатын болды?

75. Баба Машын Ясауиге қалай шәкірт болды?

76. Қал ғылымы мен хал ілімінің айырмашылығы?

77. Қарасүйір руының адамдары неліктен қарғысқа ұшырады?

78. Абылай хан өлімінен кейінгі қазақ хандығының жағдайы?

79. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батырлары хақында баянда

80. Хикметтерде ақырзаманның белгілері қалайша көрініс тапқан?



  1. Қазақ даласында өмір сүрген тайпаларды атаңыз және олар туралы қысқаша сипаттама беріңіз?

Қазақ даласында сақ, үйсін,қаңлы, ғұн, сармат тайпалық одақтары көшіп-қонып өмір сүрді, шаруашылықпен айналысты, көрші мемлекеттермен байланыс жасады. Әр тайпа бір бірінен мәдени жағымен ерекшеленді. Сақ тайпалары аң стилі өнерімен, зергерлік бұйымдар жасау ісімен, таңғажайып ою-өрнегімен белгілі. Үйсіндер мыс қорғасын, қалайы, алтын кен орындарын пайдаланып, қару жарақ соқты. Ал ғұндар орасан зор державаға айналып, батысқа жорық жасаумен тарихта аттары қалды.


  1. Адамзат тарихында пайда болған алғашқы адамдар туралы баяндаңыз.

Алғашқы адамның бірі – питекантроп деп аталады. Оның қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұдан кейін пайда болған синантроп 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған қытай адамы деген ат берілген. Үшіншісі Германия жерінен табылған неандерталь.


  1. Тас дәуірі неше кезеңнен тұрады? Атап беріңіз

Палеолит – ежелгі тас дәуірі, мезолит – орта тас ғасыры және неолит - жаңа тас ғасыры.


  1. Палеолит заманының ескерткіштері Қазақстанның қай жерінен табылды?

Ерте тас ғасыр тұрақтарының ең көнелері – Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзені бойындағы ескерткіштер. Сонымен қатар, Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құралдар табылған.


  1. Мезолит заманының еңбек құралдарына қысқаша сипаттама жасаңыз және егіншілік пен мал шаруашылығынан өзге қандай кәсіппен айналысқан?

Бұл дәуірде микролиттер, яғни ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы ұсақ тас. Садақ пен жебе құралы пайда болды. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды. Себебі мезолитте мамонт, мүйізтұмсық секілді ірі аңдар жойлып кеткен болатын. Некен-саяқ, жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды.


  1. Неолит кезеңі қай мыңжылдықтарды қамтиды және адамдар қандай жаңалықтар ашты?

Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. Саналы адамдар өздерінің арғы тегімен салыстырғанда, еңбек құралын едәуір жетілдірді. Адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренді. Шыбықтан себет тоқыды, қайық жасалды, үйлер салынды. Жіп иіру мен тоқымашылық қалыптасты. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп атайды.


  1. Палеолит кезеңінде пайда болған «саналы адамның» сүйегі алғаш рет қай үңгірден табылды? Ол туралы қысқаша баяндап беріңіз?

Саналы адам сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды. Ол тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Еңбек құралдарын жасап, оларды дамытты, әрі қоршаған ортаға ықпал етті. Саналы адамның миы епті адамның миынан 2 есе үлкен болды. Олар өлген адамдарын жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көметін болған.


  1. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің ерекшеліктері мен Андрон мәдениеті туралы баяндаңыз?

Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Андроново деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті «Андрон мәдениеті» атанып кетті.

Қола дәуірінің басты ерекшелігі - кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды. Саз балшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты еді.




  1. Ұлы грек қолбасшысы Ескендір Зұлқарнайынның сақтарға қарсы жорығы қалай аяқталды?

Б.з.б 4 ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Ескендір Зұлқарнайын бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. «Жеңілмейтін әскер» атанып келген Ескендірдің қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Күннің ыстығы мен сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары және соғыс тактикасы гректерді әбден әлсіретеді. Сөйтіп Ескендірдің Сырдарияның арғы жағын мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталады.


  1. Үйсін тайпасының салт-дәстүрі мен діни нанымдары туралы не айтасыз?

Ертеде үйсіндер Жаратушы күшке сенген. Соған арнап құрбандықтар шалып отырған. Қайтыс болған адамды қабірде жерлеген. Жетісу үйсіндері мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қойған. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады ау деген заттардың бәір қоса көмген. Егер жерленген адам бай, ауқатты болса, оған ең қымбат киімдер кигізіліп, бағалы заттар қойылған. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар соның дәлелі. Ер адамдардың жанына сауыт-сайманы, қару-жарағы, садақ, жебе, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.


  1. Ежелгі деректерде тарихшылар ғұндарды қалай сипаттайды?

Рим тарихшысы А. Марцеллин олардың жауынгерлігін ерекше атаған: «Ертелі-кеш ат үстінен түспейді, маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді». Византия елшісі Прииск ғұндар туралы айта келіп, «олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді» дейді. Прииск ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттайды. Ол ғұндар: «әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады» деп жазады.
: sites -> default -> files
files -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда Қр жоғарғы Соты Пленумының 1998. 05. 15
files -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
files -> Сот ісін жүргізу тілі принципін қолданудың кейбір мәселелері туралы
files -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
files -> Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
files -> Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу үшiн жұмыстарды қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет

Loading...