Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум



жүктеу 1.57 Mb.
бет1/9
Дата09.09.2017
өлшемі1.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Экономика және басқару кафедрасы


Қ. Әбдіхалықова

ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНАН ПРАКТИКУМ
Оқу-әдістемелік құрал

Қостанай – 2012



ББК 65.28(5Қаз)

Ә 14
Әбдіхалықова Қарлығаш Сұрағанқызы
Пікір берушілер:

Дамбаулова Г.К., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі

Жиентаев С.М. экономика ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Экономикалық және басқару» кафедрасының меңгерушісі

Кенжебекова Д.С., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, Экономика факультеті деканының орынбасары

Әбдіхалықова Қ.С.

Табиғатты пайдалану экномикасынан – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2012. – 89 б.

Оқу-әдістемелік құрал экономикалық бағыттағы мамандық бойынша білім алатын студенттерге практикалық сабақтар өткізуге арналған. Құралда барлық тақырыптар бойынша қысқаша теориялық материалдар: анықтамалар, түсініктер, студенттердің өз беттерінше орындауға жаттығулар берілген.

Әдістемелік құралды жоғарғы оқу орнының студенттері, магистранттар, тәжірибе сабақтарды жүргізуде көмекші құрал ретінде оқытушылар, сондай-ақ табиғатты пайдалану экономикасы пәніне қызығушылық танытқандардың баршасы пайдалана алады.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің

Әдістемелік кеңесімен бекітілді 26.12.2012., хаттама № 3


Ó А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2012


МАЗМҰНЫ






Кіріспе ..........................................................................................................

4

1

Табиғатты пайдалану экономикасына кіріспе ..........................................

5

2

Табиғи ресурстарды ұқыпты қолдану және қоршаған ортаны қорғаудың экономикасы ..............................................................................

13


3

Табиғи ортаның сапасы және табиғат ресурстарын экономикалық бағалау теориясы .........................................................................................

19


4

Қалпына келмейтін табиғат ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және экономикалық бағалау .......................................................................

26


5

Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың мәселелері ..........

31

6

Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану .......................................

37

7

Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері .................................................................................

43


8

Әуе кеңістігін бассейндерін қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері ....................................................................................................

50


9

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және бағалау ................................................................................................

55


10

Табиғатты пайдаланудағы ғылыми – техникалық прогресс. өндірістік қызметіндегі экология ................................................................................

61


11

Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды ластаған үшін төлемдер..........................................................................................................

66


12

Қоршаған ортаны қорғауды және рационалды табиғатты қолдануды ынталандырудың экономикалық механизімі ...........................................

71


13

Табиғатты пайдалануды басқару тұрақты экономикалық даму .............

76

14

Табиғатты қорғаудың бүкіл әлемдік және халқаралық мәселелері ........

81




Студенттердің өзіндік жұмыстары үшін ұсынылатын рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары ...................................................................

86





Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі .........................................................

89



Кіріспе

Егер біз бүгінгі күні өмір сүру сапасы жалпы платнета деңгейінде немесе жекелеген елдердің экономикасында болмасын арта түсті десек бұл табиғат берген мүмкіндіктің арқасында екенін мойындамауға болмайды. Бірақ бұл ылғида осылай боал береді екен, басқаша айтқанда шексіздікке дейін соқыла береді екен десек қателесеміз. Табиғаттың берер сыйының, ұсынар тартуының шегі бар. Мұның сыртында табиғатты дұрыс пайдалана білмеу оның байлық көздерінің сарқылуына әкеліп қана қоймайды, сонымен бірге оған кейін түзеуге болмайтындай қатер төндіреді. Демек, қазіргі таңда табиғатты дұрыс, кешенді пайдалана алуды тек табиғат жанашырлары мен бар күш жігерін осы бағытқа жұмылдырып жүргендер, түрлі деңгейдегі басшылар мен өндірушілер ғана біліп қоймай, бүткіл адамзат атаулының Жер деп аталатын жалғыз ғана ортақ үйінің барлық тұрғындары білуі тиіс. Және бұл қағида біреулердің бұл туарсында білгісі келе ме , келмей ме оған қатыссыз дүние. Демек, табиғатты қорғау, аялау, оны экономикалық тұрғыдан дұрыс пайдала білу әр адамның бүгінгілер мен келешек ұрпақ алдындағы маңызды міндеті мен бұлтартпас борышы.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда осы айтылғандардың, сондай-ақ жалпы пәнді оқып-үйренудің маңызы туралы, жекелеген жер, су, әуе ресурстарын орынды да кешенді пайдаланудың мүмкіндіктері мен жолдары қысқаша теория күйінде беріліп, оны практикалық жаттығулар түрінде пысықтау үшін түрлі тапсырмалар, жаттығулар берілген. Тапсырмалар мен жаттығулардың мазмұны, құрылымы іштей сабақтасып, бірін бірі толықтырып, біріндегі сауалдарға екінші бірінен жауап таба алатындай етіп құрастырылған. Бұлай істеудегі басты себеп, қайткен күнде де білім алушыны (студентті) білуге, ізденуге «өз еркімен мәжбүрлеу».

Оқу құралының құрылымы туралы қысқаша мынаны айтуға болады: алдымен берілген тақырып бойынша қысқаша теориялық материал ұсынылады, осында кейін тақырыпқа қатысты қандай да бір тұжырымның жалғасын іздеп табуға байланысты тапсырма, бұдан кейін айтылып тұрған тұжырмымдаманың дұрыс бұрыстығын анықтау, төртінші - тестік сауалдар, осыдан кейін барып ұғымдар мен терминдердің атаулары, және ең соңыда осы оқылып отырған тақырыпты талдауға, қайталауға және талқылауға қатысты сұрақтар берілген. Құрал тақырыптары жоғарғы оқу орнындағы типтік бағдарламаға сәйкестендіріп жасалған. Және бір ескерте кететін жайт: екінші және үшінші тапсырмалардың дұрыс жауаптарын белгілейтін арнайы орын (баған) қалдырылған, мұндағы мақсат егер оқытушы белгілі бір тақырып бойынша жекелеген студенттің білімін тексергісі келсе осы дайын кестенің көшірмесін шығарып алып оны білім алушыға тапсырма ретінде ұсынуна болады.

Құрал табиғатты дұрыс пайдану туарлы білгісі келетіндердің баршасына арналған.

.

Тақырып 1



ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНА КІРІСПЕ




1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану ұғымдары

Табиғат пайдалану экономикасындағы процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды үйрету;

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Қоғамның дамуының алғашқы сатыларында табиғат қорын пайдалану мөлшері ылғи артып отырғанымен, оның табиғи ортаға кері әсері елеусіз еді.

Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері; табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады. Мысалға, шөлді және шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді көгалдандыру, өсімдіктердің құнды түрлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны, ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін қорғауды атауға болады.

Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді. Мысалы, өндірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының түгесілуін, судың, жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын, ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жүргізуге, құрылыстар салуға бөлінуін айтуға болады.

Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері

Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып және оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат бай-лықтарын өндіріске қолдануға мүмкіндік береді, нәтижесінде өндірістің табиғи ортаға әсері күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі. Табиғат байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты. Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. адам өмір сүрген болса, 1990 жылы халық саны 5300 млрд.-қа жетті, ал 2000 жылы 6 млрд.тан асады деп есептеледі.

Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға, оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде отын-энергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металдардың көпшілігі - мыс, қорғасын, мырыш, қымбат бағалы металдар тапшы бола бастады. Олардың әр тоннасын өндіруге бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура келеді.

Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат қорының, өндіріс құралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бұл факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта болады. Қоғамның экономикалық өсуі өндіріс масштабымен, табиғат байлығын игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен байланысты. Сонымен қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық қатынастары негізінде құрылады. "Адам және табиғи орта" жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қатынас-тарының даму процестерін тереңірек түсіну қажеттігі жаңа экономикалық ғылым - табиғат пайдалану экономикасының қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп ұғыну керек. Ұзақ уақыт экономика және экология ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән ғылым не-гіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау мәселелері жүйелі, кешенді экономикалық-экологиялық тұрғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді пайдалану табиғи ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді.

Табиғат байлығын пайдалану экономикасының пәні - қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық қатынастар болып табылады.

Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:


  • халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;

  • табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны бүлдіруден, табиғат бай-лығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептеу әдістерін;

  • табиғат байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;

  • табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды басқарудың экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын зерттейді.

Табиғат пайдалану экономикасының танымдық негізі - қоғамның дамуының экономикалық заңдарын зерттейтін экономикалық теория болып табылады. Ол экономикалық заңдарға сүйеніп табиғат байлығын пайдалану, оның қорын молайту және табиғи ортаны қорғау жөніндегі өндірістік қатынастарды зерттейді

Табиғат пайдалану экономикасы тек қана экология-экономикалық заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан туындайтын өндірістік мәселелерді шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен де айналысады.

Экология-экономикалық қатынастар мен табиғаттану және басқа экономикалық ғылымдарды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Табиғат байлығын пайдалану экономикасы әсіресе халық шаруашылығын жоспарлау, аймақтық және салалық экономика, статистика және талдау, экономикалық кибернетика және т.б. экономикалық ғылымдармен тығыз байланыста.

Табиғат пайдалану экономикасы техникалық ғылымдармен де тығыз байланыста, өйткені өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес үйымдастыру, жүргізу барлық ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеруді талап етеді. Техника - экономикалық шешімдердің де тиімдісі (дүрысы) - қолданылатын техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі болады.Табиғат пайдалану экономикасы география ғылымымен де маңызды байланыста. Аймақтық үйлесімділік, табиғат байлығының орналасу тиімділігі, табиғат байлығын пайдаланушы өндірістерді орналастыру тиімділігі, т.б. ортақ шешетін мәселелер.

Табиғат пайдалану экономикасының жалпы әдістері, бағытты, мақсатты зерттеулері жеке салалық экономика мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. Салалық экономика табиғат байлығын пайдалану экономикасынан бүрын қалыптасты. Сондықтан оларда теориялық, іс-тәжірибелік жинақталған танымдар табиғат пайдалану экономикасының қалыптасу негізі болды.

Табиғат пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттері: халық шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, экономикалық басқару механизмін зерттеу және жетілдіру болып табылады.



Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру

Экономикалық басқару механизмі табиғат пайдалануға байланысты үш кезеңді қамту керек: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау), игеру және ұқсату.

Ең бірінші кезекте ғылыми-техникалық жетістіктердің табиғи ортаға әсерін зерттеу керек. Күрделі қүрылыс пен өндірістің, оның қүрылым тиімділігінің табиғи ортаны, табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға тигізетін әсері, экологиялық басқару жүйесі және табиғи ортаға зиянсыз шаруашылық үйымдастыру, табиғатты қорғаудың халықаралық мәселелері және т.б.табиғат пайдалану экономикасының тақырыбы болып табылады.

Табиғат пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі - диалектика. Диалектикалық әдіс бойынша зерттелетін қүбылыс (зат) жан-жақты, қайшылықта, даму үстінде қарастырылады. Диалектикалық әдіс бойынша ғылыми ой-таным жинақталған іс-тәжірибені қолданады. Тәжірибедегі кемшіліктері мен жетістіктерге ғылыми талдау жасалып, нәтижелері іс жүзінде қолданылып отырады.

Табиғат пайдалану экономикасы үшін тарихи тану әдісінің маңызы зор. Әрбір қүбылыс қалай пайда болды, қалай дамыды, қазіргі жағдайы қалай, ертеңі Қалай болмақ, осы түрғыдан өткен мен бүгінгінің байланысын сабақтастыра зерттеп отырады.

Табиғат пайдалану экономикасының негізгі әдістерінің бірі - жүйелілік. Осы әдісті қолдану арқылы жүйені қүраушылар анықталады, олардың бір-бірімен қатынасы, бір-біріне ықпалы, жүйедегі алатын орны зерттеледі.

Табиғат пайдалану экономикасында мөлшерлеу (нормалау) әдісі де кеңінен қолданылады. Табиғат байлығын пайдалану нормалары, шектері, ауада, суда, жер бетінде және жер қабатында улы заттардың жинақталуы, шоғырлануы, таралуы, өнім шығаруға табиғат байлығын пайдалану мөлшері, қалдық шамасы, т.б. нормалар бекітіледі.

Табиғат пайдалану экономикасында аталғандармен қатар экономика-математикалық, статистикалық талдау, сараптау әдістері кеңінен қолданылады. Табиғатты қорғау, табиғат байлығын пайдалану шараларының тиімділігін арттыруда, экологиялық залалдың алдын алып, болырмау, сараптау әдісінің атқаратын қызметі зор. Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау шаралары сараптаудан өтпейінше іске асырылмайды.


2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(1.1 және 1.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 1.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

2

3

1

Адамның шаруашылық немесе өзге қызметінде табиғи ресурстарды қолдану.




2

Табиғи ортаны эволюциясын ескере отырып, күрделі жүйе ретінде және бапрлық оның элементтерінің арақатынасын зерттейтін, ғылыми пәндердің бірі




3

Атмосфералық ауа, жердің азондық қабаты, су, топырақ, жануарлар және өсімдік әлемін, қосқандағы табиғи объектілердің арақатынасы




4

Қоршаған ортаға химиялық және биологиялық қауіпті заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс және тұтыну қалдықтардың келіп түсуі, сонымен қатар қоршаған ортаға шудың, вибрациялардың, өзге қауіпті физикалық әсерлердің ықпал етуі




5

Өнімді өндіру үрдісінде пайда болатын және өзінің өндірістік қасиеттерін толық немесе бөлшектеп жоғалтқан ресурстардың қалдықтар




6

Өзінің өндірістік қасиеттерін физикалық немесе моральдық тозу нәтижесінде жоғалтқан бұйымдар және материалдар, сонымен қатар адамдардың өмір сүруі үрдісі кезінде пайда болатын қатты тұрмыстық қалдықтар




7

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лауазымды орган м ен табиғатты қолдануға берілген рұқсат негізінде қоршаған ортаға ластайтын заттарды тастауға құқығы бар субъект




8

Адамның шаруашылық қызметінің қарқынымен өлшенетін мерзімде, заттардың айналым үрдісі кезінде қалпына келу қабілеті бар табиғи ресурстар




Кесте 1.1жалғасы

1

2

3

9

Қоршаған ортаға табиғи және антропогендік ықпалдың нәтижесінде пайда болатын, тұлғаның өмірлік маңызды қызығушылығы мен құқығының қорғанысының жағдайы




10

Адамды қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылау және адамның немесе өзге тірі организмдердің денсаулығына қауіпті немесе зиянды жағдайлар ттуралы болжау.




11

Адамның шаруашылық қызметінің қарқынымен өлшенетін мерзімде, заттардың айналым үрдісі кезінде қалпына келу қабілеті жоқ табиғи ресурстар




12

Қоршаған ортаны ластаудан болатын зиянның және табиғи ресурстардың экономикалық бағасының сұрақтарын зерттейтін экономиканың бөлімі




13

Болашақта щаруашылық айналымға енгізілуі мүмкін ресурстар




14

Қазіргі кезде пайдаланатын ресурстар



Кесте 1.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

тұтыну қалдықтары

Ә

табиғатты қолданушы

Б

табиғатты пайдалану

В

қоршаған ортаның мониторингі-

Г

экологиялық қауіпсіздік

Ғ

экология

Д

шынайы (нақты) ресурстар

Е

қоршаған ортаның сапасы

Ж

қоршаған табиғи орта

З

қалпына келетін табиғи ресурстар

И

қалпына келмейтін табиғи ресурстар

К

қоршаған ортаны ластау

Л

табиғатты пайдалану экономикасы

М

өндіріс қалдықтары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©melimde.com 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет