1. Автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімінің бас маманы, (1 бірлік), санаты d-о-4, л



жүктеу 95.7 Kb.
Дата07.09.2017
өлшемі95.7 Kb.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орынғажалпы конкурс жариялайды
1. Автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімінің бас маманы, (1 бірлік), санаты D-О-4, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282,08 теңгеден 112 430,81 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру; орындалған жұмыстарды есептеу әдісін әзірлеу; бөлінетін лимит шығындарына айлықжұмыстар жиынтығын әзірлеу; материал қажеттілігінің есептерін жүргізу, жолдарға және жол құрылыстарын жөндеуге арналған ақша қаражаты мен техниканы. Атқарушы және техникалық құжаттаманың уақытында және дұрыс жүргізілуін бақылау. Қысқы күтіп ұстау, су тасқынын өткізу бойынша жоспарлар мен іс-шаралар әзірлеу. Қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу, дислокациялық кестелердегі өзгерісті бақылау, оларды ЖПБ келісіп, мердігер ұйымға жеткізу. Жолдарды көктемгі-күзгі және айлық тексеруге қатысу, ақау тізімдемесін жасау, қызметтің бекітілген мәселелері бойынша есептер, ақпарат, анықтама дайындау. Жолдарды және т/ж өтпелерін көктемгі-күзгі және айлық тексеруге қатысу, ақау тізімдемесін жасау, қызметтің бекітілген мәселелері бойынша есептер, ақпарат, анықтама дайындау. Автомобиль жолдарының бойында сервис және жарнама объектілерін орнатуға инфрақұрылым объектілеріне паспорттарын келісу және рәсімдеу. Жұмыс жүргізу құқығына ордерлер рәсімдеу және жұмыс жүргізу орындарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.



2. Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Жоғары білім: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, көлік құрылысы, көлік, көліктік техника және технологиялар), немесе «Құқық».

  2. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.




  1. Конкурсқа қатысушыға қойылатын ортақ талаптар:

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін және техникалық регламенттерін білу.


Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары негізінде өткізіледі. Қонкурс комиссия жұмысының айқындылығы және әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырыста байқаушылардың қатысуына жол беріледі.





  1. Қажетті құжаттар тізбесі:

1) 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. 

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

№ 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылым дәрежесі мен атағын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдары, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсыру қажет. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, немесе поштамен жіберген, немесе электронды пошта арқылы trans@sko.kz электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы, не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысуға құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150000, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61-үй, 315-кабинет, тел. 8 (7152) 466685.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ-де, олардың әңгімелесуге жіберілгені туралы хабарламаны алған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61-үй мекенжайында, 304-кабинетте өтеді.
Конкурсқа қатысушылармен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Анықтамаларды 8 (7152) 466685, 8 (7152) 338695 факс 8 (7152) 338765

телефондары арқылы алуға болады.



1-қосымша



 Нысан


«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы» КММ
 __________________________

Өтініш

      Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________ ____________________________________________________________________ 

____________________________________________________________________ 


     ________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     
 "___"_______________ 20 __ ж.


2-қосымша




 

Нысан


"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения













_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата


Достарыңызбен бөлісу:


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет